Саяси процесс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 15:01, реферат

Описание

«Процесс» ұғымы өзіндік бағыты бар белгілі бір қозғалысты; жағдайдың, сатының, эволюцияның сабақтастықпен өзгеруі; қандай да бір нәтижеге қажетті сабақтастық әрекеттер жиынтығын білдіреді. Ал, «саяси процесс» ұғымы қоғамның саяси өмірінің динамикасын, он уақыт пен кеңестікте өзгеруін, бейнелейді. Қысқаша айтқанда, бұл саяси жүйенің әрекет етуін, өзгеруін, байта құрылыуы мен әрекет етуін қамтамасыз етуші әрекеттер жиынтығы.

Работа состоит из  1 файл

Саяси процесс.docx

— 20.63 Кб (Скачать документ)

Саяси процесс

^ 1. Саяси процесс туралы ұғым

 «Процесс» ұғымы өзіндік  бағыты бар белгілі бір қозғалысты; жағдайдың, сатының, эволюцияның сабақтастықпен өзгеруі; қандай да бір нәтижеге қажетті сабақтастық әрекеттер жиынтығын білдіреді. Ал, «саяси процесс» ұғымы қоғамның саяси өмірінің динамикасын, он уақыт пен кеңестікте өзгеруін, бейнелейді. Қысқаша айтқанда, бұл саяси жүйенің әрекет етуін, өзгеруін, байта құрылыуы мен әрекет етуін қамтамасыз етуші әрекеттер жиынтығы.

Саяси процесс өз көлемі жағынан  бүкіл саяси саламен сәйкес келеді, дегенмен кейбір ғалымдар Сонымен, саяси процесс саяси құбылыстардың қозғалысын, динамикасын, эволюциясын, олардың уақыт пен кеңестікте жағдайының нақты өзгеруін ашып көрсетеді.

Саяси процестің қозғаушы күші-  саяси процеске қатысушы әлеуметтік- саяси күштердің өзара әрекеті нәтижесінде пайда болған қарама- қайшылық. Осы субъект- қатысушылар өз әрекеттері арқылы билік қатынасына өзгерістер жүргізеді, ұйымдар құрамына ұсыныстар жасайды, саяси шешімдер қабылдайды, қоғамдық өмірді қалыптық тұрғыда реттейді және өз мүдделерін тарату үшін қолайлы саяси жағдайлар жасауға талпынады.

Саяси процестің мәні-өндіру және байта өндіру, бір жағынан саяси жүйе компонентерін, саяси адамды; екінші жағынан саяси құрылымдарын , институттарын, құралдарды және саяси қатысуды, саяси мәдениет пен нормаларды байта өндіру.

 Саяси процесс мазмұны мыналарды қамтиды:

1) саяси процестің әрекет етуї мен пайда болуының әлеуметтік саяси жағдайы;

2)саяси әрекет субъектілері  және олардың объектілерге ықпал  ету тәсілі, сонымен бірге өзара әрекет объектілері;

3)саяси өзара әрекеттестігі  саяси мүдделер мен мақсаттар;

4) субъектілердің өзара әрекетіндегі  күрес пен әрекеттестік формалары;

^ Саяси процесс  ресурстарына  оның идеялық және материалдық негізі болатын: ғылым, білім, техникалық және қаржылық құралдар, көпшіліктің көңіл- күйі, процеске қатысушылар, олардың идеологиясы және т.б. факторлары жатыды.

^ Саяси процесс  құрылымы  бойынша мына процестердің  жиынтығын құрайды: революция,  реформа, модернизация, көтеріліс, саяси дағдарыс, тікелей саяси әрекет, шиеленіс және сайлау компаниясы.

Саяси жүйенің даму процесін төрт процесін сатыға, кезеңге бөлуге болады.

 Саяси жүйені конституциялық  тұрғыдан айқындау;

 Саяси жүйенің өзін- өзі жаңартуы;

 Саяси басқарушылық шешімдерді  қабылдау және жүзеге асару;

 Саяси жүйенің жағдайы мені  с- әрекетін бақылау.

^ 3. Саяси процестің түрлері.

 Саяси билікті ұйымдастыру  жүйесінің сапасына қарай демократиялық  және анти-демократиялық саяси  процесс болып бөлінеді. Демократиялық  түрінде халық ( тікелей немесе өкілдерін арқылы) билейді. Антидемократиялық процесте билік авторитарлық көсем, монархтың, бір билеуші партияның әскери топтың қолында болады.

 Атқаратын қызметінің жариялылығы  бойынша ашық және жасырын  саяси процесс деп. топтастырылады.

Ашық саяси процес те азаматтар, топтар билік институттарымен үздіксіз кездесіп мақсат- мүделерін білдіріп отырады.

Жасырын түрінде бүкіл билік орталықтың қолында, жергілікті жердің ой- арманымен санаспайды, стратегиялық мәні бар саяси шешімдерді қабылдаудан шететіледі.

 Әлеуметтік және саяси құрылымның  өзара байланыс түріне, билік субъектілерінің қызмет ықпалдылығы және өзара қатынастарының тиянақтылығына байланысты саяси процесті тұрақты және тұрақсыз деп бөлеміз.

Тақырып: Саяси процесс құбылысы.

