Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 17:09, реферат
Маңғыстау облысы — Қазақстанның оңтүстік- батысындағы бұрын Маңғышлақ деп аталған облыс. 1973 жылы 20 наурызда Гурьев облысының оңтүстік бөлігінен құрылған. 1988 жылы облыс таратылды, 1990 жылы Маңғыстау аты беріліп, қайта қалпына келтірілді. Облыс солтүстік – шығысында Атырау және Ақтөбе облыстарымен, батысында – теңіз бойынша Ресей Федерациясымен, Әзірбайжанмен және Иранмен, оңтүстігінде – Түркіменстан және шығысында Өзбекстанмен шекараласады. .
Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысы — Қазақстанның оңтүстік- батысындағы бұрын Маңғышлақ деп аталған облыс. 1973 жылы 20 наурызда Гурьев облысының оңтүстік бөлігінен құрылған. 1988 жылы облыс таратылды, 1990 жылы Маңғыстау аты беріліп, қайта қалпына келтірілді. Облыс солтүстік – шығысында Атырау және Ақтөбе облыстарымен, батысында – теңіз бойынша Ресей Федерациясымен, Әзірбайжанмен және Иранмен, оңтүстігінде – Түркіменстан және шығысында Өзбекстанмен шекараласады. Ішкі шекарасының ұзындығы 319 километрді, сыртқы шекарасы – 1173 километрді, оның ішінде теңіз бойынша – 810 километрді құрайды. Облыс орталығы – Ақтау қаласының 1963 жылы негізі қаланған, Каспий теңізі жағасында орналасқан және Қазақстанның «теңіз қақпасы» болып саналады. Маңғыстау облысы – өнеркәсіптік аудан, мұнда Қазақстан мұнайының 25 % өндіріледі. Маңғыстау облысы аумағында Қазақстанның «теңіз қақпасы» - Ақтау қаласы орналасқан. [1]
1.Аумағы мен халқы
Аймақтың жер бедері әртүрлі. Солтүстік жартысын Каспий маңы ойпаты, орталық бөлігін Маңғыстау жарты аралы және ТМД елдеріндегі ең терең ойпат Қарақия алып жатыр. Оңтүстік – батысында Кендірлі – Қаясан үстірті, оңтүстігінде – Қарынжарық ойпаты бар. Облыстың шығысын Үстірт жотасы алып жатыр. Ауа-райы қатал континентті. Қаңтар айының орташа температурасы – 3 С, шілде айында + 26 С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері – 150 миллиметрге дейін. Аймақтың басым бөлігін тұзды шөлдер құрайды: жер бедері жарым-жартылай сазды, тақыр сортаңдармен және аса сирек өсімділігі бар топырақпен жабылған. Маңғыстау облысының аумағы 165,6 мың шаршы км (Қазақстан аумағының жалпы көлемінің 6,1%). Халқының саны 2009 жылдың 1 желтоқсанында – 443,1 мың адам ( республика халқының 2,8% ), оның ішінде қала халқы – 234,7 мың адам (53%), ауыл халқы – 208,3 мың адам ( 47%). Халықтың тығыздығы 1 шаршы километрге 2,7 адамды құрайды. Облыста 2 қала ( Ақтау қаласы, Жаңаөзен ), 5 ауылдық аудан ( Форт – Шевченко кіші қаласымен қоса), 3 елдімекен, 39 ауыл аймағы және 54 ауыл орналасқан. [1]
2.Аймақтың экономикасы
Облыс экономикасының негізгі көлемін
аймақта өндірілетін өнеркәсіп
өнімінің жалпы көлемнің 90 %-дан астамын
алатын мұнай газ өнеркәсібі құрайды.
Мұнайдың аса бай қорлары Маңғыстауды
отандық және шетелдік ірі компаниялардың
өндіріс ошағына айналдырды.
Айрантақыр мұнай кені
Алатау Мұнай Кені
Арман мұнай-газ кені
Асар газ-мұнай кені
Атамбай-Сарытөбе– мұнай кені.
