Демографиялық процестер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 18:48, реферат

Описание

Демография (гректің demos – халық және gzapho – жазамын деген сөздерінен алынған) - халықтың санын, құрамын, құрылымын, аумаққа бөлінуін, сонымен қатар олардың уақыт кеңістігіне қарай өзгеруін зерттейтін ғылым. Демография немесе халық статистикасы, халықтың құрамын, құрылымын жынысына, жасына, қызметіне қарай және туу, өлім, көші-қонымен анықталатын қозғалыс процесін зертейді

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 20.05 Кб (Скачать документ)

Демографиялық процесстер

 

        Демография (гректің demos – халық және gzapho – жазамын деген сөздерінен алынған) - халықтың санын, құрамын, құрылымын, аумаққа бөлінуін, сонымен қатар олардың уақыт кеңістігіне қарай өзгеруін зерттейтін ғылым. Демография немесе халық статистикасы, халықтың құрамын, құрылымын жынысына, жасына, қызметіне қарай және туу, өлім, көші-қонымен анықталатын қозғалыс процесін зертейді.  
        Демография туудың, өлімнің, көші-қонның әлеуметтік, экономикалық, биологиялық, саяси медициналық жағдайға сандық және сапалық әсерін, сонымен қатар еңбек ресурстарының іске асырылуына, көшіп-қонушылардың тұрақтануына, отбасын жоспарлаудың саяси процестеріне байланысты әлеуметтік-экономикалық проблемалардың жиынтығын да қорытады. Өмірге бала әкелу дәстүрін реттеу және оны өзгерту бағытын анықтап, ол туралы шешім қабылдайды, адамның құндылық жүйесін, балалы болуға тілегін оны қанағаттандырудағы материалдық мүмкіндігін, отбасының әлеуметтік мәртебесін, т.б. зерттейді, соған байланысты мемлекеттік билік ұйымдарына тиісті ұсыныстар жасайды.  
        Туу, өлім, некеге тұру, ажырасу, қала мен село халқының саны және халықтың әр түрлі алмасуының статистикалық көрсеткіші мына белгілеріне байланысты сипатталады: жынысы, жасы, отбасы жағдайы, туған, тұрақты жері.  
       Демографиялық қоғамдағы адам өмірінің қажетті, елеулі сапалық құрылымын, қозғалысын, оның әлеуметтік-экономикалық өмірмен байланысын зертеп, қорытады. Демографиялық қоғам өміріндегі өте маңызды құбылыс. Демографияға сүйеніп қоғам өзінің өткен тарихын, қазіргісін, болашағын аңғарады. Демография – ғаламдық проблема.  
Қазіргі кезде біздің республикамызда 15 миллион халық тұрады. Оның 55 пайыздан астамы қазақтар, 35 пайызы орыстар. 
       Туу, өлім және халықтың табиғи өсімі – демографиялық процесс көрсеткішінің бірі. 1940 жылы 1 мың адамға шаққанда туу мөлшері 40, ал 1990 жылы 23 баладан келген. Осы жылдар ішінде халықтың саны үш есеге жуық өскен, соған қарамастан туу екі есе кеміген. Бұл арада ескеретін бір жағдай - екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақ халқының соғыстан болған шығыны 350 мың адам (әскер қатарында 4-5-6 жыл болғандарды есептегенде). Соған байланысты ер адамдардың шығыны туу процесіне кері әсерін тигізгені белгілі.

