Көркемдегіш құралдардың пайдалану орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 18:41, доклад

Описание

Өнер алды – қызыл тіл» деп мақалдап өткен қазақ ақындары, жазушылары осы күнге дейін қазақ поэзиясында биік орын алады. Солардың бірі Ахмет Байтұрсынұлы. Өз заманының ағысына қарсы тұра білген қайраткер. Қазақ халқының рухани көсемі болып, болашақтың жарық, тыныш, көк аспан астында өмір сүруіне өзінің ақылын арқау еткен. Өз достарының алды бола білген Ахмет өткір, алмас қылыштай адамның ойын осып өтетін сөздерімен өлең арқылы ой-сезімін білдірген. Қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да аямаған. Қарусыз-ақ сөзбен адам өлтіретін Ахмет қазақ елінің келешегін тәуелсіздікке жетелеген халықтың рухани жетекшісі. Халық үшін, халықтың мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет еткен.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word (7).doc

— 63.50 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

Өнер  алды – қызыл тіл» деп мақалдап өткен қазақ ақындары, жазушылары осы күнге дейін қазақ поэзиясында  биік орын алады. Солардың бірі Ахмет  Байтұрсынұлы. Өз заманының ағысына  қарсы тұра білген қайраткер. Қазақ  халқының рухани көсемі болып, болашақтың жарық, тыныш, көк аспан астында өмір сүруіне өзінің ақылын арқау еткен. Өз достарының алды бола білген Ахмет өткір, алмас қылыштай адамның ойын осып өтетін сөздерімен өлең арқылы ой-сезімін білдірген. Қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да аямаған. Қарусыз-ақ сөзбен адам өлтіретін Ахмет қазақ елінің келешегін тәуелсіздікке жетелеген халықтың рухани жетекшісі. Халық үшін, халықтың мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет еткен.

Ең алғаш қазақ тілінде әліппе кітабын жинақтаған Ахмет еді. Қазақ балалары көзі ашық, сауатты азамат болып шығуға септігін тигізген. Қазақ тіліндегі әліп-би осы сөздердің бәріне дәлел. Тек қана кітап жазумен тоқтамаған Ахмет, орыстың белгілі жазушыларының белгілі жазушыларының белгілі еңбектерін ана тілімізге аударып, өзінің халыққа, шамшырақ екенін дәлелдеп өткен. Халықтың білімді болуына, сауатын ашуға көп көмек көрсеткен. Бұрынғы қарапайым қара сөздерді жаңғыртып, халық санасына қалыптастыру басты мақсаттарының бірі. Көкейіндегі түйілген ойды ана тіліндегі асыл, ұтқыр сөздермен жеткізе білген. Өлеңдеріндегі сөздердің өзі адам көңіліне талпыныс, алға қарай жол бастап, көш артында қалып қоймауға себепші болған. Қазақ тілін болашақ ұрпақтарға дамыта түскен қалпында, басқа тілдерден биігірек ұстап, тазалығын сақтауға демеу болды. Қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танудағы қызметі қазіргі мектептерде қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Ахмет қалыптастырған әдеби-теориялық терминдер осы күнге дейін өмірін жалғастыруда. Бұның бәрін әдебиетші Ахметтің қымбат, алтын, гауһардай асыл сөздері мен тәлім- тәрбиеге толы, адамдық қасиеттерді сипаттап жазған өлеңдері бәрі- бәрі болашақ ұрпаққа келешегіне керек, нұсқау болатын түзу жол емес пе?! Қазақ тілін әсем сөздермен әшекейлей білген Ахмет өз еңбектерімен басқа да елдерге танымал бола білді. Өзі де басқа халық ақындары мен жазушыларының жақсы деген өлеңдері мен мысалдарын өз ана тілімізге аударып кетті. Артына өшпес із қалдырды. 
Ахмет қазақ әліпбиінің атасы, түркі тілтану ғылымының ағартушысы. Ахметтің мұрағаты жаңа уақыт, жаңа заманға, халқына қызмет етуде. Ахметтің ілімдері — әлі зерттелетін үлкен ғылым. Ахмет Байтұрсыновтың ұлтым деп соққан жүрегі, үлгі-өнегесі — қазіргі жаңа заманға өте керек.

 

дейді де, сөз ұғар, көңіл көзі сергек қауым алдына нелер келеңсіз көріністер сырын ашады.ұлы ұстазы Абайша ол «Салынып дауға, сатылып жауға» аянған болыстықты, аңқау адамдарды алдап, мал жинап, кәсіп етіп жүрген арамза молдаларды, халық бойындағы енжарлық, бейқамдық мінездерді сынға алады. «Ұйқышыл жұртты, түксиген мұртты, обыр обып, сорып тұр» - «Түн етіп күнін оятқызбай қорып тұр» - ақын ойынша мұндай озбырлық, үстемдік ету үшін жүргізіліп отырған саясаттың нәтижесі. Соның бәрін көріп толғанған ақын: 

 

Ұлғайып қайғы,

Уытын жайды,

Айтпасыма болмады.

