Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 17:21, реферат
Парламентаризмнің негізгі идеяларының қазақстан топырағына тамыр салуына Кеңес Одағының құлап, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік және егемендік алған соң ана мүмкіндік туды. Қазіргі заманғы демократияның мызғымас бір бөлігі ретіндегі басқарудың парламенттік нысаны мен парламентаризмді ажырата білу қажет. Республикадағы парламентаризм нысандары мен институттарын қалыптастыру барысында оларды басқарудың президенттік жүйесімен қабаттастыра жүргізуге де болатындығын айқын көрсетіп отыр. 1995 жылғы Конституция Қазақстан Республикасындағы парламентаризмнің одан әрі дамуына тың серпін берді.
1. Парламентаризм ұғымы және оның Қазақстан Республикасы Парламентімен арақатынасы.
2. Парламентті құру тәртібі және құрылымы.
3. Парламент құзыреті.
4. Парламенттік тыңдаулар.
Пайдаланатын әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Парламенті
Жоспары:
1. Парламентаризм ұғымы және оның Қазақстан Республикасы Парламентімен арақатынасы.
2. Парламентті құру тәртібі және құрылымы.
3. Парламент құзыреті.
4. Парламенттік тыңдаулар.
1. Парламентаризм ұғымы және оның Қазақстан Республикасы Парламентімен арақатынасы.
ҚР Парламенті – ҚР жоғары өкілді және заң шығарушы органы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 49-бабына сәйкес Парламент – Республиканың заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді органы болып табылады.
Конституциялық құқық
Парламент пен парламентаризм - өзара байланысты ұғымдар, дегенмен бірдей емес екендігін айта кету керек. Парламентаризм парламентсіз өмір сүре алмайды, ал парламент парламентаризмэлементтерінсіз өмір сүре алады. Кеңестік парламенттер дәуірінде осылай болды. Парламентаризм элементтері ең алдымен биліктерді бөлу, өкілдік және заңдылық болып табылады.
Өкілдік принципі Қазақстан Республикасы Парламентінің сайлау жолымен құрылатындығынан көрінеді. Жалпы алғанда, парламентаризм конституциялық құқық теориясында мемлекетте биліктерді бөлу принципіне негізделген заң шығарушы билікті өкілдікті жүзеге асыру тәжірибесі ретінде түсіндіріледі. Мұндай Парламенттің болуы халықтық егемендікке арқау болатын мемлекет нысаны ретіндегі демократия туралы сөз қозғауға мүмкіндік береді.
Парламентаризмнің негізгі идеяларының қазақстан топырағына тамыр салуына Кеңес Одағының құлап, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік және егемендік алған соң ана мүмкіндік туды. Қазіргі заманғы демократияның мызғымас бір бөлігі ретіндегі басқарудың парламенттік нысаны мен парламентаризмді ажырата білу қажет. Республикадағы парламентаризм нысандары мен институттарын қалыптастыру барысында оларды басқарудың президенттік жүйесімен қабаттастыра жүргізуге де болатындығын айқын көрсетіп отыр. 1995 жылғы Конституция Қазақстан Республикасындағы парламентаризмнің одан әрі дамуына тың серпін берді.
Парламент қызметінің конституциялық-құқықтық негізі ҚР Конституциясының VI бөлімі, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңы, 1997 жылғы 11 сәуірде, 1999 жылы 12 наурызда Конституциялық заңмен енгізілген өзгертулер және толықтыруларымен, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы «ҚР Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Заңы болып табылады.
Парламентті заң шығару қызметін жүзеге асыратын орган деп тану Қазақстан Республикасының барлық заңдары Парламенттің қарауынан өтіп, қолдауын табуы керек дегенді білдіреді. Дегенмен, Парламенттің ҚР заң шығарушы бірден-бір орган емес екнін атап кету керек. Мұндай өкілеттіктер Президенте де, Қазақстан халқында да бар. Соңғысы заңдарды республикалық референдум жолымен қабылдайды.
Заң шығарушы орган бола отырып Парламент аиқарушы биліктің қызметіне бақылау жасауды:
- республикалық бюджетті
- Үкіметке сенімсіздік
2. Парламентті құру тәртібі және құрылымы.
ҚР Конституциясына сәйкес Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенат төте емес, жанама сайлау арқылы
құралады. Сенат депутаттарын сайлау
тиісінше облыстың, ресубликалық маңызы
бар қаланың және Республика астанасының
барлық өкілдікті органдары
Сенат депутаттарының жартысы әрбір ш жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұл орайда кезекті сайлауды бұлардың өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі екі айдан кешіктірілмей өткізіледі.
Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі бес жыл.
