Мемлекеттік органдарды түрлері және қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 17:56, реферат

Описание

Қоғам — адамдардың ұйымдасуы мен өмір сүруінің нысаны, соның шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып және айырбасталып жатады, осының өзі белгілі бір тәртібі, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың орнықтылығы мен тұрақтылығын нығайтуға бағытталған, өз мүшелерінің мінез-кұлқын басқарудың, реттеудің және ықпал етудің ерекше құралдарының болуымен сипатталады.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1. Мемлекеттің ұғымы............................................................................................4
2. Мемлекеттің функциялары................................................................................9
3. Мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі..........................................12
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................15
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................16

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 29.44 Кб (Скачать документ)
lign="justify">     Себебі  функцияның дамуына таптармен бірге  халықтын рухани сана-сезімі, мәдениеті, глобалдық мәселелері зор әсер етеді. Бұл дүниежүзілік саяси көзқарас.Кеңестік дәуірді де, қазіргі кезеңде де мемлекеттің функциясын дамытуға көп  көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мазмұнын терең түсініп, білу тек  мемлекеттің бүгінгі жұмысын, қызметін жақсару ғана емес, сонымен бірге  қоғамның, мемлекеттің тарихи даму процесін зерттеп, дұрыс түсінуге көп  үлес қосуы. Функция мемлекетпен  қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп келеді. Бұл объективтік  процесс. Қазіргі заманда Қазақстан  Республикасының функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты  экономиканы қалыптастыру, либерал-демократиялық  мемлекетті орнату.

     Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі ой-пікірлер бар. Солардың бірі - функция көп  өзгеріске ұшырамайтын деп, бірнеше  түрлерін келтіреді: жалпы қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық, интернационалдық  функциялар. Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және уақытша функциялар; негізгі және негізсіз функциялар; заңды қабылдау, орындау, қорғау функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі функцияны  екіге бөледі: ішкі және сыртқы функциялар. Осы пікірді қазіргі заманда  мемлекеттер дұрыс деп қолдануда. Мемлекеттің функциясының орындалуын қамтамасыз ететін  мемлекеттік  аппарат пен органдар. Әуелі функцияны  орындау үшін тиісті мемлекеттік  орган құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына қарай мемлекеттік  аппараты қалыптастырады.

     Функцияның  орындалу кезең-сатылары: функция —  орган аппарат - мемлекет. Мемлекеттің  функциясы арқылы қоғамның алдында  тұрған мүдде - мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын, толық білуге болады.

     Мемлекет   қызметінің   негізгі белгілері:

     -қызметтің  жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының  мазмұны 
және қатынастардың түрлері арқылы анықталады;

     -функция  сарапталып, жіктеліп кешенді түрде  жүргізіледі;

     -мемлекеттің  қызметі аппараттарының қызметіне  ұқсамайды.

     -мемлекет  функциясы қоғамдық көлемінде  жүргізіледі;

     -мемлекеттің  атқаратын қызметін мемлекеттік   жұмыстарының 
әдіс-тәсілінен айыра білуге болады.

     Мемлекеттің ұйымдастыру қызметінің түрлері:

     -жаңа  шыққан заңдарды, нормативтік актілерді  насихаттау, түсінік беру;

     -мемлекеттік  органдарға көмек көрсету бақылау,  тексеру жүргізу;

     -материалдық-техникалық  операциялар жүргізу: баяндамалар, 
іс-қағаздарын дайындау, заңдарды, нормативтік актілерді басып 
шығару т.б. құжаттардың өмірге келуін қамтамасыз ету;

     -әртүрлі  жиналыстар, мәжілістер, конференциялар өткізу;

     -мемлекеттік  органның тәжірибелерін жинақтап  қорытынды 
жасау;

     -мемлекеттің  қызметі туралы қоғамдық ұйымдардың, еңбек 
ұжымдарының ой-пікірлерін, ұсыныстарын жинақтап қорытынды 
жасау.

     Мемлекеттік аппарат тиісті мамандармен, іскер, сенімді азаматтармен толықтырылып құрылады.

     Мемлекеттік қызмет бірнеше категорияға бөлінеді:

     А) Мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері: (заң шығару, заңды  орындау, заңды қорғау органдары).

     Б) Жұмыстың сипатына қарай қызметкерлер үшке бөлінеді: басшылар, мамандар, техникалық персонал.

     В) Мамандығының сипатына қарай қызметкерлер екіге бөлінеді: мемлекеттік —  билік өкілеттігі бар қызметкер  және өкілеттігі жоқ қызметкерлер.

     Мемлекеттік өкілеттігі бар лауазымды тұлғалар 3 топқа бөлінеді: категория «А»  Президент, Премьер-министр. Палаталардың басшылары, Министрлер, т.б. Жоғарғы  мемлекеттік аппараттың басшылары; категория «Б» бірінші топтағы  лауазымды тұлғалардың кеңесшілері, көмекшілері, орынбасарлары; категория  «В» екінші топтағы лауазымды  тұлғалардың орынбасарлары, көмекшілері.

     Мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар әкімшілік  жауапкершілікке тартылады. Егерде қызметінде мекемеге шығын келтірсе оны төлейді, қылмыс жасаса қылмыстық  жауапкершілікке тартылады. Мемлекет қызметінің негізгі мүдде-мақсаты: -адамның әлеуметтік, моралдық, материалдық, рухани, мәдени, экологиялық тілектерінің толық орындалуын қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың мүдделерін орындау  арқылы мемлекет қоғамды жақсы дамытып  нығайтады, қарым-қатынастарды дұрыс  реттеп-басқарады.

     Сонымен мемлекеттің функциясы — қоғамды  әлеуметтік басқарудағы мемлекеттің  атқаратын жұмыстарының негізгі  бағыттары мен әдістері.

     Мемлекеттің функцияларының қалыптасу себептеріне  қарай екі түрге бөледі: таптық қайшылықтарды реттеу функциясы  және жалпы қоғамды реттеп-басқару  функциясы. Қазіргі заманда мемлекеттердің көпшілігінде таптық күрес бәсеңдеп, демократия дамып, монополияның озбырлығы  шектелгенде таптық қатынасты реттеу функциясы өте сирек қолданылады. Дамушы елдерде бұл функция жиі, күрделі түрде пайдаланылады. Мемлекеттердің көпшілігінде функцияны ішкі және сыртқы деп екі күрделі топқа бөледі.

     Мемлекеттің ішкі функциялары:

     1. Экономикалық функция - мемлекеттің  экономикалық дамуының негізгі  стратегиялық бағыттарын анықтау,  олардың орындалу жолдары, тәсілдерін  көрсету. Экономиканың дамуын  реттеудің төрт тәсілі болады:

     бірінші — салық саясаты арқылы мемлекет бюджетінің дамуын реттеп-басқару;

     екінші  — экономиканың тиісті, қажетті  саласына жеңілдік беріп дамыту;

     үшінші - ғылым мен техниканы дамытып экономиканы көтеру (бұл екі жақты процесс);

     төртінші - мемлекеттік өндірісті дамыту.

     Мемлекеттің сыртқы функциялары:

     Екіжақты  пайдалы қарым-қатынас қалыптастыру. Қазіргі заманда мемлекетаралық қатынасты қоғамның барлық саласын  дамытуға, байланыстыруға болады: біріккен өндірістер, фирмалар, ұжымдар құру, бірігіп ғылыми зерттеулер жүргізу  т.б. іс-әрекеттер жасау жатады. 

     3. Мемлекеттік органдардың  түрлері және қызметі 

     Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, оларды атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік  органдарды өкілеттігінің шеңберіне  қарай үш топқа бөлінеді:

     Мемлекеттік билік органдары: Парламент, Президент  және Мәслихаттар;

     Мемлекеттік атқару органдары: үкімет, министрліктер, ведомстволар, жергілікті басқару органдары, әкімдер. Мемлекеттік органдарының құрылу тәртібі мен алдына қойылған мақсаттары. Мемлекеттік органдар үш топқа бөлінеді: өкілетті органдар, атқару органдары және сот немесе құқық қорғау органдары.

     Республика  Президенті мемлекеттік аппаратта  ерекше орын алады, ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінін  барлық тармағының келісіп жұмыс  істеуін және өкімет органдарының халық  алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді, Президент - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға. Президент  халық пен мемлекеттік билік  бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының  адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Өкілетті органдар, Жоғарғы өкілетті органдарды халық  сайлайды. Парламент — заң шығару функциясын жүзеге асыратын Респу6ликаның  ең жоғарғы өкілді органы. Оның өкілеттік  мерзімі — төрт жыл. Парламент  тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық  маңызы бар қаладан және астанасынан  екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен  отырысында сайланатын депутаттардан  тұрады. 7 депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын  және сайлаушылар саны шамамен тең  бір мандатты аумақтық сайлау округтері  бойынша сайланатын 67 депутаттардан  тұрады. Негізінде заң шығару тек  парламенттің құзыреті, бірақ кейде  басқа жоғары органдар осы жұмысқа  кіріседі. Парламент кейбір заңдарды қабылдауға құқығын Президентке  береді, оны делегаттылық заңдылық деп атайды. Қазақстан тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы Конституциясында жарияланған. Бұл Парламенттің қабылдаған заңдарының, сапасын көтеруге, парламентті біршама тұрақты және орнықты органға айналдыру  үшін қолданған шара. Кдзақстанның сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға көп саяси партиялар қатысады. Бұл палатаға сайланған депутаттар 25 жасқа толуы керек. Қазақстан парламентінің ерекшелігін жоғарғы палатасының құрылуы және оның қызмет бабы көрсетеді. Депутаттардың бір жартысы екі жылға? ал екінші жартысы төрт жылға сайланады. Сенатқа 30 жасқа толған адамдар депутат болып сайланады. Парламент - негізгі заң шығарушы орган. Парламенттің сессиясы оның палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. Парламенттің үйлестіруші органдары - бюро, жұмыс органдары - тұрақты комитеттері, бірлескен комиссиялары болып табылады. Президент мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда парламент келісімін береді, оларлан есеп алады, соғыс және бітім мәселелерін шешеді, халық референдум тағайындау туралы бастама көтереді, конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын тыңдайды, өзінің ішкі сұрақтарын шешеді, және басқа да Конституция жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүгзеге асырады.

