Ежелгі ой пікірлер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 21:22, реферат

Описание

Адамзат қоғамы сияқты, ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет біркелкі дами қоймайды. Олардың шарықтап шалқитын, құлдырап түсетін де кезеңдері болады. Тарихта белгілі ең алғаш өрелі өркениеттіліктің ошағы болып, құлпырып гүлдену Ежелгі Шығыс — Мысыр (Египет), Вавилон (Ирак), Үндістан, Қытай, Парсы (Иран) елдеріне келеді. XV ғасырға дейін Шығыс мәдениеті Батыс мәдениетінен шоқтығы көш жоғары болып, өркениетгіліктің үлгісін көрсетті. Мұнда ең алдымен математика, геометрия, астрономия, медицина сияқты накты ғылымдар басым дамыды.

Работа состоит из  1 файл

политология.doc

— 53.50 Кб (Скачать документ)


Адамзат қоғамы сияқты, ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет біркелкі дами қоймайды. Олардың шарықтап шалқитын, құлдырап түсетін де кезеңдері болады. Тарихта белгілі ең алғаш өрелі өркениеттіліктің ошағы болып, құлпырып гүлдену Ежелгі Шығыс — Мысыр (Египет), Вавилон (Ирак), Үндістан, Қытай, Парсы (Иран) елдеріне келеді. XV ғасырға дейін Шығыс мәдениеті Батыс мәдениетінен шоқтығы көш жоғары болып, өркениетгіліктің үлгісін көрсетті. Мұнда ең алдымен математика, геометрия, астрономия, медицина сияқты накты ғылымдар басым дамыды.

Шығыс елдерінде жоғарғы билік шектелместен монархтың (халиф, хан, патша, сұлтан, король, император және т. т.) қолында болды. "Жерге мемлекет иелік етеді, ал мемлекет бүкіл халықтың, игілігі үшін қызмет етеді" деген көзқарас қалыптасты. Патша әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарға әкелік қамқорлық көрсетеді, ал оның кол астындағылардың оған ешкандай талап қоюға қақылары жоқ. Себебі, билеуші халық алдында емес, тек құдай алдында ғана есеп береді. Бұл елдердің тәртібі, саяси ойы өткен ұрпақтың дәстүр-салтына берік берілгендікті білдіретін. Қоғамда орнатылған тәртіп өмір бақи өзгерместей көрінді. Ондағы өзгерісті адамдардың құдай қағидаларын орындамағандықтан туып отыр деп ұқты. Билік орнатылған тәртіпті, шындықты, әділеттікті, мемлекеттің кауіпсіздігін қамтамасыз етудің құралы деп есептелінді.

Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қатты дамыды. Онда қоғам Шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама-қарсы өрістеді. Греция ол кезде саяси бытыраңқы күн кешкен ел еді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар (полистер) құрды. Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық және құл иеленушілік демократия орын алды. Билеу түрі сан алуан болатын және жиі ауысып отырды. Саяси өмір қызу өрбіді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтан теорияға тез ауысты.

