Саяси билік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2012 в 06:58, реферат

Описание

Қоғамдағы саяси саланың қызметі билікпен байланысты. Билік саясаттың ең өзекті мәселелерінің бірі және саяси ғылымның негізгі зерттеу пәні болып есептеледі. Билік адамзат пайда болғаннан бері бар дүние. Оның қажеттілігі туралы ертедегі грек ойшылдары айта бастаған. Биліктің қажеттілігі: 1) Адамдардың әр кезде, барлық жағдайда өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін; 2) Қоғамдық қатынастардың негізі болып келетін қоғамдық ережелерді бекіту үшін; 3) Қоғамдағы жасампаздық шаруашылықты қызметін атқару үшін қажет.

Содержание

1. Саяси билік түсінігі, мәні және негізгі сипатттамалары.
2. Саяси жүйе ұғымы, мәні құрылымы және қызметтері

Работа состоит из  1 файл

реферат.doc

— 62.00 Кб (Скачать документ)
 

          Саяси билік және саяси жүйе 

    1. Саяси билік  түсінігі, мәні және негізгі сипатттамалары.

    2. Саяси жүйе  ұғымы, мәні құрылымы және қызметтері 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

Саяси билік түсінігі, ғылыми анықтамалары және оның көріністері

Қоғамдағы саяси  саланың қызметі билікпен байланысты. Билік саясаттың ең өзекті мәселелерінің бірі және саяси ғылымның негізгі зерттеу пәні болып есептеледі. Билік адамзат пайда болғаннан бері бар дүние. Оның қажеттілігі туралы ертедегі грек ойшылдары  айта бастаған. Биліктің қажеттілігі: 1) Адамдардың әр кезде, барлық жағдайда өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін;  2) Қоғамдық қатынастардың негізі болып келетін қоғамдық ережелерді бекіту үшін;   3) Қоғамдағы жасампаздық шаруашылықты қызметін атқару үшін қажет.

     Билік әрқашанда жалпыға бірдей үміттену, дәмелену объектісі болған. Билік ұғымы саяси ғылыми әдебиеттерде әр түрлі түсіндіріледі. Билік туралы түсінік күнделікті өмірде ғылыми әдебиетте кеңінен қолданылады. Мысалы: философтар ол туралы қоғамдық биліктің объективті заңдылығы. Социологтар әлемдік билік экономистер шаруашылық билік, саясаттанушылар саяси билік, жаратылыстанушылар табиғатқа деген билік, психологтар адамның өзіне деген билік, ата- аналар отбасы билігі: семьядағы билік. Сонымен қатар құқық атқарушы және биліктері туралы түсінік бар.

     Қазіргі ғылым әдебиетте биліктің 5 анықтамасы бар:  1. Бихевиористік- анықтама бойынша  билік адамға мінез - құлқына әсер етуші мүмкіндігіне негізделген.   2. Телеологиялық- билік алға қойған мақсатқа сәйкес белгілі бір нәтижеге жетудің (құдай арқылы).  3. Инструменталистік- билік белгілі шаралар қолдану құралы ретінде қарастырылады. Мысалы: зорлық, күштеу, т.б.   4. Структуралистік- билік жүргізушілер мен бағынушылар арасындағы айрықша бір қатынастың көрінісі ретінде түсіндіріледі. Яғни ол біреулердің екінші біреулерге ықпал жасауы.   5. Конфликттік- анықтама бойынша игіліктерді, даулы жағдайларды бөлісуді үйлестіру, құрастыру ретінде түсіндіріледі.

     Жалпы алғанда билік дегеніміз тап, әлеуметтік топ, мемлекет, жеке адам т.б. тарапынан өзіндік ерік- жігерді іске асырудағы қабілеттіліктермен пайдалана отырып, адамдардың қызметі мен мінез- құлқына бедел күштеу құралдары арқылы әсер ету деп түсінуге болады.

       Ғылыми әдебиеттер кеңінен белгілі  Саймон деген американ саясаттанушының  пікірі. Ол билікті былай деп түсінген «егер В-ның мінез- құлқын А өз талаптарына бағындыра білсе, онда В-ның үстінен А билік жүргізеді». Яғни билік оның барлық анықтамасында өз ерік жігерін әр түрлі (бедел, заң, күштеу) әр түрлі құралдары арқылы іске асыру тәсілі мен мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі.

