Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2013 в 08:19, реферат
Жуырда Ресей Премьер-министрі Владимир Путин өздеріне ұқсас елдердің бизнесті жүргізу жағдайларына назар аудару қажеттігін ұсыныпты. Ол, әсіресе, Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау шараларына ризашылығын жасырмайды. «Қазір бұл ел бизнес жағдайлары бойынша, Дүниежүзілік банктің бағалауынша, 47-ші орында, ал Ресей 120-шы орында», – дейді ол. Еліміздегі бизнес ахуалдың жылдан-жылға жақсарып келе жатқанына «Даму» кәсіпкерлікті қолдау» АҚ-ның қосқан үлесі ерекше екенін айтпауға болмайды.
Бұл қор елімізде кәсібін бастағысы келетін және бұрыннан кәсіппен шұғылданатын кәсіпкерлерді белсенді қолдауды жалғастыруда. Осы орайда «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының төртінші бағыты шеңберінде кәсіпкерліктің түрлі саласы бойынша «Даму» қоры 20 үлгі бизнес-жоспар дайындады.