Көне фактерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар көп. Бірақ біз солардың ішінде ең көрнекті екі өкіліне — Платон мен Аристотельге тоқталамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЕЖЕЛГІ ДҮНИЕДЕГІ САЯСИ ОЙ-ПІКІРЛЕР
Ежелгі шығыстың таптық қоғамындағы саяси ой-пікірлер. Ежелгі Шығыс елдеріне: Египет, Вавилон, Индия, Қытай, Персия; Батыс елдеріне: Грекия, Рим жатады. Бұл ел¬дерде саяси ой-пікірлердің қалыптасуы қоғамның таптарға жіктелуі мен мемлекеттер пайда бола бастағанда жүзеге асады. Саяси ой-пікірлердің пайда болуы бұл елдерде көбінде аңыздарға (мифтерге) тікелей байланысты. Адамның дүние¬дегі алатын орны да осы қиял-аңыздармен көрсетіледі. Бұл ой-пікірлер өз алдына білімдер саласы ретінде қалыптаспаған, мифология¬лық көзқарастың құрамдас бөлігі болып келеді.
Италияның алғаш орталығы болған Турин қаласында 1824 ж. ашылған атақты Египет мұражайы бар. Онда Египет жерінен қазылып әкелген көптеген тарихи заттар қойылған. Мұражайда үш адамның бальзамдалған мумиясы бүтіндей сақталған. Оларды б.э.д. VIII ғасырға жатқызады. Одан басқа біздің заманға дейін 4 мың жылдыққа жататын мүрделерден бидай, нан, жұмыртқа (түйе құстың), қару-жарақ, ыдыс-аяқ алынғанын көрсетіп қойған. Бұл келтірілген фактілер сол замандарда дін болғанын байқатады.
Әлеуметтік және саяси құқықтық тәртіптердің баршасының негізгі құдайдан негіз алады деген түсінік қалыптасады. Мысалы, қытайдың ежелгі аңыздарында дүниенің барлық тұтқасы аспан астындағы құдайдың қолында деп дәріптелген (немесе Қытайдың императоры). Қалғандары оның еркін жүргізушілері болып келеді.
Египет, Вавилон, Индия сияқты елдерде басқадай аңыздар бар. Оларда құдай биліктің негізгі қайнар көзі бола тұра, жердегі істерді, адамдардың тағдырын жасаушылар болып қала береді. Египет пен гректердің аңыздары бойынша құдайлар қоғамның, мемлекеттің басқарушысы және заң шығарушысы болып табылады. Мысалы, еврей халқының заңдарын құдайдан тікелей Моисей қабылдап алған деген наным бар. Билікті құдай атынан адамдар жүргізеді. Айрықша жағдайларда құдай өзі араласады. Ежелгі Египет нанымы бойынша ақиқатты, әділдікті және заңдылықты әйел құдайы Маат жүргізеді-мыс. Бұл түсінік басқа елдерге де тән. Осы аталған идеялар ежелгі египеттің деректік негізі «Птахотеп оқуларында» (б.з.д. XXVIII ғасыр), «Өлілер кітабында» (б.з.д. ХХV-ХХIV ғғ.) бар. Аталған оқуларда басқарушы адамдар кейпінде суреттеледі. Билеушілерді қастерлеу идеясы басым жатады. Дегенмен қара халықтың бас көтерулері болып тұрған. Мысалы, «Ипусердің сөзінде» (б.з.д. 1750 жыл) қоғамның төменгі топтары мен құлдардың қозғалысы айты¬лады.
Шумер, вавилон билеушілерінің өз жағдайларын құдіретті етіп көрсетуі байқалады. Ежелгі Вавилондағы Хаммурапи заңдары (б.з.д. ХVII ғ.) қоғамның әлеуметтік теңсіздігін көрсе¬теді.
Ежелгі Персияда аңыздық ой-пікірден рационалдық көз¬қарасқа ауысу байқалады. Б.з.д. VII ғасырда зороастризм ілім және ағым ретінде қалыптасып та үлгерді. Кейінірек зороастризм шығыстың басқа елдеріне тарап кетті де христиан доктринасының қалыптасуына себепкер болды. Сонымен жер бетіндегі игілік пен зұлымдықтың арасындағы күрес Заратуштра ілімінің негізгі қағидасына айналды. Негізінде Заратуштра адалдықты жақтаған, зұлымдықты жеңуге болатынын айтқан. Сөйтіп біртіндеп мифологиядан рационалдыққа ауыса бастаған. Қоғамдағы таптардың жіктелуіне сәйкес саяси ой-пікірлер қалыптаса бастаған.
