Мемлекет және құқық теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 05:50, реферат

Описание

Құқық негізі жөнінде әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқықтың болуы мен оның әрекет етуіне негіз болуын қадағалайтын күштің мағынасы әңгімеге арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік–жігері немесе ең соңында қоғамның материялдық тұрмыс жағдайлары.

Работа состоит из  1 файл

реферат.doc

— 105.00 Кб (Скачать документ)

            Нормативтік келісімдер мазмұны – бұл заңи екі жақты актілер,екі жақта белгілі бір заңды жауапкершілікте болуы.Екі жақтың міндеттері мен тілектері,әрбір істің аяқталу жауапкершілігі және жауапкершіліктің келісімді түрде жүктелуі.Конституциялық,Азаматтық,еңбектік,экологиялық құқықтарында кеңінен таралған.

            Құқықтық басты формасы ретінде  құқықтық келісім шарт халықаралық  құқықта қолданылады.Халықаралық  құқық- бұл мемлекеттердің өзде  мүдделеріне қатысты сұрақтарға жауап беру,келісу және белгілі бір жауапкершілікті атқаруы  арқылы құрылуын атайды.Халықаралық келісімдердің бірнеше түрлері бар:

  • екі жақты және бірнеше жақты;
  • саясаттық;
  • келісім шарттар мен экономикалық келісім шарттар;

    Халықаралық-құқықтық келісім шарттың мысалы ретінде:

1990 жылдың 12 қыркүйегінен бастап Германияға қатысты келісімге сәйкес: « Біріккен Германия өз территориясына Демократиялық Германдық Федерациясын,Федеративтік Германия мемлекетін және бүткіл Берлинді қосу».

           Еңбек құқығында құқықтың қайнар  көзі ретінде «ұжымдық келісім шарт» үлкен рөл атқарады.Ұжымдық келісім шарт – бұл құқықтық акт,еңбек,әлеуметтік-экономикалық,кәсіби қарым-қатынасты  нормативті бақылауы. 1).Бұл құқықтық нормалар әкімшіліктегі жұмысшылар мен жұмысқа қабылданған азаматтар үшін  міндетті.

           Құқықтық қайнар көзі келісім  шартты мойындауы үшін,келісім  шарттың заңи нормаларды сақтауы  міндеттілік болып табылады.Формаға  ең басты талап – іске асырылушы  заңдылыққа қарсылығы болмауы.Қазіргі  уақытта нормативтік құқықтық  актілер барлық ұлттық әлемнің системасында қолданылады.

           Нормативтік құқықтық актілердің  ерекшелігі – қатысушылары ерікті түрде келісуі және белгілі бір жауапкершілікті артуы.

           Осылайша нормативтік құқықтық  норманы былайша сипаттауға болады:

1.Жалпы сипаттағы нормаға ие;

2.келісімнің  ерікті болуы;

3.ортақ қызығушылық;

4.ақпараттық  сипат;

5.екі жақтың  тепе-теңдігі;

6.келісімнің  барлық аспектілерімен қатысушылардың  келісімі;

7.қатаң формальдылық;

8.нормативтік-құқықтық  келісім кезіндегі сөз таласты  қарастыратын арнайы тәртіптілік;

9.жариялылықтың міндеттілігі;

10.міндеттіліктің  орындалуы не орындалмауы жөнінде  екі жақтың келісімді жауапкершілігі;

11.құқықтық қамтамасыз  ету; 21).

     Келісім шарт мазмұнының негізі-заңи екіжақты келісілген құқықтары мен міндеттері.

     Оның  негізгі шарттары заңдағы нормаларға  сай болуы қажет.Осы шартқа  қайшы келетін болса, заңды  мағынасынан айырылған болып  саналады.

Келісім шарт өзін мінсіз,мықты құрал ретінде көрсетеді,яғни осы келісім шарт арқылы экономикалық айналымдарды тәртіп пен бірқалыптылығын ұйымдастырып,кепіл болады.Бұл нәрсені тіпті мықты деген әкімшілік-құқықтық құралдар да қамтамасыз ете алмайды.

      Келісім шарт формасының жарқын болашағы не перспиктивалық бағыты мол деуге болады.Себебі,егер құқықтың қайнар көзін жүйелілік өзара қатынас ретінде қарасақ,ол ең алдымен формальды-міндеттелген емес ерікті түрде  келісілген болуы қажет. 

2.3 Құқықтық доктрина 

     Құқықтық  доктрина да құқықтың белгілі  бір этаптарда дамуы кезінде  формасы қызметін атқарады.Кезінде  римдік атақты заңгерлерге алдағы уақыттағы соттарға арналған міндетті анықтамалар жазып отырған.Ірі заңгерлердің қалдырған формулалары нормативтік-құқықтық актілердің,кодекстер мен соттық прецеденттердің негізін құраушылардың бірі болды.Мысалы,Ульпиан,Гай,Павел секілді заңгерлердің формулалары Юстиниан Кодексінің толық бір кодекс бөлімін(дигест) құрайды.Ағылшын соттарында атақты заңгерлердің (Брактон,Гленвиль) трактаттары құқықтың қайнар көзінің бірі болған.

