Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 22:19, реферат
Оппозиция – демократиялық қоғамның ең маңызды нышандарының бірі. Оппозиция ұғымының негізгі мағынасы қарсы тұру болса да, елдегі билік пен саяси режимге балама күш болып қалыптасуы шарт. Сонда ғана мемлекеттегі азаматтық қоғам институттарының дамуы мен плюрализмді қалыптастыру үрдісі жеделдейді.
Билік – оппозиция – 5:0
0 933
Оппозиция – демократиялық
қоғамның ең маңызды нышандарының бірі.
Оппозиция ұғымының негізгі мағынасы
қарсы тұру болса да, елдегі билік
пен саяси режимге балама күш
болып қалыптасуы шарт. Сонда ғана
мемлекеттегі азаматтық қоғам
Оппозициядағы партия, қоғамдық ұйым болсын
өздерінің қабылдаған бағдарламасы арқылы
жұмыс істейді. Мысалы, саяси мәдениеті
көпке үлгі болған АҚШ-тағы президент,
конгресс сайлауларында демократтар мен
республикашылдар алма-кезек жеңіске
жетіп, бір-біріне оппозиция болудың классикалық
үлгісін қалыптастырды. Тасада тұрып тас
атпайды. Жеңілісінің төркінін өз бағдарламалары
мен атқарылған жұмыстарынан іздеуге
тырысады. Сайлау кезінде өзін көрсете
алмаған партиялар келесі науқанға дейін
жұмысын тоқтатпай, көзқарастарының дұрыс
екенін дәлелдеу жолында еңбектенеді.
Еліміздегі оппозиция маңызды сайлаулардан
еш қалыс қалып көрген емес. Дегенмен де
біздегі оппозиция қоғамда өз орнын тауып,
лайықты беделге ие бола алмай келеді.
Оларға абырой әпермей отырған жайттар
– біріншіден, идеялары мен пікірлері
ортақ іргелі партиялардың бір тудың астына
біріге алмауы. Оның себебі саяси партия
жетекшілерінің жекелеген амбицияларын
жеңе алмауынан сияқты. Сенбі күні бірікпек
болған оппозиция күбір әңгімеден әрі
аса алмай тағы тарқасты. Екіншіден, билік
тарапына бірауыздан сын айтқанмен, бағдарламалары
әркелкі. Бұл жерде жоба-жоспарларының
жүйесіздігі мен билікке балама құжаттарының
жоқтығын айтып отырмыз.
Бойына осы екі кемшілігі қатып-семген
оппозицияның билікке қарсы әрекетін
футбол ойынымен өрнектесек. Себебі оппозиция
2007 жылғы сайлаудың алдындағы науқан кезінде
кәнігі футболшылар сияқты түскен суретін
таратып, «Парламенттің кубогы бізде»
деген жарнамамен таласқа түскен еді.
Стратегиялық және тактикалық қателіктерден
көз ашпаған оппозиция командасы жеңілістерінің
себебін өзінен емес, өзгеден іздеп әлек.
Енді осы уақытқа дейін өткен «матчтардың»
есептері турасында...
Есеп ашылған сәт
Кез келген нәрсе өзінің берік бекіген
іргетасына байланысты екенін есте ұстасақ,
бүгінгі оппозицияның бұралаңқы жүрісінің
түпкі себебін 2001 жылдан іздеу керек. Сырт
көзге сыр бергісі келмегенмен, «Қазақстан
демократиялық таңдауы» қозғалысының
ішкі бірлігінде ақаудың болғаны рас.
Өйткені тура 4 айдан кейін атышулы қозғалыстан
бөлінген бір топ саясаткерлер «ҚДТ-ны»
құрбандыққа шалып, «Ақ жол» партиясын
құруды құп көрді. Ал одан кейін де жолы
оңғарыла қоймаған «Ақ жол» саяси партиясының
ойын алаңына шығуы «жас түріктердің»
қараша оқиғасын халық санасынан ұмыттырып
жіберді. Есеп: билік – оппозиция – 1:0.
Бір командаға – бес капитан
«Ақ жол» партиясы әу баста өзінің көп
төрағасымен ерекшеленді. Саяси ортада
өзінің белсенділігімен көзге түскен
партияның көпшіліктің қолдауына ие болғаны
жасырын емес. Тең төраға қызметі жемісті
болғаннан кейін бұл партияға кейіннен
бес бірдей басшы сайланды. Әлемнің ешбір
елінде бұған дейін бақандай бес жетекшісі
бар саяси партия болған емес. Ақыры бесеудің
басы «бір қазанға» сыймады. 2004 жылғы Парламент
сайлауында ұлт, тіл мәселесін ұмыт қалдырған
партия жеңілісті басқа жақтан іздеп,
әуреге түсті. Ал бұл кезеңде ұлттық мәселелер
«гол» соғып ұпай жинайтын тамаша мүмкіндік
еді. Мәжілістегі бір орынға қырын қараған
жетекшілер арасындағы кикілжің халық
сенім артқан құрылымды құрдымға кетіріп
тынды. Билік – оппозиция – 2:0.