Ежелгі Индиядағы саяси ой-пікірлер. Алғашында мифтер мен діннің ықпалымен дамыған. Билікті абыздар – брахмандар жүргізген. Брахманизмнің көрінісі б.з.д. 2-мыңыншы жылдар¬дың ескерткіштерінде көрініс таба бастады. Ол бойынша заңдарды «Веды» деп атаған. Заң бойынша қоғамды 4 варнаға (жікке) бөлген (оларды құдай жасаған):
– брахмандар;
– кшатрий-жауынгерлер;
– вайшийлер (шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер);
– құлдар, варнадан тысқары тұрғандар.
Брахманизм идеологиясы көптеген заң жинақтары: дхар¬масутр мен дхармашастарлардан тұрады. Мысалы, б.з.д. II ға¬сырда Ману заңдары жазылған. Онда варнаның талаптары тұ¬жырымдалған. Варнаның бастапқы екеуі билеуші болады. Ману заңы бойынша патша брахмандарды мойындауы керек. Ману заңында жазалауға ерекше мән берілген. Таяқтауға дейін жаза қолдану бар.
Брахманизм идеологиясын сынаушы буддының негізін қа¬лаушы Сиддхартха болды. (б.з.д. VI ғ.). Ол құдай – барлық би¬лікті жүргізуші, заң шығарушы деген ұғымды теріске шығарады. Будды теңдікті жақтады. Буддизм идеологиясы гуманизмге, адамгершілікке, өзге адамды сыйлауға, зұлымдыққа зұлым¬дықпен жауап бермеуге уағыздайды. Буддизмде жазалаудың ролі мен көлеміне шек қою, азайту көзделген. Заңдылықты бағалау көзделген. Буддизмнің кемшілігі – жоғарғы дәрежеге жетуді – жеке адамдардың алдында тұрған міндет деп қоюында (нирвана). Нақты саяси-құқықтық құбылыстарға жеткілікті мән бермеуінде жатыр. Соған қарамастан, буддизм – актуальды ағым. Ашоканың билік құрған кезінен бастап (б.з.д. 268-232 жж.) Индия бірікті де буддизм мемлекеттік дінге айналды. Буддизм Оңтүстік-шығыс Азияның басқа елдеріне тарады.
Брахманизм идеологиясынан ауытқу «Артхашастра» (б.з.д. IV-III ғғ.) трактатында байқалады. «Артхашастрада» саяси-құқықтық және әкімшілік-билік нұсқауларға көбірек назар аударылып, оның пайдалы жақтары көрсетіледі.
Ежелгі Қытайдың саяси ой-пікірлері. Конфуций (Кун-цзы) (шамамен б.з.д. 551-479 жж.) – Конфуциандық ілімінің негізін қалаушы. Ол ілім атадан балаға ауысатын мұралық аристокра¬тияның мүддесін жақтайды және әлеуметтік тәртіптердің мызғымастығын қолдайды. Адамдарды әділдіктің заңдылығы тұрғысынан төменгілер және жоғарғылар деп екіге бөледі. Билеушінің өкіметін аспан сыйлаған қасиетті ұғым деп түсіндіреді. Халықтың өкімет өкілдеріне жақындай түсуі елді басқару өнеріне жатады дейді. Ал биліктің өзі Конфуцийдің айтуы бойынша, халықтың қауіпсіздігін, оның материалдық тұрмыс-жағдайын қамтамасыз ету және халық тарапынан өкіметті қолдау болып табылады.
Конфуцианшылдық доктринасы – бабаларды құдайдай санау, ата-анаға табыну, төменгілердің жоғарғыларға мүлткісіз бағынуы. Өзін-өзі ұстаудың бұл регламенті – қоғамның әрбір мүшесінің санасына, адамдардың психологиясына кірігіп кетті. Аталған доктрина, насихат мына сөйлемде тайға таңба басқандай танылады: «Жоғарыдағы мен төмендегінің өзара қарым-қатынасы жел мен шөптің қатынасына тең: жел соқса шөп иілуге тиіс». Заманында идеологиялық және моральдық тетікті ұстаған әскери-феодалдық сословие конфуцианшыл¬дықты пір тұтуы, буддизмді ұстануы жайдан-жай емес.
