Дебиторлық берешек

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 18:09, доклад

Описание

уДебиторлық берешек – кәсіпорынға (ұйымға, мекемеге) шаруашылық қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде басқа бір заңды немесе жеке тұлғаның берешек болған борышы. Бұл бір кәсіпорынның айналымдағы қаржысын екінші бір ұйым немесе жеке адамның пайдаланғандығын көрсетеді. Дебиторлық берешек – кейде қаржы тәртібін бұзудан, қаржыны талан-таражға түсіруден, күрделі құрылысқа байланысты қарыздардан т.б. құралады.

Работа состоит из  1 файл

Дебиторлық берешек мсфо.doc

— 60.50 Кб (Скачать документ)


уДебиторлық берешек – кәсіпорынға (ұйымға, мекемеге) шаруашылық қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде басқа бір заңды немесе жеке тұлғаның берешек болған борышы. Бұл бір кәсіпорынның айналымдағы қаржысын екінші бір ұйым немесе жеке адамның пайдаланғандығын көрсетеді. Дебиторлық берешек – кейде қаржы тәртібін бұзудан, қаржыны талан-таражға түсіруден, күрделі құрылысқа байланысты қарыздардан т.б. құралады. Дебиторлық берешектердің өсуі кәсіпорынның қаржы жағдайын ауырлатады. Осыған байланысты экономикада қоданылып жүрген есеп айырысу – несие қатынастарының тәртібі. Дебиторлық берешектің өсіп кетпеуін қадағалап отырады. Дебиторлық берешек дер кезінде өндіріліп алынуға тиіс. Егер өндіру мерзімі өтіп кетіп, дебиторлық берешек шығыстан шығарылған жағдайда, бұл мерзімді өткізіп алған адамдар тиісінше жауапқа тартылады.    

Дебиторлық борыш есебі бухгалтерлік есеп жұмыс жоспарының «Қысқа мерзімді активтер» атты бірінші бөлімінің 1200-ші бөлімшесінде және «Ұзақ мерзімді активтер» атты екінші бөлімінде есептелінеді: Тауарлар мен қызметтер үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен бір жылдық есеп айырысу есебі 1210- Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі шотында жүргізіледі. Көрсетілген шоттың дебетінде клиенттің айдың басы мен айдың соңындағы қарыз сомасы және жыл ішінде алынатын сома,  кредитінде сатып алушыдан келіп түскен сома бейнеленеді.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлағалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде  алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары –1200 дебиторлық борыштар (алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып  екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептелінеді.

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:

      Ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;

      Тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;

      Вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;

      Негізгі ұйымдар  мен еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған  дебиторлық борыштар;

      Ұйымның лауазымды адамдарыны (тұлғаларанының) дебиторлық борышы;

      Басқадай дебиторлық борыштар.

Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексеь бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша борыштар (дебиторлық борыштар) иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив  болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ «дебиторлық борыш» дегеніміз, бұл – иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активке қамтылған алдағы  уақыттағы экономикалық тиімділік.

Ұйымның қаржы қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни дебиторлық борыштардың есептелген уақыты  мен өтелу  уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байланысты  кірісті алынған жағдайда  ғана анықталады. Дебиторлық борыштар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін және қайтарылған  тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сомасы бойынша есептелінеді. Бір жылдан астам уақыт бойы  алынбаған дебиторлық борыштар «ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар» болып есептеледі. Дебиторлық борыштардың пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардаң мұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының көлемін арттыру болып табылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін пайдалану ұйымының күмәнді борыштарының сомасын  қысқартуға үлкен әсер етеді. Халықаралық тәжірибеде баға жеңілдіктері (скидки) терминімен (сөзімен) бірге сауда жеңілдігі термині (сөзі) қатар қолданылады. Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі ұйымдар сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға жеңілдіктерін пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады.

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп айырысудың есебі бойынша  дебиторлық борыштардың есебіне талдамалық есептің карточкалары, ажырату парақшалары (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың  жиынтығын  анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп  стандарттарында (соның ішінде Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп стандарттарында) ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барсында қолданылатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ  есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, оларға негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Дебиторлық борыштар шоттарныда есептелінетін сомаларлың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізу керек, ол құжаттар бойынша шоттарды корреспонденцияланатын щоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы басты мақсат – әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық борышты есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушы ларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы деп танылады

Дамыған елдерде дебиторлық қарыз кредиторлық қарыздан  асып тұрса айналымның өскендігін дәлелдейді, қауіпті деп саналмайды. Кейбір елдерде бұл жағдай кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын әлсірететіндіктен қауіпті деп есептеледі.