Ащыағар мұнай кені
Ақсаз газконденсат кен орны
Аққар мұнай кені
Бекболат газ-мұнай кені
Бектұрлы газконденсат кені
Бозащы мұнай-газ кені
Еспелісай газ кені
Жалғызтобе мұнай кені
Жангүрші мұнай кені
ЖАРТЫ газ кені,
Жетібай
Жетібай, Оңтүстік Жетібай
Жетібай, Шығыс Жетібай
Жетібай,Солтүстік-Батыс Жетібай
Каменистое (Тастақты)
КОМСОМОЛ мұНАЙ КЕНІ
Оймаша мұнай кені
Прорва Мұнай Кені
Солтүстік Придорожный, Солтүстік Жолмаңылық – мұнай кені
"Солтүстік Қаламқас"
Тасболат мұнай-газконденсат кені
Теңге мұнай-газконденсат кені
Шағырлы-шөмішті газ кені
Қаламқас мұнай-газ кені
Қаражанбас мұнай кенорны,
Қарамандыбас мұнай-газ кені
Қарақұдық Мұнай Кені
Өзен газмұнай кеніші
Өзен мұнай-газ кені,
Облыс экспортқа көмірсутегі
шикізатын жеткізіп
3.Табиғат қорлары
Маңғыстау алуан түрлі пайдалы қазбаларға бай. Минералды шикізат қорларының көптүрлілігі, сілемдерінің қуаттылығы, оларды әзірлеудің ыңғайлылығы жөнінен әлемдік геологияда теңдесі жоқ. Мұнай мен газ Маңғыстау пайдалы қазбаларының негізгі түрі болып саналады. Маңғыстау облысы – Қазақстан мұнайының 30 % -дайы шығарылатын өнеркәсіптік аймақ.Олардың ішінде 27 кен орны мұнай кенін шығарып жатыр.. Каспий теңізінің су айлағы бөлігінің келешегі зор. Каспий шельфінің тек 600 метр тереңдікке дейінгі мұнай қорлары 500 млн. тоннаны құрайды, бұл Әзірбайжан аймағының қорларынан 4 есе асып түсетін. «Жемчужина» теңіздегі мұнай-газ кен орнының табылу дерегі маңызды оқиға болды, бұл Каспий шельфінің жоғары әлеуетін растайды және аймақтың ұзақ мерзімдік келешегін айқындайды. Маңғыстау облысы аймағындағы Каспий теңізінде барлығы – 14 келешегі бар көмірсутегі телімдері орналасқан.Сол сияқты аймақтың салыстырмалы аз бөлігінде фосфорит, минералды және ас тұзының, темір кенінің кен орындары барланған. 50 – жылдардың басында Маңғыстаудың жер қойнауынан уранның аса бай сілемдері және сирек жер элементтері табылған. Жетібай поселкесінің солтүстік - шығысының 40 - километрінде 60 млн. тоннаға жуық бекітілген қоры бар «Беке» кирлер кен орны орналасқан. Бұл пайдалы қазбаны жол – құрылыс жұмыстарында кеңінен қолдануға болады. Облыс аймағында бұрғылау көмірінің бес көрінісі танымал. 1940 жылы Түпқараған ауданындағы Қызыл-Қаспақ- Айыржарал кен орны баланс арқылы бекітілді. Бұрғылау көмірінің басқа түрлері.Шетпе ауданында орналасқан. Бұрғылау көмірі бұрғылау ерітінділеріне арналған химреагент дайындау үшін келешекті шикізат ретінде бағаланады. Шамамен алынған есеп бойынша барлық кен орындарының көмір қорлары 253 млн.тоннаны құрап отыр. Маңғышлақ жартылай аралы стронцийлі минералдау түрлері кең тараған дүниежүзінің аймақтарының бірі болып саналады. Маңғыстау облысының аумағында Қазақстандағы стронцийдің барлық қорының 100 % пайызы бар. Барлығы целестин және целестин – бариттің 20 жуық көрінісі анықталған. Анағұрлым ірі болып Ауыртас, Үнғозы, Үшкүйік кен орындары саналады. Анықталған кендердегі стронцийдің құрамы шамамен 20% пайызды құрайды. Мұнай газ саласында бұрғылау ерітінділерін ауырлатқыш ретінде барит қолданылады. Барит-целестинді кендерінің орындары , ашық өңдеу үшін қолайлы болып сипатталатын