Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 21:50, курсовая работа
Әлеуметтік саясаттың саяси мүмкіндіктері субсидиарлы жауапкершілік қағидаларымен тығыз байланысты. Негізгі жауапкершілік ретінде, адамның өзіне және отбасына деген жауапкершіліктері танылады. Қосымша қоғамдық жауапкершілік әрдайым мақсатқа лайықты және оны өзі жеке алып жүру мүмкіндігі жоқ болғанда кез келген адам және отбасы оны өз жауапкершілігіне алады. Сонда ғана салық пен өзге де жиналымдар түріндегі ресурстар әртүрлі қоғамдық мәселелерді шешуге бағытталған ұйымдарға жетеді.
ҚР әлеуметтік саясатыың ерекшеліктері.
«Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары: теориялық мәселелері» атты үшінші тараушада әлеуметтік саясат пен әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын талдауға арналған.
Теориялық тұрғыдан еліміздің әлеуметтік мемлекет деп жариялануы, әлеуметтік-экономикалық даму мақсатына басымдық берілуі тұрғындарымыздың жоғары өмірлік стандарттармен қамтылуына баса мән берілгендігін айқындайды. Сонымен бірге, мемлекеттің әлеуметтік саясаты халықтың өмір сүру деңгейіне бағытталуы, негізінен әрбір азаматтың өзін-өзі көрсетуімен жүргізіледі деген пікірлер де аз емес еді. Яғни, әлеуметтік мемлекет (патернализмнің) пен әлеуметтік қызметтерді жекешелендірудің (радикалдық либерализмнің) орнына, қоғамның өзі жасалмайтын деңгейдегі әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ете алатын «жәрдемдік» мемлекеттер құрылады. Әлбетте, әлеуметтік реформалар бағдарламасы тежегіш ретінде емес, экономикалық өсім катализаторы ретінде болуы керек. «Жәрдемдік мемлекет» үлгісіне ауысу, яғни аз қамтылған отбасыларға арналған әлеуметтік трансферттердің азаюымен қатар, халықтың әлсіз топтарының үлесіне ресурстарды үлестіріп беруді қарастырады. Жалпы «жәрдемдік мемлекет», мемлекет пен қоғамдық (коммерциялық емес) сектордың және бизнестің арасында әлеуметтік міндеттемелерді бөлуді көздейді. Әлеуметтік қорғау саласында кедейшілік деңгейін төмендету мен жоқшылықты жоятын, халықты тиімді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі жасақталуы қажет. Ол үшін өзін-өзі қамтамасыз ету кезінде пайда болатын қауіп-қатерлердің әлеуметтік сақтандыру түрлерінің қолайлы механизмдері қарастырылуы керек. Сонымен бірге мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің басым бөлігінен, жеке азаматтардың өзіндік қамсыздандыру іс-әрекеттеріне көшуді жоспарлау қажет.
Тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта мемлекеттік даму тәжірибесін жинақтаған Қазақстан Республикасының 1995 жылы жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейін әлеуметтік саясатта құрылып жатқан нарықтық үлгіге сәйкестендірілген, әлеуметтенуді күшейтуге бағытталған заңдық актілерді дайындау үрдісі басталды. Дәл осы уақытта Үкімет республика халқының әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мемлекеттік механизмін құруды көздейтін елдің әлеуметтік құрылымын жасауды қолға алды. Бұл концептуалды құжатта әлеуметтік саясаттың мынадай басымдықтары анықталды:
-
жаңа Конституцияда
-
әлеуметтік саланы нарықтық
- аталған құрылымды жүзеге асыруда экономикалық механизмдерді пайдалану және саяси құралдарды анықтау;
-
психологиялық, рухани салада
құқықтық қамтамасыз етуді
Әлеуметтік
реформалардың бағытталған
-
тұрғындардың радикалды
-
халықтың экономикалық
-
нарықтық механизмдер мен
-
білім беру, медициналық, әлеуметтік
қамтамасыз етуде мемлекеттік
стандарттар негізінде әртүрлі
деңгейдегі бюджетті
- қоршаған ортаның бұдан арғы құлдырауын, кері кетуін тоқтату.