     Құқықтық  доктринаның өмірлік қайнардың  көзі ретіндегі мәні мынада: ол құқық жасаушы органдар қолданатын түсініктер мен конструкцияларды жасайды.Құқықтың орнығу методтары мен жолдарын жасап шығаратын құқықтану ғылымы болып табылады.

     Құқықтық  доктринаны бірнеше контексттерде қарастырады:

  • теорияны үйрену ретінде;
  • заңгер-ғалымдардың пікірі ретінде;
  • атақты зерттеулердің ғылыми еңбектері ретінде; 1).

     Құқықтық  доктрина – бұл әлдебір аморфтық  көзқарас; ол өз ішінде тұрақты «тиянақ тірегіне» және ғылыми шығармашылық категориясына ие. 2)

          Құқықтық доктрина – бұл юриспруденция аумағындағы атақты ғалымдардың мақұлдауы арқылы қабылданып,қалыптасқан құқық принциптері,түсінігі және көзқарас системасы.Құқықтық доктрина – теория түріндегі заңи маңызды принциптерді,заңды категориялар,түсініктер.

          Құқықтық доктринаны құқықтың формасы ретінде айтылған пікірлермен байланыстыруға болмайды.

          Доктрина үшін: «принципиалдық мағынасы,оның - әрекет етуі,мойындалуы,атақтылығы,таралу кеңдігі және өзінің жеткіліктілігіне талаптануға мүмкіндік беретін қоғамға тигізер әсері» 1). Мысалы, « нормативтік құқықтық акт » түсінігі алғаш доктринада пайда болды,тек содан кейін заң актісінде қабылданды. 2).

          Роман-германдық отбасында құқықтық доктрина XIX ғасырға дейін құқықты танып білу,жаңаша баяндау және рим пікірлері жағынан басым болған.Бұл сол замандағы Еуропа мемлекетіндегі университеттерінде рим құқығы жүргізілгені және Рим құқығының құрылысы,түсіну аппараты мен терминологиясы ең мықты болғанын білдіреді.

           Англо-саксондық отбасыда романо-германдық сияқты,доктринаны құқықтың қайнар көзі ретінде үлкен мән бере қоймаған.Бір қызығы,англо-саксондық отбасында сотта шығарылған үкімдер бөлек заң ғалымдарының шығарған сілтемелері арқылы жүреді,ол сілтемелердің осы күнде заңи мағынасы жойылса да.Бұл құқықта пайда болған олқылық кезінде қолданылатын атақты заң галымдарының еңбектері( ағылшын ғалымдары У.Блэкстон,Т.Мэя,У.Бэджгота; АҚШ конституция авторлары Дж.Мэдисон,Т.Джэфферсон,А.Гамильтон,Д,Джэя).Бұл сілтемелер қосымша дәлел,сот ерігінің қалыптасу элементі,үкім уәжінің бөлігі не сот шешімі.

       Алайда қайнар көз болмыстың  жоқтығы десеңіз,қателесесіз.

Құқықтық доктрина қазіргі таңда ұлттық құқықтық системаларда қолданылуда.Мысалы,мұсылман елдерінде.

      Мұсылмандық құқықтық доктрина  VIII ғасырда қалыптасқан.Дәл сол уақытта негізгі құқықтық мектептер қалыптасқан. 

       Қазір заңи доктриналар,жұмыстар,ұлы  заңгер-ғалымдардың пікірлері көптеген  елдерде құқықтың қайнар көзі  болып табылмайды.Алайда олар  заң ғылымының қайнар көзі,құқықтың  идеялық қайнар көзі және құқықтық  системаның дамуына және кез-келген құқықтық мәдениеттің дамуының қайнар көзі2). 
 
 

2.4 Құқық принциптері 

        Кейбір авторлар өзгеше құқық  қайнар көздерін құқықтың басталу нүктесі,құқықтық системадағы бастапқы орны,яғни құқық принциптері деп атайды.Ол Австрия,Германия,Греция,Испания елдерінде құқық қайнар көзі ретінде қарастырылады.

        Егер де кез-келген мемлекеттің  конституциясын анализден өткізсек,демократиялық  құқықтың мемлекеттің құқықтық  принциптерін табамыз.Олардың ұстанымы – ең негізгі жүйелі құқықтық басқару.

         Негізгі белгілері:

1.конституция  принциптері

2.құқыққа кері  күштерге тыйым салу

3.құқық пен  бостандықтың қорғалуы

4.азаматардың  ақпараттану принципі

5.заңнама тәртібі

6.пропорционалдық  принципі.

