Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2012 в 21:35, контрольная работа
Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді. Мемлекет пен құқық теориясы – нақты заң ғылымдарына және құқық салаларына қатысты маңызды жалпы теоретикалық және әдістемелік функцияларды орындайтын ең базалық заң ғылымдарының бірі. Ол өзі ғана емес, сонымен қатар басқа заң ғылымдары аттап өте алмайтын түсініктер мен категорияларға сүйенеді. Бұған қоса, мемлекет және құқық теориясында өнделетін қорытындылар мен ережелер нақты заң ғылымдар үшін өз пәнін ғылыми игеруде бағыт қызметін а
КІРІСПЕ
Мемлекет және құқық теориясының анықтамасы, ерекшеліктері, пәні мен әдісі.
Мемлекеттің пайда болуы.
Мемлекет мәні мен функциялары.
Мемлекеттің пайда болу нысандары
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі
ә) ол тікелей қоғамдық болып, алғашқы қауымдық демократия, өзін-өзі басқару бастамасында құрылады;
б) алғашқы қауымдық қоғамның барлық маңызды мәселелерін шешу кезінде билік органдары ретінде ру жиналыстары, көсемдер және әскери басшылар танылады.
Әлеуметтік нормалар дегеніміз адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршіліктерін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, әлеуметтік-экономикалық негізде айқындалған, сана-сезім еркімен қалыптастырылған адамдардың мінез-құлық ережесі. Мемлекет пайда болғанға дейінгі кезеңде өмір сүрген нормалардың белгілері:
а) алғашқы қауымдық қоғамдағы қатынастар - әдет -ғұрыптармен, яғни тарихи қалыптасқан, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріліп, дәстүрге айналған әрекет тәртібі нормаларымен реттеліп отырған;
ә) жазбаша түрде бекітілмесе де, адамдар әрекеті мен санасында өмір сүрген;
б) негізінен дәстүрге айналу күшімен, сондай-ақ сендіру және мәжбүрлеу (рудан аластау) шараларымен қамтамасыз етіліп отырған;
в) барлық ру және тайпа мүшелерінің мүдделерін білдірген.
Мемлекет ерте таптық қоғамның саяси, құрылымдық, аумақтық ұйымы ретінде. Мемлекет - қоғамдағы аса маңызды таптық қатынастарды және өзге де жалпы адамзаттық мәселелерді шешуді және орындауды қамтамасыз ететін, тарихи қалыптасқан қоғамды ұйымдастыратын бірден-бір жан-жақты әмбебап саяси ұйым.
Мемлекетті алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік өкіметтен ажырататын мынадай негізгі белгілері:
1. Қоғамнан ажыратылған ерекше көпшілік (жария) биліктің болуы. Мемлекеттік биліктің ерекше белгісі - оның жалпылық және әмбебаптық сипатында.
2. Тұрғындардың аумақтық ұйымдастырылуы.
3. Тұрғындардан салықтарды жинау.
4. Мемлекетте арнаулы мәжбүр ету аппараты болады.
5. Жалпыға міндетті нормативтік актілердің болуы.
6. Мемлекеттің келесі негізгі ерекшелігі – егеменділігінің болуына байланысты. Мемлекет егемендігі - мемлекеттік биліктің саяси-құқықтық ерекшелігі, оның ішкі басқа биліктен және шет мемлекеттерден тәуелсіз өз мақсаттарын шешуге құқығы және еріктілігі. Мемлекеттің әлеуметтік маңызындағы дуализм: мемлекет қоғамды басқару құралы және таптық қайшылықтарды шешу құралы ретінде. Мемлекет өндіруші экономиканы қамтамасыз ететін әлеуметтік институт ретінде.
Мемлекеттің шығуының негізгі теориялары: материалистік теория, табиғи-құқықтық теория, органикалық теория, күш көрсету теориясы, психологиялық теория, діни, технократиялық, патриархалды, келісімдік және өзгелер.
Мемлекеттің шығу нысандары: шығыстық, афиндік, римдік, германдық және өзгелер.
3. Мемлекет мәні – оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін, яғни билік және оның тиесілік мәселелерін анықтайтын басты ерекшелік. Мемлекет мәнін қарастыру барысында оның екі жағына назар аудару қажет. Біріншіден, әрбір мемлекет саяси билікті ұйымдастырушы болып табылады. Бұл мемлекет мәнінің формалды жағы көрсетеді. Екіншіден, бұл ұйым кімнің мүддесіне қызмет ететіндігін анықтау қажет, бұл оның мәндік жағын білдіреді.
Мемлекет теориясында аталған екі негізгі: таптық және жалпы әлеуметтік қөзқараспен қатар, мемлекет мәнін анықтаудың діни, ұлттық және нәсілдік көзқарастары да танылған. Басқаша айтқанда, мемлекет мәні көпжақты.
Мемлекет мәнін анықтайтын теориялар:
- элита теориясы;
- технократиялық теория;
- плюралистік демократия теориясы.
