Халықаралық ұйымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 15:24, реферат

Описание

Көп жақты және екі жақты ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасау және осы бағытты келісімдеу мақсатында көптеген халықаралық, соның ішінде үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар пайда болды.

Содержание

1. Халықаралық сауда ұйымдарының әлемдік экономикадағы орны мен ролі
2. Бүкіләлемдік сауда ұйымының сыртқы саудадағы ролі мен міндеттері

Работа состоит из  1 файл

Халықаралық ұйымдар.doc

— 91.00 Кб (Скачать документ)

    2 Бүкіләлемдік сауда  ұйымының сыртқы саудадағы ролі мен міндеттері 
     
     

      Бүкіләлемдік сауда ұйымы-бұл  әрі ұйым, әрі құқықтық документтер  кешені, тауарлар мен қызметтердің  халықаралық саудасы саласындағы  үкіметтердің құқықтары мен міндеттерін  анықтайтын көпжақты сауда келісімі.

      БСҰ 1995 жылдың 1 қаңтарында 1993 жылы 15 желтоқсанындағы Уругвайлық раундтың көпжақты келіссөздерінің аяқталуынан кейін және 1994 жылы қол қойылғаннан кейін құрылды. БСҰ тарифтер мен сауда бойынша Генералды келісімнің (ГАТТ) қабылдаушысы болып табылады.

      БСҰ-ның ГАТТ-тан айырмашылығы оған ГАТТ-қа қарағанда көбірек мемлекеттер қатысады (ГАТТ 146) және оның қызметтерінің масштабтары кеңірек. ГАТТ тек қана тауарлар саудасы саласында қызмет етті; БСҰ тауарлар мен қызметтер саудасын қамтиды, сонымен қатар интеллектуалды меншік құқықтарын қорғайды және келіссөздер процессі мен қайшылықтарды шешу кезінде елдер арасында сауда қатынастары құрылатын форум болып табылады.

      ГАТТ және БСҰ екі принципке  негізделген; дискриминациядан бас  тарту және нарықтық тиімділік  немесе нарыққа болжамдалатын, ашық, өзара қауіпсіз жолмен шығу.

      Бұл екі принцип өз кезегінде 4 элементтерден тұрады:

    -дискриминациясыз сауда, яғни саудада өзара ең қолайлы режим (ЕҚР) туғызу және шетелдік тегі бар тауарлар мен қызметтерге өзара ұлттық режим жасау;

    -сауданы  көбінесе тарифтік тәсілдермен  реттеу, сандық және басқа шектеулерді  пайдаланудан бас тарту;

    -сауда  саясатының транспаренттілігі;

    -сауда  дауларын консультациялар және  келіссөздер арқылы шешу және  т.б.

      БСҰ-ның ең маңызды функциялары:

    -Уругвайлық  раундтың документтер пакетінің  келісімдері мен шарттарының  орындалуын бақылау;

    -мүдделі  мүше-елдердің арасында көпжақты  сауда келісімдері мен консультациялар жүргізу;

    -сауда  дауларын шешу;

    -мүше  елдердің ұлттық сауда саясатының  мониторингі;

    -БСҰ  компетенциясына қатысты мәселелер  бойынша дамушы мемлекеттергк  техникалық жәрдем көрсету.

      БСҰ-ға мүше болудан жалпы артықшылқтарды  келесі жолмен соммалауға болады:

    -серіктестерге  қысым көрсетілген жағдайда, ұлттық  мүдделерді қорғауды қамтамасыз  ететін БСҰ-ның дауларды шешу  механизмін пайдалану және осылай  дискриминацияны жою;

    -халықаралық  сауданың жаңа ережелерін жасау  кезінде әлемдік сауда жүйесіне тиімді қатысу арқылы өздерінің ағымдағы және стратегиялық сауда-экономикалық мүдделерін жүзеге асыру мүмкіндігі.

      БСҰ-ның барлық мүше-елдері «Көпжақты  сауда келісімдері» (КСК) деген  терминмен біріктірілген негізгі  келісімдер мен заңдық документтерді орындау бойынша міндеттерді қабылдайды. Осылай, БСҰ жүйесі өзіндік көпжақты келісімді білдіреді (келісімдер пакеті), олардың нормалары мен ережелері тауарлар мен қызметтердің әлемдік саудасының жобамен 97% реттейді.

      Уругвайлық раундтың документтер  пакетінің 2-ші бөлігі (1-4 қосымшалардан басқа) Марракештегі министрлер кеңесінің нәтижесі (1994) бойынша қабылданған шешімдер мен декларациялардан, сонымен қатар басқа да Келісімдерден құралады. Бұл документтерде БСҰ-ға мүше елдер қабылдайтын қосымша шарттар мен ережелер құрастырылады. Тауарлар мен қызметтерді нарықтарға шығарудың ұлттық міндеттерінің тізімін есептегенде БСҰ документтерінің толық пакеті қазіргі кезде жобамен 30 мың парақтан тұрады.