Қабағын түйіп,

Қаһарын жиып,

Көкті бұлт торлады.

Жаңбыр жаумай, жауса қар,

Жұрт жұтайтын түрі бар, -

деген ойлы тұжырым жасайды.

А. Байтұрсынов қазақ ауылындағы әлеуметтік теңсіздіктің, таптық шиеленіс-қақтығыстардың себеп-салдарына терең бойлай алмаса да, еңбекші халыққа, олардың ауыр халіне көңіл бөліп, аяушылық сезім білдіреді, ауыр халге төзіп, көніп үндемей жүре бермей, адамдық қасиеті қорғауды қалайды. Бұл оның демократтық, гуманистік көзқарастарға бейімдігін аңғартады. «Адамдық диқаншысы» деген өлеңінде ол өмір бойы бейнетке, қорлыққа үндемей шыдап, жасып жаншылып кеткен адамдарды көріп, жаны ашиды, олар сергектеу болса, адамдыққа ұмтылса, үндемей жүре бермесе, алдағандарға алданбаса, таяққа еті үйреніп жүнжіп кетпес еді деп ойлайды, алардың намысына тиерлік ащы сөздер айтады.

Елдің ауыр халін аз да болса жеңілдету жолдары туралы ойланғанда Ахмет бұрын қалыптасып дамыған ағартушылықтың мақсат-мұраты арнасында ой өрбітеді, ұйқыдан оянып, білім-ғылымға ұмтылу қажеттігін, оянған ерге еру керектігін еске салады. Оның:  

 

Оянған ерге 
ұмтылған жерде

Еруші азда, серік кем.

Қас білген досты,

Дос білген қасты,

Мұндай елді көріп пе ең?

Қыс ішінде бірер қаз

Келгенменен, қайда жаз?! – 

 

деген өлең жолдары ел ішіндегі азын-аулақ зиялы азаматтар сөзіне құлақ қоюдың аздығына күйінуден туған. Ақын өлеңдерінің шығарылған жылдары нақты қойылмауы, әрине, оның творчестволық ой жүйесінің эволюциясын анықтауды қиындатады. Дегенмен, «Маса» өлеңдер жинағы 1911 жылы басылғанына сүйеніп, сонда жарияланған туындылар содан бұрынғы жылдары жазылғанын, Ахмет Байтұрсыновтың ел күйін өзгертудің ағартушылық жолдан басқа бір арнасын іздеп, сезіне бастағанын байқаймыз. Ол ізденіс 1905-1907 жылдар уақиғаларына, революциялық дүмпулердің қазақ жерлерін де шарпуына байланысты қалыптаса бастаған деуге болады. Мысалы, «Бақ» деген өлеңінде ақын:  

 

Бұлттар басып жасырған,

Жаңа түсіп басылған,

Таң шапағы сөніп тұр;

Жаңаланған өмірден

Жаңа шығып көрінген

Гүл қамауда семіп тұр, - 

 

дейді. Мұндағы «жаңа түсіп басылған», «таң шапағы», «жаңа шығып көрінген, гүл қамауда семіп тұр» - деген көркемдік компоненттер, символдық бейнелер замана бағытына жаңа ғасыр көгіндегі көрініс-құбылыстар әкелген бағыт-бағдар әсерлерінен туғаны байқалады. Ағартушылық баққа жетудің қиындығын ол тез түсінеді. Алайда, ақын түңілген емес, ізденуден, үміттенуден, ұмтылудан жалықпайды: 

 

Үміт сүрер жыраққа,

Жетесің деп мұратқа,

Талықсам да ізденіп,

Қашан көңіл жасарар?

Арқа басың босанар

Рахатты жаз келіп?

Қашан жанып шам-шырақ,

Сәуле беріп жарқырап,

Болар жарық төрт тарап?

Қашан маған іздеген

Күліп жылы жүзбенен

Болар серік бақ қарап? -

деп армандайды ол. Бұл тамаша өрнектер тек бір ақынның жай-күйі ғана емес, Октябрь алдындағы қазақ  қоғамының рухани ізденістерінің белгісі, алда жанар шам-шырақты армандап күту, аңсау әрі сену сарыны. Мұның негізінде қазақ қоғамының тынымсыз рухани ізденістері, мүддесі, кейінгі революциялық толқындарға, өзгерістерге жылдам ілесуіне себеп болған таза оптимизм жатыр.

