Еңбек құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 01:35, реферат

Описание

Мұның барлығы еңбек қатынастарын реттеуде жаңаша көзқарасты талап етеді. Сондықтан, еңбек құқығы еңбек ету үрдісінің технологиясын реттемейді, еңбекті ұйымдастыру мен қолдану жөніндегі әлеуметтік байланыстарды реттейді, яғни еңбек құқығының пәні – еңбек емес, еңбектің әлеуметтік құрылымы, немесе адамдардың еңбек ету барысындағы қатынастары болып табылады.

Содержание

Кіріспе

Еңбек құқығы
Еңбек және еңбек құқығы туралы түсінік
Еңбек құқығының басшылыққа алатын қағидалары
Еңбекпен байланысты құқықтық қатынастар

Жеке еңбек шарты
Жеке еңбек шартының ұғымы
Жеке еңбек шарттың мазмұны
3. Еңбек келісім шарттың жазылуына нақтылай тоқталайық
3.1. Еңбек келісімі
3.2 Еңбек келісімнің жазылуына нақтылай тоқталайық.

Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Еңбек және еңбек құқығы.DOC

— 124.50 Кб (Скачать документ)

М  а  з  м  ұ  н  ы

 

Кіріспе

 

  1. Еңбек құқығы
    1. Еңбек және еңбек құқығы туралы түсінік
    2. Еңбек құқығының басшылыққа алатын қағидалары
    3. Еңбекпен байланысты құқықтық қатынастар

 

  1. Жеке еңбек шарты
    1. Жеке еңбек шартының ұғымы
    2. Жеке еңбек шарттың мазмұны

      3.       Еңбек келісім шарттың жазылуына нақтылай тоқталайық

          3.1.       Еңбек келісімі

          3.2        Еңбек келісімнің жазылуына нақтылай тоқталайық.

 

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Біздің Ата заңымызда  немесе Қазақстан Республикасының  конституциясында 24-бапта, 1-тарауда былай деп айтылған: «Әркімнің еңбек ету бостандығын, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.»

Құқықтың әрбір саласы қоғамдық қатынастардың, өзінің мазмұны мен ерекшеліктерімен басқалардан өзгеше келетін белгілі бір тобын реттейді. Еңбек құқығының пәнін ашу ең алдымен құқықтың осы саласының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберін анықтау қажет.

Кейінгі кезеңде Республикамыздың қалыптасып келе жатқан еңбекті ұйымдастырудың нарықтық нысандарының дамуы мемелекет меншігінде болған кәсіпорын, мекеме, ұйымдары жекешелендіруді, жеке меншіктің дамуына әкеледі. Мұның барлығы еңбек қатынастарын реттеуде жаңаша көзқарасты талап етеді. Сондықтан, еңбек құқығы еңбек ету үрдісінің технологиясын реттемейді, еңбекті ұйымдастыру мен қолдану жөніндегі әлеуметтік байланыстарды реттейді, яғни еңбек құқығының пәні – еңбек емес, еңбектің әлеуметтік құрылымы, немесе адамдардың еңбек ету барысындағы қатынастары болып табылады. Басқаша айтқанда, еңбек құқығының пәні-еңбекке қаблеттілікті іске асыру, еңбекті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі мемелекеттік және жеке ұйымдарды азаматтардың еңбегін қолдану жөнінде қалыптасқан жеке дара да, сондай-ақ ұжымдық та қоғамдық қатынастарды құрайды.

Жеке еңбек шарты  еңбек құқығының негізгі институттарының  қатарына жатады. Оның қоғамдық ролі, еңбек  ету бостандығын, қызмет түрі мен  мамандық таңдау бостандығын, еңбекті  ұйымдастыру мен қолдануда негізге  алынатын құқықтар мен бостандықтарды жариялайтын Қазақстан Республикасының Конституциясымен анықталады.

Еңбек шартының заңдық маңызы ол еңбек қатынастарының пайда болуына  ғана емес оның өзгеруіне де, жойылуына  да себепкер болуында.

Жеке еңбек шарты  тақырыбының ішінде барлық құрама тақырыптары қарастырылған. Қолданылған барлық заңдар, Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы (осы заң азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына конституциялық құқығын іске асыру барысында туындайтын еңбек қатынастарын реттейді.) ресми басылымнан алынған. Бұл заңда жеке еңбек шарты туралы 2-тарауда, 9-31 баптарда қарастырылған.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Еңбек құқығы

    1. Еңбек және еңбек құқығы туралы түсінік

Еңбек – адамның өз қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат заттарының түрін өзгертуге және оны өз керегіне бейімдеуге бағытталған мақсатқа сай істелетін қызметі; қоғамның өмір сүруінің негізгі, адамзат тіршілігінің мәңгілік, табиғи шарты. Еңбек – адамдардың өмірі үшін материалдық, рухани және басқа да құныдылықтар жасауға бағытталған адам қызметі.

