Керей конфедерациясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 18:13, реферат

Описание

Ғалымдардың айтуы бойынша олардың негізгі Еке-Төре және Ұлы құқық кодекстері болған.Керейлер мен наймандардың әлеметтік-саяси дамуы бір деңгейде жүріп жатты.Олар,хан руының басқаруымен барлық этносты қамтыған және ру-тайпалық институттардан жоғары тұрған дербес мемлекетік ұлыстарды құрды. «Ұлыс» атауы сол кезде «халық» деген сөзді білдіретін.Әрбір ұлыстың ханмен басқарылатын аумағы болды және сондағы маңызды учаскелер қатаң қорғалып отырды.Хандықтардың жеке жаздықтар мен қысқы жайылымдары болды.Ұлыстарда ханның тағайындаған әскерлерінен ,жасақтардан құрылған басқару аппараты қызмет етті.

Содержание

1.Керей –көне тайпалар
2.Керейлердің шығу тегі туралы деректер
3.Керей мемлекетінің қалыптасу тарихы
4.Керейлер моңғол шапқыншылығы кезінде
5.Керей мемлекетінің рулық құрамы
6.Құқық негіздері
7.Керей мемлекетінің билеушілері
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

Керей.doc

— 110.50 Кб (Скачать документ)

Л.Н.Гумилев  атындағы Еуразия ұлттық универсиеті

 

 

 

 

СӨЖ

Тақырыбы:Керей конфедерациясы

 

 

 

 

 

 

Орындаған:Нәбиолла А.Ж

Тексерген:Ибрагимов  Ж.Ж

 

Астана-2013

 

Мақсаты

Бұл өзіндік  жұмысты орындау барысында алдыма қойған мақсаттарым:

1.Түркі халықтары   арасындағы құқық  институттарының дамуы мен мемлекеттің нығаюында керей тайпаларының рөлін анықтау

2.Жалпы қазақтың  ұлт болып қалыптасуында керей тайпаларының үлесін көрсету

3.Керей мемлекетінің шежіресіне шолу жасап,қоғамдық құрылысындағы ерекшеліктерді зерделеу

4.Моңғол шапқыншылығына ұшыраған керей хандығының саяси басқару құрылымының өзгерісіне сипаттама беру

5.Қоғамдық саяси  құрылымын, жалпы құқық  жүйесін  шолу 
ЖОСПАР

1.Керей –көне   тайпалар

2.Керейлердің  шығу тегі туралы деректер

3.Керей мемлекетінің  қалыптасу  тарихы

4.Керейлер моңғол  шапқыншылығы кезінде

5.Керей мемлекетінің  рулық құрамы

6.Құқық негіздері

7.Керей мемлекетінің  билеушілері

 

Негізгі ұғымдар: кәдулігі хұқ низамы , хан қосыны ,ұлыс,мөрлер,керей конфедерациясы,ванхан атағы,керейіттер,несториян тармағы,кейре,Керлін, Керулен, Ашамай таңбасы, Керейлер керуені  
Керейлер-көне тайпалар

Керей (карайлар) — қазақ құрамындағы көне тайпалардың бірі – Керей елінің де тарих көшінде белгілі бола бастаған кездеріндегі ғұмыр кешкен ата жұрты – сонау замандарда бірсыпыра түрік халықтарының қасиетті қонысы атанып, ғажайып ата жазу мұрағаттарымыз мәңгілікке қашалып, жазылып қалған, қазіргі моңғол даласы және оған іргелес жатқан байтақ аймақты қамтитын құтты мекеннің бір тұсы – Орхон, Оңғын, Керулен, Селеңге, Арғұн өзендерінің құйқалы алқабы еді.Керей конфедерациясының құрамы біркелкі болмады.Ол түрік тілдес және моңғол тілдес тайпалардан,құрамдардан тұрды. Кей мемлекеттер бойынша Х ғасырда керейлер саны 200 мыңға жуық болған.