      Уругвайлық раундтың келісімдер  пакетінің жиынтығы елуден жоғары тауарлар саудасы бойынша Көпжақты келісімдер мен басқа да құқықтық документтерді біріктіреді, олардың негізгілері БСҰ-ны бекіту туралы Келісім және оған қосымша тауарлар саудасы бойынша Көпжақты Келісімдер:

      Қосымша 1А:

     Тауарлар  саудасы бойынша Көпжақты Келісімдер:

      Тарифтер мен сауда туралы 1994 жылғы Генералды Келісім (ГАТТ-94)-тауарлар саудасы режимінің негіздерін, осы саладағы БСҰ мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

      Тарифтер мен сауда туралы  Генералды Келісім 1947- тауарлар саудасы режимінің негіздерін, осы саладағы БСҰ мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

      Ауыл шаруашылығы бойынша келісім-ауыл  шаруашылық тауарлар саудасын  реттеудің ерекшеліктерін және  осы сектордағы өндіріс пен  сауданы мемлекеттік қолдау шараларын  қолдану механизмін анықтайды.

      Текстиль бұйымдары мен киім бойынша келісім-текстиль мен киім саудасын реттеудің ерекшеліктерін анықтайды.

      Санитарлы және фитосанитарлы  нормаларды қолдану бойынша келісім- санитарлы және фитосанитарлы бақылау шараларын қолданудың шарттарын анықтайды.

      Саудадағы техникалық барьерлер  бойынша келісім-стандарттар, техникалық  регламенттер, сертификациялау процедураларын  қолдану шарттарын анықтайды.

      Саудамен байланысты инвестициялық  шаралар бойынша келісім-капиталенгізілімімен  байланысты отандық тауарларды тұтынуды ынталандыратын шараларды қолданудағы шектеудерден құралады.

      VII ГАТТ 1994 бабы тауарлардың кедендік бағасын қолдану бойынша келісім-тауарлардың кедендік құнын бағалау ережелерін анықтайды.

      Тиеу алдындағы инспекция бойынша келісім-тиеу алдындағы инспекцияны жүргізудің шарттарын анықтайды.

      Шығу тегі ережелері бойынша  келісім-тауарлардың шығу тегінің принциптерін анықтайды.

      Импорттық лицензиялау процедуралары  бойынша келісім-импортты лицензиялау  формалары мен процедураларын орнатады.

      Компенсациялық шаралар мен субсидиялар  бойынша келісім-субсидиялауға қарсы  қарсы күреске бағытталған шаралар  мен субсидияларды қолдану процедурасы  мен шарттарын анықтайды.

      VI ГАТТ 1994 бабын қолдану бойынша келісім (антидемпинг)-демпингке қарсы шараларды қолдану процедуралары мен шарттарын анықтайды.

      Қорғау шаралары бойынша келісім-өсіп  келе жатқан импортқа қарсы  шараларды қолдану прцедуралары  мен шарттарын анықтайды.

      Қосымша 1В:

      Қызмет саудасы бойынша Генералды  келісім-қызмет саудасы режимінің негіздерін, осы саладағы БСҰ мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

      Қосымша 1С:

      Интеллектуалды меншік құқықтарының  саудалық аспектілері бойынша  келісім- интеллектуалды меншікті қорғау саласындағы БСҰ мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

      Қосымша 2:

      Дауларды шешуді реттейтін ережелер  мен процедуралар туралы келісімшарттар-БСҰ-ның  барлық келісімдері бойынша міндеттерді  орындаумен байланысты БСҰ мүшелері  арасындағы дауларды шешу шарттары  мен процедураларын орнатады.

      Қосымша 3:

      Сауда саясатын шолу механизмі-БСҰ мүшелерінің сауда саясатының жалпы параметрлері мен шарттарын анықтайды.

      Қосымша 4:

      Плюрилатеральді келісімдер (қатысушылардың  шектеулі ортасы үшін, яғни БСҰ-ның  барлық мүшелері үшін міндетті  емес);

      Азаматтық авиатехника саудасы  бойынша келісім (осы сектордағы  сауданың либерализациясы бойынша  жақтардың міндеттерін анықтайды).

      БСҰ-ның ең жоғарғы органы ұйымның  барлық қатысушыларының өкілдерін  біріктіретін Министрлік конференция  болып табылады.

      Конференция сессиялары кем дегенде екі жылда бір рес өткізіледі, онда Уругвайлық раундтың келісімдер пакетімен байланысты принципиалды мәселелер бойынша шешімдер қабылданып, талқыланады.

      1996 жылдың желтоқсан айындағы  Сингапурдегі бірінші конференция  сауданың либерализациясының курсын қуаттады және БСҰ-ның ұйымдық құрылымына сауда мен инвестиция арсындағы қатынастар мәселесімен, сауда мен бәсекелестік саясат арасындағы өзара әрекеттестікті, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу саласының тұнықтылығымен айналысатын үш жаңа жұмыс топтарын қосты.