Құқықтың әрбір саласы қоғамдық қатынастардың, өзінің мазмұны  мен ерекшеліктерімен басқалардан  өзгеше болып келетін белгілі  тобын реттейді. Еңбек құқығының  пәнін ашу үшін ең алдымен құқықтың осы саласының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберін анықтау қажет.

Қазақстан Республикасында  қалыптасып келе жатқан еңбекті ұйымдастырудың нарықтық нысандарының дамуы мемлекет меншігінде болған кәсіпорын, мекеме, ұйымдарды жекешелендіруді, жеке меншіктітің дамуына әкеледі. Мұның бәрі еңбек қатынастарын реттеуде жаңаша көзқарасты талап етеді. Соныдқтан, еңбек құқығы еңбек ету процессінің технологиясын реттемейді, еңбекті ұйымдастыру мен қолдану жөніндегі әлеуметтік байланыстарды реттейді, яғни еңбек құқығының пәні еңбек емес, еңбектің әлеуметтік құрылымы, немесе адамдардың еңбек ету барысндағы қатынастары болып табылады.

Ал жалпылама алғанда  еңбек құқығы дегеніміздің өзі – меншігі мен шаруашылық түріне байланыссыз жұмысшылардың барлық категориясының жалдамалы еңбекке байланысты қоғамдық еңбек қатынастарын реттейтін құқықтың жеке саласы.

Еңбек қатынастары –  тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі  бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар.

Еңбек қатынастары саласындағы  құзыретті органдардың барлық жағдайларда  қолдануға есептелген нормативтік  нұсқаулардан тұратын құқықтық актілер  еңбек құқығының көздері болып  табылады. Әдебиетте бұл көздер «еңбек туралы нормативтік актілері», «еңбек туралы заң актілер», «еңбек құқығының нормативтік актілер» және т.б. деп аталады.

Еңбек туралы нормативтік-құқықтық актілер Қазақстан Республикасының  Еңбек туралы Заңына сәйкес болуы  қажет. Олар мыналардан тұрады:

    1. Заңдар және Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарынан;
    2. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарынан және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан;
    3. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларынан;
    4. Министрліктер мен ведомстволпрдың нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Жұмыс берушілер мен қызметкерлердің еңбек қатынастарын реттейтін негізгі заңға 1999 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы» Заң жатады, осы заң қабылданғаннан кейін мынадай заңдар өз күшін сақтаған:

    • 1992 жылы 4 шілде қабылданған «Ұжымдық шарт туралы»
    • 1993 жылы 22 қаңтарда қабылданған «Кәсіптік одақтар туралы»
    • 1993 жылы 9 сәуірде қабылданған «Кәсіптік одақтар туралы»
    • 1996 жылы 8 шілде қабылданған «Ұжымдық еңбек даулар мен ереуілдер туралы»
    • 2001 жылы 23 қаңтарда қабылданған «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» заңдар.

 

1.2 Еңбек құқығының  басшылыққа алатын қағидалары

Еңбек құқығының қағидалары дегеніміз – қазіргі заңдылықта бекітілген, еңбек құқығының нормаларының мәнін және еңбек саласын құқықтық реттеуде мемлекеттің негізгі бағыттарын білдіретін негізгі бастамалар.

Еңбектік-құқықтық қатынастарды реттеуде басшылыққа алатын қағидалар  өзге құқық салаларына тән екі  топқа бөлінеді: біріншісі – салааралық, яғни басқа құқық салаларына да қатысты қағидалар, екіншісі – салалық, яғни нақты еңбек құқығының қатынастарын ғана реттейтін қағидалар.

Қазақстан Республикасы Конституциясында еңбек саласындағы  қатынастарды құқықтық реттеудің мынадай  қағидалары баяндалған: еңбек бостандығы және өзінің еңбекке қабілеттілігіне еркін билік ету, қызмет пен кәсіп түрін таңдау мүмкіндігі; мәжбүрлі еңбекке тиым салу және жұмыссыздықтан қорғау (24-бап); денсаулықты қорғау құқығы (29-бап); бірлестіктер бостандығына құқығы (23-бап); демалуға құқығы (24-бап). Бұл клнституциялық қағидалар еңбек саласындағы қатынастарды құқықтық реттеудің салааралық қағидаларына жатады.

Ал еңбек құқығының  салалық қағидалары сол құқық  саласының нормаларының ерекшелігін  көрсетеді. Қазіргі кезеңдегі еңбек құқығы саласынң қағидалары мынадай үш топқа бөлінеді:

    1. Еңбек нарығын құқықтық ретеу саласындағы мемлекеттің саясатын білдіретін қағидалар.
    2. Жұмысшылардың (қызметкердердің) еңбек жағдайларын бекітуде басшылққа аынатын қағидалар.
    3. Жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдалануды құқықтық реттейтін қағидалар.

                                    

1.3 Еңбекпен  байланысты құқықтық қатынастар

Еңбектік құқықтық қатынастардың  обьектісін жәе негізгі мазмұнын еңбекті ұйымдастыру мен басқару  жөніндегі мемлекеттік және жеке меншіктегі ұйымдарда азаматтардың еңбегін пайдалану жөнінде қалыптасатн жеке дара да, ұйымдық та қатынастар құрайды. Еңбектік құқықтық қатынастарға жұмысшы мен жұмыс беруші қатысады. Бұлардың қарым-қатынасы келісімдік-шарттық негізде құрылады.