     Қоғамдық  қатынаста биліктің пайда болуы  мен жүзеге асырылуына төмендегі  бөлшектердің болуы шарт:  1. Кем  дегенде билік қатынасының жеке адамда немесе топтан тұратын екі  өкілі болуы керек.   2. Билікті  жүзеге асыру үшін бағынбаған жағдайда жазалау шараларын қолданатындығы жөніндегі бұйрығы болуы тиіс.   3. Билікті жүзеге асырушыға билігі жүретін адамдардың бағынуы керек.   4. Бұйрықты берушінің оған құқы бар екендігін айқындайтын қоғамдық ережелердің болуы тиіс. Ол бұл бұйрықтың кімге қатынасты болса, биліктің жүргізушіге бағынуға міндеттілігін айқындауға тиіс.

     Сонымен билік деп адамдардың не сол адамдардан құрылатын басқа да әлеуметтік және институционалдық субъектілердің іс- әрекетінің бағытына, сипатына және мінез- құлқына экономикалық, идеологиялық т.б. әр түрлі механизмдер арқылы ықпал ету, қабілет пен мұмкінділік.

         Биліктің мәні оның көріністері арқылы белгіленеді - ол: басшылық, үстемдік, бағындыру, бақылау, ұйымдастыру, қадағалау. Осы тұрғыдан алғанда билік- әлеуметтік түрлерді іске асыру құралы.

 Саяси  биліктің қайнар көздері мен  ресурстары.

      Билік күрделі қоғамдық құбылыс. Оның құрылымдық бөлшектері болып табылады:

1) үстемдік  мүдде; 2) осы мүддені танытатын  ерік; 3) мүддені іске асыруды қамтамасыз  ететін құралдар. Оның өзінің белгілері мен қайнар көздері бар. Белгілері: 1) Қоғамдық өмірді реттеушілік монополиялығы; 2) Қоғамға және жеке адамға мәжбүрлеу етудің мүмкіндігі; 3) Үстемдік ықпалының басымдылығы; 4) Билік басқарушылық аппаратының болуы.

      Билік мынандай қайнар көздерге негізделеді:- күш, байлық, статус, ұйым, білім мен ақпатар.

Саяси биліктің қоғамда жүзеге асуында  әр түрлі құралдарды қамтамасыз етіп, пайдаланады. Ғылыми әдебиеттерде биліктің ресурстары деп атайды. Ғылыми әдебиеттерде биліктің ресурстарын жалпы мынандай түрлерге бөлуге болады:

  • экономикалық (материалдық қажеттіліктер)
  • әлеуметтік (статусты өзгертуге арналған құралдар)
  • күш ресурстары (әскер, қару жарақ, полиция)
  • ақпараттық (білім және ақпараттық құралдар)
  • демографиалық (адам- ең түпкі құрал)

    Саяси және мемлекеттік билік, оның ерекшеліктері мен міндеттері.

      Саяси биліктің ерекшеліктері:

  • Ол- адамдардың үлкен тобының мүддесін қорғайды, ол топтың қоғам экономикасындағы ролі басым болады да, қоғам сол тап мүддесі тұрғысынан басқарылады.
  • Қоғамдағы басшылық көбінесе сол топ өкілдерінің қатысуымен мемлекет арқылы, қоғамдық- саяси ұйымдар мен саяси көсемдер арқылы жүргізіледі.
  • Саяси биліктің ерекшелігі- арнайы басқару ісімен шұғылданатын ерекше кәсіби топтардың болуы.

     Саяси биліктің қасиеттерінің бірі- оның ең жоғарғы, басты айқындаушы, шешуші күш ретіндегі ықпалы. Екінші қасиет- биліктің иерархиялық сипат алуы. Келесі қасиет- үстемдікті шоғырландыруға және монополизациялауға ұмтылу. Саяси билік қоғамда көбінесе мемлекеттік билік арқылы жүзеге асады. Мемелекеттік билік саяси биліктің бір түрі. Оның ерекшеліктері: 1) Ол белгілі бір территориясында ерекше аппарат арқылы жүргізілетін билік.  2) Мемлекеттік билік өзінің күштеу аппатарына сүйенеді. 3) Мемлекеттік билік монополиялық сипат алады.

 Саяси  биліктің легитимділігі және билік бөліну принципі.

 Қазіргі демократиялық дамыған елдерде  саяси биликтің тұрақтылығы оның легитимділігіне байланысты. Биликтің легитимділігі деп оның заңдылығын айтады. Бірақ оның тек қана заңға  сәйкестілігі емес, сонымен қатар  билікті қоғамдағы  мүшелердің оны өз еркімен қабылдауы заңы.  Ондай кезде  қоғамдағы халық берілген билікке өз сенімін білдіреді және өз еркімен оны қабылдайды.  Легитимді биліктің идеалды түрлерін М.Вебер талдаған. Ол легитимді биліктің мынадай 3 түрін ажыратқан:

  • дәстүрлі,
  • харизматикалық,
  • легальды – рационалдық.

