4. Басты
проблеманың бірі- ол кадр мәселесі.Кәсіпкерлік
сүйекке біткен қасиет дейді.
Ол мүмкін дұрыс болар, бірақ
ондай адамдар аз. Қоғамға керекті
кәсіпкерлерді даярлау керек,
ол үшін оларды таңдап алып
оқыту қажет.
5. Кәсіпкерлік
істі әлеуметтік қорғау керек.Ол
үшін әлеуметтік кепілдік және
әлеуметтік қамтамасыздандыру тағы
басқа шаралар қолданылуы тиіс.
2.3.
Отандық шағын
кәсіпкерліктің құқықтық
қамтамасыз ету көздері.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік
қызметтің заңдық негізі 90-жылдары
қалыптаса бастады. Бизнестің
осы түрін қалыптастырып, дамыту
мәселелерін реттеуге бағытталған
заңдық және нормативтік актілер,
заңдар қабылданып, қызмет етуде.
Олар кәсіпкерлік қызметтің бірқатар
сауалдарын қамтуда: шаруашылықтық
қозғалыстың еріктілігі; жеке кәсіпкерлікті
қолдау және қорғау; шаруашылықтық серіктестіктердің,
акционерлік қоғамдардың, жеке кәсіпкерліктің,
өндірістік кооперативтердің, мемлекеттік
кәсіпорындардың, шаруа қожалықтарының,
әлеуметтік экономикалық зоналардың дамуы;
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу,
лицензиялау; шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік
қолдау, кәсіпкерлік қызметпен айналысушы
азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын
қорғау және тағы басқа.
- ҚР
Азаматтық кодексі.
- “ҚР
кәсіпкерлікті дамыту
мен шаруашылықтық қызметтің
бостандығы туралы”
Заңы 13.01.1993ж.
- “Шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік
қолдау туралы” ҚР Заңы 1992
ж.
- “Жеке
кәсіпкерлікті мемлекеттік
қолдау туралы” ҚР Заңы.
- “Жеке
кәсіпкерлік туралы”
ҚР Заңы.
- “Кәсіпкерлік
қызмет бостандығына
мемлекеттік кепілділікті
іске асыру бойынша
қосымша іс-шаралар
туралы” ҚР Президентінің
Жарлығы.
- “Шағын
кәсіпкерлікті дамытуды
белсендіру және мемлекеттік
қолдауды күшейту бойынша
қосымша іс-шаралар
туралы” ҚР Президентінің
Жарлығы.
- “Кәсіпкерлік
қызметпен айналысу
бостандығына азаматтар
мен заңды тұлғалардың
құқығын қорғау туралы”
ҚР Президентінің Жарлығы.
- ҚР
ШК қолдау мен дамытудың
Мемлекеттік бағдарламасы.
3–тарау.Қазақстан
Республикасында
шағын бизнесті
жетілдіру жолдары.
Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы
үлкен даму үстінде. Шағын бизнестің бұл
даму үдерісінде маңызы зор болғандықтан
қалалар мен аудандар әкімдіктері шағын
бизнестің тоқтап тұрған кәсіпорындарын
іске қосу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.
Мысалы, тек Қарағанды облысында 2004 жылы
15 кәсіпорын, 2005 жылы 16 кәсіпорын іске
қосылды.
2004
жылғы импортты алмастыру бағдарламасын
іске асыруға 98 шағын және орта
бизнес кәсіпорындары қатысты,
отандық өнімдерді нақты жеткізу
көлемі 7,1 млрд. теңгені құрады, ал 2005
жылы 124 кәсіпорын жұмыс көлемін
7,3 млрд. теңгеге орындады.
