Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 08:07, курсовая работа
Тақырып өзектілігі. XVғ. 80-жылдары – XVIIғ. 40-жылдары орын алған абсолютизмнің Ұлыбританияда ерекше маңыздылығы болғаны белгілі. Абсолютизм қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық үрдістердің алға қарай дамуына ерекше ықпал етті. Сондықтан, абсолютизмнің орнау тарихын, оның барысында халықтардың өз басынан өткерген абсолютті монархияның әсерлері мен қоғамдық-саяси өзгерістеріне ұшырауын, және көптеген себептердің нәтижесінде Бірінші Стюарттар кезінде дағдарысқа ұшырап, соңында Карлдан кейін абсолютистік режимнің ыдырауын атап көрсету және білу маңызды. Сонымен қатар, XV ғ. аяғы – XVII ғ. ортасындағы абсолютизм кезенінің әр түрлі әлеуметтік таптарға, Англияның экономикасына, даму ерекшелігіне жағымды немесе жағымсыз әсерін айқындау. Осы тұрғыдан алғанда, ағылшын абсолютизмінің халықаралық жүйедегі орын алуымен үлкенді-кішілі шетелдік мемлекеттермен қарым-қатынасын орнату саясатымен, белсенді саясатқа өзінің сыртқы саясатымен әсер етуін көрсету.
XV ғ. бастап орын алған абсолютизм, Европаның басқа да елдеріне тән болды. Бірақ бұл курс жұмысы ағылшын абсолютизміне арналғандықтан Тюдорлар мен Стюарттардың саясатына, оның ерекшелігіне сипаттама беру маңызды болды.
Кіріспе...............................................................................................................3-5
I. Ағылшын абсолютизмінің орнауы.............................................................6-16
1.1. Тюдорлардың абсолютті монархиясы...................................................6-11
1.2. Елизавета Тюдор кезіндегі абсолютизмнің шарықтау шегі...............11-16
II. Бірінші Стюарттар кезіндегі ағылшын абсолютизмі...............................17-24
Стюарттар абсолютизмінің кризисі.....................................................17-20
Абсолютті монархияның құлауы.........................................................20-24
Қорытынды.......................................................................................................25-28
Деректер мен әдебиеттер тізімі.......................................................................29
Генрихке біріншіден
тақта өзінің позициясын
Сөйтіп, 1487 ж. Дублинде
11 жасар Симнельді йоркистер
1497 ж. Корнуолледе екінші көтеріліс болып өтеді. Бұл көтерілістің басшысы Перкин Варбек болған. Барондардан басқа, бұл көтерліске салықтың жоғарлауына наразы болған шаруалар да қатысады. Перкин Варбек өзін Эдуард IV-ң баласы Йорктік Ричард герцогінің (шынында Тауэрде қайтыс болған) кіші баласы деп санаған. Оның талабын көптеген феодалдар және Шотландияның королі мойындаған. Алайда көтерілісті басып тастағаннан кейін, оны тұтқынға алып, дарға асады /16/.
Буржуазияның, жаңа дворяндардың көмегімен басып тастаған көтерілістер Генрих VII-шінің оппозициясының күшеюіне әкелетін.
Ереуілшіл барондарға қарсы күрес жүргізген Генрих VII-ші 1488 ж. Мемлекеттік опасыздық биллі бойынша 8 мың адамды соттайды. Сонымен қатар, олардың жерлерін, мүлігін конфискілеудің және көптеген штрафтардың арқасында король қазынаны байытады. Генрих VII-ші ақша алу үшін және король қаржысын көбейту үшін әртүрлі жолдарды пайдаланған. Ол тіпті әскери іс жүргізбесе де, парламентті әскери мүдделерге қаржыны бөлуге міндеттеп, ал байлардан төменгі тапты эксплоатациялағаны үшін, субсидия алып отырады. Нәтижесінде Генрих VII-шінің өлімінен кейін қазынада тек 15 жыл бойы жинала алатын 2 млн. фунт стерлинг қалады. Ол сонымен қатар, кеме жасауға қаржыны көптеп бөліп, жаңа кемелердің жасалуы үшін субсидиялар бөліп отырды /17/.
Барондармен күрес
жүргізе отырып, король ливрейі
бар феодалдық ақсүйектерге
Бұдан басқа Генрих VII-ші барондардан артиллерия ұстау құқығын алып тастап, енді артиллерияны тікелей тек өзіне бағындырады. Бірақ корольдің тұрақты әскері болмағандықтан ол тек лейб-гвардиясымен және біршама үлкен арнайы жалданған отрядпен жүретін /18/.
