Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 18:51, доклад
Саясаттану сөзі ("политология") гректін, «политика" және "логос" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі. Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді.
1) саяси теориялар (олардың пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі қызметі);
2) саяси институттар (конституциялар, аймақтық және жергілікті басқару; көпшілік әкімшілігі, саяси институттарды салыстырып зерттеу);
3) партиялар мен қоғамдық ұйымдар;
4) қоғамдық пікір;
5) халықаралық саясат (халықаралық ұйымдар мен халықаралық құқық)
Саясаттану пәні
қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын,
қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды,
оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді.
Ол адамзаттың демократиялық, қоғамдағы
қүқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке
адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның
саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси
өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті
қалыптастырудың мазмұны мен жолдары,
қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық
көзқарасгар, жаңаша саяси ойлаудын мәні,
казіргі дүниежүзілік дамудың козғаушы
күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы
және қазіргі саяси жүйелерді, адамның
санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі
және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси
өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан,
жиналған деректерді қорытады, екінші
жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы
бойынша болашаққа болжам жасайды. Сайып
келгенде, саясаттану дегеніміз саясат
туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы
қарым-қатынастары туралы жинақталған
ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуымен
даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі
мен пайдалануын, түрлері мен әдіс-тәсілдерін
зерттейді. Саясаттану саяси құбылыстар
мен өзгерістердің мән-мағынасын түсініп-білу
үшін бірталай әдістерді пайдаланады.
Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру
тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы,
жүйелеу, социологаялық, тарихи, бихевиористік,
нормативтік және т. б. әдістер жатады. Саясаттанудың басқа қоғамдық
ғылымдармен байланысы және оны оқып-білудің
маңызы.
Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен
тығыз байланыста дамиды. Себебі олардың
бәрінің зерттеу объектісі ортақ—қоғамдық
өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды да
пайдаланаді. Бірақ та әрбір қоғамтану
ғылымының өзіндік пәні бар. Сондықтан
саясаттанудың басқа гуманитарлық ғылымдар
арасындағы ерекшелігін, алатын орнын
анықтап алған ләзім. Саясаттану ең
алдымен фәлсафамен (философиямен)тығыз
байланысты. Фәлсафа — табиғат, қоғам
және таным дамуының неғұрлым ортақ зандылықтары
туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті
себептерін, рухани-байлықтардың негізінде
не жатқанын және т.с.с ашып, дүниеге тұтас
көзқарас туғызады. Сондықтан ол басқа
пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік
ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық
тұрғыдан дәлелдейді, саяси кұбылыстар
мен процестерді талдауға дүниетанымдық
бағдар береді. Бірақ ол мәселелерді, құбылыстарды,
өмірдің жекелеген жақтарын қарастырғанда
өзінің өресі тарлығын бай-қатады. Саясаттану
қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы
заң-дылықтарды нақгылайды, айқындайды,
саяси танымды терңдетеді, саяси көзқарасты
қалыптастырады.
Саясаттану экономикалықикалық теориямен
өзара байланысты. Сая-си экономия саяси
процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей
отырып, ол процестердің негізінде әр
түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін
жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз
жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты
дайындау және іске асыру, ол процестерді
мемлекеттік реттеу принцип-терін ғылыми
түрде негіздейді.
Саясаттану құқықтық ғылыммен
тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы
қатынастары мен тәртібін, жүріс-тұрысын
реттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап,
іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді,
кұкықтық және мемлекеттік нормалар мен
институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін
карастырады. Құқықты К.Маркс заңға айналдырылған
экономикалық үстем таптың еркі деп атаған.
Саясаттану күкықтануға жалпы теория,
оның теориялық-
әдістемелік негізі іспеттес. Саяси екімет
жүйесінсіз әлеуметтік,
оның ішінде құқықтық ережелер мен қатынастар
жалпыға
міндетті сипат алып орындалмайды. Сонымен
қатар құқықтык
тұрғыда қалыптаспай саяси екімет те әдеттегі
қызметін атқара
алмайды.
Саясаттануға жақын ғылымдардың бірі — әлеуметтану (социология). Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайды әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға етер әсерін зерттейді. Оның айналысатын мөселелері адамды және қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады және саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады. Сайып келгенде, саясаттанудың негізгі назары саясатта болса, әлеуметтанудың назары саясатты жасаушы адамда болады. Олардың арасындағы байланыс әсіресе саясаттануды сандық әдіс-тәсілдерді пайдалануға байланысты күшейе түседі. Тарих болса жүйелі, дәйекті түрде оқиғаның болған уақытына байланысты саяси институттар мен идеялардың дамуы туралы деректерді жинап, суреттейді. Аты аталған ғылымдармен қатар саясаттану баска да адамгершілік ғылымдарымен байланысты. Солай бола тұра саясаттанудың өзіне тән зерттеу объектісі бар. Оған қоғамның саяси саласы, ондағы болып жатқан барлық саяси құбылыстар мен процестер жатады.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қарағанды Мемлекеттік Техникалық университеті
Кафедра: ӘГП
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Саясаттану ғылым ретінде
Орындаған: Тойымбек Д.Қ.
Тексерген: Адылханова С.Е.
Қарағанды 2013