«Астананың
гүлденуі- Қазақстанның гүлденуі» бағдарламасының
және осыған бағдарламалардың қабылдануы
шағын бизнестің жақсы дамуына
бірден-бір әсерін тигізеді. Мысалы,
жоғары аталған бағдарламасымен
қарастырылған іс-шараларды іске
асыру жұмысы 2004 жылы 29 шағын және
орта бизнес субъектілерінде өнімдерді
жеткізу мен мердігерлік құрылыс
жұмыстары көлемдерін 745 млн.теңгеге,
ал 2005 жылы 33 кәсіпорында 1546 млн. теңгеге
орындауға мүмкіндік берді. Аталған
бағдарламамен кәсіпкерлікті қолдау
және құқықтық қорғауды қамтамасыз ету
мақсатында шағын және орта бизнестің
мәселелері жөніндегі комиссия, облыстық
салық комитеті, кеден, қаржы полициясы
және прокуратура жанынан сараптамалық
кеңестер құрылды.
Бүгінгі таңда кәсіпкерлік
қызметті реттеу Қазақстан Республикасы
сауда және индустрия министрлігінің
шағын бизнесті қолдау бойынша
Комитетінің құзырына енеді.
Шағын
бизнесті дамыту мен қолдау бойынша табысты
мемлекеттік саясат төмендегі маңыздылықтардан
тұратын интеграциялық тәсілдеме негіздерінен
тұрады:
- Стратегиялық
деңгейінен (саясаттың
қалыптасуы);
- Мекеме
деңгейінен (әрекет
етуші ұйымдар);
- Кәсіпорын
деңгейінен (шағын және
орта бизнес);
Шағын
бизнесті дамыту мен қолдау бойынша
мемлекеттік саясатты іске асыру
кезінде жалпы жүйенің төрт элементі
қатысу қажет:
- Мемлекеттік
орган (саясатты өңдеу, басқа мемлекеттік
билік органдарының алдында оны қорғау,
орталық және жергілікті атқарушы билік
органдарының жұмыстарын бағдарлау) –
үлкен билікті өкілеттіктермен, ерекше
бақылаушы органдарға қатысты.
- Жеке құрылымдар
(шағын бизнес орталықтары, бизнес-инкубаторы,
оқу-консалтингтік орталықтар және т.с.)
– кәсіпкерлерге, әсіресе жаңа бастаушы
кәсіпкерлерге қажетті қызметтерді көрсету
жолымен мемлекеттік саясатты іске асыруды
қамтамасыз етеді.
- Қаржылық
құрылымдар (шағын бизнес қолдау қоры,
банктер, сақтандыру және лизингтік компаниялар)
–шағын бизнеске қатысты мемлекеттік
саясатын несиелендіру, сақтандыруды
қаржыландыруды қамтамасыз етеді;
- Кәсіпкерлік
құрылымдар (ассоциации, одақтар және
т.б.) шағын кәсіпкерлікті қолдауды
күшейту бойынша мемлекеттік саясат барысын
талдау және ұсыныстар жасау. Кәсіпкерлермен
мемлекеттік органдар арасында кері байланыс
және президент, үкімет, парламент алдында
шағын кәсіпорындардың мүддесін қорғаштау.
Жоғарыда аталғандарды
ескере отырып, Қазақстанда
шағын
бизнесті қолдаудың
келесі ұйымдастырушылық
моделін енгізуге
болады.
- Кәсіпкерлік
бойынша Ұлттық кеңес, 1994 Қазақстан
Республикасы Президентінің жарлығы негізінде
құрылған кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау
бойынша Мемлекеттік комиссия негізінде
қалыптасуы мүмкін. Кәсіпкерлік Ұлттық
Кеңес шағын бизнеске көмек және қолдау
көрсетуші министерства мен ведомоствалар
өкілдерімен, бизнес ассоциациясымен,
қоғамдық ұйымдардың өкілдері енуі керек.
- Кәсіпкерлік
саясатын бағдарлаушы
орган. Үкімет ішіндегі бұл орган кәсіпкерлікті
дамыту мен қолдаудың барлық бағдарламаларын
және шағын бизнес секторына қатысты барлық
саясатты өз қадағалауына алу керек. Мұндай
органға Қазақстан
Республикасы сауда
және индустрия министрлігінің
шағын бизнесті қолдау
бойынша Комитетін жатқызамыз.