        Адам өмірінің ұзақтығы әр кезеңде әр түрлі болады: 1978-1988 жылдар арасында жалпы орта жасы 67,4-69,8 жыл болды. Оның ішінде ерлердің орта жасы 61,9-64,8 әйелдердің орта жасы 72,4-74,1 жыл болды. Жалпы алғанда әйелдерден 10 жас артық өмір сүрді. Оның негізгі себептері: әйелдер ерлерден салыстырғанда әр түрлі ауруларға аз ұшырайды, зейнетке шыққаннан кейінгі өмір салты өзгермейді, үй шаруасы, бала тәрбиелеу, немереге қарау сияқты жұмыс түрлері көбейе түседі. Ал егер адамдар ішімдік ішеді, темекі тартады, зейнетке шыққаннан кейінгі өмір салты күрт өзгереді. Біздің елімізде халықтың орта жасы Жапония, Финляндия, Голландия, т.б. елдерден әлдеқайда төмен. 1991 – 1997 жылдардағы әлеуметтік - экономикалық қиындық адам өміріне кері әсерін тигізгені сөзсіз. 1993-1994 жылдардағы есеп бойынша Республикамызда туудан өлімнің көрсеткіші артып отыр.  
        Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 60 мыңдай адам шығын болды. Сөйтіп үш демографиялық апаттың нәтижесінде Қазақстаннан біржолата көшіп кеткендерді қоса есептегенде 4,5 млн. адам шығып болған.  
Дүние жүзіндегі қазақтардың саны 1990 жылдың ортасында 10 млн. адамға жетті. Демографтардың зерттеуіне қарағанда, ХХІ ғасырдың аяғында қазақ халқының демографиялық мүмкіндігі, өсіріп айтқанда 33 миллиондай адамға, шамалап алғанда – 28 млн. адам, ал орташа айтқанда 30 млн. адамға жетеді деп болжанып отыр. Қазақтардың саны 2015 жылға қарай (сыртқы миграцияны қоса есептегенде) 15 миллонға жетпек. Қазақстанда 13 млн. қазақ тұратын болады, ол еліміздің жалпы тұрғындарының 65 пайызын құрамақ.

Қазақстан Республикасы еліміздің  әлеуметтік-демографиялық қазіргі  кезеңдегі халық жағдайын жан-жақты  зерттеу отан тарихы ғылымындағы  өзекті мәселесіне айналып отыр. Баршамызға мәлім, ол кезеңдерде қоғамдық әлеуметтік-мәдени тұрғыдан дамуының табиғи барысы өзгертіліп, өңірдің дамуында біршама ауытқулар  орын алған. Бұл өзгерістер жалпы  Қазақстан халқының қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне ғана емес, сонымен қатар жалпы аймақтың, соның ішінде Түркістан қаласы тұрғындарының  демографиялық жағдайына да өз септігін тигізді. Осыған орай қазақ қоғамының  тұтас демографиялық және этностық даму сипатын анықтап алмайынша, еліміздегі халықтардың экономикалық, саяси және әлеуметтік өмірін кешенді  түрде талдау мүмкін емес. Ал бұл  өз кезегінде демографиялық статистика мәліметтеріне талдау жүргізуді, жүйелеуді  және оның қарастырылып отырған кезеңдегі  ортақ тұстары мен өзгешеліктерін анықтауды қажет етеді. Ал сөз  болып отырған тарихи кезеңдегі  демографиялық деректерді сол кезде  халық туралы статистикалық мәліметтер жинау үшін қолданылған әдістер аясында ғана толыққанды және объективті зерттеуге болады.

Патшалық Ресейдің отарлық  саясаты 1916 жылғы көтеріліс, 1917 жылғы  Қазан төңкерісі және осыларға байланысты орын алған өзгерістер, кеңестік құрылыстың бастапқы сатысындағы экономикалық дағдарыс, екінші дүниежүзілік соғыс, соғыстан кейінгі ахуал, т.б. да едәуір септігін тигізді. Қазақстан халық  санының дамуының жаңа кезеңі еліміздің  әлеуметтік-саяси және экономикалық тәуелсіздік алуынан басталады. Республиканың тәуелсіздігі аясында  Қазақстан халқының тарихи және заманауи дамуын толыққанды талдау мүмкін болып  отыр. Осының негізінде ел халқының әрі қарай сандық тұрғыдан өсуінің  және сапалық тұрғыдан дамуының ғылыми негізделген жолдары мен тәсілдері  анықталуы мүмкін.