Ұраны

Ошыбай, Абақ, Жәнібек, Сартоқай

Лақап атауы

Керейт

Шығу  тегі

Байқұтанның баласы, Уақтыңінісі

Жүзі

Орта жүз

Бөлімдері

Ашамайлы, Абақ

Тараулары

Ашамайлы: Шыңойлы,Байталақ,Барқым. Абақ:Сарбас, 

Жәдік, Меркіт,Жәнтекей, Ителі, Молқы,

Шұбарайғыр, Жастабан, Көнсадақ,Шимойын,

Қыстаулары

Алтай тауының  солтүстігінен басқа бөліктері, Сырдарияның

 төменгі  бөлігі, Солт Қазақстан, Ертіс өзенінің алабы

Жайлаулары

Алтай тауының солтүстігінен басқа бөліктері, Сырдарияның

 төменгі  бөлігі, СолтҚазақстан, Ертіс өзенінің алабы


 

КЕРЕЙЛЕРДІҢ ШЫҒУ ТЕГІ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР

Керей атауының шығуы туралы әртүрлі пікірлер қалыптасқан.Керейлер туралы ертедегі мәліметтер Х ғасырдың  басында шығады да,Цзубу орталық топтың тайпаларымен байланысты болады. Бірақ солардың арасында Орхон-енесай жазуларының білгір зерттеушісі, жазушы Қаржаубай Сартқожаұлының апталығымызға ұсынған қолжазбасындағы Керлін (Керулен) өзені және ол өз басын алатын Кентау тауына қатысты пікірі көңілге қонымды көрінеді. Онда қазақ ғалымы Қаржаубай Сартқожаұлы көне түрік жазуларында (Мойыншор ескерткіші, VIII ғасырдағы) бұл қоныс жер аты «Кейре» түрінде көрініс бергендігін айтады. Ал Керлін алқабы жөнінде Қаржаубай Сартқожаұлы ағамыз ежелден керейлердің түп-тегі деп топшылайды. Тоғыз байырқулар қоныстанып келе жатқан төл мекен. Олар бірде «тоғыз байырқу», бірде «тоғыз оғұз», бірде «тоғыз керейлік» деп атала жүріп, ғасырлар өте келе ,өзіндік жеке алдына «керейлер» боп өзгерген секілді. Бұл бағамдау бойынша Керей шежіресінде бұрыннан айтылып жүретін өзен атына қатысты әңгіме сарынын да пысықтағандай болады. Қытайда тұратын қазақ оқымыстыларының кейінгі кездерде бірсыпыра көне қытай жазбаларын қазақша сөйлете бастауы халқымыздың тарихына қатысты көптеген құнды деректерге жолықтырғанын бұрын да айтқан едік. Сол жазбалар ішінде керей атауына да қатысты сәттер,құнды мағлұматтар кездеседі. Мәселен айта кетсем, «Сүй патшалығының тарихында» Шеп тайпасының көсемі Керін Еркіннің Шығыс Түрік қағандығының үстемдігіне қарсы шыққаны туралы дерек көзі бар. «Таң патшалығының көне тарихы» жазбасында сол Керіннің баласы Хылейдің де қаған болғандығы айтылады. Яғни осылардағы Керін мен Хылей «Керей» деген атау болуы да мүмкін деген топшылау ортаға тартылады. Аудармашылар бұл жазбалардан Шеп тайпасымен бірге Сеп, Байлау, Қойлау секілді тайпалар атауының да ізін бағамдағандай болды. Бір қызығы, Алтай аймағыгда ХІХ ғасырда ғұмыр кешкен керей Мәмидің шежіресінде де осыған үндесетін тұстар бар. Ол шежіреде Керей ұлысының арғы тегі -Шеп, Сеп, Байлау, Қойлау, Елдей, Көлдей, Изен, Жусан секілді тайпалардан таралады деп топшыланған.. Бұлардың Шеп, Сеп тайпаларынан басқасының бәрі қазіргі уақытта Керей-Уақ шежіресінде кездесетін ата-тектер(тайпалар)... Академик Ә.Марғұлан керейлер мен үңгіттердің (уақтардың, онгуд) моңғол дәуіріне дейін(монғол шапқыншылығына ) мәдениеті күті әрі жоғары болғаны, көне түрк жазуларын пайдаланғандығы жөнінде өзінің «Таңбалы тас жазуы» еңбегінде былай деген болатын: «Алтай, Жоңғар даласында, Енесайда орхон жазуы бар құлпытастар жиі кездеседі. Олардың көбін жазған керей мен үңгіт тайпалары болатын. Моңғол дәуіріне дейін (монғол шапқыншылығынан бұрын) бұлар және наймандар тегіс несториан дінін қабыл еткен елдер. Бұл әсіресе олардың зерттеулер барсыныда табылған крест таңбасынан ашық көрінеді.Монғолдардың шапқыншылығынан кейін елде ислам діні қабылдана бастады.Бірақ,   бұл таңба қазақ керейлерінде осы күнге дейін сақталған. Мұндай керей тайпаларының крест таңбасы бар құлпытастар (орхон жазулы) Енесай даласында көп...» Шыңғыс хан заманы туралы теңдесі жоқ жылнама түзіп кеткен Рәшид-әд-Дин еңбегінен біз сол кезеңдерде Керей мемлекетінің құрамында Керейт, Қырқын, Қоңқайт (Тоңқат), Сақайт, Тобаут, Албат, Қарақин секілді тайпалар болғанын білеміз. Бұлардағы сөз соңындағы «т» әрпі әдетте көптік жалғауды білдіреді. М.Тынышбайұлы осындағы Сақайттан бүгінгі сақаларды (якуттарды), тубауттардан туба жұрттарының атауын көріп, оларды бір кездегі ірі Керей мемлекетінен бөлшектенген елдер болуы кәміл деген болжамды ортаға тартады. Бұл пікірді профессор С.Аманжоловтың «Тоңқатты» тубалардың құрамындағы «Тоңқат», Орхон-Енесай жазбаларында «Құрыққан» түрінде кездесетін «Қарақинді» якуттың қазіргі «Құрыққан» тайпасымен байланыстыруы одан әрі дамытады.