      Билік бөлу идеясы ең алғашқы рет жаңа дәуірдің кезеңінде ең әйгілі ойшылдар ұсынылған. Бұл идеяны қалыптастырушы ағылшын ойшылы Джон Локк және әрі  қарай толық дамытқан 18ғ. Француз  ойшылы Ш-Л. Монтескье болып табылады. Ол саяси биліктің бөлінуін мемлекеттегі биліктің бір қолда болмауымен және оның үш тармағына бөлінуімен түсіндірген: Заң, Атқарушы,  Сот билігі.

   Себебі  билік бір ғана қолда болса, шектелмесе, өзі заң шығарса, жүзеге асырса және оның жүзеге асуын қадағаласа, онда ондай билік тиранияға айналады, ауысады. Сондықтан қоғамдағы билік жүргізу жағдайында билік тек қана бір органның қолында болуы мүмкін емес және де халық билікті өзі жүргізе алмайды. Билік жүргізу белгілі топқа, ұжымға, органға беріледі. Жан Жак Руссо: ол халық суверинитеті идеясын көтеріп, биліктің тұрлерін ажыратқан, ал үш билік сол бір тұтас халық билігінің көрінісін табу деп тұжырымдады. Заң шығарушы, атқарушы, сот жүйесіне бөліну қазіргі уақытта демократияның дамуы болып табылады. Үш үкіметтің біреуінің басым болып кетпеуіне кепілдік бере алады. Биліктің бөлуін бір- біріне мүлдені тәуелсіз автоном органдардың қолына бөлініп беріледі деп түсінбеу қажет.  

     Саяси жүйе ұғымы, мәні құрылымы және қызметтері

     .“Саяси жүйе ” ұғымы  ХХ ғасырдың ортасында ғана терең  негізделіп, тарала бастады. Оған басты себеп – жүйе тәсілі мен бихевиористік амалдық түрлі саяси құбылыстарды зерттеулерде етек алуы еді. Қазіргі кездегі саяси жүйе қағидаларының негізінде Аристотель заманынан бастау алған саясат жөніндегі түсінік жатыр. Ол: саясатты бейне бір тұтас нәрсе деп қарау. Осы бағытты алғаш ұстанған флоренциялық Николо Макиавелли саяси ғалымның негізін салушы болып саналады. Оның пікірінше саясат дінге де, моральға да, экономикаға да жатпайды, қайта ол өзіңдік саяси мемлекеттің тұтастығы мен бірлігін көздейді.

     Т.Парсонс  әлеуметтік жүйе теориясы бойынша қоғамдағы  рухани, эконмикалық және саяси жүйелер  өздерінің атқаратын қызметіне  қарай ерекшеленеді. Сөйтіп, олар өз алдына жүйе болып алады. Саяси өмір сол сияқты  Д.Истонның  “Саяси жүйе” (1953), “Саяси талдаудың шегі” (1965), “Саяси өмірді жүйелеп талдау” (1965) атты енбектерінде қарастырылады. Сонымен қазіргі кездегі саяси жүйелердің алуан түрлі концепциялары бар. Олардың бірі саяси жүйені саясат негізінде жатқан идеялар жиынтығы десе, екінші біреулері оны өзара қарым-қатынас жүйесі деп есептейді.

     Қоғамның  саяси жүйесі - дегеніміз жалпы  алғанда белгілі бір таптардың, әлеуметтік топтардың, ұлттардың әрқайсысына  және бәріне тән мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған билік жүргізуші құрылымдар жиынтығы. Оған: мемлекеттік мекемелер; саяси партиялар және түрлі қоғамдық ұйымдар кіреді.