стронцийдің Ауыртас кен орнының қапталы болып келеді. Барит – целестин кендерінің қорлары барий тотығының 8,4% орташа құрамымен бірге елеулі мөлшерін құрайды. Ауыртас кен орны Шетпе ауылының оңтүстік – батысына қарай 37 километр , темір жолдан 15 километр, жоғары вольтты Ақтау – Бейнеу ЛЭП-тен 9 километр қашықтықта орналасқан. Маңғыстаудың таулы бөлігінде түйінді фосфорит пен темір кендерінің түрлері бар. Ханга-Баба, Тюбаджик, Жалбарт, Таушық және Жангелді фосфорит кен орындары алдын-ала барланғын. Олардың жалпы қоры шамамен 175 млн. тоннаны құрайды. Темір кендерінің анағұрлым ірісі – Шығыс Қаратау тау жоталарының орталық бөлігінде орналасқан Бескемпір темір кені. Оның қорлары құрамында орташа алғанда 44,73% темірі бар шамамен 500 млн. тоннаны құрайды. Аймақта тағы да бір марганец пен бірнеше кен түрі бар. Барланған қорлар құрамындағы орташа – 12 пайыз марганецімен, 2,7 млн. тоннаны құрайды. Шығыс, Батыс Қаратау және Қаратаушық жоталары шегінде 100-ге жуық мыс кендерінің түрлері белгілі, олардың елеулі бөлігі әлі бағаланған жоқ. Маңғыстау жер қойнауы тұз сілемдеріне де бай. Ас тұзының үш ірі кен орны белгілі:Форт – Шевченко ауданында орналасқан Бұлақ І. Көлемі 0,5 шаршы метр экваторияны алып жатыр.Құрамындағы Na CI 95,2%, қорлары шамамен 300 мың тонна. Каспий теңізінің жағалауына тікелей жақын орналасқан Қошқар кен орны және 25,17 кв.км жер көлемін алып жатыр. Құрамындағы Na CI 97 %, қорлары –17,8 млн.тонна. Қарақия кен орны Қарақия ойпатының орталық бөлігінде орналасқан, алып жатқан көлемі -160 шаршы километр. Құрамындағы Na CI - 97 %, қорлары есептелмеген, алайда ол Маңғыстаудағы ең ірі кен орны болып саналады. Минералды тұздардың түрлерінен Өлі Құлтұқ саздарынның төрттен бір шөгінділерінде мирабалит, тенардит кендерінің түрлері бар. Сусыз тұздағы натрий сульфатының құрамы 73-97 % құрайды. 1982-1990 жылдары Үстірт теміржол станциясынан батысқа қарай 20 км жерде орналасқан шамамен 630 млн.тонна шикі тұздарының қоры бар Жаманайрақты кен орны табылған, учаскенің шегінде тұз 17кв.м ауданда деп белгіленген. Құлтық-Қайдақ ойпатының аумағындағы болжанған ресурстар 6,8 млрд.тонна шикі тұздары, оның ішінде 2,9 млрд.тонна – натрий сульфаты бар деп бағаланады. Облыс аумағының бетінде тұтастай дерлік, тек ТМД елдерінде ғана емес, сонымен бірге қиыр шет елдердің бірқатарында белгілі болған, қолдануға дайын құрылыс материалы әктас- ұлутас кең таралып отыр. Маңғыстау ұлутас - әктасы – қабырғалық және қаптау материалы ретінде пайдаланылады. Физикалық – механикалық сапасы жағынан әктас – ұлутас тек қана бетон тақталары мен шлак бетондары ғана емес, күйдірілген кірпіштің параметрлерінен асып түседі. Өңдеу материалының түстік гаммасы алуан-түрлі: қызғылт, ақшыл сарыдан ақ түске дейін. Ұлутас – әктастың болжалған қоры бірнеше миллиард текше метр. Ұлутас – әктастың 100-ге жуық кен орындарыы барланған. Облыс аумағында ұлутас – әктастан басқа көптеген құрылыс материалдарының кен орындары бар: ұсақталған тас кесектерін өндіруге арналған құрылыс тасы, құрылыс әктасы, ПГС, құрылыс құмдары және т. б. [1]
4.Әкімшілік бөлінуі.