Мемлекет функциясы – қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі мемлекеттің әлеуметтік мәні мен маңызын, рөлін көрсететін оның әрекетінің басты бағыттары. Мемлекет функциясы әр түрлі негіздер бойынша жіктеледі. Кеңестік ғылымда мемлекет функциясын ішкі және сыртқы қызмет деп бөле қарастырған. Ішкі қызмет елдің өз ішінде жүзеге асырылады және саяси билікті іске асырумен байланысты; сыртқы қызмет - мемлекеттің өзге елдермен қарым-қатынасын қамтиды. Бұл жерде айта кететін мәселе, мемлекет функциясын ішкі және сыртқы деп бөлудің шарттылығы. Қазіргі кезеңде кез келген мемлекетпен жүзеге асырылатын мемлекет функциясын төрт топқа жіктеу танылған:
- мемлекеттің экономикалық функциясы. Оған экономиканың дұрыс қызмет етуін және дамуын әртүрлі шаралардың (елдегі меншік нысандарын қорғау, сыртқы экономикалық байланыстарды ұйымдастыру және нығайту...) көмегімен қамтамасыз ету жатады.
- саяси қызмет. Бұған мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ әлеуметтік және ұлттық келісімді қамтамасыз ету, өзара күресуші әлеуметтік күштердің қарсылығын басу, ел егемендігін ішкі және сыртқы күштердің қол сұғушылығынан қорғау мәселелерін шешу жатады.
- мемлекеттің әлеуметтік функциясы. Мемлекет тұрғындарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру шараларын іске асыру, тұрғындардың қажетті өмір сүру деңгейін қолдау, еңбек жағдайын, оның ақысын, тіршілік деңгейін қамтамасыз ету мәселелерін шешеді.
- идеологиялық қызмет. Мемлекеттің аталған функциясыне елдегі басым идеологияны қолдау, білім беруді ұйымдастыру, ғылымға, мәдениетке қолдау көрсету тәріздес жұмыстар жатады.
Мемлекет функциясын жүзеге асыру нысандары құқықтық және ұйымдастырушылық болып екіге бөлінеді. Құқықтық нысандарға құқық шығармашылық (нормативті актілерді дайындау және қабылдау), құқыққолдану (нормативті актілерді іске асыру) және құқық қорғау (адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу және кінәлі жанды заңды жауапкершілікке тарту) әрекеттері жатады. ¦йымдастырушылық нысандар арасынан экономикалық (несиелеу, мемлекеттік тапсырыстар, бағаны реттеу және т.б.), саяси (әртүрлі саяси ағымдарды ортақ келісімге келтіру, халықаралық келісімдер және т.б.), идеологиялық (халыққа үндеу, күнделікті тәрбиелеу жұмыстары, үгіт-насихат және т.б.) және тікелей ұйымдастырушылық (жоспарлау, бағдарлау, тексеру және т.б.) әрекеттерді бөліп көрсетуге болады. Ал әдіс-тәсілдерінің қатарынан сендіру немесе мәжбүрлеу, көтермелеу немесе жазалауды көруге болады.
Мемлекет типологиясы – сан алуан мемлекеттердің өздеріне тиісті тұтастай алынған маңызды қасиеттері мен жақтарының жиынтығы және жалпылама ерекшеліктерінің жүйесі. Қазіргі кезеңде мемлекет типологиясына екі түрлі көзқарас орын алған: өркениеттік және формациялық.
Өркениеттік көзқарас бойынша жіктеудің негізгі өлшемі ретінде руханилық белгілер - мәдени, діни, ұлттық, психологиялық ерекшеліктер алынады. Қазіргі таңда өркениеттің әртүрлі түсінігі бар екенін ескерсе, осы тұрғыдан мемлекеттерді де сан түрге бөлуге болатынын көреміз. Мысалы, өркениеттік сипатына байланысты шығыстық, батыстық және аралас мемлекеттер болуы мүмкін. Тарихи кезеңдерге байланысты көне, ортағасырлық және қазіргі мемлекеттер деп бөлуге болады. Тарихи және мәдени даму сипатына байланысты шаруалық, өндірістік және ғылыми-техникалық болып бөлінеді. Экономикалық даму деңгейіне байланысты жоғары дамыған, орташа дамыған және дамушы мемлекеттер болып таралады. Формациялық көзқараста негізгі өлшем ретінде әлеуметтік-экономикалық белгілер (қоғамдық-экономикалық формация) қолданылады. Аталған көзқарастың өкілдерінің ойынша, қоғамдық дамудың шешуші факторы базис болып табылады, ол қондырмалық құбылыстардың: мемлекет пен құқықтың да типін анықтайды.
4. Мемлекеттің қалыптасуы - әртүрлі халықтарда түрліше жүзеге асқан ұзақ үдеріс.
