Қазіргі кездегі демократия мен құқықтық тәртіп

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 19:47, реферат

Описание

Қоғамдық өмірде бір-бірімен тығыз байланысқан екі категория бар. Олар құқықтық тәртіп пен демократия. Құқықтық тәртіп пен демократия заң ғылымында ежелден зерттелініп келе жатқан екі категория. Бірақ, бұл категориялар қаншалықты көп зертелгенімен, өздерінің өзектілігін жоғалтпаған және әр уақытта олар қоғамға өте қажет болып табылады. Себебі оларсыз қоғамда тәртіпсіздік, заңсыздық, бет бетімен кеткендік орнар еді. Яғни, қоғам дамуының әр кезінде бұлар өте қажеттілігі зор құқықтық құбылыстар болып табылады

Работа состоит из  1 файл

демократия.docx

— 26.80 Кб (Скачать документ)

Демократиялық қоғамда құқықтық тәртіпті тағайындау мыналарды реттеуді қажет етеді:

а) әрбірінің алдында айқын мінез-құлық бағдарламасын қоя, мемлекеттік істерге азаматтарды қатыстыру мен қатысуы;

ә) құрамдас өзіндік буындар мен  олардың өзара әрекеттері көзқарасы  жағынан демократияның жүйесі, механизмі;

б) демократияның негізгі институттары (азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, сайлау жүйесі, заңдылық және т.с.с.);

в) демократияның құрылымдық, рәсімдік және функционалды жақтары (таңдаушылық, бақылау астындағылық, жариялық, талқылаушылық, жауаптылықты жүзеге асыру) [16, 62 б].

Құқықтық тәртіп теориясы ол демократия туралы ілімнің құрамдас бөлігі [17, 54 б.].

Демократия құқықтық тәртіптің  өмір сүруінің объективті және субъективті шарты болып табылады деген авторлардың пікірлері даусыз емес [18, 21 б.]. Құқықтық тәртіп демократиясыз да өмір сүруі мүмкін. Құқықтық тәртіп ол құқықпен реттелінетін, қоғамдық қатынастың тәртібі, құқықтық қатынасқа қатысушыларының субъективті құқықтары мен заңды міндеттерінің іске асуы кепілденеді деген құқықтық тәртіптің анықтамасынан, заңда азаматтардың құқықтары мен міндеттері кіммен бекітілгенінен қарамастан, осы құқықтар мен міндеттер формальды түрде жүзеге асырылатын тәртіп, құқықтық тәртіп деп аталатын қорытынды шығады.

Демократия қоғамдағы нақты  құқықтық тәртіптің деңгейіне әсер етеді. Заңи нормалар мазмұны, кімнің мүддесін мен еркін толық білдіретініне, кімге бұл нормалар бағытталған  болса, құқықтық ұйғарымдардың орындалуы соғұрлым тегіс қамтылатын, өз еріктерімен орындалатын және саналы болады, соғұрлым заңдылық пен құқықтық тәртіп нық болады. Құқықтық тәртіп көбінесе тек мемлекеттік қызметтің нәтижесі, тек мемлекеттің белсенділі деген болжам жасайтын қатынастардың тәртібі деген талдау жасалады. Осыған қарамастан, демократия жағдайында кең қауым, азаматтар құқықтық тәртіпті нығайту мен қорғаудың белсенді қызметінен шетте тұрмау керек. Демократияға негізделген қоғамның саяси ұйымы құқықта халықтың еркін білдіретін жағдай ғана жасамай, сонымен бірге азаматтарды мемлекеттік аппарат қызметін бақылауға жібереді, онысымен лауазымды жағдайын теріс пайдаланушылықты азайтады, кең қабат тұрғындарды сот әділдігіне, құқықтық тәртіп пен заңдылықты сақтауға тартады. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметті демократизациялау азаматтардың заңмен бекітілген құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуі мемлекеттің басты міндеттерінің біріне айналады. Демократия жекеленген тұлғалар мен топ азаматтарының қоғамның басқа мүшелеріне зиян келетін қандайда бір артықшылыққа ие болуға жол бермейді. Теңдей құқықтарға теңдей заңи міндеттер сәйкес келеді. Әрине, осы жағдаяттар құқықтық тәртіптің тұрақтылығына аз мән бермейді.

Демократия толықтай дамыған сайын, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шарты  қолайлы, азаматтық қоғам мен  құқықтық мемлекетке орнатуға болады.

Құқықтық тәртіп демократиямен тығыз байланысты, демократиялық құқықтық тәртіп демократиялық заңнамасыз және заңдылық режимісіз мүмкін емес. Құқықтық тәртіптің тарихи дамуы заңдылықтың нығаюына байланысты болды. Шынайы құқықтық тәртіп заңдылыққа байланысты, ал соңғысы елде құқықтық тәртіпті орнату мен қамтамасыз етудің шешуші құралының бірі болады. Заңдылықты бұзу өмір сүріп тұрған құқықтық тәртіптің бұзылуына алып келеді, ал құқықтық тәртіпті бұзу сонымен бірге заңдылық талаптарын бұзу болып табылады [19, 15 б.].

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында  құқықтық тәртіп пен демократия қоғамның тірегі десек болады. Себебі қоғамда демократия орнаса, құқықтық тәртіп орын алса, онда біз өркениетті елдердің біріне айналып, бүкіл халық өз құқықтарын толық көлемде іске асырар еді. Қоғамдағы құқықтық тәртіптілік демократиялық мемлекеттің ең басты алғышарты. Құқықтық тәртіп бар жерде әрқашанда заңдылық орнайды және азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің дамуына, жетілуіне жол ашады. Қазақстандағы құқықтық тәртіпті дамыту және жетілдіру үшін, демократиялық процестерді белсендіру қажет.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Введение в политологию. Авт.- сост. Джунусова Ж.Х., Булуктаев Ю.О., Акимова А.М. Алматы: Жеті жарғы, 1998.

2. Ағыбаев А.Н. Қазақ тілі терминдерінің  салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Заңтану. Алматы. 2002.


Информация о работе Қазіргі кездегі демократия мен құқықтық тәртіп