       Саяси жүйе қоғам қондырмасының басты бөлімі болып табылады. Қоғамның саяси жүйесі барлық елде бірдей емес. Ол әрбір қоғамның өзіндік ерекшеліктеріне қарай құрылады, өзгеріске түсіп дамиды. Сондықтан қоғамның алуан түрлі саяси жүйесін талдап жіктеу арқылы; олардың ұқсастықтарына қарай жіктеу жолымен толығырақ түсінуге болады. Саяси жүйені бір ғана мағына, тек бір ғана өлшем тұрғысынан жіктеуді ғылыми деуге болмайды. Саяси жүйелерді әр-түрлі өлшем тұрғысынан жіктеу (типология) мынадай:

-  формация мен әлеуметтік-экономикалық  құрлымы жағынан қарау      (марксистік тәсіл: құл иеленушілік,  феодалдық, буржуазиялық, коммунистік-әлеуметтік-саяси жүйелер);

  • мемлекеттігі орныққан саяси тәртіп тұрғысынан(демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық);
  • әдеттегі саяси жүйеден модернизацияланған жүйеге өту кезеңі тұрғысынан;
  • саяси мәдениеттер айырмашылығы тұрғысынан;
  • Ж.Блонделдің саяси жүйені жіктеу түрлері (бес категориялы : либералды-демократиялық, радикалды-авторитарлық, немесе коммунистік, дәстүрлі, популистік, авторитарлы-консервативтік саяси жүйелер ) ;
  • Саяси жүйелер өзінің ұстанған бағытына, тұрақтылығы мен өзгергіштігіне қарай консервативті және трансформацияланушы болып бөлінеді. Трансформацияланушы саяси жүйелердің өзі керітартпа және прогрессивті мағынада болуы мүмкін. Саяси жүйелер

сонымен қатар ашық және жабық, аяқталған  және аяқталмаған, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған және т.б. жіктеледі.

   Енді  саяси жүйенің құрылымы мен атқаратын  қызметіне талдау жасап көрейік. Саяси жүйе өзінің біртұтастығына қарамастан өзгеріп отырады. Қамтитын аумағы да өзгермейтін нәрсе емес, қайта  түрлі жағдайларға байланысты бірсыпыра өзгерісте болады.

   Саяси жүйеге мынадай түрліше саяси  жүйе  тармақтары кіреді: институцияналдық, нормативтік, функционалдық, коммуникативтік  және мәдени. Институционалдық тармаққа, мысалы мемлекеттік мекемелер, партиялар, қоғамдық саяси ұйымдар жатады. Олардың ең бастысы-  мемлекет. Мемлекет -  саяси ұйымның жоғарғы формасы ретінде қоғамның саяси жүйесінің ең басты бөлігі, түйіні болып табылады. Мемлекеттік билік үш тармаққа бөлінеді. Заң шығарушы, атқарушы және сот билігі. Билік бөліну деген мемлекет өкілеттілігін бөлу. Мемлекеттік билік тұтас, оны бөлшектеу дұрыс болмайды.

   Қоғамның  саяси жүйесіне кіретін саясат пен  ықпалды топтар қоғамдық, көпшілік істерді шешуге араласуы арқылы мемлекет қызметін атқарады. Бірақ олардың  іс-әрекеті мен әдістерінің арасында айырмашылық  та бар. Мысалы партиялар мемлекеттік аппартты бағындырып, оларды басқаруға ұмтылады.  Ал ықпалды топтар мемлекетік аппараттардың шешім қабылдау ісіне ықпал жасаумен шектеледі. Бұлар кейде саяси партиялардың құрамына да кіреді.

   Діни  құрылымдардың саяси ролі олардың әсерінің бұқаралық екендігінде. Сондай-ақ, ол халықтың білім дәрежесіне байланысты. Сол үшін де көптеген елдерде діни және діни емес өкіметтер бір-бірінен ажыратылған. Саяси жүйенің нормалау тармағына саяси өмірді реттеуге қатысатын құқықтық, моральдық мөлшерлер, саяси дәстүрлер т.б. жатады. Функционалды тармақ түрлі саяси процесстерде саяси ісәрекеттің формалары мен бағыттарынан, өкіметтің жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерінен көрінеді. Олар кейде “саяси режим”, “саяси орныққан тәртіп” деп те атайды.

     Тоталитарлы саяси жүйеінің пайда болуы түрлі  себептерге байланысты. Олардың ішінде мыналар: меншіктің жаппай мемлекеттендірілуі; бір ғана саяси партияның орын тебуі және оның мемлекетпен тұтасып  кетуі, қоғамның оның ішінде, рухани өмірдің бір ізге ғана түсіріліп, бірыңғайлануы, партияны, көсемді дәріптеу, қоғамдық санада тек бір ғана “дұрыс жол бар” деген түсініктің қалыптасуы және т.б. Сонымен қатар, саяси жүйенің қызметін оның қоғамда өзгерте алатын іс-әрекетінен де көрінеді. Ондай өзгерістер не күштеу қолданылмайтын реформалар арқылы жасалатыны белгілі. Тарихтан бұған қатысты материялдарды көптеп келтіруге болады.

Информация о работе Саяси билік