Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 18:30, реферат
Описание
Мемлекеттің түрлерін, қоғамдағы алатын орны мен қызметін анықтаудың алдыңғы саяси жүйе деген ұғымға тоқтала кетейік. Себебі мемлекетте қоғамның саяси жүйесіндегі негізгі институттардың бірі болып табылады. Адамзат қызметінің түрлері өте көп. Біреулер мал бағып, егін салса, енді біреулер бала оқытып, тәртіпті бақылайды.
2.Парламенттік
басқаруда сайлау кезінде көп
дауыс алып жеңіп шыққан партия премьер
– министрден бастап, барлық үкімет мүшелерін
жасақтайды. Егер бір партияның алған
дауысы үкіметті жасақтайтындай дәрәжеге
жетпесе, бірнеше партия келіссөзжүргізе
отырып коалиция құрады да *портфель *
бөліседі. Коалицияға кірген әрбір шағын
партия өзінің берген дауысына сай үкіметтен
орын алады. Парламенттік басқаруда Президенттің
де болуы мүмкін, бірақ оның қызметі тым
шектеулі.
Заң
шығарушы билік түрлерімен атқарушы
билік түрлерінің арасы оншалықты
алшақ емес, себебі парламент –
барлық биліктің негізі болып табылады
да, премьер –министрмен үкімет мүшелері
парламенттің де мүшесі болады. Бұлардың
бәрі құрылым түрінің жалпы белгілері.
Енді
шетелдік саяси басқарудың өзіндік
ерекшелігін айта кетейік. Мысалға:
Франция Президенті – тек мемлекет
басшысы, ол сайлауда жеңіп шыққан және
парламентті көпшілік орын алған партияның
басшысын үкіметтің басы етіп тағайындайды.
Басқарудың
екі түрінің қайсысы тиімді, демократияның
талабына қай жүйе дұрыс келеді деген
сұрақтың туатыны анық. Бұл сауалға бір
жақты жауап беруге болмайды. Себебі әр
басқару жүйесінің күшті жақтарымен қатар
әлсіз жерлерлер де бар. Мысалы: Парламенттік
басқару кезеңінде көппартиялық жүйенің
маңызы өседі. Азаматтар қоғамның саяси
өміріне жақын араласады. Шағын партияларда
заң шығару билігіне, атқару билігіне
келуге мүмкіндік алады. Демек қоғамдағы
барлық саяси, әлеуметтік көзқарастар
бір жерге жиналады. Сонымен бірге түрлі
саяси күштердің бас қосуы, коалиция құруды
қарама - қарсы көқарастардың, келісімге
келіп, ымыраласуына да септігін тигізеді.
Егер коалиция тарап кетсе, немесе үкіметті
жасақтаған, көпшіліктің дауысына ие болған
партия мандатынан айырылып қалса, премьер
– министр қызметінен кетеді де, жаңа
үкімет жасақталады, не қайтадан сайлау
жүргізіледі. Кемшілігі:
1.
Партиялық коалиция саяси дағдарыс
кезінде тез ыдырап кетеді. Демек,
үкіметті өзінің алдында қойған
мақсатын, бастаған істерін аяқтай алмай
қызметін тоқтатады деген сөз.
2.
Премьер-министр саяси басшылығына,
оны барлық халық сайлаған
жоқ, сондықтан береді де төмен
болады.
3.
Үкіметтің саяси дүрмектің нәтижесінде
көпшілік даусына не болған
экстремистік партия мен топтардың қолына
түсу қаупі бар.
4.
Парламенттік көпшілігіне ие болған
партия елдің болашағына немесе экономикасы
мен саяси өміріне кері әсер ететін бағадарламаны
жүргізу мүмүкін, ал ондай қате адамға
шектеу қоятын құрылым жоқ.
Президенттік
басқарудың тиімді жағы, біріншіден, жауаптылық
(президент тек парламент алдында өзінің
сайлаған халықтың алдында жауап береді,
екіншіден бедел, үшіншіден нақты биліктің
(атқарушы билік) күші. Президент халықтың
берген үкіметтігін пайдалана отырып,
халыққа сүйене отырып жұмыс істейді.
