Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 20:27, реферат
Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органдарда мемлекеттік биліктің міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруға бағытталған, лауазымдық өкілеттіліктерді атқару бойынша ресми қызметі. ҚР мемлекеттік қызметі 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы” ҚР заңымен реттеледі. Осы заңға сәйкес "мемлекеттік қызмет" - бұл мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызмет. Заң әдебиеттерінде мемлекеттік қызмет ұғымын тар және кең мағынада қарастырылады.
І. КІРІСПЕ
1.1. Мемлекеттік қызмет және оның негізгі белгілері
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық санаттары
2.2 Мемлекеттік қызметті өткеру
2.3 Мемлекеттік қызметке кіру және қойылатын талаптар
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер
2.2 Мемлекеттік қызметті өткеру
Мемлекеттік қызметті өткеру - бұл лауазымдық өкілеттіліктерін практикада жүзеге асыруда көрінетін, қызметкердің күнделікті жұмысы және қызмет ету барысында қызметкердің құқықтық мәртебесіндегі өзгерістер.
Лауазым
- бұл заңнамада көзделген
Мемлекеттік қызметті өткеру элементтері:
1) мемлекеттік қызметке кіру;
2) сынақ мерзімін белгілеу;
3) мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау;
4) қызметті ауыстыру;
5) қызметті атқару кезінде берілетін жеңілдіктер және ынталандырулар;
6) мемлекеттік қызметшінің жауаптылығы;
7) мемлекеттік қызметтің тоқтатылуы.
2.3 Мемлекеттік қызметке кіру және қойылатын талаптар
"Жасақтау" ұғымы мемлекеттік қызметкерлердің кадрларын дайындауды, іріктеуді және орналастыруды білдіреді. Мемлекеттік қызмет кәсіби қызмет болғандықтан, онда орналасатын азаматтар кәсіби даярланған болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкердің білім деңгейі, біліктілігі мемлекеттік басқару аппаратындағы нақты лауазымдардың талабына жауап беруі тиіс.
Кадрларды дайындау - бұл жауапты басқарушы лауазымдарда жұмыс істеу үшін арнайы оқыту, біліктілік деңгейін көтеру, кадралрдың резервін қалыптастыру.
Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту арнайы оқу орындарында,сондай-ақ тікелей мемлекеттік қызметкер істеп жүрген мемлекеттк органның шегінде де өтуі мүмкін.
Резервті қалыптастыру кадрларды жаңарту процесінде сабақтастықты, жалғастырушылықты, орын басушылықты қамтамасыз ету үшін қажет болып табылады. Резервпен жұмыс қызметтік перспектива қағидасына сай келуі тиіс.
Іріктеу, ереже бойынша, басқару органдарын жаңа қызметкерлермен толтыру. Мемлекеттік қызметке кадраларды іріктеу кезінде басшылыққа алынатын, практикада қалыптасқан және нормативті бекітілген нақты талаптар болады.
Мемлекеттік қызметке кіру кезінде мынадай талаптар қойылады:
1) ҚР азаматы болуы қажет;
2) егер ҚР заңдарында тиісті лауазымдар жөнінде өзгеше белгіленбесе, 18 жастан кем болмауға;
3) қажетті білімі, кәсіби даярлығы және белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс;
4)
мемлекеттік қызметке кірген
кезде салық қызметі
5) арнайы тексеруден өтуі тиіс;
Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік органдар лауазымдар санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптары негізінде әзірлейді және бекітеді. Кадрлармен жұмыс істеудің бір түрі болып - оларды орналастыру. Орналастыру - бұл әркімге оның мамандығына және біліктілігіне, жеке бас ерекшеліктеріне және ұжымдық мүдделеріне сәйкес, өз уақытында адамдарды анағұрлым білікті немесе жауапты лауазымға пайдалану үшін қалыптасқан мүмкіндіктерін ескере отырып орын беру.
Мемлекеттік органдарда лауазымға орналасудың төрт ұйымдық - құқықтық тәсілі жалпыға мәлім:
1) қабылдау;
2) тағайындау;
3) сайлау;
4) конкурс.
Осылардың әрқайсысы еңбек
Қабылдау - мемлекеттік қызметке тұлғаны алған кезде жинақтайтын тәсілдердің бірі. Мемлекеттік қызметкерлердің көпшілігі қызметке қабылдау тәртібінде алынады.
