Жылжымайтын муликти багалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2012 в 19:12, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің барлық жағдайларын жасау қажеттілігі бекітілген. Тұрғын үй мәселесі қазіргі заманның өзекті әлеуметтік мәселелерінің бірі ретінде сақталып отыр.
Кез – келген елдің тұрғын үй саясатының бастапқы мақсаты – әрбір отбасын қолайлы тұрғын үймен және қоршаған ортамен қамтамасыз ету

Работа состоит из  1 файл

Жылж мүлік түсінігі.docx

— 15.03 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  Конституциясында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің барлық жағдайларын жасау қажеттілігі бекітілген. Тұрғын үй мәселесі қазіргі заманның өзекті әлеуметтік мәселелерінің бірі ретінде сақталып отыр. 
Кез – келген елдің тұрғын үй саясатының бастапқы мақсаты – әрбір отбасын қолайлы тұрғын үймен және қоршаған ортамен қамтамасыз ету . 
Жылжымайтын мүлік нарығы ұлттық экономиканың маңызды құрамдас бөлігі және қарқынды дамушы рыноктардың бірі болып табылады. Жылжымайтын мүліктер нарығы ауқымы кең нарық болып саналады. Тұрғын үй –нарықтық экономикада экономиканың түрлі секторының даму қарқының және халықтың, жалпы елдің келешегіне деген сенімін бейнелейтін өсімнің көрнекті көрсеткіші. 
Тұрғын үй мәселесі кеңес дәуірі кезінен – ақ шешуі қиын мәселе болатын. Ел экономикасы өтпелі кезеңнен өтіп, дамудың даңғыл жолына түскен шақтан бастап халықтың саны да өсіп, тұрғын үйге деген сұраныс еселеп артты. 
Жеке тұрғын үй баспанасының болуы – әрбір отбасы үшін бірінші кезекті қажеттілік. Бұрынғы кеңестік жүйеде мемлекеттік тұрғын үй құрылысы үшін бюджет ресурстарының орталықтандырылған бөлінісі мен тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін кезекте тұрған азаматтардың арасында тегін бөліп беруді бейнелейтін еді. Қазақстанның тәуелсіздік алып, нарықтық қатынастарға өтуі бұл үлгінің сәйкессіздігін көрсетті. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету және құрылысты бюджеттік қаржыландырудың қысқаруы жағдайында тұрғын үйге қол жеткізудің негізгі көздері тұрғындардың өз қаражаттары мен әлемнің экономикасы дамыған елдеріндегідей банктік несиелер ғана болып қалды. 
Осыған орай, тұрғын үй мәселесін шешу Қазақстанның мемлекеттік саясаты үшін негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Осы ретте Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы атты халыққа Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев тұрғын үй саласының дамуына ерекше назар аударып, басты бағыттары ретінде жылжымайтын мүлік рыногын дамыту, тұрғын үйді жалға беруді дамытуды атап көрсеткен. Сонымен қатар, тұрғындардың жекелген бөліктерін қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2005 – 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және өзектілігімен жалғасын тапқан 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданған. 
Жылжымайтын мүлік нарығын дамытудың қазіргі кезеңіндегі маңызды міндеттерінің бірі жылжымайтын мүлік объектілерін коммерциялық мақсатта пайдалану болып табылады. Кеңсе және сауда қызметтері үшін бірінші сыныпты ғимараттарға деген сұраныстың пайда болуы коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығының қалыптасу қажеттілігін туындатты. 
Осыған орай, тұрғын үй және тұрмыстық орнығу, яғни жылжымайтын мүлікке қажеттіліктерді қанағаттандыру нәтижесінде жаңа жұмыс кеңістіктерінің құрылуын, мысалы бизнес – орталықтарда онан әрі бизнес – қонақтардың – қонақ үйге қажеттілігінің туындауы заңды құбылыс. Іскерлік қажеттіліктерді қанағаттандырғаннан кейін сапалы сауда орталықтарымен, яғни сауда жылжымайтын мүлік рыногына, демалысты ұйымдастыру орныдарына қажеттілгі туындайды. Логикалық тізбек заманауи қоймалық жайлардың қажеттілігімен аяқталады. 
Қазіргі кезде Қазақстанда жылжымайтын мүлік нарығының қалыптасуы мен дамуына қатысты кешенді бағыт жоқ деуге болады. Соның салдарынан аталмыш нарықты зерттеу мәселесі отандық ғылым саласында әлі де болса, терең зерделене қойған жоқ. Елдің жылжымайтын мүлік нарығын реттеуші біртұтас мемлекеттік орган жоқ. 
Осы курстық жұмыста жылжымайтын мүлікті бағалау басты проблемалардың бірі болып отыр. Осы жұмыста жылжымайтын мүлікке нені жатқызуға болатындығын және нені жатқызуға болмайтындығын шешу үшін: объекті бөлімінің қалай қосылғанын және басқа объектіге сол бөлім қолданылуын қараймыз. Жылжымайтын мүлік түсінігіне жер учаскесін, кеңістік және жер асты байлығы жатқызуды ,мемлекеттегі жер және жылжымайтын мүлік меншігіне ерекше көңіл бөлінуді негізгі мақсат қылып отырмыз. 
Жылжымайтын мүлік сферасында мемлекеттік саясаттың табысты түрде жүзеге асырылуының алғы шарты функциялардың бірыңғай федералды орган шеңберінде шоғырлануы болып келеді. Жылжымайтын мүлікті бағалау процесінің ерекшелігі, оның нарықтық сипаты болыпуын. Бұл бағалау бағаланатын объектіні жасау мен сатып алуға тек шығындарды есептеумен шектелмейтіндігін қарастырамыз. Жылжымайтын мүлік негізгі үш түрге бөлінуін: жер, тұрғын үйлер және ғимараттар теренрек қарастырамыз. Бағаланатын жер учаскесі салыстырмалы және салыстырылатын еркін учаскемен сәйкестігі бойынша жүзеге асырылуын, ақпарат көздеріне байланысты ақпарат ішкі және сыртқы болуын. 
Бағалау үшін кәсіпорын басқарушыларынан және жұмыскерлерінен алынған ақпараттын пайда болуының мүмкінділіктері арқылы: олар кәсіпорын дамуының қандай мүмкіндіктерін көрсетеді; кездескен және болашақта кездесуі мүмкін мәселелерді шешу болып отыр. Ақпарат қамтылуына байланысты сапалы, сандық және аралас болуына байланысты. Жылжымайтын мүлікті бағалау процесіндегі объектілер мен субъектілер, және оларға нені жатқызатындығы жайлы, немесе бағалау кезіндегі қағйдаларды қарастыру болып таблады. 
Жылжымайтын мүлікті бағалаудың әдістері мен қағидаларымен осы курстық жұмыста танысатын боламыз.


Информация о работе Жылжымайтын муликти багалау