Кемшілігі:
Президент пен парламенттің арасындағы
үзілмейтін күрес. Кейде президент
өзінің бағдарламасын, жұмыс жоспарын
парламенттен өткізе алмай қалады, ал
кейде ол өзіне берілген құқықты пайдалана
отырып, Парламенттің қабылдаған заңын
тоқтатып қоя салады. Осындай жағдайда
ұзаққа созылған келіссөздер басталады.
Президенттің шектен шыққан уақытта авторитарлық
жүйенің қалпы пайда болады. Әсіресе, мұндай
жағдай демократияға енді ғана қадам басқан
мемлекеттерде кездесу мүмкін.
Мемлекеттің
міндеттері мен құқықтарын жүзеге асырудың
жолдары өте күрделі. Оның негізінде
билік жүргізу қызметтерін үщ
салаға бөлу жатады. Бұл жағдайда сол салалардың
біреуі мемлекетік билікті толық иемденіп
кете алмайды. АҚШ-тың төртінші президенті
Джеймс Медисонның : *Заң шығарушы, атқарушы
және сот билігінің бір қолға жинақталуы…
тиранияға (шексіз билікке) келу деп айтуға
болады* деген сөзі бар.
Биліктің
үш саласы мыналар: заң шығарушы билік,
атқарушы билік және сот билігі.
Демократиялық
мемлекет тек заңның күшіне сүйенеді.
Сондықтан да ешқандай демократия заңның
бұзылуына бір сәтте көнбейді және
оны бұзған адамның қандай лауазымы бар
екеніне қаралмай тиісті жазасын береді.
Демек демократия үшін заңның жазылғанынан
гөрі іске асқаны маңызды болып табылады.
Сіздер үшін ең қажетті мәселе – заңның
азаматтары үшін жазылатыны. Бүгінге дейін
біздің қоғамның мүшелері Заңдар сол заңды
бақылайтын, оны жүзеге асыратын заң орындары
мен прокуратура үшін дайындалады деп
қате түсініп келді. Сол түсініктің салдарынан
мемлекеттік билік жүйесінің заңсыздықтарына
қарсы тұра алмай Заң орындарының араласуын
күтті. Өкінішке орай қоғам өміріндегі
болып жатқан заңсыздықтардың бәрін заң
орындары біле бермейді, біле қалған жағдайдың
сіздің арызыңызды күтеді. Әрине, көрнеу
көзге жасалған қылмыстар өзінің жазасын
алады, ал азаматтық, саяси құқықтарын
үшін, өзіңнің еркіндігіне қатысты мәселелермен
өзі шұғылдануы керек. Қорыта атйқанда,
Заң халық үшін жазылады, оны ұстау, қолдану
– Сіздің еркіңіз бен азаматтық көзқарасыңызға
байланысты. Біздер өмірдің алдымызға
тартқан сан қилы мәселелерін мемлекет
шешетін сияқты көреміз. Мемлекет заң
шығарды, бірақ сол заңды пайдаланғымыз
келмейді. Мысалы, табаны түсіп қалған
етікті тұтынушылардың заңын ала отырып,
дүкенге қайта өткізіп, ақшасын қайтарып
алуға, жалақыны уақытында бермеген мекеме
басшысын сотқа беріп, өндіріп алуға сайланған
депутаттарымыз өз міндеттерін орындамаған
жағдайда талап қоюға немесе парақорлықпен
айналысқан лауазымды адамды ұстап беруге
т.т. біздің батылымыз бармайды. Абылайханның
түсіндегі қоян қорқақ заманы осы болмай
қай кез екен. Ал егер қоғам осындай кері
тартпалық істермен өзін білдірте берсе,
сонда демократиялық қоғам өркениетті
елімізді қашан құрамыз, сондықтан өркениетке
жол ашамыз десек, әрбір азамат өз құқықтарын
толық түсініп, саяси жүйеде өз белсенділігін
көрсетіп, келесі ұрпақтың демократиялық
даму таза жол ашып беруге міндетті. Қарап
отырсақ, заңды біздер пайдалансын деп
жариялады, ал пайдаланғымыз немесе заңсыздық
пен әділетсіздікке белшемізден батып
отыра береміз. Заңды қолдану үшін одан
хабарын болуы шарт. Өзіне берілген құқықты
жүзеге асыру жолдарын жақсы үйреніп алу
қажет. Демократиялық қоғамдағы азаматтар
өзінің жеке басына қатысты бар мәселелерге
де белсене араласады. Басқалардың да
құқығы мен еркіндігін қорғайды, солар
үшін күреседі. Себебі: *қоғам да кеме сияқты,
ал кемедегінің - жаны бір* деген тамаша
халық мақалы бар.