Әлеуметтік
саясаттың саяси мүмкіндіктері
субсидиарлы жауапкершілік
Қазіргі таңда әлеуметтік саясатты іскерлік менеджменттің құралы ретінде қарастыру заманауи талаптардың сұранысына сәйкес бағытқа айналып отыр. Қоғам дамуының бастапқы кезеңдерінде шаруашылық прогресі көбінесе теңсіздік пен әділетсіздікке негізделетіні белгілі. Осы күні қалыптасып отырған нарықтық қатынастар да әлеуметтікті қамтамасыз ете бермейді. Нарықтық қатынастардың дамуы - бостандық пен қызмет еркіндігіне, әлеуметтік әділеттілікке жол ашып берді. Осының барлығы индустриалды елдерде әлеуметтік теңсіздікті азайту заңдылығын қалыптастырды. Жалпы алғанда нарықтық экономиканың осы күнгі үлгісі біршама әлеуметтік теңестіруді көздейді деп айтуға болады. Біріншіден, қоғамдық сананың нарықтануы қатысушылардың өзара келісімге келу деңгейін ұғынуды көрсетеді. Екіншіден, пісіп-жетілген нарық пен бәсекелестіктің қатты дамыған жағдайы тауар мен қызмет көрсету өнімдеріне тұтынушылардың табыстары жоғары деңгейде жауап беруіне мүдделі болуда. Демек, осы күнгі дамыған нарықтық қатынастар салыстырмалы түрде әлеуметтік теңдіктің қалыптасуына мүмкіндік береді. Бірақ оларды іске асыру белгілі бір қағидалар тұтастығына негізделген мақсаттық шараларды қажет етеді. Осы шаралар әлеуметтік саясат немесе мемлекет саясатының әлеуметтік аспектісі болып табылады.
Әлеуметтік бағдарламаларды жасағанда және оларды іске асыру кезінде тұрақты қоғамдық бақылаудың рөлі - институционалдық күштердің тепе-теңдігін қадағалап, қоғамда демократиялық мәдениеттің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ұмтылады. Дамыған елдердің әлеуметтік саясатта жүргізген тәжірибелерінен бірнеше бағыттар қалыптасқан болатын. Олар әлеуметтік сақтандыру, жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау, еңбекақы саясаты, еңбек нарығындағы әлеуметтік шаралар, тұрғын үй саясаты. Қазақстан жағдайында болсын немесе басқа да өтпелі кезеңді басынан өткеріп отырған мемлекеттерде де болсын еңбек қатынастарын таза нарық қағидалары негізінде анықтау дұрыс емес.
Қазіргі
кезеңде Қазақстан экономиканың
өсу жағдайына байланысты кешенді
әлеуметтік саясаттың негіздерін орнықтыру
үшін алдымен ғылыми-зерттеу
Сол себепті біздің ойымызша әлеуметтік саясаттың тұжырымдамасында мемлекеттік реттеудің тікелей және қосалқы құралдары арқылы әлеуметтік экономикалық саясаттың мақсаттары мен басымдықтары, оған жетудің әдістері мен жолдары қарастырылады. Бастапқы микроэкономикалық көрсеткіштер экономиканың даму қарқынын болжауды, қоғамдық өндірістің, мемлекет пен кәсіпорындардың құрылымын, халықтың қаржы қорларын анықтайды. Ол ұлттық бағдарламалар мен әлеуметтік-экономикалық стратегиялар арқылы әлеуметтік саясатты жүзеге асыруда ұлттық мақсаттар мен басымдықтарды тиімді орындаудың бастапқы құралдары болып табылады.
Әлеуметтік саясатты әлемдік
тәжірибеге сүйеніп жасау
Информация о работе әлеуметтік қатынастар аясында мемлекеттік басқару