Мәжілістің тосан сегіз
Парламент депутатыбір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды.
3. Парламент құзыреті.
Парламенттің құзыреті ҚР Конституциясымен белгіленеді және оның сессияларында, Палаталардың органдарының және депутаттарының қыземітімен іске асырылады.
Конституция Парламентке заң шығарушы өкілеттіктер берген. Конституцияның 53-бабына сәйкес Парламент Палаталардың бірлескен отырысында:
Парламеттің заң шығарушылық қызметі тек бірлескен отырыстарда ғана емес, сондай-ақ Палаталардың бөлек отырыстарында да, алдымен Мәжілісте, содан кейін Сенатта талқылаудан өтіп, Парламентте заңды қабылдау жолымен іске асырылады.
ҚР Конституциясы Парламент қызметінің белгілі бір нысанын белгілейді. Бұл қызметтің құқықтық өрісіКонституцияның 63-бабының 3-тармағында жан-жақты баяндалған. Соған сәйкес, Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін төмендегідей негізгі мәселелер бойынша заңдар шығаруға құқылы:
1) жеке және заңды тұлғалардың
құқық субъектілігіне, азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарына,
2) меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға;
3) мемлекеттік органдар және басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге;
4) салық салуға, алымдар мен басқа
да міндетті төлемдерді
Парламент өкілеттігінің келесі бір кезеңі республикалық бюджетті және басқадай қаржылық өкілеттіктер болып табылады. Республикалық бюджет Палаталардың бөлек отырыстарында, алдымен Мәжілісте, содан кейін Сенатта талқылаудан өтеді. Одан әрі Парламент Палаталарының бірлескен отырысында республикалық бюджетті, сондай-ақ Үкіметтің және республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің есептерін бекітеді. Сонымен қатар, Республика бюджетіне өзгертулер мен толықтырулар енгізеді. Әрбір Палата Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды.
Парламент Палаталардың
бөлек отырыстарында
Үкімет қызметіне бақылау жасау Парламенттің маңызды бір өкілеттігіне жатады. Ол мынадай жағдайлапрда көрінеді:
Бақылау жасау өкілеттігі сондай-ақ Сенатта да бар. Ол Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Төрағасын Презимденттің тағайындауына келісім береді.
Әрбір Палата дербес, депутаттардың
жалпы санының кемінде үштен
бірінің бастамасы бойынша
Мемлекеттік құрылыс
саласындағы Парламент
Парламент биліктің соттық
тармағына қатысты
Парламент Мәжілісі
Әділет біліктілік алқасының
құрамына екі депутатты
4. Парламенттік тыңдаулар.
“ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы” Конституциялық заңның 12-бабына сәйкес Парламент Палаталары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Парламенттік тыңдаулар өткізеді. Парламенттік тыңдауларды Палаталар Бюроларының шешімдері бойынша Палаталардың тұрақты комитеттері өткізеді әрі олар ашық және жабық нысанда өткізілуі мүмкін. Парламенттік тыңдауларға шақырылған тұлғалардың құрамын Палаталар комитеттері анықтайды.
Парламенттік тыңдаулар, әдетте, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдастық үшін ашық болады. Дегенмен, комитет жабық парламенттік тыңдаулар өткізу жөнінде шешім қабылдауы мүмкін. Жабық парламенттік тыңдауларда конфиденциалдық сипаттағы мәселер, сондай-ақ заңмен қорғалатын мемлекеттік немесе басқа құпияларды құрайтын мәліметтерді қозғайтын мәселелер талқыланады. Ашық парламенттік тыңдаулардың есебі Парламент Басылымдарында жарық көреді және бұқаралық ақпарат құралдарында жазылады.
Палаталардың бірлескен немесе бөлек пленарлық отырыстары болатын күндері Парламенттік тыңдаулар өткізілмейді. Парламент регламентіне сәйкес парламенттік тыңдауларды тиісті Палата көмитетінің Төрағасы жүргізеді.
Парламенттік тыңдаулар
Парламенттік тыңдаулардың нәтижелерімен талқыланып отырған мәселе бойынша қорытындылар және кепілдемелер қабылдануы мүмкін. Олар қатысушы депутаттардың көпшілік дауысымен қабылданады.
Ашық парламенттік тыңдаулардың кепілдемелері тек тиісті Палаталардың және Парламенттік тыңдауларға қатысқан мемлекеттік органдардың өкілдері үшін ғана тағайындалады
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.«Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы». С.К.Амандықова. Астана, 2001 жыл.
2.«Қазақстан Республикасының
3.«Қазақстан
Республикасының Конституциясы»
4.«Салыстырмалы құқықтану негздері »Табанов. Алматы, 2003 ж.