Биліктің хет-тригі
2005 жылғы Президент сайлауына солшылдар
«Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының
аясында ортақ күш ретінде қатысты. Бірақ
бұл жолы да биліктің жеңісіне өзінің
сүбелі үлесін қосқан оппозиция кінәні
биліктен іздеуге асықты. Өйткені олар
халық алдында көзбояушылықпен «ӘҚҮ»
аясында уақытша біріккен еді. Шыны керек,
олардың Президенттік сайлауға әзірлеген
бағдарламасы Мәжіліс депутаттығына түсетін
кандидаттың жоспарының деңгейінде ғана
болды. Стратегиялық қателіктерге бой
алдырған оппозиция дауыстың бөлініп
кеткенін аңғармады. Сайлау қорытындысы
бойынша, «Ақ жол» партиясының жетекшісі
үшінші орынға жайғасқан болатын. Ал бұл
–2004 жылы оппозиция «қақпасына» соғылған
«голдың» нәтижесі. Жоғарыда айтып өткен
уақытша бірігу өз жемісін сайлау өткеннен
кейін-ақ бере бастады. Қозғалыс төрағасы
Жармахан Тұяқбай өз партиясын құрып,
өзгелерден бөлек отау тікті. Радикалды
«ақжолдықтар» 2006 жылдың көктемінде «Нағыз
Ақ жол» партиясы болып, Әділет министрлігінен
қайта тіркеуден өтті. Оппозицияның бас-басына
би болып, партия құруға деген құлшыныстары
халықтың оларға деген сенімін әлсірете
түсті. Сонымен, билік – оппозиция – 3:0.
Сен соқпасаң, саған соғады
Футболда шабуылдаумен қатар, қорғану
да маңызды болып табылады. Ал оппозиция
қорғанысты ұмытып, бірден шабуылдауға
көшкенді ұнатады. 2007 жылғы Парламент
Мәжілісіне өткен сайлау қарсаңында оппозиция
белсенділері қайта күш біріктірді. Болат
Әбілов бастаған либералдар Жармахан
Тұяқбай жетекшілік еткен социал-демократтармен
тізе қосса, Серікболсын Әбділдиннің Коммунистік
партиясы сайлауға бойкот жариялап, оппозиция
жанкүйерлерінің қатарын толықтырды.
Алайда олар билікті «қалпақпен ұрып»
алатын бағдарлама жасай алмады. ЖСДП-ның
ұлттық сайлауға ұсынған «Жаңа Қазақстан
үшін» бағдарламасының «біссімілләсі»
биліктегі азаматтардың әрекеттерін қаралаудан
басталып, құжаттың соңына дейін кемшіліктерді
тізбелеп өткен. Қара пиардан ұтылмаса,
жеңіске жетпейтінін түсінетін уақыт
жетсе де, оппозиция әлі күнге дейін осындай
қарадүрсін әрекеттерден аса алмай отырғаны
– шындық. Билік – оппозиция – 4:0.
«Капитанның» қателігі
Еліміздегі оппозиция өкілдері өткен
сенбіде бас біріктірмек ниетпен алқа-қотан
жиын өткізді. Нәтиже жоқ. Сарапшылардың
пікірінше, біздің оппозиция бір партияның
айналасына шоғырлана алған емес және
алдағы уақытта да бірікпейді. «Алдымен
жүйені жеңейік, тиісті жағдайды орнатып
алайық, сосын барып қана коммунистер,
социалистер, либералдар болып бөліне
беруге жол ашық»,– деген Тұяқбай мырзаның
сөзі оппозиция «қақпасының торын» тағы
бір мәрте бүлк еткізді. «Осы мәселелерді
шеше алмаса, неменесіне жиналған деп
бізге барлығы күлетін болады» деген оппозиция
белсенділері сенбідегі жиында тағы да
бір жағадан бас шығара алмады. Есесіне,
саяси таблодағы көрсеткіш ұлғая түсті.
Қорытынды есеп – 5:0.
Ой-түйін
Футболда «автогол» деген ұғым бар, яғни
ойыншының өз қақпасына абайсызда гол
соғып алуы. Біз айтып өткен «голдардың»
барлығы дерлік осы ұғымға жақын. Оппозиция
билікке балама күш ретінде төменнен құрылуы
тиіс. Ал билікке өкпелеп, оппозицияға
өткен экс-шенеуніктер өз ортасынан осы
уақытқа дейін лайықты көшбасшы шығара
алмай пұшайман болып, қарсыластар пайдасы
үшін «автогол» соғып алып жүр. Оппозициялық
партиялар мүшелерімен кеңеспей, қосылып-ажырай
берсе, команда ретінде «жанкүйерлерінен»
де айырылып қалуы ғажап емес. Себебі бұл
ойын 90 минутпен шектелмейді. Белгілі
спорт комментаторы Амангелді Сейітханның
сөзімен айтқанда, «жеңісті күндерде жолыққанша».
Автор: Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