- Саясатты
іс жүзіне асырушы құрылымдар. Бұл жартылай
мемлекеттік, жеке құрылымдар (шағын бизнес
орталықтары, бизнес-инкубаторы, оқу-консалтингтік
орталықтар), кәсіпкерлерге бизнес-жоспар
құру, нарықты зерделеу, жобалардың іске
асуының мониторингісі, әртүрлі салада
кеңес беру бойынша жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда, бірқатар облыстардағы
шағын бизнес орталықтарын, жеке консалтингтік
не оқу орталықтарын енгізетін Кәсіпкерлікті
қолдау мен дамытудың
Қазақстандық орталығы
қызмет атқаруда.
- Қаржылық
құрылымдар. Шағын
бизнес қолдау, демеу
бойынша Қоры, екінші
деңгейдегі банктер,
лизингтік компаниялар.
- Қоғамдық
бірлестіктер.
Қазақстан кәсіпкерлерінің
Конгрессі.
Европа Одағына мүше елдерінде
және экономикалық ынтымақтастық
және даму Ұйымдарында шағын
бизнестің ролінің артуы осындағы
басым елдердің көпшілігінде
арнайы саясатты әзірлеуді қажет
етеді. Олардың негізгі мақсаты
келесілерді қамтиды:
- ұлттық шағын
кәсіпорындардың халықаралық бәсеке қабілеттілігін
дамыту;
- жаңа жұмыс
орындарын құру;
- шағын кәсіпорындардың
экономикалық өсімі;
- шет ел кәсіпорындарын
және инвестицияларын тарту;
- өндірісті
жаңарту;
- инновациялық
қызмет;
- технология
трансферті.
Шет ел тәжірибесі көрсеткендей
нарықтық экономикасы дамыған
елдерде шағын бизнесті қолдаудағы
мемлекеттік реттеудің жалпы
қабылданған формалары мен әдістері
қазіргі уақытта қарастырылуда.
Осы әдістерді мазмұны және
бағытталуы бойынша екіге бөліп
қарастыруға болады. Мазмұны бойынша
мемлекеттік реттеу ұйымдастырушылық-реттеушілік,
институционалдық әдісті сипаттайтын
экономикалық болып бөлінеді. Бағытталынуы
бойынша мемлекеттік реттеу тікелей және
жанама ретінде қарастырылады.
Кәсіпкерліктің жоғарғы қарқында
дамуына кезінде үлкен масштабта
қолдау көрсеткен АҚШ-ның мемлекеттік
реттеу әдістері мен жаңа формаларының
кейбіреуін біздеде қолдануға
болады:
- Жалпы өсу
мен табыстылықтың негізгі кепілі ретіндегі
жеке меншікті қорғау. Жеке меншікті
қамтамасыз ету кәсіпкерлер үшін бір сәттілік
кірісті ғана емес, сонымен қатар жалпы
болашақты ойлап қадамдар жасауына ықпал
етеді.
- Кәсіпкерлерге
толығымен жағымды,
қолайлы болатын саясаттар
жүргізу. Бұл жағдай кәсіпкерлікті мемлекеттік
бағдарламаның дамуы ретінде қарастырылып,
кәсіпорындарды құрудағы еркіндік пен
жарғылық қорға, негізгі қорға қойылатын
талаптарға жеңілдіктер мен шектеулерді
және тағы басқаны азайтуды сипаттайды.
- Импортталынатын
тауарларға эмбаргоны (тиым
салуды, шектеулерді)
енгізу. Отандық тауар өндірушілерді
қорғау мақсатында импорттық тауарларға
эмбарго енгізіледі.
- Салық
тарифтерін төмендету. Егерде салық
мөлшері баланстық пайданың 40-50%-ын құрайтын
болса, онда бюджеттің табыс көзі қысқарып,
кәсіпкерлер салық төлеуден жалтарып,
жалпы салықтық базаның қысқаруына әкелетіні
бүгінгі күнде мәлім.