Шығыста «өндірістің азиялық тәсілі» (Египет, вавилон, Үндістан, Қытай және т.б.) нысаны кеңінен таралды. Бұл жерде рулық құрылымның әлеуметтік-экономикалық бөліктері – жердік үлес, ұжымдық меншік және т.б. тұрақт сипатты иеленді. Ежелгі шығыста пайда болған алғашқы мемлекеттер ауылдық қауымдастықтарды қанай отырып, оларды басқарды яғни, өндірісті ұйымдастырушы ролін атқарды
Афины мен Римде мемлекеттің пайда болу бағыты басқаша жолмен жүзеге асырылды, бұларда құлиелнушілік мемлекет меншіктің пайда болуы, және қоғмның таптарға бөлінуі негізінде пайда болды. Афины – мемлекеттің пайда болуының ең таза, классикалық нысаны, себебі, мемлекет рулық құрылым ішіндегі таптық қарам-қайшылықтардың негізінде пайда болады. Римде мемлекттің пайда болуы плебейлердің римдік аристократтар – патрицийлерге қарсы күресінің нәтижесінде тездетілді.
Барлық
нысандағы мемлекеттердің пайда
болуына негіз болып 10-12 мың жылдар
бұрынғы неолиттік революция
табылды. Оның мәні мынада: өз қажеттіктерін
қанағаттандыру мақсатында адам дайын
өсімдік және жануарлық нысандарын иемденумен
байланысты құралдық қызметтен табиғатты
өзгертумен және азық дайындаумен байланысты
шынайы еңбек қызметіне ауысты, яғни, иемденушіден
өндіруші экономикаға өту орын алды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы теория – мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму заңдылықтарын, мақсатын, мазмұнын, құрылысын, нысанын, қағидаларын, белгі-нышандарын, функцияларын зерттейді. Теорияның пәні қоғам мен мемлекеттің арасындағы санқырлы күрделі қарым-қатынастарды, коғамның саяси-жүйесіндегі мемлекеттің алатын орнын, маңызын, азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын, адамдардың сана-сезімін, оның қоғамдағы маңызын, мемлекеттің болашағы, құқықтық мемлекет қалыптастыру бағыттарын зерттеп, қорытынды тұжырымдар жасап отырмын. Оларды бір-бірінен айыруға болмайды. Олар объективтік тұрғыдан тығыз байланыста бірлесіп дамитын ғылым. Бірақта олар бір ғылымға жатқанымен өздерінің нақты бағыттары болады екен.
Яғни, мемлекет пен құқық теориясы екі үлкен бөлімге бөлініп қарастырылған екеніне көз жеткізуге болады, яғни мемлекет теориясы және құқық теориясы. Мемлекет теориясында мемлекет түсінігінің, мемлекеттіліктің пайда болуының және тарихи дамуының жалпы мәселелері, мемлекеттің және мемлекеттік аппараттың қызметтері мен үлгілері, қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны мәселелері қарастырылса, ал құқық теориясында құқық түсінігі, құқықтың пайда болуы және тарихи дамуы, құқық нормалары және жүйесі, құқықтық нормативтік актілер, құқықтық сана, құқықтық қатынас, құқықты жүзеге асыру, құқықбұзушылық, құқықтық жауапкершілік, заңдылық және тағы да басқа көкейтесті мәселелер қарастырылады.
Міне, осы бірлестікпен дербестік олардың мазмұнын, мақсатын, қызметінің әдіс-тәсілдерін, функцияларын жан-жақты зерттеуге, жаңартуға, дамытуға мүмкіншіліктер бар. Мемлекет пен құқықты тереңірек зерттеп білуге жағдай туып отыр.
Сонымен қатар, мемлекет типологиясы – сан алуан мемлекеттердің өздеріне тиісті тұтастай алынған маңызды қасиеттері мен жақтарының жиынтығы және жалпылама ерекшеліктерінің жүйесі және қазіргі кезеңде мемлекет типологиясына өркениеттік және формациялық сиқты екі түрлі көзқарас орын алған. Мемлекет мәні көпжақты, өйткені мемлекет теориясында аталған екі негізгі: таптық және жалпы әлеуметтік қөзқараспен қатар, мемлекет мәнін анықтаудың діни, ұлттық және нәсілдік көзқарастары да танылған.
Мемлекет
пен құқық теориясы пәнінің өзіне тән
ерекшеліктерін білу үшін зерттелетін
ғылымның басқа да қоғамдық және құқықтық
ғылымдармен байланысын қарастыруымыз
қажет. Қоғамдық өмірдің ең өзекті мәселесі
- мемлекет пен құқық тек мемлекет пен
құқық теориясының ғана емес, басқа да
философия, экономикалық теория, әлеуметтану,
саясаттану, тарих, психология, логика
тәріздес қоғамдық ғылымдардың зерттеу
обьектілеріне жатады екен.
ҚОЛДАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Жоламан Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2007.
2. Ағдарбеков Қ. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды, 2001.
3. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1999.
4. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2007.