Тағайындау - бұл мемлекеттік органдардың жеке құрамын жинақтаудың негізгі тәсілдерінің бірі. Тағайындау тәртібінде мемлекеттік органдардың және олардың құрылымдық бөлімдерінің жетекшілерінің, олардың орынбасарлары және басқа да лауазымды тұлғалар лауазымға алынады. Тағайындау бірнеше тәсілдер арқылы жүзеге асырылады: тиісті орган немесе лауазымды тұлға дербес түрде (ҚР Президентінің ҚР Мемлекеттік хатшысын тағайындауы); ұсыну бойынша (Президенттің ұсынысы бойынша Сенат - Жоғарғы Соттың Төрағасын, ҚР Жоғарғы Сотының коллегиялар төрағасын және судьяларын); келісім беру бойынша (Парламенттің келісімі бойынша Президент Премьер-Министрді тағайындайды).
Сайлау - мемлекеттің, тұрғындардың белгілі бір саны бойынша немесе қандайда болмасын органның тапсырмасы бойынша құзырлықты жүзеге асыруға нақты бір тұлғаларды уәкілетті ету. ҚР заңнамасы бойынша Президент, барлық деңгейдегі депутаттар сайлануға жатады. Сайланушылық өзінің артынан көп құқықтық салдарларға әкеледі: саланған тұлғаны бақылау құқығы; оның есебін тыңдау, жұмысын бағалау. Сайлаудың өзіне тән процедурасы болады: талқылау, дауыс беру, дауыстарды санау және т.б. Сайлау белгілі бір уақытқа ғана есептеледі, осы мерзім өткеннен кейін осы лауазымға қайтадан сайлау жүргізіледі.
Конкурс - лауазымға орналасудың дербес, ерекше тәсілі. Сайлауға ұқсас болып келеді. Конкурстың мәні - барлық қатысушылар үшін тең жағдайда жарысу тәртібінде бос лауазымға ораласу. Конкурс үшінші санаттан жетінші санатқа дейінгі лауазымдарға орналасуға мүмкіндік береді. Ол құжаттардың конкурсы түрінде жүргізіледі. Арнайы құрылған конкурстық комиссия конкурсқа қатысушыларды білімі туралы, мемлекеттік қызметті өткеру немесе өзге де қызметтерді атқару туралы құжаттардың, сонымен қатар тестілеу нәтижелерінің, ұсыныстардың негізінде бағалайды. Конкурстық комиссияның шешімі азаматпен контракт жасасу үшін немесе осындай контракт жасасудан бас тарту негізі болып табылады.
Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымына жинақтаудың қандайда болмасын тәсілін таңдау қызмет түріне, қызметкердің санатына, сондай-ақ нақты лауазымдық өкілеттіліктерге байланысты болады. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке кіруі тағайындау не сайлау негізінде, сондай – ақ ҚР заңдарында белгіленген басқа да реттерде, тәртіп пен жағдайларда жүзеге асырылады.
2)
Мемлекеттік әкімшілік
3) Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер олардың кәсіби даярлығы, құқықтық мәдениеті, азаматтармен жұмыс істеу қабілеттілігі деңгейін анықтау үшін кемінде 3 жылда 1 рет аттестациядан өтеді. Оны жүргізу тәртібі мен талаптарын уәкілетті органның ұсынысы бойынша ҚР Президенті бекітеді. Аттестациядан жоғарғы, 1 және 2 санаттағы мемлекеттік лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлер өтпейді.
4)
Жұмысында жетістіктерге
5) жұмыс уақытының ұзақтығы, сонымен қатар күні бұрын болжанбаған жұмыс күні үшін өтем ақы төлеу кепілі мен тәртібі және мемлекеттік қызметкерді демалыс және мереке күндері қызметке келуге міндеттеу ҚР еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді;
6) мемлекеттік қызметте болудың шекті жас мөлшері 60 жас белгіленген. Кәсіби біліктілік деңгейі жоғары және денсаулық жағдайы сай тұлғалардың мемлекеттік қызметте болу мерзімі ұзартылуы мүмкін. Бұл мерзім 5 жылдан аспауы тиіс.
