Қазақстан Республикасының Президенті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 11:46, реферат

Описание

Қазақстан Республикасы Конституциясында Президентке оның мемлекет басшысы ретіндегі жағдайымен байланысты кең ауқымды өкілеттіктер шеңбері белгіленген.
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшысы ретінде Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Осыған байланысты Президент жыл сайын Қазақстан халқына жолдау арнайды, онда елдегі жағжай сипатталып, ішкі және сыртқы саясаттың стратегиялық бағыттары тұжырымдалады. Мұндай жолдау бағдарламалық сипатқа ие және Парламенттің, Үкіметтің, мемлекеттік биліктің және басқа орталық органдардың қызметінде көрініс табады. Мемлекет басшысы ретінде Президент Республиканың мемлекеттік бағдарламаларын бекітеді.

Содержание

1. Қазақстан Республикасындағы Президенттік институттың қалыптасуы.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық–құқықтық мәртебесі.
3. Қазақстан Республикасындағы Президентінің құзыреті.
4. Қазақстан Республикасындағы Президентінің актілері.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасының Президенті.doc

— 62.00 Кб (Скачать документ)

Президент Парламент  Палаталарының бірлескен отырысының қарауына Республика Қарулы Күштерін бейбітшілік пен қауіпсіздік  сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін пайдалану туралы  ұсыныс енгізе алады. Президент Республикалық ұланды жасақтайды және Қауіпсіздік Кеңесін құрайды. Республика азаматтарын ерзімді әскери қызметке шақыру және мерзімді әскери қызметтің қызметшілерін запасқа шығару туралы шешім қабылдайды.

г) Соттарға және судъяларға қатысты өкілеттігі.

Қазақстан Республикасының  Президенті сот билігін құруға қатысады, ол мынадай өкілеттіктермен негізделеді:

- Жоғарғы Сот Кеңесінің  кепілдемесін негізге ала отырып, Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын, Жоғарғы Сот алқасының төрағалары мен судьяларын сайлау және қызметтен босату үшін Парламент Сенатына ұсынады;

- Жоғарғы Сот Кеңесінің  кепілдемесі бойыша облыстық  және оларға теңестірілген соттардың  төрағаларын, облыстық және оларға теңестірілген соттар алқаларының тқрағалары мен судьяларын қызметке тағайындайды.

- Әділет министрінің  Әділет біліктілік алқасының  кепілдемесіне негізделген ұсынысы  бойынша Республиканың басқа  да сотарының төрағалары мен  судьяларын тағайындайды.

Сонымен қатар Президент Жоғары Сот Кеңесін құрады, оның төрағасын тағайындайды, ол өз кезегінде судьялар копусын құруға тікелей ықпал етеді.

Мемлекет басшысы ретінде  Президент азаматтық жөніндегі, саяси баспана беру, сондай-ақ азаматтарға кешірім жасау туралы мәселелерді шешеді.

Президенттің  республикалық референдумға қатысты  біршама өкілеттіктері бар:

- референдум өткізу туралы;

- референдум өткізуді  кейінге қалдыру туралы;

- конституцияға өзгертулер  мен толықтырулар енгізу мәселесі  бойынша референдум өткізу туралы мәселелерді шешеді.

Референдумға шығарылатын  мәселелердің тұжырымын, оның бастамшыларының  келісімімен, нақтылайды.

Президенттің  Конституциялық Кеңеске де қатысты  өкілеттіктері бар:

- оның төрағасы мен  екі мүшесін қызметке тағайындайды;

- Конституциялық Кеңеске жүгінуге және Конституциялық Кеңестің шешіміне қарсылық білдіруге құқығы бар.

 

4. Қазақстан  Республикасындағы Президентінің   актілері.

Қазақстан Республиксының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында норма шығарушылық  қызметті жүзеге асырады.

ҚР Президенті ҚР Конституциясы 53-бабының 3-тармағына сәйкес заңдар, сондай-ақ 61-баптың 2-тармағына сәйкес заң күші бар жарлықтар шығара алады. Басқа жағдайларда Президент заңға қарасты сипаты бар жарлықтар мен өкімдер шығарады. Жарлықтар мен өкімдер ҚР барлық аумағында орындалу үшін міндетті.

Президент жарлықтары Республиканың  Конституциясы және заңдары негізінде  және соларды орындау үшін шығарылады. Президент жарлықтарының нормативтік  құқықтық акт күші бар.

Президент жарлықтары мынадай мақсаттарда шығарылады:

  • Президенттің конституциялық өкілеттіктерін жүзеге асыру;
  • Мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелерін шешу;
  • Парламенттің, Үкіметтің және басқа да мемлекеттік органдардың заңдық құзыретіне кірмейтін мәселелерді құқықтық реттеуді жүзеге асыру;
  • ҚР экономикалыө және әлеуметтік, саяси дамуының стратегиялық мәселелрі бойынша шешімдер қабылдау.

Президенттің өкімдері әкімшілік-әкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелерді шешу мақсатында шығарылады.

Актілерді шығарған кезде Республика Президенті констрасигнатура институтының жекелеген элементтерін пайдаланады. Республика Президенті қол қоятын Парламент актілері, тиісінше осы актілердің заңдылығы үшін заңдық жауапкершілік  жүктелетін Парламенттің әр Палатасы Төрағаларының Премьер-Министрдің алдын ала қолдары қойылып тиянақталады.

Президенттің нормативтік сипатағы атілері, егер Президент басқаша  белгілемесе, олардың ресми жарияланған  күнінен бастап он күн өткеннен ейін Республиканың бүкіл аумағында  бір мезгілде күшіне енгізілді.

 

 

Пайдаланатын әдебиеттер:

1.«Қазақстан Республикасының  конституциялық құқығы». С.К.Амандықова. Астана, 2001 жыл.

2.«Қазақстан Республикасының конституциялық  құқығы». Ғ.Сапарғалиев. Алматы, 2004  жыл.

3.«Қазақстан Республикасының Конституциясы» Астана 2007 жыл.

4.«Салыстырмалы құқықтану негздері  »Табанов. Алматы, 2003 ж.

5.«Құқық негіздері ».С.Д.Баққұлов  Алматы, 2004 ж. 


Информация о работе Қазақстан Республикасының Президенті