Бастапқыда 1973 жылы облыс 3 ауданға
бөлінген: Бейнеу, Ералиев және Маңғыстау
аудандары. 1980 жылы Мұнайлы ауданы
құрылды, алайда ол таратылды.
1992 жылы Түпқараған ауданы, ал
бір жылдан кейін Ералиев
5 аудан бар:
Бейнеу ауданы
Қарақия ауданы
Маңғыстау ауданы
Мұнайлы ауданы
Түпқараған ауданы[1]
5.Өнеркәсіп және энергетика
Жалпы алғанда 2009 жылдың бірінші жартыжылдығында облыстағы барлық макроэкономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы сақталды. Жыл басынан бері облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 600 млрд. теңгенің өнімін шығарды. Өткен жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда, өндіріс көлемі жыл басында біршама азайғанына қарамастан, ойдағы межеден кем 2009 жылы жалпы кен игеруші компаниялардың Маңғыстау облысының әлеуметтік және инфрақұрылмдық дамына құятын қаражат көлемі өткен жылғы 44 млн. доллардан 67 млн. долларға ұлғайтылды.Өнеркәсіптің өңдеу секторында үш ірі өндіріс іске қосылады – «Keppel Kazakhstan» кеме жасау зауыты, Боранқұл газ өңдеу зауыты, Форт-Шевченко қаласындағы құрылыс индустриясы базасын дамыту жобасы. Тағы бес ірі жоба жүзеге асырылады. Ол – пластмасс зауыты негізінде басталған битум зауытының құрылысы, жоғарыда аталған Бейнеу селосындағы астық терминалының құрылысы, «Досмарин» металл бөлшектерін құру зауыты және Шетпе селосындағы цемент зауытының құрылысы.Бұл жобаларды жүзеге асыру облыс экономикасына 2,8 млрд. АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция алып келеді, 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады.«Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесе отырып әлеуметтік әріптестік жоспары іске асырылады,.осыған сәйкес облыста 7 инвестициялық жоба қолға алынады.Өңір экономикасына 125 млрд. теңге тікелей инвестиция тартылды, бұл - өткен жылмен салыстырғанда 2% артық. Аймақ экономикасын әртараптандырудың басты тетіктерінің бірі – аумағы соңғы екі жылда 9 есе, яғни 2000 гектарға дейін ұлғайтылған «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы болып табылады. Инфрақұрылымдардың тартылуы арнайы экономикалық айлақта «Каспий» әлеуметті-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесе қолға алған Шағын және орта кәсіпкерліктің өнеркәсіп паркін құруға да мүмкіндік береді. Мұнда шамамен шағын және орта кәсіпкерліктің 100 мобильді өндірісі ашылып, көліктік-логистикалық орталықтың құрылысы басталады. Каспий энергетикалық хабін құру жобасы жүзеге асырыла бастады..