Дағдарыс жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту үшін дебиторлық, кредиторлық қарыздың ара қатынасын бақылап отыру қажет. Дебиторлық қарыздың біршама өсуі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіреді, қаржыландырудың қосымша көздерін жұм Дебиторлық қарызды талдау кәсіпорынның балансының мәлметіне сай оның бір жылдың ішіндегі көлемін анықтаудын басталады ылдыруды талап етеді.

Дебиторлық қарыздың айналымы төмендегі көрсеткіштердің көмегімен талданады:

-         ағымдағы активтің жалпы көлеміндегі дебиторлық қарыздың үлесі;

-         сенімсіз (үш айдан көп уақыт өтелмеген) қарыздың үлесі;

-         қарастырылып отырған мерзімде дебиторлық қарыздың орташа айналым мөлшері.

 

Нарықтық экономика кезінде кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық жұмыс істеу процесінде тұрақты түрде қарсы агенттермен, бюджетпен, салық мекемелерімен есеп айырысуды жүргізу қажеттілігі туады. Өндірілген тауарларды тиеп жіберу немесе кейбір қызмет көрсету арқылы, кәсіпорындар, әдетте, қолма-қол төлем ақша алмайды, яғни сатып алушыларды несиелейді. Сондықтан өнімдерді тиеп жіберген уақыттан, кәсіпорынға төлем қаражаты түскен уақытқа дейін кәсіпорын дебиторлық берешек түрінде әрекетсіздікте болады, оның деңгейі көптеген факторлармен анықталады: өнімнің түрімен, нарық сиымдылығымен, өндірілген өніммен нарықтың молықтырылу деңгейі, шарттың жағдайы, кәсіпорынның қолданатын есеп айырысу жүйесі және басқалар. Дебиторлық айналым коэффиценті бір жылда дебиторлық борыштың айналым жылдамдығын көрсетеді.Дебиторлық айналым коэффицентін анықтайтын формула: 

ДАК=сатудан тускен түсім/дебиторлық берешек

Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни дебитолық борыштардың есептелген уақыты мен отелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байл анысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық борыштар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін (скидки) және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі

өткізу көлеміне байланысты процент тәсілі - үмітсіз борыштардың проценті жалпы өткізу көлемінде анықталады. Бұл үшін бірнеше есепті кезең ішінде (ең азы үш жыл) тауар өткізу (жұмыс, қызмет) көлемін және күмәнді борыштар бойынша резерв пайда болуы үшін процентті белгілеуге арналған төленбеген шоттар сомасын талдау қажет.

Төлеу мерзімі бойынша шоттарды есептеу тәсілі - берешекті төлеу мерзімі бойынша күмәнді талаптар проценті анықталады. Бұл үшін алынуға тиісті барлық шоттарды мынандай категориялар бойынша жіктеу қажет:                     

      өтеу мерзімі әлі болмаған шоттар;                                               

      1 күннен 30 күнге дейінгі төлеу мерзімі бар шоттар;             

      31 күннен 60 күнге дейінгі төлеу мерзімі бар шоттар;                          

      61 күннен 90 күнге дейінгі төлеу мерзімі бар шоттар;

      90 жэне одан көп күндерде төлеу мерзімі бар шоттар. Мысалы «Қазақстанкаспийшельф» компанияның мәліметтері негізінде:  


Күмәнді борыштар сомасы 226,7 мың теңге құрайды.           

7443 «Жалпы және әкімшілік шығындары» шот дебеті

1290 «Күмәнді борыштар бойынша резерв» шот кредиті - 226,7 мың теңге.

Субъект балансынан бұрьш талап етілмеген, күмәнді деп танылған борыштарды есептен шығарғанда мынандай жазба жазылады:

1290 «Күмәнді борыштар бойынша резерв» шот дебеті

2110 «Алынуға тиісті шоттар» шот кредиті

2120-2130 «Еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешегі» шот кредиті   - 226,7мың теңге.

 

 

 

 



Информация о работе Дебиторлық берешек