Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2012 в 20:34, реферат
1. Саяси партиялардың пайда болуы , мәні , белгілері.
2. Саяси партиялардың негізгі қызметтері.
3. Саяси партиялардың жіктелуі, түрлері.
4. Қазақстандағы көппартиялылық.
Саяси партиялар және партиялық жүйе
Саяси партиялар және партиялық жүйе
жоспар:
1. Саяси партиялардың пайда болуы , мәні , белгілері.
2. Саяси партиялардың негізгі қызметтері.
3. Саяси партиялардың жіктелуі, түрлері.
4. Қазақстандағы көппартиялылық.
1.
Саяси партиялардың пайда
Қазіргі типтегі саяси партиялар мен партиялық жүйелердің қалыптасу кезеңі XVI-XVII ғасырларда Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек XX ғасырдың соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан мол тәжірибесі бар әр түрлі әлеуметтік топтардың сыннан өткен нағыз саяси партиясына айналды.
"Партия"
деген сөз латын тілінен
Қазіргідей нағыз саяси партиялар Еуропада XIX ға¬сырдың екінші жартысында пайда бола бастаған. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу мүмкіндігін тудырады. Жұмысшылар ұйымдасып, парламентте өз мүдделерін қорғайтын партиялар құрыла бастады. Партия бірден көпшілік партияға айналған жоқ. Немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынандай кезеңдерді көрсетті:
1. Аристократиялық үйірмелер.
2. Саяси клубтар.
3. Көпшілік партиялар.
Мұнда аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаса, саяси клубтар буржуазияның мүддесін корғады. Ал көпшілік партия үнемі көпшілікпен байланысты болады. Барынша өз қатарына көбірек адамдарды тартады. Бұл кезеңдерді тек Ұлыбританияның либералдық(виги) және консервативтік (тори) партиялары ғана басынан өткізген. Басқа партиялар әр түрлі даму жолдарынан өткен. Біразы бірден көпшілік партияға айналды.
Тұңғыш көпшілік партия болып 1861 жылы Ұлыбри¬танияның либералдық партиясы құрылды. Одан кейін Германияда 1863 жылы жалпы Германияның жұмысшы Одағы партиясы құрылды. Мұндай партиялар басқа да елдерде құрыла бастады.
Американың саясаттанушысы Ла Паломбараның айтуынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады:
1. Партия белгілі бір идеологияны қорғайды;
2. Партия - адамдарды жергілікті ұйымнан бастап , халықаралық дәрежеге дейін ұзақ біріктіретін ұйым.
3. Партияның мақсаты - билікті колға алып. жүзеге асыру:
4. Әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен. Мүше болуына дейінгі колдауын қамтамасыз еткісі келеді.
Партиялардың өмір сүру ұзактығы дау-жанжалдардын тууы мен оларды шешу қажеттігінен туады. Жалпы сая¬си партиялардың. мынандай сипатты белгілері болады:
1. Партия бағдарламасынын болуы;
2. Саяси билік үшін күрестің болуы:
3. Партиялық тәртіптің болуы:
4. Партияға мүшелік ету;
5. Мүшелік жарна төлеу;
6. Партияның жарғысының болуы:
7. Баспа органдарының, болуы;
8. Партия басшылығының көптеген өкілеттігі;
9. Кәсіптік негіздегі партия аппаратының болуы. Осындай белгілері бар саяси партиялар тапты немесе
әлеуметтік топты ұйымдастырады, жұмысына мақсаттылық-сипат береді, белгілі бір идеологияны қорғайды, бағыт береді.
2.
Саяси партиялардың негізгі
Поляктың
саясаттанушысы А. Боднардың ойынша,
қазіргі қоғамда саяси
1. Саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;
2. Қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау
3.
Олардың белсенділігін
4.
Мемлекеттік билікті іске
5. Қоғамдық пікірді қалыптастыру;
6. Жалпы коғамды. топты саяси тәрбиелеу:
7.
Саяси жүйелерді, онын
8. Мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және онын жұмысының бағдарламасын жасау;
9. Мемлекеттін, кәсіподактарының, коғамдық ұйымдарының аппараты үшін кадрлар даярлау, ұсыну.
Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді.
Сонымен саяси партиялардың негізгі қызметтері төмендегідей:
Теориялық:
Қоғам дамуының, негізгі салалары бойынша жәңе оның даму жолдарын талдап, тео¬риялық жағынан бағалау. Әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтап үйлестіру. Қоғамды жаңартудын стратегиясы мен тәсілін тұжырымдап бүқараны қимыл бірлігіне теориялык жағынан әзірлеу.
Идеологиялық:
Еңбекші бұқара арасында өз көзқарасын, ізгі мұраттарды тарату, оны іскерлікпен ұштастыру. Өз бағдарламасы мен саясатын насихаттау. Азаматтардың түбегейлі мүдделерін ескере отырып өз бағытын қолдауға жұмылдыру және партия қатарына тарту,
Қорыта келе, партия деп - мемлекеттік билікті колға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айталы.
3. Саяси партиялардың жіктелуі, түрлері
Саяси партияларды жіктеп. жүйелеудің көтеген өлшем және белгілері бар.