Осы кезде «Жұлдызды палата» - яғни, саяси сатқындық және ереуіл жасағандарға жоғарғы корольдік сот құрылады. Бұл сотқа билль бойынша тіпті жоғарғы шенді адамдар да тартылатын. Сонымен қатар, король администрациясы күшейіп, солтүстік және Уэльс істері бойынша кеңес құрылады. Ал парламент өз жұмысын жалғастырса да, Генрих VII-ші өзінің қаржысын көбейткен сайын одан көмек сұрауды азайтады: соңғы 13 жыл бойы оның басқаруы кезінде парламент тек екі рет жиналады. Жалпы Генрих VII-шінің билігі кезінде қастандық жолмен болса да, саяси және экономикалық прогресс болды және ол өзінің мұрагеріне бай қазынаны және ретке келтірілген мемлекеттік биліктің аппаратын қалдырды.
Сыртқы саясатта
ағылшын үкіметі соғыстардан
бас тартып, Франция, Испания және
Англия арасында «күштердің
Генрих VIII-ші (1509-1547ж.) таққа отырғаннан кейін өз әкесінің жоспарын жалғастыра отырып, король болып сайланған соң Фердинанд пен Изабелла Испанскийлердің қызына үйленіп Испаниямен одақ құрады да Франциямен әскери күрес жүргізе бастайды. Екі жылдан кейін ол Испания, Венеция және рим престолымен одақ құрғаннан кейін, «Әулие лигасына» бірігеді /19/.
Бұл жағдай
1525 ж. Павиидегі күрестегі испан
королінің жеңісінен кейін
1530 жылға дейін
ағылшын үкіметінің ішкі
Кардинал Уолсидің салықты көбейту идеясы қауым палатасының наразылығын тудырып, ал оның міндетті алым-салық төлеткіздіру әрекеті жағдайды одан сайын нашарлатады. Халық арасында да осындай әрекетке қарсы қозғалыстар туындайды. Осының барлығы 1523-1524 ж. Кардинал Уолсидің позициясын әлсіретеді. Біраз уақыттан кейін, кардинал Уолсиді қолдап отырған жаңа дворяндар мен буржуазия арасында оған қатысты сенімсіздік туа бастайды /21/. Ол Тюдорлар билігін нығайту үшін және осыған байланысты туған әлеуметтік қарама-қайшылықты басу мақсатымен, қоршау саясатына қарсы шаралар қабылдап, шаруаларды қинап жатқан жаңа дворяндар мен капиталистік фермерлердің құқықтарын біраз шектейді. Тек осы жағдайдан кейін халық арасындағы наразылық біршама тоқтайды.
20ж. Уолсидің жағдайы нашарлайды, ондағы себебі Англия өзінің сыртқы саясатында Франциямен жақындасу үшін Испаниямен, яғни жалпы Габсбургтермен халықаралық қатынастарын үзу керек болды. Ал Испаниямен қарым-қатынасты үзгеннен соң, ол міндетті түрде рим папасының билігіне бағынушылықтан шығу керек болды. Сонымен қатар Габсбургтермен қатынасты үзудін және рим папасына бағынбаушылықтың сылтауы ретінде, ол Екатерина Арагонскаямен некесін заңсыз деп жарияламақшы болады. 1529 ж. Король Екатерина Арагонскаямен некесін заңсыз деп жариялауды талап етеді. Бірақ Уолси басқарған легат комиссиясы некені заңсыз деп жариялау ісін кейінге қалдырған соң, оның саяси жағдайы нашарлай бастайды: біріншіден ол сарайды қалдыруға міндеттеліп, кейін қамауға лондондық Тауэрге алынады. Осы жолда ол қайтыс болады. Ал оның орнына корольдіктің канцлері «Утопияның» авторы Томас Мор келеді. Бірақ ағылшын реформациясының басталуына байланысты өз орнынан босатылып, мемлекеттік опасыздығы үшін жазаға тартылады. Одан кейін 1532ж. Томас Кромвель мемлекеттік басқаруды өз қолына алып, орталық билікті барынша нығайтумен айналысады. Ол барлық қаржылық және корольдің баспасөз ісімен айналысып, оның бас секретарі бола отырып, жоғарғы мемлекеттік орган деп саналатын «Құпия кеңесті» басқарып, оның өзінің үлкен шенеуніктен штаты құрылған. Оның маңызды атқарған ісінің бірі - қаржылық ведомствалармен администрациялық реформалар /22/.
Рим папасымен
байланыс үзілген соң, король
шіркеулерді жауып, олардың
Генрих VIII-ші билеген кезде саяси және конституциялық нәтижелерінің маңыздылығы зор болды. Ол лордтар палатасынан епископтарды алып тастаған соң бұл органды ақсүйектердің органына айналдырады. Сонымен қатар ерте кезден орнатылған мемлекет пен шіркеу байланысын тоқтатып, ұлтшылдықты дамытады. Генрих VIII-ші басқаруы барысында ағылшын абсолютті монархиясының белгілері анық байқала бастады.