        Құқықтың принциптері қайнар  көздері секілді халықаралық қатынастарда мойындалады.Ұлттық құқықтық жүйелерде құқықтық принциптер құқықтың қайнар көзі ретінде құқықтық ұқсастық негізінде заңи істерде жиі кездеседі.Әдетте ол адамгершілік,ақылыдылық,жүйелілік,әділеттілік,теңдік принциптері.

         Халықаралық құқықтың принциптері – бұл айрықша мағынаға ие халықаралық құқықтың нормалары.Ашып айтқанда,олар еш құқықтық мінге ие емес,себебі декларацияда қабылданады.Бірақ мемлекеттің мақұлдауымен жүзеге асады.

         Халықаралық құқықтың атқаратын  екі функциясы бар:

1.Халықаралық  қатынастардың бірқалыптылығын  сақтау(белгілі бір нормативтік  шектен шығармау арқылы)

2.Халықаралық  қатынас тәжірбиесінде пайда  болған жаңалықтарды

бекітіп,дамуын қамтамасыз етеді. 1). 

2.5 Соттық прецедент  – англо-саксондық құқықтық жүйенің негізгі қайнар көзі

 

      Құқықтық практика ежелдігі жөнінен құқықтық әдет-ғұрыптан кейін екінші орында екенін айта кету жөн.Мысалы,

Скандинавияда XIV ғ. II жартысынан бастап іс-қағаздарын жүргізу жазбаша түрде жүрген1).

            Соттық өкімет пен атқарушы өкіметті ажырату кезінде

1215 жылы англо-саксондық  құқықтық жүйесінде соттың мәні  дереу көтерілді.Бұл соттың іс-тәжірибесін  «жалпы құқық» дәрежесіне көтерілуге  әкелді.Замандас ағылшын және америка заңгерлері өзінің шығарған шешімдерін жариялай алады.Басылым жинақтары қатаң дүркін-дүркін шығуы XIX ғасырдан бастау алады.

           Қазіргі таңда ресми жалпы  мемлекеттік соттық іс-тәжірибелер  жинағы романо-германдық отбасыда,яғни  Германия,Испания,Италия,Түркия,Франция  және Шфейцария мемлекеттерінде бар.

           Прецеденттің екі түрі бар:

1.Соттық(мысалы,азаматтық  не қылмыстық істері қаралғанда)

2.Әкімшілік(әкімшілік  орган немесе әкімшілік сотта  шығарылған шешім)

           Құқықтың прецеденттік формасында  соттың органдары (кейде әкімшілік  те) жаңа құқықтық нормаларды жасап шығаруға құқығы бар.Осындай жағдайдағы құқық өзінің қиын-қисындығымен ерекшеленеді.

           Прецедент сотқа не лауазымдық тұлғаға өз білгенінше қарауға,яғни өмірдегі болған жағдайлардағы ұқсастықтарын салыстыра бағалауға мүмкіндік береді.Прецедентте тіпті барлық істерді қарау міндет емес,құқықтық сот позициясының алғаш шығарған шешімінң  мәні болса жеткілікті.Прецедент сот секілді маңызды өмірлік шешімдерді шығарған секілді,үлгі бойынша ұқсас істерді қарайды.Соттың дәрежесі қаншалықты жоғары болса,прецедентпен қатысы соншалықты аз деген сөз.

          Соттық прецеденттің болуы,оны құқықтың қайнар көзі,заң шығарушы элементі ретінде мойындайтын елдерде заң шығарушылықпен тек заң органдары емес,сонымен қатар сот органдары да айналысады.

           Прецедент тек заңи шешім бар  кезде бола алады,ал заң шығаршылықта  ондай қажетті нормалар жоқ.Бұл  жағдайда судья (атқарушы органның лауазымды тұлғасы) немесе сот (толықтай мемлекеттік орган) нақты іс бойынша шешім шығарады.Шығарылған шешім жайбырақат немесе судьяның көңіл күйіне байланысты шешілмеуі қажет.Шешім құқықтық принциптермен,қоғамдағы құқықтық түсініктер мен сана,моральдық құндылықтар мен тұрғылықты тәжірибемен  жабдықталған болуы керек.Ол үшін осы шешім туралы жеткілікті ақпараттану шарт.Әдетте осыған  шешім жоғарғы сот инстанциясы арқылы шығарылып,қоғамға жарияланған уақытта жетеді.Осы жағдайға байланысты пікір: сот – бұл судьялардың айтатын нәрсесі.Онда прецеденттік ереже: « жаңа істі, бұрынырақ шығарылған іс секілді етіп қарау ».

            Соттық прецеденттің мәні нақты  бір іс бойынша құқықтық нормаға  сай шығарылған шешімі. 

  

     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Мемлекет және құқық теориясы