Француз ғалымы М.Дюверже сайлаушылар мен белсен ділер санына қарай екіге бөлген:
Кадрлық:
Сайлаушылардың 10 пайызы ғана болатын мүше саны аз,ұйымдастырушылық жағынан жоғары деңгейде. Әр мүшесінің партиялық билеті бар. Мүшелік жарна төлейді. Жарғысын мүлтіксіз орындайды. М: ГФР-дің Христиандық-демократиялық одағы, Жапония либералдық-демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы.
Бұқаралық
Сайлаушылары көп, мүшелері белсенділері де көп. Партия¬лық билеті жоқ мүшелік жар¬на төлемейді. Мысалы: Ұлыбританияның Лейбористер партиясы АКШ-тың республикалык және демократиялық партиялары.
Сайлаушылар партиясы - бұл партияның, негізгі мақсаты үміткердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.с.с. Мұнда тұрақты мүшелік жоқ ұйымдық құрылым жоқ
Парламенттік партия - екі қызмет атқарады: парламентке бақылау жасайды, сайлауға дайындалады.
Авангардтық партия - орталықтанған өзінің барлық мүшелерінен партиянын жұмысына белсенді катынасуын талап етеді.
Қауымдастық партиясы - ортак көзкарас, ұқсас мүд-делеріне орай маңызды мәселелерді талқылау үшін бірік-тіріледі.
Коммунистік партиялар — К.Маркстің ілімін басшы-лыққа алады. Тапсыз, меншіктің жеке түрі жоқ қоғам мүддесін қорғайды.
Социал-демократиялық партиялар - бұл партиялар үнемі еңбекші халыктың мүддесіне сай қоғамды реформалап отырады. Негізгі құндылықтары: әділеттілік, бостандық, теңдік, ынтымақтастық.
Буржуазиялық-демократиялық — билік үшін ашық күрес жүргізеді. Үкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жетеді. Заң алдында бәрінің, де тең болғанын қалайды.
Консервативтік партиялар - ірі буржуазияның мүдде¬сін қорғайды. Тенсіздікті сақтағысы келеді.
Фашистік партиялар - адам құқықтары мен бостанықтары шектеледі. Ұлтшылдықты уағыздайды. Жеке мүддеден мемлекеттік мүдде жоғары тұрады. Күштеу басым болады.
Билеуші партиялар - билік қолға жеткен соң, қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік туады. Яғни, басқа партиялардың үстінен билік жүргізеді.
Оппозициялық партиялар - олар басқарушы партияның саясатын сын көзбен бағалайды. Қарсыластық қасиет тән.
Ресми партия - жұмысын ашық жүргізеді. Қоғамдық саяси өмірге қатынасуына заң жүзінде рұқсат етіледі. Мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Жартылай ресми партия - формалды түрде рұқсат етілген, кейбір жұмысына шек қойылған.
Құпия партиялар - заң бойынша тыйым салынған, жұмысын жасырын жүргізеді
Бірпартиялық - өзінен баска партияның болғанын қаламайды. Мұндай партия тоталитарлық және авторитарлық коғамға тән. Мысалы: бұрынғы КСРО-дағы коммунистік партия.
Екіпартиялық - мұнда нағыз бәсекелестік ірі екі пар¬тия арасында болады. Жалпы сайлау арқылы үкімет басына келеді. Үнемі бір-бірін сынға алып отырады. Мыса¬лы: АҚШ-тағы республикалық және демократиялық партиялары. Ұлыбританиядағы консерваторлар мен лейбористер партиялары, Германиядағы христиандық демократтар мен социал-демократтар.
Көппартиялылық - мүнда үш немесе одан да көп пар¬тиялар болады. Саяси мәселелер жан-жақты қаралады, бюрократияға тежеу салынады. Билік басына нағыз дарынды адамдардың келуіне мүмкіндік туады. Мысалы: қазіргі Қазақстан Республикасы. Мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін партиялар коалиция құруы мүмкін.
Коалиция деп жалпы мақсатқа жету үшін партиялардың жасаған бірлігін айтады. Мынандай түрлері бар:
Парламентке қатысатын партиялардың, ешқайсысы өз алдына бөлек басқара алмаған уақытта құралған көппартиялық коалиция;
2. Екіпартия бірігіп үкіметті баскара алатындай уақытта құрылатын екіпартиялық коалиция:
3. Билік үшін бәсеке екі партия одағының арасында болса, екі блоктық коалиция болады;
4. Егер дербес|:Партия ұзақ уақыт билік етсе оны басымдық коалициясы дейді.
Барлық саяси партияларын жұмысы Конституцияға қайшы болмауы керек.
4. Қазақстандағы көппартиялылық
Қазақстанда
ең алғаш Ә.Бөкейхановтың
1917
жылы 21 қазанда Казак газетінде
Алаш партиясының
1917
жылы желтоқсанда Орынборда
1917 жылы күзде "Үш жүз" деген партия құрылды. Оның басшысы Қ. Тоғысов болды. Ал Кеңес үкіметі уақытында жалғыз басқарушы партия СОКП болды.
