Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 17:06, реферат
Көпшіліктің пікіріне немесе басым пікірге қарсы шығушы белгілі бір топ немесе партия. Саяси өмірде Оппозиция билік жүйесі қызметінде көрініс таппаған мүдделер мен құндылықтарды білдіруді мақсат етеді. Оппозиция халықтың наразылық белсенділігін білдіріп, оны топтастырады, биліктің әрекетіне қарсы тұратын немесе оны ретке келтіретін талаптарды тұжырымдайды. Оппозицияның кез келген тұрпатының басты сипаты оның топтасуы, ұйымдасуы мен бұқаралық деңгейі, наразылық білдірудің заңды әдістеріне қатынасы болып табылады. Үкіметтің мақсаттары мен құндылықтарына адалдығы деңгейі бойынша үкіметтік бағыттағы, бейтарап және келісімге келмейтін Оппозиция болады.