Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 07:30, реферат
Халықаралық валюталық рыноктар қаржы ресурстарының қозғалысы мен орналасуында маңызды рөл атқарады. Бұлар әлемдік көлемде валюталардың құны мен тауарлардың бағасын анықтауды қамтамасыз етеді, рынок қатысушыларына валюталардың пайыздық ставкалары мен бағамның болашақтағы өзгерісін бағалауға, сырт көздерді тарту есебінен елдердің төлем баланстарын қаржыландыруға мүмкіндік береді.
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
Реферат
Пәннің аты – «Әлемдік қаржы нарығы»
Аға оқытушы : Асилова А.С.
Орындаған: Тилешова С.А.
Мамандығы – 6N050900 «Қаржы»
Алматы, 2012 ж
Кіріспе
Халықаралық валюталық рыноктар қаржы ресурстарының қозғалысы мен орналасуында маңызды рөл атқарады. Бұлар әлемдік көлемде валюталардың құны мен тауарлардың бағасын анықтауды қамтамасыз етеді, рынок қатысушыларына валюталардың пайыздық ставкалары мен бағамның болашақтағы өзгерісін бағалауға, сырт көздерді тарту есебінен елдердің төлем баланстарын қаржыландыруға мүмкіндік береді. Халықаралық валютасы түрінде көрінетін қандай да болмасын қаржылық талаптар валюталық рыноктың негізгі тауары болып табылады.
Қаражатты ұлттық валютада
немесе шетелде шетел валютасында
қаржы активтеріне
ХХ ғасырдың орта шенінен бастап халықаралық экономикалық, қржы – қаражат және валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын жеделдетуді, халықаралық қаржыландыруды дамытуды, жаңа валюта рыноктарын құруды, әртүрлі елдер арасындағы валюталық – қаржылық қатынастарды кеңейтуді көздейді.
Валюталық қатынастар – дәстүрлі ақша қызметінің дүнижүзілік ақша қызметіне ауысумен байланысты жүзеге асатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Дүнижүзілік ақша сыртқы сауда мен қызмет көрсетулерді, капиталдар қозғалысын , пайданы инвестицияларға аударады, несие және қарыз беруді, ғылыми – техникалық айырбасты, туризмді, заңды және жеке тұлғалардың ақша аударуын қамтамасыз етеді.
Валюталық қатынастар ұлттық және халықаралық деңгейде жүзеге асырылады. Ұлттық деңгейде олар ұлттық валюта жүйесін қамтиды. Ұлттық валюта жүйесі – мемлекеттік заңдармен бекітілген, елдің валюталық қатынастарын ұйымдастыру нысаны.
Халықаралық валюта жүйесі дүнежүзілік шаруашылық шеңберіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың нысаны.
Халықаралық валюта жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:
Халықаралық валюта жүйесінің негізгі міндеттеріне тұрақты экономикалық өсуді, инфляцияны ауыздықтауды, сыртқы экономикалық айырбас пен төлем айналымын тепе – теңдікте сақтауды қамтамасыз ету шеңберіндегі халықаралық есептеулер мен валюта рыноктарын реттеу жатады.
Халықаралық Валюта жүйесі халықаралық экономикалық қатынастарды кеңейтуге, немесе керісінше шектеуге әсер ететін ең маңызды механизімдердің бірі
Халықаралық валюта қатынасы
– бұл әлемдік ақша қызметімен
байланысты сыртқы сауда капиталы және
жұмысшы күшінің миграциясы, табыс
аударымы қарыздар мен демеу –
қаржылар, ғылыми – техникалық айырбас
сияқты әр түрлі халықаралық
Әлемдік экономистердің анықтамасына сәйкес, әлемдік валюта жүйесі әлемдік экономиканың дамуымен шарттастырылған және мемлекетаралық келісіммен заңды түрде бекітілген халықаралық валюта қатынастарын ұйымдастыру формасы болып табылады. Әлемдік валюта жүйесінің анықтаушы элементтері болып табылатындар:
Әлемдік валюта нарығы қатысушыларының
негізгі мақсаты – өздері үшін
«сәтті» операцияларды жүзеге асыру.
Олар негізінен мынандай: валюта айырбастау
(конверциялық) алыпсатарлық және арбитражды,
шетелдік инвестициялау, көлемдерінің
халықаралық трансфертті
Айырбасталатын ореацияларда қатысушы үшін айырбас басты емес, яғни осындай операция үшін пайда өзіне маңызды емес шетел валютасына айырбас тауарды сату есебінен басқа нарықта пайда табу үшін жүзеге асырылады.
Айырбасталатынмен салыстырғанда, алыпсатарлық және арбитраждық операциялардың мақсаты валюта операциясының барысында пайда табу болып табылады. Арбитраж бағамдық айырма ретінде табыс табу мақсатында бір қаржылық құралды әр түрлі нарықта бір мерзімде сату және сатып алуды білдіреді. Алыпсатарлық – бұл баға өзгеруден (валюталық қоғам) пайда табу үшін валютаны сату – сатып алу.
Валюталық арбитраждың жай түрі валюталық нарық қатысушылары кеңістік бөлінген жерлерде айырбасталатын екі валютаны сату және сатып алудың бағамдық айырмашылығын қолданған кезде пайда болады. Мысалы, егер қазақстандық теңгеге АҚШ долларын сатып алу бағамы бір банкте анықталған күні басқа банктегі сату бағамына қарағанда жоғары болады.
Сондай – ақ әр түрлі
елдердегі қаржылық салымдар табыстылығының
айырмашылығын қолдануға
Шетелдік инвестициялау жағдайында валюта операциясының қатысушысы басты мақсат ретінде айырбас кезіндегі сияқты валютаның өзінің айырбасталуынан пайда шығару емес, халықаралық нарықтарда ұзақ мерзімді жоспардағы капитал өсуін алады. Осы операциялардың қатысушылары тікелей немесе жанама шетел компанияларының активтерін иеленедіжәне оларды қолданудан пайда алады.
Төлемдердің халықаралық транферті – бұл бір елден басқа елге пайда, ақша қаражаттары мен басқа да валюталық құндылықтардың аударымы.
Халықаралық валюта несие қатынастары бөлу, айырбастау, тұтыну салаларына жатады. Өндіріс салаларынан еркін және төлем балансында көрініс тапқан, халықаралық экономикалық қатынастардың барлық формаларының аяқталғандығын білдіреді. Сонымен бір мезгілде олар салыстырмалы түрде дербес болып саналады, ұлттық экономика мен халықаралық экономикалық қатынастардың бүкіл жүйесіне кері әсерін тигізеді.
Әлемдік валюта жүйесі, ұлттық экономиканың өзара тәуелділігінің күшеюімен әлемдік шаруашылық байланыстарымен келісілген, ақша- экономикалық қатынастарының жиынтығын білдіреді. Халықаралық еңбек бөлінісі, тауарлы өндіріс пен әртүрлі елдер арасындағы сыртқа сауда оның базасы болып саналады.
Информация о работе Халықаралық валюта жүйесінің мәні және құрылымы