КЕРЕЙ  МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ

 Ал Керей  мемлекетінің кезінде ірі де  айбынды ел болғанына тарихта  дәлел жеткілікті.Керейлердің батыс жағында -наймандармен, ,солтүстік шекарасында –меркіттер,шығысында-татарлармен,а оңтүстік шекарасында тангуттар мекендеді.Керей тайпалары басшылары отыратын ордасы,солтүстікте Орхон өзеніндегі Хотун балық қаласында,ал оңтүстікте  Хуанхе өзенінің иреңдерінде орналасқан.Орхон жерлері суда жолдарында орналасқандықтан,о пайдалы географиялық жер болып,миссионерлер мен шектес  және алыс елдерден  келген  көпестердің шоғырлану аймағына айналды.1007 жылы керейлер наймандармен бірігіп,христиан дінін қабылдайды.Керейлер сол кездері ұйғыр ықпалында болған тәрізді.ХІІ ғасырдың  екінші жартысында Тоғрұл ханның тұсында Керейттер ұлысы  солтүстікте-Селенганың жоғарғы бойынан оңтүстікте-Хуанхеге дейінгі,батыста-Ханғай тауынан,Шығыста-Халқин Голге дейінгі жерлерді еркін жайлаған және сол кезде керейлер наймандармен,қаңлылармен,ұйғырлармен,моңғолдармен,қара қытайлармен, таңғұттармен саяси және этномәдени  тығыз байланысты болды. Тоғрұл ханның  сәнді сәнді хан сарайында дала тайпаларының келешек билеушілері мен  мен көсемдері тәрбиеленіп,сонымен қатар Тимучин ,Жамұха ,саяси және дипломаиялық өмірге араласып отырды.Керейлер билеушісі Тоғрұл хан сарай қызметіне қаңлы ақсүйектерінің өкілдерін кеңінен тартқан.Кей фактілерге қарап,керейлер мен қаңлылар арасында генетикалық байланыс болған-ау деп қаласың.Керейлердің әлеуметтік-саяси дамуы бойынша дербес мемлекеттік құрылым-ұстар болып ұйымдасқан,ал ұлыстар  хан әулеті басқарған  этносқа біріккен.Әр ұлыстың өз территориясы болған.Оның шекарасының ең маңызды жерлері күзетке алынып отырған.Ұлыстарда хан қосынының басқару органдары,әскері мен жасауыл бар басқару аппараты жұмыс істеген.Керей мемлекетінде хан қосыны айрықша орын алған,ол ханның дүние-мүліктері мен әскерді басқарып отырған.Оларда кәдулігі хұқ низамы қолданылған.Алым –салық жинау,қызмет адамдарын тағайындау барысында мөр басылатын болған.Моңғол билігіне дейін Керейді Марғұзған, Құршақұз, Бұйрық, Гөрхан, Уаң хан сияқты хандар билеген. Уаңның өз аты Торы (Тұғырыл) болған. Ол өз кезінде Қытайдың Алтан ұлысына татар тайпаларын жеңуге көмектескені үшін қытай әміршісінен Уаң хан (бір елдің ханы) лауазымын алған. Уаң ханның (Он ханның) осы есімі кезінде керейлердің несториан дінін ұстағанына қатысты Еуропаға «керейлердің королі Иоан поп» деген атаумен де жеткен екен.