[2]
6.Ауыл шаруашылығы
. «Берекет» кәсіпорыны жеткізген азық-түлік облыс бойынша құрылған 63 сауда нүктесінде базардағыдан 30 пайыз төмен бағамен сатыладыЕнді кәсіпорынның өнімді сапалы, ұзақ әрі мол көлемде сақтау мүмкіндігі бар. Кәсіпорынның баға саясаты арқасында жыл басынан бері сұйық май, сәбіз және жұмыртқаның бағасы – 15-20%, жоғары және бірінші сортты ұн шамамен - 5%, картоп пен қырыққабат - 3%-ға арзандады.Көп жылдар бойы облыста астық кешенін салу мәселесі шешімін таппай келгені мәлім. Маңғыстау сияқты егін екпейтін өңір үшін бұл өте өзекті мәселеҚазақстан астық одағының қолдауымен, «ҚазАгро» ұлттық холдингі және Азық-түлік корпорациясымен бірлесе отырып, Бейнеу селосында ірі астық өңдеу өндірісі іске қосылады. Маусым айында Бейнеуде құны 6,7 млрд. теңге тұратан, қуаттылығы жылына 1,5 млн. тонна жүк айналымына жететін астық терминалының құрылысы басталды.Түпқараған ауданында мемлекеттік қолдаумен биыл балық өңдеу цехы бар балық қабылдау айлағының құрылысы аяқталады. [2]
7.Көлік және байланыс
Республикалық және жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарын дамытуға ағымдағы жылы барлық қаржы көздерінен– 6,4 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 еседей артық.«Форт-Шевченко-Таушық» және «Қызылсай-Шопан ата-Оғыланды» көлік жолдарының құрылысы, «Ақтау-Қаламқас», «Таушық-Шетпе» және «Ақтау-Құрық» автожолдарын жөндеу жұмыстары жалғасады. «Ақтау-Құйылыс» автомобиль жолы күрделі жөндеуден өтті. Барлық аудандар мен қалаларда кентішілік және шағынаудан ішіндегі жолдарды жөндеу жүргізіліп келеді. Ақтау қаласы жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын аяқтауға кен игеруші компаниялар есебінен 1,5 млрд. теңге бағытталды. «Солтүстік-Оңтүстік» транзиттік дәлізінің маңызды бөліктерінің бірі саналатын «Өзен-Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» темір жол желісінің құрылысы аяқталды. «ҚазақстанТемірЖолы» Ұлттық компаниясы ағымдағы жылы өз қаражатына «Жезқазған-Бейнеу» темір жолы «Жезқазған-Сексеуіл» бөлігінің құрылысын бастайды.[2]
8.Көркейту
Облысты газбен қамту туралы аймақтық
бағдарламаға сай, Түпқараған ауданы Форт-Шевченко
қаласын, Баутин және Аташ кенттерін
газбен қамту жұмыстары басталады,
биыл аяқтаймыз деп жоспарладық.
Маңғыстау ауданы Боздақ селосына газ
тарту жұмыстары, сондай-ақ «Сайөтес-Ақшымырау-Қызан-
9.Тұрғын үй-құрылысы
Жеке тұрғын үй салу мақсатына 2 мыңдай жер телімі бөлінді. Жыл соңына дейін тағы осындай көлемде жер бөлінбек. «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша орналасу ерекшеліктерін ескерумен дайындалды [2]
10.Білім беру
Сапалы білім – қоғамның әлеуметтік-экономикалық, интеллектуалдық және рухани дамуының ғана басты стратегиялық факторы емес, сонымен бірге елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің басты тетігі екені бәрімізге аян.. Биыл облысымыз былтырғы алтыншыдан бесінші орынға көтерілді.. Облысымыздың 6 мектебі республикадағы 100 үздік мектеп санатына кірді.«Дарын» қосымша білім беру орталығының үлесі зор «Балабақшаға барамыз» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жаңаөзен қаласының іргесіндегі Теңге селосында 280 орындық, Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында 140 орындық, Қарақия ауданы Құрық селосында 280 және Сенек селосында 50, Маңғыстау ауданы Қызан селосында 80 орындық балабақшалардың құрылысы аяқталып қалды. Осылайша биыл 1990 орындық 11 мектепке дейінгі мекеме қолданысқа берілді.Соңғы үш жылда облыста 7 колледж бен кәсіптік лицей ашылды. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов селосында 320 орындық, Жаңаөзен қаласы Бостандық шағынауданында 300 орындық орта мектептің құрылысы аяқталды. Бейнеу селосындағы 320 орындық орта мектептің құрылысыаяқталды. Ақтау қаласында 600 орындық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған, 200 орындық интернаты бар мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. «Жол картасы» аясында 25 білім беру нысаны, соның ішінде 15 орта мектеп, 7 балабақша, 2 арнайы мектеп-балабақша кешені мен бір кәсіптік лицей күрделі жөндеуден өтуде. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті бас корпусының құрылысы аяқталды.[2]
11.Денсаулық сақтау
.Облыста бала туу