Еңбектік құқықтық қатынастардың өзіне тән мынадай белгілер болады.

Біріншіден, бұл қатынастар кәсіпорын, мекеме, ұйымның ішкі еңбек  тәртібінің шегінде жүреді;

Екіншіден, бұл қатынастар тек қана жұмысшы белгілі бір  еңбек ұжымына кірген кезде ғана пайда болды.

Үшіншіден, жұмысшының еңбек ұжымына кіруі нақты заңды деректермен белгілегенеді (жеке еңбек шартына тұрады, қызметке тұруы жөнінде бұйрық шығарылады).

Төртіншіден, еңбек қатынастары  сол жұмысшының белгілі бір мамандық, біліктілік немесе қызмет бойынша жұмыс  атқаратын, ал кәсіпорын әкімшілігі аталған жұмыстық орындалуы үшін қажетті жағдай жасауын міндетіне алғандығын білдіреді.

Ал, жеке еңбекке негізделеген еңбек түрлерін, еңбеқ құқығының  нормаларымен реттелмейді.Алайда еңбек  авторлары белгілі бір ұжымында қызмет істесе, онда олардың еңбегі еңбектік-құқықтық қатынастарға жатады.

Еңбектік құқықтық қатынастарды еңбек құқығының піне ретінде  танығанда барлық еңбек түрі жөнінде  сөз болмайды, яғни еңбек құқығының нормалары барлық еңбек түрін реттей бермейді, ол тек жалдамалы еңбекке негізделгендерін ғана реттейді.

Демек, еңбектік қатынастарға жалданып еңбек етуге байланысты қатынстардың ьарлығы кіреді және сондай қатынастарға байланысты, солардан пайда  болатын қатынастар да кіреді. Яғни, еңбек құқықтық қатынастары екі  түрлі болады:

  1. негізгі еңбектік құқықтық қатынастары
  2. туынды еңбектік құқықтық қатынастары

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Жеке еңбек  шарты

2.1 Жеке еңбек  шартының ұғымы

 

Жеке еңбек шарты  – қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша пошымда жасалатын екіжақты келісім.

 Жеке еңбек шарты еңбек құқықығының негізгі институттарының қатарына жатады. Оның қоғамдағы ролі, еңбек ету бостандығын, қызмет түрі мен мамандық таңдау бостаныдығын еңбекті ұйымдастыру мен қолдануда негізде алынатын құқықтар мен бостандықтарды жариялайтын Қазақстан Республикасының Конституциясымен анықталады.

Жеке еңбек шарты  дегеніміз – қызметкер мен  жұмыс берушінің арасында жазбаша  нысанда жасалатын екіжақты келісім, ол келісімге сәйкес қызметкер жұмыс  берушінің актісін атқара отырп, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе кәсіп түрі бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге еңбек ақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерді уақытында және толық көлемінде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Еңбек құқығы ғылымы жалпы  еңбек шарты деген түсінікті  өзара байланысты үш түрлі мағынада қарастырады, біріншіден, еңбек шарты  дегеніміз – азаматтардың еңбек  ету құқықығын жүзеге асыру жолы болып табылады, екіншіден, еңбек шарты – еңбек құқықытық қатынастарының пайда болу негізі болып табылады, үшіншіден, азаматтарды жұмысқа қабылдау, басқа жұмысқа ауыстыру және жұмыстан босатуды реттейтін нормаларды біріктіретін еңбек құқығының институты болып табылады.

 Азаматтардың еңбек ету құқығын жүзеге асырудың ең негізгі формасына жеке еңбек шартын жасасу жатады, өйткені тек жеке еңбек шартын жсасасу арқылы ғана жұмысшы ұйымның еңбек ұжымына кіре алады. Еңбек шартын жасасқан күннен бастап жұмысшыға барлық еңбек заңдары және сол ұйымда қабылданған локальдық нормалар қолданылады.

Еңбек шартының заңдық маңызы ол еңбек қатынастарының пайда болуына  ғана емес оның өзгеруіне де, жойылуына  да себепкер болуында. Мысалы, басқа  жұмысқа ауыстыру еңбек қатынасының  өзгеруін, ал еңбек шартының тоқтатылуы еңбек қатынастарының жойылуына көрсетеді.

  Жұмыс берушінің актілері – жұмыс берушінің шығаратын актілері (бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, ішкі еңбек тәртібінің ережелері).

 

    1. Жеке еңбек шарттың мазмұны

 

Жеке еңбек шартының мазмұны – еңбек нарығында оның тараптарының жұмысшы мен жұмыс берушінің екіжақты келісіміне байланысты құрылады. Жеке еңбек шартының мазмұнында қарастырылатын еңбек жағдайларын екі топқа бөоуге боады: міндетті және қосымша (факультативті) еңбек жағдайлары.

Информация о работе Еңбек құқығы