Қорытынды
Жылдан
жылға демократиялық билік түріне
өткен мемлекеттер саны көбейіп келеді.
Оның қататының өсе түсуіне 1990 жылдардың
басындағы кеңес үкіметінің ыдырауы, ең
үлкен тоталитарлық жүйенің күйреуі де
себеп болды. Бірақ демократиялық қоғам
құрамыз деп жариялау оңай да, іс жүзіне
асыру - аса күрделі мәселеге айналған
сияқты. Оның бір себебі – демократияның
әлі де нақты шешімін ашпаған, кейбір көлеңкелі
жақтарында жатыр. Адамдар демократиялық
құрылыс орнағаннан кейін ақ тамаша заман
орнайды деп адасатын сияқты. Демократияға
деген соқыр сенім оның нақты мағынасын
бүркемелеп, ерекше бір жүйені, ешқандай
қажеттіг жоқ заманды көз алдымызға әкеледі.
Өкінішке орай, қателіксіз дүние жоқ. Сондықтан
да демократиялық қоғамның өзінің ішкі
мәселелері, проблемалары болатыны түсінікті.
Бірақ соны шешудің жолында барлық азаматтарға
еркіндік берілетіні қателікті жөндеу
жолын көпшілік болып іздейтіні тағы да
рас.
Әрине,
демократия – еркіндік жолы, ал кезкелген
халықтың бодандықтан да еркіндікті
жоғары қоятыны белгілі. Бірақ табиғи
таңдаудың нәтижесінде демократиялық
қоғам орнай салмайды. Демократия
идеясы берік болғанымен, іс жүзінде оның
жолы ауыр да қиын.
Мысалы,
Кеңес Одағын басқарушылардың соңғысы
М.С.Горбачев алдыңғы дамыған елдерде
жиі болып, олардың жедел дамуына
жол ашқан демократиялық қоғамның
дұрыс екенін мойындауы арқылы және
оны жүзеге асыруды қолдайтын
сыңай танытуы арқылы, одақтың
республикаларының ыдырауына өзінің
ықпалын тигізді. Сол арқылы үш ғасырдан
аса Ресей отаршылдығында болып келген
Қазақстан да өзінің тәуелсіздігін алды.
Азат
тәуелсіз егеменді ел болғанымызға жақында
12 жыл (1991 ж. 16 желтоқсаннан бастап)
толады.Осы уақыттар ішінде саяси үлкен
бетбұрыс жасап, бір құрылымнан (тоталитарлық)
екінші жаңа қоғам құрылымына, яғни демократиялық
құқықтық мемлекет боламыз деп алға ұмтылудамыз.
Өйткені, адамзаттың даму қоғамының ішінде
демократиялық құрылымнан артық осы кезге
дейін басқару жүйесі жоқ екендігін белгілі
ғалымдар негізделген дәлелдермен айтуда.
Дүние жүзінің ең алдыңғы қатарлы дамыған
елдері осы бағытпен өркендеуде. Біз де,
осыдан 13 жыл бұрын еліміздің Президентінің
қолдауымен демократиялық қоғамға қарай,
бүкіл халық болып бетбұрыс жасаған болатынбыз.
Қазіргі
қоғамымызда демократияның сүтпен
еніп, сүйекке сіңген өзіміздегі түрі
мен Батыстан келген, пайдасы мен зияны
тең түрлері орын алуда.