 

КЕ

1190-1206 жылдары  керейлердің моңғолдармен соғысы кезеңінде Орта Азиядан  Қазақстан аумағына  наймандар мен керейлердің  талқандатылған  топтары келе бастады.Олардың жарты бөлігі моңғолдарға бағынып,Шығыс Қазақстанда қалып қойды да,ал қалған жартысы  Жетісудан ары қарай Батыста қалыптасып келе жатқан  көптеген түркі халқының  құрамына,,сонымен қатар  қазақ халқы құрамына қосылып кетті.1211 жылы наймандар көшбасшысы Күшлік хан қарақытайларды жаулап алып,Жетісуда өз билігін жүргізе бастады.Наймандар Орта жүздің рулық құрамына кірді. Ал керейлердің жартысы Солтүстік Қазақстан қалып,олар да «керей»атымен  орта жүздің  құрамына кірді.Шыңғыс хан моңғол жұрттарының басын құрап, жас мемлекетінің шаңырағын алғаш көтерген кезде, ол өз әкесінің анда-досы Уаң ханның көмегіне арқа сүйеген болатын. Онымен бірге наймандарға қарсы соғысқа моңғол әскерімен бірге қатысты. Алайда кейін көп ұзамай Шыңғыс әскері мен Уаң хан арасында алауыздық туып, оның ақыры Шыңғыс ханның Керей мемлекетін жойып жіберуіне әкеліп соқты. Осы аласапыраннан кейін керейлердің бір бөлігі қонсылас наймандарға ығысып, Батыс Алтай мен Зайсан, Ертіс алқабына ауды. Ал атажұртта қалған бөлігі Шыңғыс хан қарауына өтіп, кейін жаулап алынған найман, меркіттермен бірге оның жорығына қатысып, Шыңғыс ханның жер қайысқан қолының басты күштерінің біріне айналды. Тарихшылар бүгінде Қазақстанның теріскейін жайлаған керейлер сол Керей мемлекеті күйрегеннен кейін Ертісті бойлап солтүстікке қарай ығысқан бөліктен тараған ұрпақтар екенін айтады. Олар туралы «Сібір жылнамаларында» бірқыдыру деректер бар. Ол бойынша Уаң ханның Тайбұға деген тұқымы Шыңғыстың әмірімен Ертіс, Өб бойындағы жұрттарды бағындырған әскерге басшы болып, кейіннен сол жерлерді Моңғол империясы ханының рұқсатымен өз иелігіне алған. Бұл жерде Шыңғыс ханның байтақ империясының теріскей шетіне әуелден аралас-құралас, құдандалы хан ордасының мұрагерін қою арқылы, олармен қайтадан дұрыс қарым-қатынас орнатуға құлықты болғанын көреміз. Әрі оның бұл орайда Уаң хан ұрпағының өз атамекендерінен жырақтай бергенін де мақұл көргені анық. Тайбұға Ібір-Сібір аймағын өз иелігіне алғаннан кейін Тобылдың бір сағасы Тұра өзеніне Төмен өзені құяр тұсқа Шыңғы (Шымға) деген қала салады (ол қазіргі Төмен қаласының іргесі). Тайбұға тұқымы бұл өңірде 15-ғасырдың соңғы ширегіне дейін билік жүргізді. Шайбан әулетінен шыққан Махмұд ханның баласы, Қажы Мұхаммед ханның немересі, Дешті Қыпшақ даоласын қазақ хандары билеуіне байланысты шеттетіліп қалғасын Ібір-Сібірге жеткен Ибақ хан (Абақ хан) сол кезде Сібір бегі болып отырған Марды екі ұлымен қоса өлтіріп, тағына отырды. Арада көп ұзаммай Тайбұға ұрпағы оны өлтіріп, билікті өз қолдарына қайта алады. Алайда тағы жетпіс жылдай уақыт өткенде, бұл кезде Сібір хандығы аталған мемлекет басына Ибақ ханның немересі Көшім хан келеді. Ол бүкіл Тайбұға әулетін қылыш астынан өткізіп қырғынға ұшыратты. Дегенмен, сол қасаптан Сейтек деген бір бала аман қалып, ол 16-ғасырдың соңғы ширегінде Сібір хандығының билігіне қайта оралғанымен, бектің ғұмыры қысқа болады. Жошы әулетінің бір ұрпағы Ораз-Мұхаммед сұлтан, Қадырғали би Жалаиримен бірге саясатта жүргенде, оларды Сібірді дендеп жаулай бастаған орыс әскері опасыздықпен алдап тұтқынға түсіріп, Мәскеуге жөнелтті... XVII ғасырда Ресейдің ашкөз отаршылдығының күшейе түсуі Тобыл, Тұра, Өб бойын жайлаған керейлердің Солтүстік Қазақстан өңіріне қарай қоныс аударуына мәжбүр етті. М.Тынышбайұлы керейлердің Шыңғыс ханға мойынсұнбаған бір бөлігі меркіттермен бірге Торғай даласына дейін ығысқан еді, бүгіндері Кіші жүздің Жетіруы құрамында Керейт тайпасы сол босқындардың ұрпағы болуы кәміл дегенді айтады. Ақсақ Темір жорықтары туралы жазбалардан сол кезде Керейлердің Қара Ертістен Алакөлге дейінгі аймақты мекендегенін де көреміз. Тарихтан жоңғарлардың XV ғасырдың басынан қуатты күшке айнала бастағаны белгілі. Осы шамада олар Балқаш, Алакөл аймағындағы керейлерді қатты бір соққыға душар етіп, жан-жаққа тағы ыдыратып жібергенге ұқсайды. Керейлердің бір тобы XV ғасырдың аяғы мен 16-ғасырдың басында Жошы тұқымы – Мауереннахр мен Хорасанда билік жүргізген Мұхаммед Шайбани ханның жорықтарына да қатысқан.