      1998 жылы Женевада өткізілген екінші  конференция ГАТТ/БСҰ-ның 50 жылдығына арналды. Сонымен қатар, онда БСҰ мүшелері әлемдік электронды сауда мәселелерін зерттеу туралы келісімге келді.

      Үшінші конференция 1999 жылы Сиэтлде (АҚШ) құрылды және ол сауда келіссөздерінің жаңа раундының басталуы туралы шешім қабылдау керек болатын, бірақ ол нәтижесіз аяқталды. Төртінші Министрлік конференция 2001 жылдың 9-13 қарашасында Дохада (Катар) өткізілді, бесіншісі 2003 жылдың 10-14 қыркүйегінде Канкун қаласында (Мексика) және алтыншысы 2005 жылдың 12-18 желтоқсанында Гонконг қаласында (ҚХР) өткізілді.

      Генералды кеңес Министрлік конференцияға бағынышты, ол ағымдағы жұмыстың орындалуына жауап береді және БСҰ-ға мүше елдердің өкілдерінің құрамымен, әдетте олар қатысушы елдер делегацияларының басшылары, жылына бірнеше рет Женевадағы штаб-квартирада жиналады.

      Генералды кеңестің басшылығында  бұдан басқа екі арнайы орган  бар: сауда саясатын талдау  бойынша және дауларды шешу  бойынша. Сонымен қатар Генералды кеңеске сауда және даму бойынша; сауда балансымен байланысты шектеулер бойынша; бюджет, қаржы және әкімшілік мәселелер бойынша комитеттер есеп береді.

      Генералды кеңес БСҰ иерархиясының  келесі деңгейіндегі үш кеңесті  басқарады: тауарларды сату бойынша кеңес және интеллектуалды меншік құқықтарының сауда аспектілері бойынша кеңес.

      Тауарларды сату бойынша кеңес  өз кезегінде тауарларды сату  саласындағы БСҰ принциптерінің  сақталуын және ГАТТ-1994 келісімдерінің  орындалуын бақылайтын арнайы комитеттердің қызметтерін басқарады.

      Қызметтер саудасы бойынша кеңес  ГАТС келісімдерінің орындалуын  бақылайды. Оның құрамына қаржылық  қызмет көрсету саудасы бойынша  Комитет және кәсіби қызметтер  бойынша жұмыс тобы кіреді.

      Интеллектуалды меншік құқықтарының сауда аспектілері бойынша кеңессәйкес келісімнің (ТРИПС) орындалуын бақылауды жүзеге асырудан басқа жасанды тауарлардың халықаралық саудасымен байланысты дауларды болдыртпау мәселелерімен айналысады.

      Министрлік конференция (немесе  Генкеңес) үш жылдық өкілеттілігі бар БСҰ-ның Генералды директорын тағайындайды. 1999 жылдан 2002 жылдың қыркүйек айына дейін бұл қызметті Жаңа Зеландияның экс-премьер-министрі Майк Мур атқарды, 2002 жылдың қыркүйек айынан 2005 жылдың қыркүйек айына дейін Таиландтың бұрынғы вице-премьері Супачай Паничпакди болды, ал қазіргі кезде БТҰ-ның Генералды директоры сауда бойынша ЕО-ның бұрынғы комиссары Паскаль Лами, ло өз қызметін 2005 жылдың 1 қыркүйегінен бастады.

      Көптеген арнайы комитеттер мен  жұмыс топтары қоршаған ортаны  қорғау, дамушы елдер мәселелері, БСҰ-ға кіру прцедурасы мен аймақтық сауда келісімдері сияқты салалардағы мәселелерді шешумен және БСҰ-ның жеке келісімдерімен айналысады.

      Ұйымның атқарушы органы Женевадағы  БСҰ Секретариаты болып табылады, оның штатының құрамында 500 қызметкерлер жұмыс істейді; оны Генералды директор басқарады. БСҰ Секретариаты басқа халықаралық ұйымдардағы ұқсас органдармен салыстырғанда шешім қабылдамайды, себебі бұл функцияны мүше елдердің өздері атқарады. Секретариаттың негізгі міндеттері- әр түрлі кеңестер мен комитеттерді, сонымен қатар Министрлік конференцияны техникалық қолдаумен қамтамасыз ету, дамушы елдерге техникалық жәрдем көрсету, әлемдік саудаға талдау жүргізу және БСҰ жағдайын жұртшылық пен жалпы ақпарат құралдарына түсіндіру. Секретариат сонымен қатар дауларды шешу процессі кезінде құқықтық көмектің кейбір түрлерімен қамтамасыз етеді және БСҰ-ға мүше болуға ниет білдірген елдерге кеңес береді. Қазіргі кезде мұндай елдердің саны жиырмадан жоғары.

Информация о работе Халықаралық ұйымдар