- Банктік
жүйедегі өзгеріс. Кәсіпкерліктің дамуындағы
күрделі мәселенің бірі фирмаларды қаржылармен
қамтамасыз ету. Алғашқы кезеңде, кәсіпкерлер
өздерінің меншікті қаражаттарын иемденбеген
кезде банк несиелері қаржыландырудың
жалғыз көзі болып саналады. Банк тарапынан
пайыздық ставканың төмендеуі мен несиелендіру
мерзімінің ұзақ болуы кәсіпкерлік белсенділікті
арттырады.
- Шет
елдік инвестицияларды
тарту – қаржыландырудың маңызды көзі-
шынайы инвестиция ретінде көмекті қамтамасыз
етіп қана қоймай, сонымен қатар технология,
“ноу-хау” және тағы басқа сипатта болуы
мүмкін.
- Кәсіпорындарды,
корпорацияларды құру
мен акцияларды шығарудың
жеңілдетілген процедураларын
енгізу. Кәсіпкерлерге жүктелінетін
жауапкершілікті шектеу олардың белсенділігін
арттырады.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік
қолдау бағдарламаларында олардың
екі түрі қарастырылады: негізгі
және қамтамасыз етуші. Негізгі
бағдарламалардың мақсаты болып
кәсіпкерлік қызметті жоспарлау,
ұйымдастыру және бақылау. Қамтамасыз
етуші бағдарламалар шағын кәсіпорындарға
бизнестің сәйкес инфрақұрылымын
құру жолымен және қажетті
ресурстармен қамтамасыз ету
арқылы (материалдық, қаржылық, еңбектік,
ақпараттық) іс жүзіне асады.
Жаңадан құрылатын не қайтадан
құрылатын кәсіпорындарға қатысты
мемлекеттің саясаты мемлекеттік
қызмет органдары тарапынан ауқымды
ұйымдастырушылық күш-жігер талап
етіп, келесідей бағыттарды қамтиды:
- Шағын және
орта кәсіпорындарға көмек көрсету;
- Кәсіпкерлікті
қаржылық демеу;
- Кәсіпорынды
басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыруда
көмек көрсету;
- Бизнесті
ақпараттық демеу;
- Салық салу
жүйесі және реттеуші механизмдер арқылы
кәсіпкерлік белсенділікті арттыру;
- Қоғамда кәсіпкерлік
климатты қалыптастыру.
Осы бағыттар шет елде шағын
бизнесті дамытудың негізі ретінде
қарастырылып, оларға жеткілікті
түрде назар аударылуда. Өйткені
әр елдің экономикасына серпінділік
беретін ірі бизнес алғашқыда
осы бастапқы шағын деңгейден
басталады.
Біздің республикада да шағын
кәсіпкерлікті қолдаумен шұғылданатын
арнайы мемлекеттік органды құрудың
объективтік қажеттілігі жетілді.
1997 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының
Президентінің Жарлығымен Экономика
және сауда Министрлігінің құрамында
арнайы шағын кәсіпкерлікті қолдау
органы – шағын кәсіпкерлікті қолдау
бойынша Агенттік құрылды. Арнайы шағын
бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік
орган құру мемлекеттік демеушіліктің
бірінші бағыты.
Қазақстан
Республикасының шағын кәсіпкерлікті
қолдау бойынша Агенттігінің қызметінің
негізгі бағыттары
болып келесілер саналды:
- Шағын кәсіпкерлікті
қолдау бойынша орталық және жергілікті
атқару органдарының қызметтерін үйлестіру;
- Кәсіпкерлікті
дамыту бағдарламасын өңдеу, жетілдіру,
әсіресе материалдық өндірісте дамытуға
қатысу;
- Шағын кәсіпкерлікке
қаржылық және техникалық көмек көрсетуде
халықаралық қаржылық ұйымдармен өзара
қатынас орнату,
- Экономиканың
шағын секторына шет ел инвестицияларын
тарту.