Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 17:03, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы ұғымы және принциптері. Әрбір мемлекет өзінің Консттуциясына сәйкес мемлекеттік билікті ұйымдастыруды белгілейді сонымен қатар олардың адам және азаматтың аталмыш қоғам өмірімен қарым қатынасын бекіте отырып, мемлекеттік органдар жүйесінің негізін қалайды.
Қазақстан Республикасының құрылысы мемлекетті ұйымдастыру тәсілдеріне, оның тұлғамен қатынасына негіз болатын, Конституция нормаларымен бекітілген және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын қоғамдық қатынастардың жүйесі болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

2.doc

— 32.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының негіздері

 

 Қазақстан Республикасының  конституциялық құрылысы ұғымы  және принциптері.

Әрбір мемлекет өзінің Консттуциясына сәйкес мемлекеттік билікті ұйымдастыруды  белгілейді сонымен қатар олардың  адам және азаматтың аталмыш қоғам өмірімен қарым қатынасын бекіте отырып, мемлекеттік органдар жүйесінің негізін қалайды.

Қазақстан Республикасының  құрылысы мемлекетті ұйымдастыру тәсілдеріне, оның тұлғамен қатынасына негіз болатын, Конституция нормаларымен бекітілген және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын қоғамдық қатынастардың жүйесі болып табылады.

Конституцияда Қазақстан Республикасының  құрылысына негіз болатын барлық принциптер бекітілген. Олар – халықтық билік, мемлекеттік егемендік, біртұтастіқ, биліктерді бөлу принципі, құқықтың үстемдігі, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық жолмен шешу, идеологиялық және саяси әр алуандылық және т.б. принциптер болып жіктеледі.

Қазақстан Республикасының мемлекетін құру концепциясында Қазақстан Респубикасы конституциялық құрылысның негізгі белгісі ретінде халықтық билікті атап айтуға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясына «Мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық» деп белгіленген (3-б). Халық билікті республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады. Сондай-ақ халық өз илігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасын демократиясының тікелей және өкілді нысандары туралы берік сеніммен айтуға болады.

Мемлекеттің егемендігі конституциялық құрылыс негіздерінің бірі ретінде Конституциямен жария етіледі. Егемендік республиканың бүкіл аумағын қамтиды, өз аумағында және одан тысқары жерлерде Қазақстан Республикасы халқының ерік жігері негізінде басқа мемлекеттерге тәуелсіз жағдайда, өз алдына дрбес мемлекет функцияларын жүзеге асыруына мумкіндік береді. Қазақстан Республикасының егемендігін қаматамасыз етуде 1995 жылы 25 қазанда қабылданған «ҚазССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» айрықша рөлге ие.

Қазақстан Республикасының егемендігін 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы одан әрі нығайта түсті. Ол Қазақстан Республикасын дербес және тәуелсіз мемлекет ретінде бекітті. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет болып табылады.

Қазақстан Республикасы егемендігінің негізін оның аумағы, жері, қойнауы, табиғат байлықтары, мәдени құндылықтары және барлық экономикалық потенциал құрайды. Егемендіктің бастауы  – халық, сонымен қатар егемендік  Қазақстан Республикасының әрбір  азаматына таратылады. Мемлекеттік егемендік ең алдымен мыналардан көрініс табады: Қазақстан Республикасы ішкі құрылымына қатысты және басқа мемлекеттермен арадағы қатынастарға байланысты барлық мәселелерді өз алдына дербес шешуге хақылы. Егемендік идеясы 1995 жылы Қазақстан Республиксының Конституциясында да алдынғы қатарда тұр.

Біртұтастық Қазақстан  Республикасының конституциялық құрылысының  маңызды бір белгісі болып  табылады. Біртұтас мемлекет ретінде  Республика өз алдына дербес мемекетке  ие емесәкімшілік-аумақтардан тұратын ьірыңғай саяси біртекті құрылымымен сипатталады. Біртұтастық бірыңғай азаматтыққа, заңдарға және мемлекеттік органдар жүйесіне негіз болады.

Қазақстан Республикасында  билік біртұтас дегенмен ол Конституция  мен заңдар нгізінде заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінуі, олардың тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс қимыл жасау принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады (4-б, 3-т). Бұл ретте биліктерді бөлудің Республика жағдайына бейімделген механизм көзделген.

Президенттік институт Қазақстан халқының мемлекеттік бірлігін бейнелеуге және жүзеге асыруға бағытталған. Қазақстан Республиксының Президенті Конституцияның 40-бабына сәйкес мемлекеттің басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Республика азамттарының құқықтарымен бостандықтарының нышаны, әрі кепілі.

Президент Қазақстан  қоғамын үйлестіруші және нығайтушы  фактор бола отырып, мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс  істеуін қамтамасыз етеді.

Президенттік билікті  күшейту қоғамның саяси және экономикалық жүйесін реформалауды барынша тиімді жүргізуге және алға қойған мақсатқа жетуге қабілетті әлеуетті әрі үйлесімді  мемлекеттік билік жүйесінің  қажеттілігімен негізделеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланатын әдебиеттер:

 

1.«Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы». С.К.Амандықова. Астана, 2001 жыл.

2.«Қазақстан Республикасының конституциялық  құқығы». Ғ.Сапарғалиев. Алматы, 2004  жыл.

3.«Қазақстан Республикасының Конституциясы»  Астана 2007 жыл.

4.«Салыстырмалы құқықтану негздері  »Табанов. Алматы, 2003 ж.

5.«Құқық негіздері ».С.Д.Баққұлов  Алматы, 2004 ж. 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының негіздері