Бірінші Президенттің көреген саясаты немесе дағдарыстан дамуға бастар дана жолы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 07:26, контрольная работа

Описание

Қазір мені жастар арасында таралып отырған бақ көтерген кездейсоқ жағдайда кез-келген адам Президент бола алады деген пікір қатты қынжылтады. Мен үшін Президенттің жолы кездейсоқ емес, халқы танып мойындаған сара жол болды. Осы пікірімді нақтылап далелдеу үшін Бірінші Президенттің саяси шешімдерді қабылдаудағы жан-жақты сараптаулармен санасатынын мысал ретінде келтіргім келеді.

Работа состоит из  1 файл

Ғалымзатқызы Ш. Бірінші Президенттің көреген саясаты немесе дағдарыстан дамуға бастар дана жолы.docx

— 16.34 Кб (Скачать документ)

Бірінші Президенттің көреген саясаты немесе дағдарыстан дамуға бастар дана жолы

 

Қазір мені жастар арасында таралып  отырған бақ көтерген кездейсоқ  жағдайда кез-келген адам Президент  бола алады деген пікір қатты  қынжылтады. Мен үшін Президенттің жолы кездейсоқ емес, халқы танып  мойындаған сара жол болды. Осы пікірімді  нақтылап далелдеу үшін Бірінші Президенттің саяси шешімдерді қабылдаудағы жан-жақты  сараптаулармен санасатынын мысал ретінде келтіргім келеді.

Дағдарыс жағдайында саясат, бизнес пен сарапшылардың бірлесіп, дағдарыстан шығудың тиімді жолдарын табуға тырысуы үлкен жұмысты  талап етеді. Соңғы жылдары саясат пен сарапшылардың біріккен іргелі іс-шаралары көптеген мемлекеттерде  кең етек алды. Солардың маңыздысына  тоқтала кетсек.

Ең алғашқылардың бірі болып Еуроодақ мемлекеттерінің  жетекшілері дағдарыстан шығу жолдарын тиімді табу үшін «дағдарысқа қарсы топ» ретінде «Даналар тобының» құрылған болатын. Мұндай шешім 2007 жылдың желтоқсанында Еуроодақ саммитінде сол уақыттағы Франция президенті Н.Саркози ұсынысымен Брюссельде қабылданды. Бұл топ Еуроодақ дамуының әлеуметтік-экономикалық үлгісінің жобасын жасап, жалпы миграциялық саясат және өзге де мәселелер жөнінде өз ұсыныстарын беруі тиіс.

Сондай-ақ әлемдегі қаржылық дағдарысты талдау және оны жеңу мақсатында Пекинде экономика саласында  қабылданатын шешімдерді әрі экономикалық саясатты зерттейтін жартылай ресми  сараптамалық талдау орталығы - Қытай  халықаралық экономикалық айырбас  орталығы құрылған болатын. Орталық 122 бизнес пен саясаттың танымал өкілінен тұрып, «супер сараптамалық талдау орталығы» деген атауға ие болды.

Мұндай сарапшылар мен  саясаткерлер диалогы эстафетасын  Ресей мемлекетті де жалғастырған болатын. Биылғы жылдың қырқүйек айында Ресейде  сарапшылар мен саясаткерлердің  пікірталасын тудырған Валдай форумы өткен болатын. Валдай форумы Сыртқы және қорғаныс саясатының жөніндегі  Кеңес пен Ресей халықаралық  ақпарат агенттігі бастамасымен алты жыл бойы Ресей мемлекетіне  қатысты мәселелерді талқылауға арналған саясаткерлер мен сарапшыларының жыл сайынғы кездесуі болып табылады.

Қазіргі Қазақстан қоғамында  да өзекті мәселелерге талдау жасап, сараптамалық баға беру кең таралған тәжірибелердің бірі болып отыр. Кез келген дейгейдегі саяси шешімдерді қабылдауда, мемлекеттік саясатты қалыптастыруда, елдің саяси бағытын, ішкі және сыртқы саясатының дамуын анықтауда, сарапшылар мен ғалымдардың пікіріне, зерттеу нәтижелеріне сүйену – саясаттың ажырамас бөлігі болуы тиіс. Әлемдік, сонымен бірге, елдің саяси үдерістерінің күрделілігін, кешенділігін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев та мемлекеттік органдардың жұмысында саяси шешімдерді сараптамалық қамтамасыз етуге үлкен мән береді, себебі, қоғамда, оның ішінде саясатта көптеген үдерістер кенеттен пайда болу сипатына ие. Мысалы, әлемдік экономикалық дағдарыс. Дер кезінде мониторинг жүргізіліп, талдау, талқылау жасалса, қоғамдағы көптеген мәселелердің алдын алуға болады.