КЕРЕЙ МЕМЛЕКЕТІНІҢ РУЛЫҚ ҚҰРАМЫ

Өз тарихында  қилы-қилы дәуірлер мен аласапыран замандарды бастан өткерген көне Керей  елі кейіннен қазақ халқын құрауға  атсалысқан белді тайпалардың біріне айналды. Керейлер сондай-ақ өзбек халқының құрамында да бар. Кенегес тайпасының екі рулы Абақлы мен Ашамайлы деп аталады. Ол Қарақалпақтың Қоңырат деген үлкен арысына енетін рулардың да бірінің аты. Керей рулары тубалардың, Қырым татарларының, башқұрттардың да құрамында кездеседі. Дені қазақ ішінде қалған Керей елі қария сөздер бойынша Абақ және Ашамайлы болып екіге бөлінеді. Қазақ шежіресіндегі бұл ру аттарының шығу тегін тергеген тұстарына үңілсек, Абақты Керейдің Ақылбай атты ұрпағының бәйбішесінің аты еді деген түсіндірмеге жолығамыз. Оның есімі әуелі Аппақ екен, келе-келе Абаққа айналған. Қазір «12 ата Абақ» деп жүрген бірлестік әу баста сол Абақ бәйбішенің өзі тәрбиелеген он екі немересінен өрбіген делінеді. Ал Ашамайлының әуелгі аты Ғали екен (енді бір шежіреде Ақберді), әкесі ашамайға мінгізіп барып келіншек алып бергендіктен Ашамайлы атаныпты делінеді. Шежіреде Абақты Ашаммайлыдан әкеліп тарқататын нұсқалар да бар. Зерттеушілер бұл ру аттарын олардың таңбаларына қатысты өрбіген атау болуы керек деген пікірге ден қояды. Ашамай – қазақ тілінің түсіндірме сөздігі бойынша «балаға арналып, екі қасының жоғарғы ұшы айқастырылып жасалған ер». Ру таңбасындағы «Х» әрпіне ұқсас белгі соны көрсетеді. Ал «абақ» - қасқыр, түлкі секілді аңдарды ұстауға арналған көне құралдың аты. Ол аң сиятындай екі бөліктен тұрады. Аң ішкі бөлікте жатқан етке ұмтылып кірген кезде, жоғары қарай көтеріліп тұрған сырғыма есік сарт етіп төмен түсіп жабылып қалады (Қ.Салғарұлы). осы «абақ» сөзінен түрме мағынасын білдіретін «абақты» сөзі шыққан. Сондай-ақ ғалымдар арасында «ашамай» таңбаны керейлердің баяғыдан несториан дінін ұстанған кезінен қалған бір белгі деп – «крест» таңбасынан, ал «абақ» сөзін түрк-моңғол тілдеріндегі «қандас туыстар одағы» деген мағынаны білдіретін – «обақ», «обох» сөздерінен тарқататын топшылаулар да бар. Керей еліне қатысты ата-тек мәліметтерінің бірсыпырасы Сегіз сері Баһрамұлының шежіресінде жинақталған. Бүгіндері Қазақстан Республикасы ғылым академиясының қолжазба қорында сақталған бұл шежірені әу баста XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың басында ғұмыр кешкен көшебе Дәулен батыр Таузарұлы жинастырған екен. Одан кейін оны баласы Толыбай, немере туысы Шәукер мырза, ұрпақтары Шақшақ би сияқты біраз сауатты кісілер толықтырған. Олардан Сегіз сері жазып алып, кейінгі ізбасарларының дамытуымен бізге жеткен Абақ керейдің қоныстанған мекен тұрағы Алтай айналасы, Моңғолияда Қобда өлкесі, Баян-Өлке аймағы, Қытайда Қаба өзені, Қара Ертістің басы, Сауыр тауының күңгейі, Үліңгір көлі маңайы. Олардың қалың ұйысқан жерлері шетте болғандықтан, біз Абақ керей туралы толық шежірелік мәліметтерде ілкіде мұқтаждық көріп отырған едік. Алайда Моңғолияда тұратын авторымыз Қ.