     Парламенттің  әр палатасының бөлек отырысында шешетін құзыреті бар. Сенат тағайындау мәселелерінің көбіне өзі қатыстығын болса, Мәжіліс заң қозғау және қаржы  мәселелерді шешеді. Парламент қабылдаған заңдарға Президент қолын қояды, заңды осыдан кейін жариялайды. Заң  шығару жұмысын президенттің өзі  де атқара алады. Бұл екі жағдайда бола алады: Парламенттің екі палатасының  депутаттары уақытша заң шығару билігін Президентке 2/3 дауыспен рұқсат берсе (Конституцияның 53 бабы). Президент  заң жобалардың қарау басымдылығын белгілейді, Парламент осы жобаны енгізілген күннен бастап бір айдың  ішінде қарауы тиіс. Заң шығару жұмысын  тікелей халықтың өзі де атқара алады, бұл жағдай референдум деп аталады. Қазақстанның 1995 жылгы Конституциясы  осылай алынды.

               Қорытынды 

     Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен ерекшеліктеріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму кезеңдері тікелей ізашар болып  отыр. Экономика мен басқа да тіршілік ету салаларының өте төмен  деңгейімен ерекшеленетін алғашқы  қауымдық қоғам алдын ала қоғамдық өмірдің жабайы сатысынан объективті түрде өтіп, мемлекеттік деңгейіне  дейін «өсуі» керек.

     Тікелей Қазақстан аумағыңда мемлекеттің  пайда болуы мұнда мемлекеттің  ролінің күштілігімен сипатталатын өндірістің азиялық тәсілі сияқты тарихи формацияның бекуімен байланысты. Жер, мал, жайылым, су шаруашылық объектілері  өндірістің негізгі құралына айналды, оларды иелену үшін қырғын ұрыстар  болды, Соның барысында рулық  байланыстар мен қарым-қатынастар, ішінара болмаса, бұрынғы тұрақтылығын жоғалта бастады. Уақыт өте келе олардың байланысы мен қарым-қатынасы басқаша шашырауы немесе жайылып  кетуі керек болды.

     Қазақстанның  біртұтас мемлекеттік билігінің  тармақтарға бөліну принципі Конституцияда  белгіленген негізгі принциптердің  біреуі ғана емес, ең күрделісі. Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас, өйткені  бірден-бір бастауы — Қазақстан  халқы және мемлекеттің егемендігі бөлінбейді. Бұл билік өзінің бөліну принципіне сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесіне бөлінеді және биліктер бір-бірін шектейді. 
 
 
 

    ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

  1. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық -2001.
  2. Қ.Д. Жоламан, А.Қ. Мұхтарова, А.Н. Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы. 2003
  3. Қ. Сапарғалиев, А. Ибраева. Мемлекет және құқық теориясы. 1998
  4. Қайрат Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының  мемлекет және құқық негiздерi. 2004
  5. А. Ибраева, Н. Ибраева. Теория государства и права А.2000
  6. А. В. Малько Теория государства и права М.: «Юрист» 2000
  7. В. Н. Хропанюк Теория государства и права М. «Интерстиль» 1997
  8. Основы права: Учебно-методическое пособие./ Под ред. профессора В.В. Лазарева. – М.: Юристъ, 1996.
  9. Платон, диалоги «Законы», «Государство»; Аристотель «Афинская полития»; Цицерон, диалоги «О государстве», «О законах» и т.д. // Антология мировой философии: Античность. - Харвест, М.: ООО «Издательство ACT», 2001.
  10. Протасов В.Н. Теория права и государства. Проблемы теории права и государства: Вопросы и ответы. — М.: Новый Юрист, 1999.
  11. Теория государства и права: Учебник / Под ред. М.Н. Марченко. - М.: Издательство «Зерцало», 2004.
  12. Теория государства и права: Учебник. — М.: Юристь, 2002.
  13. Теория права и государства. Под ред. проф. Г.Н. Манова. Учебник для вузов. – М.: Бек, 1995.
  14. Лазарев В.В. Теория государства и права. М., 1993.

Информация о работе Мемлекеттік органдарды түрлері және қызметі