Республикамыздағы әрбір  қаланың тарихи даму сатыларын, әсіресе  кеңестік дәуірдегі жетістіктерін  көрсететін өзіндік биографиясы, бетбейнесі бар. 1500 жылдан астам тарихы бар Түркістан  қаласының да осындай жеке биографиясы  бар. Ортағасырлардан бастап қазіргі  күнге дейін бұл қала күллі  қазақ халқының ең ірі рухани орталығы болып табылады.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев  «Тарих толқынында» деген кітабында  былай дейді: «Қазақ мемлекеттілігінің  символына айналған Қ.А. Яссауи кесенесі бұдан біршама уақыт бұрын  жалпы ұлттық пантеон ролін атқарған, онда қазақ халқының ұлы адамдарының  мәйіті жатыр. Сондықтан біздің осы  ескерткішті қайта қалпына келтіріп, жалпы ұлттың зейінін осы орталыққа  аударып жатқанымыз өте дұрыс» [1].

Осылайша, Түркістан қаласы мен Оңтүстік Қазақстан өңірі  халқының әлеуметтік-экономикалық тарихын  зерттеу арқылы барлық шым-шытырық  қайшылыққа толы кезеңдердегі жалпы  Қазақстан аумағының тарихына тереңінен  талдау жасауға мүмкіндік туындайды. Түркістан ел тарихындағы орны әрқашан  да елеулі болған. Өңірдің географиялық орналасуы, ерекше табиғи-климаттық  жағдайлары оның басқа аймақтарға ұқсамайтын өзгеше экономикалық, әлеуметтік, этно-демографиялық  және мәдени тұрғыдан даму бағытын  да ерекшелей түсті. Түркістан қаласы мен өңірі зерттеліп отырған  кезеңде анағұрлым аз урбандалған  аймақ болған, орта ғасырлар дәуірінің  мәдени орталығы болып саналуына  қарамай, мұндағы әлеуметтік-экономикалық жағдай тек аграрлық бағытта ғана дамыды, ал табиғи байлықтарды игеру  барысы басқа аймақтарға қарағанда  біршама кеш басталды.

Тарихшылардың зерттеу жұмыстарының басты бағыты нақты тарихи құбылысты  қарастыру болып табылады. Осыған орай, аймақтың әлеуметтік-экономикалық тарихын зерттеу жұмыстары мұндағы  өндірістік инфрақұрылымның қалыптасуын, соған сәйкес құрылған өндіріс орындарын, әлеуметтік-мәдени және коммуналдық-тұрмыстық  инфрақұрылымның орналасу тәртібін талдау аясында жүзеге асырылады. Осылайша, таңдалған зерттеу жұмысы тақырыбының  өзектілігі айқындалып, оның маңыздылығы  ешқандай да күмән тудырмайды деп  есептейміз.

- Ешқандай  да кері әсер етпейді. Өйткені  Қазақстанның демографиясы негізінен,  қазақтың есебінен өсіп жатыр. Екінші кезекте қазаққа жақын түркі тілдес халықтардың есебінен өсуде, одан кейін мұсылман халықтарының есебінен көбейіп отыр. Ал мұның артын қазбалай берсек, бұдан кейін шығыс халықтарының есебінен халық саны артып жатыр дей аламыз.

Өткендегі санақ жайлы сөйлемей-ақ қояйық, бірақ осы жылдың ортасында Қазақстандағы  қазақтар саны 64 пайызға жетті. 67 пайыздық көрсеткішке келсек, халықтың санын кемітпей әрі көбейтпей, дәл көрсету керек. Қазақтың саны 64 пайыз, түркі тілдес халықтармен бірге 70 пайызбыз. Бұл да аз емес. Түркітілдес емес халықтар да бар. Бірақ олардың мәдениеті қазаққа жақын. Олар - күрдтер, дүнгендер, тәжіктер, тіпті шешендер де соның ішіне кіреді. Оларды қоссақ, 72 пайызбыз. Бірақ олардың барлығы қазақ тілінде сөйлеп жатқан жоқ. Сондықтан қазақтың демографиялық базасы енді ғана жетіліп, күшейіп келе жатыр.