Ежелгі Грекияның саяси ой-пікірлері. Грекияда мемлекет (полистер) – жеке қала-мемлекеттер б.з.д. 1 мыңыншы жыл¬дары пайда болды. Онда саяси ой-пікірлердің қалыптасуы 3 дәуірге бөлінеді: ерте дәуір (IХ-VI ғғ.) – бұл Гомердің, Гесиод¬тың және атақты «7 данышпанның» шығармалары дүниеге келген заман. Кейінірек бұл дәуірге Пифагор мен пифагор¬лықтар, Гераклит енеді; 2-дәуір б.з.д. V-IV ғасырдың бірінші жартысы – Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель заманы; 3-дәуір IV ғасырдың екінші жартысы – II ғасыр. Үшінші дәуір эллинизм дәуірі деп аталады. Бұл дәуірдің аяғы Македонияның және Римнің ықпалына енуімен ерекшеленеді.
Бірінші дәуір мифтердің идеяларына сәйкес құдайлардың билік үшін таласы болып, олимпиялық Зевстің билігінің орнығуымен суреттеледі. Гомердің «Илиада» мен «Одиссея» поэмаларында Зевс жалпыға бірдей әділдікті жақтаушы, зұлымдықты жазалаушы болып көрінеді. «Дике» (әділдік) – Гомерше осылай аталған. «Темис» – дәстүр, кәдімгі құқық тағы да Гомерше Грекияға тән түсінік болды.
Келесі бір автор Гесиод шығармалары: «Теогония» және «Еңбектер мен күндер» (VII ғ.). Тәртіпті жақтайды – Эвномия (әділ заңдылық) «Теогония» деген еңбегінде көрсетілсе, «Еңбектер мен күндерде» патриархалдық (мемлекетке дейінгі) құрылыстың идеяларын жақтады. Адам өмірінің 5 дәуірін: алтын, күміс, қола, жартылай құдай-батыр және қазіргі темір ғасырын көрсетеді. «7 данышпандарға»: Фалес, Периандр, Биант, Солон, Клеобул және Хилон жатады. Олар полистік тұрмыстағы әділ заңдардың өктемдігін дәріптеген.
Б.з.д. V ғасырда қоғам, мемлекет, саясат және құқық проблемалары ерекше қырымен қойыла бастады. Демокрит (460-370) антикалық философияның материалистік бағытын жүргізді. Қоғамдағы ең жақсылар – ақксүйектер мен байлар емес, жоғары ақыл-ойы барлар мен адамгершілік қасиеттері барлар. Софистер: Протагор, Горгий, Продик, Гиппий, Анти¬фонт, Фрасимах, Калликл, Ликофрон және т.б. Олардың ішінде демократиялық көзқарастағылар да, басқарудың аристокра¬тиялық, тираниялық түрлерін жақтаушылар да болды.
Софистерді сынаушылар ішінен Сократ (469-399) ерекше дараланды. Мемлекеттің және құқықтың адамгершілік таби¬ғатын жақтады. Еңбек бөлісін қолдады, әділдікті жақтады. Платон (427-347) – кемеңгер философ. Үлгілі мемлекет деп жер бетіндегі мемлекет полистерде бейбітшілікті орнату идея¬сын жақтады. Еңбек бөлісін, әділдікті қолдады. Платон өте байлыққа, өте кедейлікке қарсы болған. Орташа болуды қала¬ған.
Аристотельдің (384-322): «Платон – маған дос, бірақ ақиқат ең үлкен дос», – деген қанатты сөзі бар. Еңбектері: «Саясат», «Афины саясаты», «Этика». Саясат туралы ғылымды жасауға әрекет етті. Саясат ғылым ретінде этикамен тығыз байла¬нысты. Мемлекет – табиғи дамудың жемісі. «Варварлар» мен құлдар өмірдің саяси түріне дейін өсіп жетілмеген. Мемлекет¬тің формаларын монархиялық басқару (патшалық), аристокра¬тиялық және политиялық деп бөлген. Басқарудың қате түрлері деп тирания, олигархия және демократияны атаған. Саяси басқаруды – заң арқылы басқару деп түсіндірген.
Үшінші дәуір эллинизм деп аталады. Ежелгі Грекияның мемлекеттік құрылысының дағдарысы эллинистік дәуірде айқындала түсті. Грекия полистері өз тәуелсіздіктерін жоғал¬тып, алдымен Македонияның, одан соң Римнің ықпалына түседі. А. Македонскийдің (336-323) жорықтары Шығысты эл¬линизациялаудан басталып, эллинистік монархияларды қа¬лыптастырды. Бұл кезеңнің саяси ой-пікірлері Эпикурдың (341-270) іліміне байланысты дамыды. Табиғат өз заңдылы¬ғымен, құдайлардың араласуынсыз дамиды. «Қоғамдық және саяси өмірге араласудың қажеті жоқ. Мемлекет – биліктің, саяси араласудың мақсаты, адамдардың өзара қауіпсіздігін қам¬тамасыз ету, олардың өзара үрейленуін жеңуі, бір-біріне зиян келтірмеуі», – дейді Эпикур. Заңдар «данышпандарды» «бұқарадан» қорғау үшін қажет екен. Бұл Эпикурдың этикасы.