Сартқожаұлы Баян-Өлкеде 1991 жылы басылып шыққан Абақ керей шежіресін ала келіп, біраз жыртығымызды жамап кетті. Бүгінгі тізбе-кесте де Р.Шынай деген азамат құрастырған осы жинақтағы және бұрыннан да қолда бар моңғолиялық қазақ ғалымы И.Қабышұлының «Керейлер керуені» атты кітабындағы мәліметтер негізінде жасалды. Абақ шежіресін кестеге түсіру үстінде біз Шәкерім қажаның он екі ата Абақты – Жәнтекей, Жәдік, Жастабан, Шұбарайғыр, Шеруші, Ителі, Итемген, Молқы, Меркіт, Сарбас, Қарақас, Көнсадақ деп бөлгені дұрыс болуы керек деген ойға келдік. Біраз мәліметтерде он екі атаның бірі – Шимойын руы деп аталып жатады. Алайда тізбелеу үстінде біз Шимойын Абақтан емес, Ашамайлының Сибанынан тарайтын деп айтуының да бекер еместігіне ден қойған едік. Сегіз сеті шежіресі оны Балғанның Сибаына жатқызады. Осы соңғы шежіреде 19-ғасырдың басында Керей, Уақтың басым көпшілігі орыстан үркіп Алтай, Шәуешекке көшкенде, Шимойын керейлердің едәуір бөлігі солармен бірге өткені айтылады. Демек, Шимойынның Абаққа, Ашамайлыға да қатысы бар болуының бір төркіні осында. Қалың Абақтың арасында тұрғаннан кейін ол бірте-бірте сол қауымдастықтың бір баласы секілді болып кеткен. Алайда ата-текті тарқатқан шежіре желісіне сыналап кіре алмаған. Абақ керейдің қрамындағы Меркіт руы – ілгерідегі көне Меркіт тайпасынан жеткен бір сынық. Меркіт елі туралы алғашқы мәліметтер Қытайды билеген Лияу әулетінің жазба жылнамаларында бар. Рәшид-әд-Дин жылнамасынан оның ұдайы моңғол жұртымен, әсіресе Шыңғыс ханмен көп жауласқан тайпа болғанын көреміз. Олар бірде жас Темүжинді тұтқынға алса, енді бірде бәйбішесі Бөртені тартып алып кетеді. Темүжин араға керейдің Уаң ханын салып жүріп, бәйбішесін әзер қайтарып алады. Сол жолы Бөрте үйіне қайтып келе жатқанда, жолшыбай тұңғышы Жошыны босанады. Ол кезе меркіттердің көсемі Тоқтабек деген адам екен. Оның алты ұлы болыпты. Жылнамада сол алтауының тұңғышы Тоғыздың керейлермен соғыс кезінде, қалғандарының Шыңғыс ханмен өткен әлденеше шайқастарда көз жұмғаны айтылады. Жауынгер, бүлікшіл меркіт жұрты Шыңғыс ханға әлденеше рет қарсы көтерілген алайда бұның түбі олардың түгел дерлік қрып кетуіне де әкеп соққан еді. Шыңғыс хан меркіттердің «арба дөңгелегінен бойы асқандарының бәрін қыруға» жарлық берген екен деген деректер де бар. Меркіттердің аман қалған аз тобы керейлерге қосылып, кейін олардың бір атасы ретінде сіңісіп кетті.