«Маса» жинағының көркемдік  арсеналында талай эпитеттер, теңеулер, шендестірулер, инверсиялар, мақал-мәтелдер бар. Мысалы, теңсіздік, озбырлық, әділетсіздік, әрекетсіздік, надандық жайғасқан жайды ақын, көбіне «түн», «түнерген төбемізден бұлт арылмай», «қасірет», «өртке душар болып», «не қалды тәнімізде шарпылмаған», «алалық алты бақан дертпен кірдік» деп бейнелейді. Айтайын деген ойын ақын көркемдеп жеткізуге, бейнелі сөз табуға шебер. «Досыма хат» өлеңі түгелімен осындай бейнелі сөздерден, теңеумен шендестіруден, антитеза мен синекдохадан тұрады: 

 

Қырағы қия жазбас, сұңқарым-ай!

Қажымас қашық жолға, тұлпарым-ай!

Үйілген өлексені өрге сүйреп,

Шығармақ қыр басына, іңкәрім-ай!

Жарқырап  жақсылықтың таңы атпай тұр,

Түнерген  төбемізден бұлт арылмай.

Көк атты, көн терілі, көніп қалған,

Сықса да шыдай беру – жұрт жарылмай. 

 

Бұл жолдарда қазақтың көркемдік ой жүйесінде қалыптасқан өрнектер ақынның өзіндік ізденістерімен астаса қиюласқан. Айталық, «қырағы қия жазбас сұңқарым-ай, қажымас қашық жолға тұлпарым-ай» деген метафоралық өрнектер бұрышынан көркемдік арсеналда бар болса «өлігін өлексенің өрге сүйреп, шығармақ қыр басына іңкәрім-ай» ақын өзі тапқан көркемдік тіркес, айтылмыш ойды үдете, үстемелей жеткізу қызметін атқарып тұр.

Қорыта  айтқанда, Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер  топтамасын  - көп ғасырға қазақ поэзиясының дәстүрлерін, демократтық-ағартушылық әдебиет үлгілерін жаңа тарихи жағдайда дамытып, жалғастырған идеялық-көркемдік деңгейі жоғары туындылар. Оларды қайта бастыру туған әдебиетіміздің жалпы адамзаттық, гуманистік, демократтық, тәрбиелік сипаттарын айқындап аша түсетін мұра болмақ.

Ахмет Байтұрсынов қылдырған бй мұраның тағы бір саласы оның көркем аударма дамуына үлесі. Қазақ әдебиетіндегі көркем аударма тарихы бай екендігі мәлім. Ахмет Байтұрсынов аудармамен шұғылданған тұста, яғни ХХ ғасырдың бас кезінде аудармада, әсіресе, орыстың классикалық әдебиеті үлгілерін қазақ тіліне аудару ісінде едәуір тәжірибе жинақталған еді. Сонау Абай мен Ыбырай тәжірибелерінен басталған бұл игі дәстүр Ақылбай мен Мағауия Құнанбаевтар, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхамеджан Сералин, Бекет Өтетілеуов, Ғұмар Қарашев аудармаларымен газет-журналдағы тәржімалармен толыға түскен. Енді бір топ ақын-жазушылар Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов көркем аударма ауқымын кеңейтіп, Шығыс пен Батыс елдері әдебиеттері үлгілерін, орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға қызмет етті. 

 

Ахмет Байтұрсынов алғаш рет аударма  жинақ бастыру ісін бастаушы болды. Ол орыстың классик жазушысы И.А.Крылов мысалдарының бір тобын қазақ  тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен Петербургте 1909 жылы жеке кітап етіп бастырды. Бұл И. А. Крылов шығармаларының қазақ тілінде, тіпті Орта Азияда десе де артық емес, тұңғыш жеке кітап болып бастырылуы.

И. А. Крылов мысалдарының СССР халықтар тіліне аударылуының өзіндік тарихы жазылар болса, оның өшпес туындыларының біразын ең алғаш өз тілдерінде сөйлеткен халықтардың алдыңғы қатарында қазақ халқы, оның ардагер ұлдары Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаев тұрары хақ. Олардың кейінгі бір топ қазақ ақын-жазушылары да Крылов туындыларын қазақ тіліне аударумен шұғылданды. Солардың бірі – Ахмет Байтұрсынов.

Ахмет Байтұрсынов «Қырық мысал» жинағына жазған «Замандастарыма» деген кіріспесінде аударманың мән-мақсаты, дәуір дүбіріне ілесу ниеті, қиындық жағдайларда  орындағаны туралы айтады: 

 

Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,

Әзірге  қолдан келген осы барым.

Қанағат азға деген, жоққа – сабыр,

Қомсынып  қоңырайма, құрбыларым!

Бабы  жоқ жұмыстағы мен бір арық,

Күй қайда үздік шығар топты жарып.

Ат  тұрмас аяғында желі болса,

Дүсірлеп  шапса біреу қиқу салып. 

 

 

 

 


Информация о работе Көркемдегіш құралдардың пайдалану орны