1986 жылы желтоқсан көтерісінен кейін, "Желтоқсан" партиясы дүниеге келді.
Қазіргі кездегі негізгі мәселе - республикамызда тәу¬елсіз әлеуметтік бағыт алған, демократиялық, құқықтық.мемлекет құру. Барлық партия оған келіседі, тек қандай тәсіл-әдістер, құралдар колдану керек.
Республикадағы
барлық партиялар өздерінің
Қазақстанда партиялар саны өсуде.
Казаңстан социалистік партиясы (ҚСП)
Республиканың саяси өмірінде бұл партия 1991 жылы 7 қыркүйекте пайда болды. Қазақстан Компартиясының кезектен тыс съезі өзін Қазақстанның социалистік пар¬тиясы деп атау жөнінде шешім қабылдады.
Қазір ол 1586 жергілікті партия ұйымдарын, 47 мыңнан артық КСП мүшелерін біріктіреді. Партиядағылардың 42 пайыздан астамы 40 жастан асқандар. 24 пайызы 40-50 арасындағылар. Олардың арасында көптеген мемлекеттік жүйенің баскарушылары, халық депутаттары бар.
КСП
атқарушы органы болып - Политисполком
(саяси аткару комитеті) анықталған.
Ұйымдық жағынан пар¬тия
Партия Еуразия кеңестігіндегі Одақты конфедеративтік негізде қайта құруға мүдделік танытты. ҚСП мүше¬лері дүниедегі адамгершілік, ізгілік принциптері әлемдегі социалистік теориялардың түрлі бағыттағы тұғырнамаларының негізі болды деп есептеді.Оның тең төрағалары болып Петр Своик пен Ғазиз Алдамжаров сайланды. Партия бүгінгі күні өз жұмысын тоқтатты. Қазаңстан халық конгресі партиясы (ҚХКП)
Партия 1991 жылы 5 қазанда құрылған. Партияның тен төрағалары болып, "Невада - Семей" қозғалысының жетекшісі, белгілі ақын, саясаткер О.Сүлейменов пен "Аралды қорғау" қоғамдық козғалысының жетекшісі, ақын. саясаткер М.Шаханов сайланды. Кейіннен М.Шаханов төрағалыктан кетіп "Арал - Азия - Қазақстан" қозғалысына ауысты. Сондыктан партияның төрағалық қызметін В. Рогалев, Г. Ерғалиевалар атқарды. Оның құрылтайшылары Семей - Невада, Арал - Азия - Қазақстан қозғалыстары, Әйелдер одағы, Тәуелсіз Бірлесу кәсіподағы. Қа¬зақ тілі қоғамы мен республика жас құрылысшылары ассоциациясы және ұлттық мәдени орталықтар болды.
КХК партиясының Солтүстік Қазакстан облысынан баска 18 облыста өз ұйымдары болды. КХКП - жас аза маттар партиясы, Оның мүшелерінін 50 пайыздан астамы 40-45 жастағылар. Партия өзінің бас органы 'Халык Конгресі". "Народный Конгресс" газеттерін 20000тиражбен щығарып тұрды. Партия саяси, экономикалык,әлеуметтік өмір салаларына белсенді араласып көптеген жаңа пікірлер мен ұсыныстар енгізіп отырды.Казіргі уақытта партия жұмысын токтатты.
Қазақстан халық бірлігі партиясы (ҚХБП)
Қазақстан халык бірлігі одағы 1995 жылы акпан айы-нан бастап аталмыш партияға айналды. Халык бірлігі одағының кұрылтай съезі 1993 жылы ақпанда өтті. Онда саяси Кеңес сайланып оның кұрамына 71 адам мүшелікке енді. "Қазақстан халық бірлігі" одағының лидері болып Президент Н.Назарбаев сайланды. Одақтың төрағасы болып халық депутаты С.Абдрахманов бекітілді. Басқару органдарына мемлекеттік билікте отырған бірнеше жас саясатшылар кірді. 1993 жылы 2 қазанда халық бірлігі одағының бірінші съезі болды. Бұған дейін республиканың 14 облысында, 20 қаласында, 19 қалалық және 102 селолық аудандарында құрылтай конференциялары өткен болатын. Съезде одақтын лидері Президент Н.На¬зарбаев сөйледі. Одақтың төрағасы болып, К.Султанов сайланды. Сонымен қатар съезд жаңа Жарғы мен Бағдарламасын қабылдады. Одақты қозғалыс деп біліп, соған қарамай мүшелікке алуда жекелік принципті сақтау ұйғарылды. Халық бірлігі одағының мақсат-мүддесі, іс-әрекетімен көпшілікті таныстыру жүйесі ретінде "Жас алаш" және "Экспресс К" газеттері белгіленді. Кейіннен одақ орыс және қазақ тілдерінде "Время". "Дәуір" атты газет шығарып тұрды. 1995 жылы Қ.Султанов Қытай Халык Республикасына елші болып кетуіне байланысты, одақтың төрағасы болып А.Бижанов сайлан¬ды. 1999 жылы наурыз айында бұл партия "Отан" партиясынын кұрамына кірді.