7)
Мемлекеттік қызметкердің
8) Мемлекеттік қызметкерлердің еңбек ақысын төлеудің бірыңғай жүйесін Үкімет әзірлейді және Премьер - министр ҚР Президентіне бекітуге береді; Олардың жалақысы бюджет қаражаты есебінен не болмаса Ұлттық банк қаржысынан төленеді. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің жалақысы мен оларға төленетін басқа да төлемдер ҚР заңдарында белгіленген тәртіпте индекстелуге тиіс.
9)
Мемлекеттік қызметкерге
Өткізілген аттестация мемлекеттік қызметкерді ынталандыру негізі болып табылуы мүмкін. Оны 3 топқа бөлуге болады:
1)
моралдық (алғыстар, ҚР мемлекеттік
наградалары, кезекті
2)
материалдық (ақшалай
3) ұйымдық (қызмет бабы бойынша көтермелеу).
Мемлекеттік қызметкердің жауаптылығы (ҚР "Мемлекеттік қызмет туралы" заңының 28 бабы). Мемлекеттік қызметкер өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін, лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, сондай ақ осы Заңда белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін мемлекеттік қызметкерге мынадай тәртіптік жазалар қолданылады:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) қызметке сәйкес еместігі туралы ескерту;
5) атқаратын қызметінен босату:
Мемлекеттік қызметкерлер қылмыс және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда ҚР заңдарында белгіленген тәртіпте тиісінше қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауаптылыққа тартылады.
Мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік қызметі тоқтатылады. Мемлекеттік саяси қызметкердің отставкаға шығуы және қызметтен бостылуы:
1) оның жазбаша арызы негізінде жүзеге асырылады;
2)
оның отставкасын қабылдау немесе
одан бас тартылу туралы шешім жазбаша
арыз берілген күннен бастап 1 ай мерзімде
қабылданады. Саяси қызметші отставкадан
бас тартылған жағдайда қызметтік өкілеттілігін
атқаруды жалғастыруы тиіс және ҚР заңдарында
көзделген тәртіппен қызметтен босауға
құқығы бар. Лауазымдық өкілеттілігін
өрескел бұзу, мемлекеттік қызметте болуға
лайықсыз қылықтар жасау мемлекеттік
саяси қызметкрдің отставкаға шығуы үшін
негіз бола алмайды, қайта жұмыстан босату
үшін негіз болады. Оларды қызметтен босату
негіздері мен тәртібін ҚР Президенті
белгілейді (ҚР мемлекеттік қызметі туралы
заңның 26 бабы).
ҚОРЫТЫНДЫ
Мемлекеттік
қызмет – мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік
органдарда мемлекеттік биліктің міндеттерін
және функцияларын жүзеге асыруға бағытталған,
лауазымдық өкілеттіліктерді атқару бойынша
ресми қызметі. ҚР мемлекеттік қызметі
1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет
туралы” ҚР заңымен реттеледі. Заң әдебиеттерінде
мемлекеттік қызмет ұғымын тар және кең
мағынада қарастырылады. Кез келген мемлекеттік
немесе қоғамдық орган қандайда болмасын
қоғамға пайдалы қызметті жүзеге асыру
үшін нақтылы түрде ұйымдастырылған адамдардың
ұжымынан тұрады. Мемлекеттік немесе қоғамдық
органда жұмыс істейтін әрбір адам оның
ұжымына кіреді, онда белгілі бір орын
алады, оның қызметінде қандайда болмасын
нақты қызмет рөл атқарады. Кез келген
мемлекеттік органның қызметінің сенімділігі
мен нәтижелілігі көбінесе онда істеп
жүрген адамдарға - мемлекеттік қызметкерлерге
байланысты болады. Мемлекеттің әрбір
органының құзырлығы оның жұмысшыларының
(ең бастысы органның жетекшілерінің,
орынбасаларының және оның құрылымдық
бөлімдерінің жетекшілерінің) әрекеттерінде
іске асады. Сондықтан мемлекеттік басқару
органдарында жұмыс істейтін адамдар
мемлекеттік қызметкерлер болып табылады,
ал олармен атқаратын қызметі мемлекеттік
қызмет деп аталады. Мемлекеттік қызметкердің
күнделікті қызметі адамның еңбек етуінің
ерекше түрі болып табылады.