Эдуард VI-шы 1547ж. таққа отырған кезде, ол он жасар бала болатын. Ол Генрих VIII-шімен оның үшінші әйелі Джейн Сеймурдің баласы болатын. Эдуард VI-шы өзінің кәмелеттік жасына жетпегенінше оның әкесінің інісі герцог Сомерсет «корольдіктің протекторы» міндетін атқарып, бұл лауазымда 1550ж. дейін отырады. Сомерсеттің Англия мен Шотландияны біріктіру идеясы сәтсіз болып, тіпті шотландықтарды өзіне қарсы қояды. Ол Шотландияға басып кіріп, Пинки-клейде жеңіске жетсе де, бұл істен басын тартуды жөн көреді. Осы кезде Шотландықтарға көмекке француздар келіп, Мария Шотландская мен Франция дофині өзара неке құрады. Сомерсеттің ішкі саясаты да сәтсіздікке толы болған. Әлеуметтік және экономикалық жағдайды жақсарту талпыныстары керісінше оны әлсіретеді. Ал 1550ж. ол кеткен соң Эдуард VI-шы басқаруы кезінде граф Уорвик мемлекеттік істермен айналысады. Бірақ Уорвик жас корольдің өлетінің біле тұра таққа Марияны отырғызбас үшін, 1553ж. өзінің ұлына Генрих VII-нің кіші қызының немересін Джейн Грейнді үйлендіреді. Алайда бұл ойы сәтсіздікке ұшырайды.
Эдуард VI-шы
басқарған кезде Англияда
Эдуард VI-шы қайтыс болған соң жаңа ақсүйектер католичка Мария Тюдордың таққа отыруын болдырмас үшін, мемлекеттік төңкерісті ұйымдастырмақшы болады. Алайда ол 1553ж. 19 шілдеде Лондонда королева деп жарияланады. Жаңа королева ескі дінді қабылдай отырып, шығыс графтігтерде реформа жүргізіп олардың көмегін өзіне қамтамасыз етеді. Ол Эдуард VI-шы кезіндегі епископтарды қайтадан приходқа алып, ал олардың орның алып отырғандарды өздерінің орындарынан босатады. Сонымен қатар Мария реформаторларды Англиядан қуады, ал жаңа дінді қайта қабылдағандарға ешқандай зорлық-зомбылық жасамайды. Парламенттік акт бойынша Эдуард VI-шы қабылдаған діни шешімдерді өзгертеді: сыйыну кітабындағы священниктерге неке құру құқығына және епископтерді патент беру арқылы сайлауға тыйым салады. Генрих VIII-шінің соңғы дәстүрлі өмір сүру салтына көшу барлық жерде жүргізіледі. Бұл кезде оппозиция болған, бірақ қоғам ескі тәртіпке өтуге қарсы шықпаған. Алайда кейін папа билігінің орнауы және оларға жерлерді қайтарып беру мәселелері үшін халық арасында толқулар басталады. Жалпы осы Мария Тюдордың ең үлкен қателігі – Филипп Испанскиймен неке құруы. Өйткені, осы неке құру туралы хабарлама, халық көтерілісіне әкелді. Көтерілісшілердің негізгі күші Лондонға жылжып келе жатқанда королева оны тоқтата алған. Осыдан кейін Мария өзінің саясатын қатаң жүргізе бастайды. 1554 ж. оның некесі заң жүзінде қабылданады. Ал папа билігінің рухани юрисдикциясының көтерілісі оның наразылығын одан сайын өрістетеді. Енді осыған байланысты Үшінші парламент еретиктерге қарсы заң қабылдап, (1528ж.) Англияда папа билігінің кеңеюіне тыйым салады. Бұл заңдарды жүзеге асыру үшін бұрын шіркеулерге қатысты болған жерлерді тиіспеуге үәде беру керек болды. Алайда бұл шаралар керісінше оппозицияны күшейткеннен кейін, Мария Тюдор репрессия жолына түседі. Сонымен қатар оның сәтсіз болған некесі Англияны Франциямен соғысқа әкелген: 300 еретик өрттелінеді, королева авторитеті түсіп және экономикалық әлсіздікке әкеледі. Сөйтіп, 1558 ж. 17 қарашада Мария Тюдор қайтыс болады /23/.
1.2
Елизавета Тюдор кезіндегі
Мария Тюдор қайтыс
болғаннан кейін, Генрих VIII-
Елизавета билегенде
Англия толығымен аграрлы ел
болған. Халықтың көп бөлігі: 4,5 млн.
адам деревняларда тұратын.
Елизавета I-ші таққа отырғаннан соң, оның үкіметі ағылшын шіркеуінің құрылымын қайта өзгертті. Яғни, ағылшын королі басқарған Римге тәуелсіз ағылшын шіркеуі қайта құрылады. Бұл шіркеуде епископтер корольге бағынатын болды. Өзінің догматтық негізі бойынша католиктік шіркеуден айырмашылғы аз болған. Ал жаңа катехизистің нақты белгіленбегені үшін, оның мән-мағынасы әртүрлі түсіндірілетін /25/.
Королева шіркеу
істерін реттеу және
XVIғ. 60ж. протестанттар-
Елизавета кезіндегі
пуритандармен күрес XVI ғ. 90 ж.
қарқынды дамып, көптеген