Құқық негіздері

Ғалымдардың айтуы бойынша олардың негізгі Еке-Төре және Ұлы құқық кодекстері болған.Керейлер мен наймандардың әлеметтік-саяси дамуы бір деңгейде жүріп жатты.Олар,хан руының басқаруымен барлық этносты қамтыған және ру-тайпалық институттардан жоғары тұрған дербес мемлекетік ұлыстарды құрды. «Ұлыс» атауы сол кезде «халық» деген сөзді білдіретін.Әрбір ұлыстың ханмен басқарылатын аумағы болды және сондағы маңызды учаскелер қатаң қорғалып отырды.Хандықтардың жеке жаздықтар мен қысқы жайылымдары болды.Ұлыстарда ханның  тағайындаған әскерлерінен ,жасақтардан құрылған басқару аппараты қызмет етті.Керейлерде ерекше орынды хан ордасы алды.Ол ханның  мүлігі мен әскерінің жұмысын жүргізіп отырды.Керейлердің қоғамдық қатынастары  әдеттегі құқық нормаларымен реттелінді.Хандықтарда ұйғыр тілде жүргізілген іс жүргізу  жұмысы кеңінен таралған.Құжаттар  мөрлермен бекітілген.Қоғамның ақсүйектер бөлігінің  қызметі,әдеттегідей мұрагерлікпен жүргізіліп отырды.Керейлер мен наймандардың христиандыққа берілуі,олардың саяси-құқықтық,әлеуметтік және мәдени дамуын жоғары деңгейде екендігін көрсетеді.Туыстық тайпалардың әлеуметік нығаюы мен бөліну процесі ертефеодалдық мемлекеттер ,керей мен найман ұлыстарының пайда болуыммен аяқталды.

[Керей мемлекетінің билеушілері


  • Маргуз (Марк) I (1007 жылға жақын)
  • Уба (Увар)
  • Маргуз II (1092 жылдан кейін)
  • Маргуз (III) Буюрук-хан (жуық шамамен 1125—1150)
  • Хурджакус (Кириакос немесе Григорий) Бұйрық-хан (1150 жылдардың басы 1171)
  • Уаң-хан (Тұғырыл хан) (1171—1196, 1198—1203)
  • (Ерке-Қара (1196—1198

ҰСЫНЫЛАТЫН  ӘДЕБИЕТТЕР

1.Қазақстан тарихы  көне заманнан бүгінге дейін(Очерк)  Алматы «Дәуір» баспасы 1994 жыл

2.Қазақстан Республикасының  саяси-құқықтық тарихы,Ғаппар Маймақов  Алматы «Ғылым» 2000 жыл

3.Қазақстан тарихы,Мусин Чапай,Алматы-2008 жыл

4.Қазақстан Республикасының мемлекет  және құқық тарихы ,Л.М.Сатанова Алматы -2010

5.Политико-Правовая история  Республики  Казахстан Часть І,Абайдельдинов Е.М. Алматы «Дәнекер»2002 жыл

6.История Государства и права   Республики  Казахстан 2-ое издание,Еркин Абиль,ИКФ «Фолиант» Астана -2001 жыл

7.Қазақстан тарихы Г.В. Кан,  Н.У.Шаяхметов,Алматыкітап баспасы  2009 жыл

 

 


Информация о работе Керей конфедерациясы