«Тілдің мәселесін Премьер, Парламент, Президент  шешеді» деп ойлайсыздар, олай емес. Тілдің мәселесін демография шешеді. Тілдік орта болса, тіл сақталады. Тілдік орта болмаса, сұйықталып кете береді. Неге қазақ тілі ақсап қалды? Ол тілдің нашарлығынан емес, бар мәселе - қазақтілді ортаның бұзылуында. Сіздер білмейсіздер, ал Тыңды көтеру жылдары Қазақстандағы қазақтар саны 27 пайыз ғана болды. Мен оны өз көзіммен көрдім, кейбір солтүстік облыстарда 1959 жылдары қазақтар саны 11-13 пайыз ғана еді. Қазағы ең көп аймақтарда, мәселен, Шымкенттің өзінде қазақтың саны 47-48 пайыз ғана болатын. Бүгін халық санының өсуімен тілдік орта өзі-ақ қалыптасып келе жатыр. Енді мұны қолдап отыру үшін жақсы саясат қажет. Ең бастысы, оқу, білім жүйесі сапалы болуы керек. Осының арқасында қазақ тілі өз орнына келеді. Бұл арада қазақ тіліне деген қажеттілік тууы керек. Бірақ бұл жерде қазақтың пысықтығы керек. Қазақ - өте жуас, бос, жұмсақ халық. Бізге ұлттық ділімізді көтеру керек. Діліміз төмен болса, біздің тілімізді ешкім де үйренбейді. Тілді үйрену үшін сол мемлекеттің қожайынының менталитеті күшті болуы тиіс. Менталитет, екінші жағынан, авторитет деген сөз. Менталитетің мен авторитетің болмаса, сенің тілің орыс түгілі, өзіңе жақын татарға да керегі жоқ.

Жалпы алғанда, жоғарыда айтқанымдай, бүгінде Қазақстандағы  қазақтың саны 64 пайыз болса, орыстар 23 пайызды құрайды. Ал қалған 137 ұлт өкілінің саны - 0,5 миллионнан (өзбектер мен украиндер) бірнеше адамға дейін. Қазақстанда небары 8 этнос қана 100 мыңдық межені бағындырған. Тілдік топ бойынша, түркітілдес халықтар 72 пайыз, славян тілдестер 26 пайыз. Діни көрсеткіштер бойынша, ислам дінін ұстанатындар 75 пайыздан асса, православ дінін ұстанатындар 20 пайыз, қалған дін өкілдері 5 пайыздан аспайды.

Жас ерекшелігі бойынша, Қазақстандағы халықтың орташа жасы - 27. БҰҰ-ның есебі бойынша, еліміз қартаюдың бастапқы кезеңіне де өтпеген. Халықтың 10 пайызы ғана 65 жастан үлкен, ал қазақтар арасында бұл көрсеткіш 7 пайыздан да төмен.

Демографиялық тұрғыдан Қазақстанға 50 миллионға жуық адам сыяды. Бірақ XXІ ғасырдың өзінде бұл межеге жету қиын. Меніңше, еліміздің демографиясы ішкі мүмкіндіктер мен резервтер, сондай-ақ оралмандардың есебінен өсуі керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдалынылған әдебиеттер:

1.Егемен  Қазақстан................................................2011 ж. Желтоқсан.

 

2. «Айқын» басылымынан.................................10-тамыз, 2010 жыл.

 

3. Н.Ә. Назарбаев ............................................«Тарих толқынында».

 

4.Интернет  желісі......................................................................................

 

4.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Демографиялық процестер