Қазіргі
демократияның жақсы жақтары
мен қатар жаман да жақтары
бар. Олар қызды ардан, ұлды намыстан
айырып, дәстүрімізге жат, ұят істерге
итермелеп, санасын темекі, арақ нашақорлыққа
жақындатып, уландыруда. Қазір демократия
деп теледидар, ақпарат құралдары арқылы
ұлттық үрдіс дәстүрімізді бұзатын қолайсыз
хабарларды көп таратуда.
Қазір
қазақ жеріне пайдасы мен зияны бірдей
Батыс елдерінің қалыптасқан демократиясы
кіре бастағанын күнделікті тіршіліктен
сезінесің. Біздің кейбір жастарымыз,
өздерінің жеке ойы, пікірі жоқ бос кеуделері
демократияны Батыс елдеріндегідей шашау
шығармай қабылдайды. Ақпарат құралдары
арқылы елімізге тарап жатқан кері ағымдар
ұлтымыздың тұнығын бұзу үшін жасалынып
жатуы да мүмкін. Сондықтан жастарымыздың
нақты өзінің көзқарасы қалыптасып, айтар
пікірінде дерек болуы керек.
Қазақстанда
демократиялық қоғам өзінің ерекшеліктерін
бұзбай, дамыта, байыта отырып, өзіміздің
ежелгі құрылымымызға енгізу керек.
Қазақ халқының ұлттық мәдениеті, салт-
дәстүрі, әдет- ғұрпы, іс- әрекеттері, яғни
демократиялық еркіндігі ертеден қалыптасып
келген тамыры тереңде жатыр. Біз- өз түріміз,
тіліміз, ұлттық ерекшелігіміз бар елміз.
Ертелден қалыптасқан үлкенді сыйлау,
тыңдау, қызмет ету- ұлттық мәдениетіміздің
бір белгісі. Қазақ *үлкен тұрып, кіші сөйлемейді!*
дегенде ретсіз кимелеу мәдениетсіздіктің
белгісі дегенді білдіреді. Қай кезде
де тіл бостандығы болғанын *бас кеспек
болса да тіл кеспек жоқ* - деген сөзден
білуге болады.
Ұлтымыздың
мәдениеті материалдық жағынан
да, рухани деңгейімен де кез - келген ұлт
мәдениетінен кем емес, өзіндік ерекшелігі
мен артықшылықтары бар. Сондықтан
да өзіміздің мәдениетіміздің тамырын
сақтай отырып, оны жаңарта, дамыта
беруіміз керек.
Қорыта
келгенде айтпағымыз, жастарға, өсер ұрпаққа
демократиялық қоғамның не екенін айтқанда,
бұл жаңару жалғыз Батыс елдерінде
емес, оның негізі кіндік қанымыз тамған
өзіміздің елімізде екенін ұғындыру.
өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді
сақтайтын, ата мұрасын жалғастырытын
және осы кезге дейін сақталып келген,
қолда бар қатынас жүйесі арқылы демократиялық
қоғамды толықтыра, дамыта отырып, өзіміздің
бойымызға сіңіре білсек, рухани жағынан
байып, кемелдене түсеміз.
Енді
біздің міндетіміз – халықтың табиғи
даму жолын шектейтін, оның ұлттық мақсатына
тосқауыл болатын, адам құқығы мен еркіндігін
жүзеге асырмайтын жұмыстар жүргізетін
бұрынғы саяси жүйені, мемлекеттік
құрылымды қайта келтірмеуге
күш салу. Ол үшін жаңа құрамның - демократиялық
қоғамның қыр сырына қанық болуымыз керек.
Сонда ғана Қазақстанның болашағы жарқын
болмақ.
Қолданылған әдебиеттер
тізімі
Нормативтік
актілер
Қазақстан
Республикасының Конституциясы. 30 тамыз,
1995 жыл. Өзгертулер мен толықтырулар
енгізілген 1998 ж.
Саяси партиялар
туралы. Қазақстан Республикасының
заңы. 1996 жыл, 2 маусым. Өзгертулер мен
толықтырулар енгізілген 1998 ж
Қоғамдық
бірлестіктер туралы. Қазақстан Республикасының
заңы. 1996 жыл, 31 мамыр. Өзгертулер мен
толықтырулар енгізілген 1998 ж
Сайлау
туралы. Қазақстан Республикасының
заңы. 1998 жыл.