Сонымен қатар, Елбасы қоғамдағы саяси жағдайға, ахуалға, дамуына талдау жасап, жағымсыз үрдістерді алдын алуға бағытталуын, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын халыққа жеткізу, оны негіздеу әрі түсіндіру қызметінің маңызын көрсетіп, мемлекеттегі саяси, экономикалық салалардағы кез келген шешімді ғылыми негіздеп, оның мүмкін салдарына болжам жасау қажеттілігі саяси үдерісте үлкен орынға ие болуы қажеттігін негіздейді.

Жалпы, Қазақстандағы көптеген ішкі және сыртқы саяси үрдістердің  қарқындылығын, шешілетін мәселелердің күрделілігін, кешенділігін ескере отырып, Елбасы Н.Назарбаев өзінің көптеген баяндамаларында саяси шешімдерді сараптамамен қамтамасыз ету жөнінде міндеттер қойған. Мысалы, 2009 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кеңейген коллегияның кезекті отырысында сыртқы саясатты жүзеге асыру жұмысында сараптамалық талдау құрамдастығының жеткіліксіз деңгейде екенін атап өткен. 

Сонымен қатар, 2009 жылғы  Үкімет жұмысының қорытындылары  жөнінде 2010 жылдың 22 каңтарда өткен  жиналыста мемлекеттік сараптамалық талдау орталықтары толық деңгейде қызмет атқармайтынына басты назар  аударып, ішкі, сондай ақ сыртқы саясатты қалыптастыру, стратегиялық талдау жөнінде бірыңғай орталық құру қажетдеп тұжырымдады.

Үкіметтің және мемлекетік органдардың сараптамалық талдау орталықтарға мұқтаждығы туралы Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың баяндамаларында  бірнеше рет атаған болатын.

Әлемдегі экономикалық дағдарыстың күрделілігінен көптеген мемлекеттер өздерінің мемлекеттік  органдарының саяси шешімдерін сараптамалық қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды  қысқартуға мәжбүр болды. Осыған қарамастан, Елбасы Қазақстан жағдайында керісінше, мемлекеттік органдардың жұмысын  сараптамамен қамтамасыз етуде жұмысты  тоқтатпады.

Сол 2008 жылдан бастау алған  әлемдік экономикалық дағдарыс жылдарында Қазақстан мемлекеттік органдар жанында саяси шешімдерді сараптамамен қамтамасыз ететін, ғылыми бағыттағы  көптеген орталықтар құрылды. Атап өтсек, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 6 ақпанының №110 қаулысымен Әскери стратегиялық зерттеулер орталығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 мамырдағы №416 Қаулысымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің  Мемлекет тарихы институты, Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы №378 Қаулысымен Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы саяси талдау және болжамдау  комитеті сияқты құрылымдар құрылды.

Сонымен қатар, 2012 жылы Н.Назарбаевтың төрағалығымен Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Сыртқы саясат жөніндегі кеңес құруға тапсырма берілді. Кеңес Сыртқы істер министрлігі  жанындағы консультативтік-кеңестік орган рөлін атқарып, Қазақстанның сыртқы саяси бағыты мен халықаралық  бастамаларын жүзеге асыру бойынша  сарапшылардың ұсыныстары мен ұсынымдамаларын  жасауға бағытталған, яғни, мемлекет тарапынан үлкен сұраныстың пайда  болғанын көрсетеді. 

Елде осындай сараптамалық құрылымдардың саны неғұрлым өссе, соғұрлым онда жоғары маманданған сарапшылардың  көбеюі болса, мемлекеттік саясаты қалыптастыру мен жүргізуде әр түрлі, кейде қарама қайшы пікірлердің ескерілу мүмкіндігі ұлғайып, басымдықтары нақты анықталады. Ал бұл өз алдына коғамдағы ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді. 

Сонымен, саяси шешімдерді сараптамалық қамтамасыз етуді дамытудың  мүмкіндіктер үлкен, атап айтсақ, азаматтық  қоғамның дамуына әсер етіп, қоғамдағы  нақты мәселелерді анықтауға  мүмкіндік береді,ақпараттың балама көздері бола отырып, саяси бағыттың жаңа нұсқаларын дайындайды және негіздейді, мемлекеттік саясаттағы жүзеге асырылып жатқан мәселелерге мониторинг жүргізіп, талдау жасайды.

Яғни, жоғарыда аталған  сараптамалық құрылымдарды құруда Президент  Н.Ә.Назарбаев саяси мәселелер  ақпарат пен талдауды «қажет уақытта  және дұрыс үлгіде» талап ететін, яғни, бүгінгі таңда саясаттағы өзекті мәселелер уақыт жағынан шектеулі мерзімде шешіліп, оған қатысты қабылданатын шешім ғылыми негізделу қажеттілігін ерекше атап өтіледі. 

 


Информация о работе Бірінші Президенттің көреген саясаты немесе дағдарыстан дамуға бастар дана жолы