1.Саяси процестің мәні. “Саяси процесс”түсінігі-интегралды және жалпы тұжырымдаушы категория.Оның кең мағынадағы ұғымы саяси жүйенің барлық элементтерімен түрлі жақтарын, сондай-ақ жүйеден тыс құбылыстарды да қамтып,олардың өзара әрекеттестіктерін, қызмет етуін және дамуын сипаттайды.Саяси процестің сипаты мен нақтылы мазмұны белгілі бір саяси жүйемен (демократиялық немесе демократиялы емес) саяси режимнің ерекшеліктерімен анықталады. Саяси процесс өзгермелі құбылыс,ол саяси жүйеге тәуелді және оның маңызды компоненті, немесе ол оның динамикалық көрінісі болып саналады.

 Бүгінгі саяси ғылымда саяси процесс туралы әр түрлі ұғымдар кездеседі.Мысалы ол : 1)кеңістік пен уақытта эволюцияланушы қоғамның саяси жүйенің қызмет ету формасы; 2) құқықтық, экономиаклық, идеологиялық және т.б. Процестерге қарағанда қоғамдық процестің нақтылы типі; 3) белгілі бір көлемдегі нақтылы және түпкі нәтижелерінің көрінісі; 4) саяси жүйені құрастыру; 5) саяси жүйенің нышандары мен компоненттерін ұдайы жасап отыру; 6) саяси басқару шешімдерін қабылдап атқару; 7) саяси жүйенің даму бағыты мен қызмет етуін бақылау.

 Ал осы айтылғандарды бір тұжырымдарға келтірсек онда саяси процесті,саяси қатынастардың барлық субьектілерінің саяси жүйені қалыптастыру,өзгерту,қайта құру және оның қызмет етуімен байланысты әрекеттер жиынтығы деп түсіндіруге болады.

Қазіргі замандық ғылыми әдебиеттерде саяси процестің құрылымына байланысты төрт негізгі компонент анықталған:

1.Саяси қатынастар /саяси процесс  субьектілерінің әрекеттер нәтижесінде  қалыптасады/

 2.Саяси субьектілердің мүдделері;

 3.Адамдардың саяси әрекеттері /кәсіби саяси әрекет пен қатардағы азаматтардың саяси қатысы/

 4.Саяси процестің субьектілері /олар институциоландырылған және институциоландырылмаған болып келеді/.

 Осы келтірілген компоненттерді  өзіндік нақты маңыздары бар.Кез келген саяси процестің бастаушы негізі болып табылатын,саяси қатынастардың мәні мен маңызы қандай.

^ 3.Саяси процестің типологиясы.

 Саяси процестер бір-бірімен көлемі, ұзақтығы,субьектілері және олардың әрекеттесуі сипаты жағынан ерекшеленеді.саяси ғылымда саяси процестің түрлі типтері бөлініп көрсетілген.Қазіргі ғылымда түрлі критерилерге негізделген саяси процестерді типология негізделген саяси процесті типологиялаудың түрлі амандары бар. Саяси процестерді түрлі көлемдік тұрғысынан оның бірнеше түрін көрсетуге болады.

^ Ең алдымен  ол нақтылы жеке,топтық және жартылай институционалдық субьектілердің өзара әрекеттестікпен байланысты күнделікті саяси процестер.мысалы парламенттегі заң шығару процесі.

^ Екінші  түрі--- тарихи саяси процесс. Мұндай процестер белгілі бір тарихи оқиғаны жасаумен байланысы.Мұндай саяси процестің мысалы ретінде саяси төңкерісті,белгілі бір саяси партияның пайда болуын ,оның дамуын т.б. Келтіруге болады.

Үшіншіден –көлемді уақыттық бірлікпен өлшенуге келетін, ірі саяси субьектілердің (институттар саяси жүйелер) қатысуымен сипатталатын эволюциялық саяси процесс.мұндай процесс. Мұндай процесс ретінде саяси жүйенің модернизациялануын немесе демократилық транзитті қарастыруға болады.

 Қазіргі саяси ғылымда саяси  процестің негізгі екі моделі  көрсетіледі:глобальды және бір жақты.

Глобальды саяси процесс саяси  жүйенің қызметі мен өзгеруінде іске асатын саясат субьектілердің жиынтығын  қамтиды.Ал бір жақты саяси процесс –саяси экономикалық, саяси экономикалық,саяси -идеологиялық, саяси -құқықтық т.б. Түрінде болып отырады.

 Глобальды саяси процестің  негізгі сатылары:-нақтылы саяси жүйені институциализациалау; саяси жүйенің жағдарысы мен жойылуы. Кез-келген саяси жүйенің құрылуы жаңа саяси институттар мен нормаларды жасауды,кейбір ескі институттарды модернизациалап оны жаңа жүйеге біріктіріп өзін легитимділеуді көздеп отырады. Сондықтан жаңа саяси институттарды жасау және оларды заңдарды бір процестің аспектісі ретінде қызмет етуі орнатылған саяси қатынастар мен институттар, нормалар,құндылықтар, рәміздер,саяси тіл және барлық өзге механизмдер мен билік атқарушы рольдері тұрақты түрде саяси ұдайы жасалып отырады.

 Ғылыми әдебиеттерде саяси  процестердің өзге де типтері  мен түрлерін айқындайтын белгілері бар. Мысалы: А.И.Соловьев саяси процестердің түрлерін пәндік ерекшеліктер негізінде айқындайды. Ол былай деген: “Қоғам үшін маңыздылық тұрғысынан түрлі әлеуметтік қатынастардың саяси реттелуіне сәйкес саяси процестер базалық және перифериялық (шеткі) болып бөлінеді.”.


Информация о работе Саяси процесс