Зенон (336-264) – стоицизмнің негізін қалаушы. Бұл ағым бойынша дүниелік құрылысын тағдырдың өзі басқарады. Жаратылысқа негізделген мемлекет заңдарын бұлжытпай орындауды жақтайды. Стоицизм Полибийге де (210-128) әсер еткен. Оның басты еңбегі – «40 томдық тарих». Онда Римнің бүкіл Жерорта теңізіне жасаған өктемдігі көрсетілген. Мемлекеттік құрылым «табиғаттың заңына байланысты жүреді екен. Полибий мемлекеттің 6 формасын көрсетеді: патшалық, тирания, аристократия, олигархия, демократия, охлократия. Римнің мемлекетін құрылымы жағынан ең тұрақты дейді. «Үш билікті» – консулдар билігі, сенат және халық билігі патшалық, аристократиялық және демократиялық бастамасы дейді.
Ежелгі Римнің саяси ой-пікірлері. Үш кезеңге бөлінеді:
– патшалық (754-510);
– республикалық (509-28).
– императорлық (27-476).
Біртұтас Рим империясы б.з.д. 395 жылы түпкілікті түрде Батыс (Рим) және Шығыс (Константинополь) болып екі империяға бөлініп кетті. Олар Шығыс Рим және Византия болып 1453 жылға дейін өмір сүреді. Римнің тарихы ұзақ дамыды. Көбінде құлдардың күресімен байланысты болды. Құлдар өз алдына саяси концепциялар ұсынбаса да қоғамдық ой-пікірдің дамуына ықпал етті. Ежелгі Грек концепция¬ларының ықпалы болды. Әсіресе б.з.д. V ғасырдағы Солонның заңдары ықпалды болды. Ежелгі Грек авторларына Сократ¬тың, Платонның, Аристотельдің көзқарастары жатымды ықпал жасады.
Марк Туллий Цицерон (106-43) – шешен, мемлекет қай¬раткері, ойшыл болған, мемлекет, құқық туралы ілім жасаған. Мемлекетті халықтың игілігі деп түсіндіреді. Мемлекет халық¬тың бірлесіп өмір сүру қажеттілігінен келіп шыққан дейді. Араласпа билікті дұрыс деп түсіндіреді. Патшалық билік пен сенаттық республиканы дұрыс дейді. Соңғысы жетілген түрі. Мемлекет ісін басқаратын адамдар кемеңгер, ақылды, шешен, әділ болуы керек. Ал құқық туралы ілімінің негіздерінде әділдік болу қажеттігі байқалады. Ақиқат заң болуы шарт. Қабыл¬данған заңдар елдің тұрмыс-дәстүріне сай болуы керек. Азат¬тық және әділдік жолындағы қажырлы күрескер республикалық идеядағы Цицеронның көзқарастары француз революционері Мирабоға, Робеспьерге, Аквинскийге, Монтаскьеге әсер етті. Қазіргі зерттеушілер де немқұрайды қарамайды.
Рим стоицизмінің негізін қалаушылар: Луций Анней Сенека (3-65), Эпиктет (50-138), Марк Аврелий Антонин (121-180). Олардың ілімдері Рим ұлы державалық елге айнала бас¬тағанда қалыптасты. Сенека барлық адамдардың қоғамдық жағдайына қарамастан рухани бостандық идеясын жақтады. «Адамдар бір-біріне туысқан» дейді. Адамдар тағдырға, табиғат заңдарына бағынуы керек. Шыққан тегі құл Эпиктет және Марк Аврелий Антонин де сондай идеяларды жақтады. Эпиктет адамгершілік жағынан жетілуге шақырды. Байлықты, құлдықты сынады. «Өзіңе не қаламасаң, өзгеге де соны қалама» деді. Антонин: барлығына ортақ заң бар, билікті теңдік тұрғыда жүргізетін мемлекет идеясын қолдады. Рухани бастама, ақылдылық және заң басты болу керек.
Ежелгі христиандықтың саяси-құқықтық идеялары б.з.д.
I ғасырдан бастау алады. Негізгі шығармалары: Иоанн Бого¬словтың жазбалары, Иисус Христостың «Бостандық заңы». Негізі шындық, әділдік тікелей құдайдан келеді деген идеямен сабақтасып жатады.

 

 



Информация о работе Ежелгі ой пікірлер