Акционерлердің құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2012 в 12:21, реферат

Описание

Алдағы уақытта Қазақстандағы нарықтың қағаз шикізатына деген сұранысы 90 пайызға өтеледі. Бұл жаңа технологиялармен жарақтанған «Қазақстан қағазы» қағаз-картон комбинатының алға қойған жоспары. Сенбі күні Алматыға жұмыс сапарымен келген елбасы алдымен осы комбинаттағы тың өзгерістермен танысты. 2001 жылы «Қазақстан қағазы» деген атпен акционерлік қоғам болып құрылған өндіріс орнын жабдықтауға 30 млн доллардан астам инвестиция құйылған.

Работа состоит из  1 файл

инвес жоба казакстан кагазы.docx

— 616.94 Кб (Скачать документ)
 

  Алдағы  уақытта Қазақстандағы нарықтың қағаз шикізатына деген сұранысы 90 пайызға өтеледі. Бұл жаңа технологиялармен жарақтанған «Қазақстан қағазы» қағаз-картон комбинатының алға қойған жоспары. Сенбі күні Алматыға жұмыс сапарымен келген елбасы алдымен осы комбинаттағы тың өзгерістермен танысты. 2001 жылы «Қазақстан қағазы» деген атпен акционерлік қоғам болып құрылған өндіріс орнын жабдықтауға 30 млн доллардан астам инвестиция құйылған. Комбинат бұдан ары кеңейіп алдағы кезеңде оның жұмысына қосымша 10 млн доллар жұмсалмақ. 2002 жылы итальяндық қағаз жасау машинасы сатып алынып, ол бүгіндері тәулігіне 100 тоннаға дейін қағаз өндіруге мүмкіндік беріп отыр. Айта кетерлігі комбинат ағаштың орнына макулатураны қайта өңдеу арқылы қағаз шығарады. Мамандар қағазды бұлайша қайталама пайдалану ормандарды үнемдеп, қалдықтарды ұтымды жаратуда тиімділігі мол екенін жеткізді. аптау индустриясы әлемдік экономикада ең маңызды орындардың бірін алады. Өркендеген елдерде қаптау бизнесі өндіріс қатарына да ондағы халықтың жұмыс бастылығына да кіреді. Қаптау экспортының дамуы, қазақстан тауарларының көрмесі сыртқы нарыққа сай болуы , тиімді жүйені дамытып құру мен экспорттың алға басуы өзекті мәселе болып табылады.

  Қаптау  өнімнің құрамды элементі болып, сапаға, қауіпсіздікке, түгелдікке, өнімнің тауарлы түріне ықпал етеді. Экономиканың өнімді арттыру , сапалық және бәсекелесе алатын “қап” қажеттілігі көзқарасы бойынша, бәсекелесуге қабілетті қаптау нарығының дамуы маңызды болып табылады. Қазақстанның қаптау индустриясының негізгі мәселесі: тиімсіз және ішкі шикізат негізінің жеткіліксіз пайдалануы; өндірушілер мен тұтынушылардың қаптауды жаңа технологиялар мен оларды пайдалану туралы ақпараттылықтың төмен деңгейі; салада білікті маманның жоқтығы; мемлекеттік демеудің жоқтығы.

  Осыған  байланысты, Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы “Атамекен Одағы” негізінде және “KAZNEX INVEST” экспорт және инвестициялар Ұлттық агенттігі” АҚ демеуі арқылы 2011 наурыз айында Заңды тұлғалар бірлестігі “Қазақстанның қаптаушылар қауымдастығы” тіркелді. Осы жылдың 17 наурызында біздің қауымдастық Бүкіләлемдік орауыш ұйымының мүшесі болды, орталық кеңсе Стокгольм (Швеция) қаласында орналасқан.

  

  Акционерлердің  құрылымы

  Қазақстан Қағазы компаниясы акционерлер құрылымына қатысы бар ақпараттың аса айқын болуы саясатын ұстанады. Төменде акционерлер бойынша деректер берілген.

  Томас Матеос Вернер - Директорлар кеңесі Төрағасы 
Werner Capital компаниясында басқарушы әріптес. 1992 және 2008 жылдар арасы Deutsche Bank, Merrill Lynch және HSBC-де Нью Йоркте, Цюрихте, Франкфуртте және Лондонда басқарушы тұрғыларда жұмыс істеді. 
 

  SP Angel Corporate Finance LLP -қаржылық кеңес беру қызметтерін ұсынатын компания. Бұрын HSBC Investment Bank –те бірге жұмыс істеген бірнеше әріптес тарапынан құрылған. Компания реттеуші органдар талабына сәйкес құрылған және бақыланады (Financial Services Authority).


  Несиегерлер мен Облигация иелеріне арналған ақпарат

  «Қазақстан  Қағазы» АҚ  компаниясы, Қазақстан Қағазы компаниялар тобының мүшесі, жергілікті құнды қағаздар нарығында қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді облигациялардың бірнеше шығарылымын жүргізді. Облигацияларды Қазақстан Қор Биржасында (KASE) сатуға рұқсат етілді.   

  2009 жылы  «Қазақстан Қағазы» АҚ облигациялары бойынша, сондай-ақ басқа борыштық міндеттемелер бойынша дефолт болды.  Компания дереу өз борыштық міндеттемелерін қайта құрылымдау үдерісін бастатты.

  2011 жылдың сәуір айында компанияның облигациялары  Қазақстан Қор Биржасында сатуға қайта рұқсат етілді. 

  Біздің акциялар

  Қазақстан Қағазы компаниясының қарапайым  акциялары Құнды Қағаздар ресми Тізіміне енгізілді және 19 шілде 2007 ж. Лондон Қор Биржасында Ғаламдық депозитарлық қолхаттар (ҒДҚ) нысанында сатуға рұқсат етілді.  Акцияларды бастапқы жария орналастыру проспектісін  мына жерден қарауға болады. Акциялардың бағамдық құны жөніндегі ақпарат 

  Kazakhstan Kagazy PLC GDR (LSE)   ISIN: US48667M2035

  Соңғы баға   04.04.2012   +- USD:   0,00   Ең жоғары:   0,10   52 апта үшін ең жоғары:   0,00
  USD: 0,10   16:40:13   +- ара %:   0,00   Ең төмен :   0,10   52 апта үшін ең төмен:   0,00
 
   
                           

 

есептілік және оқиғалар

IR оқиғалар / күнтізбе

Күні   Оқиға Өткізілген  жері
2012
Ақпан 2012   Credit Suisse Global Paper & Packaging Conference (қатысуды бекітуді қадағалаңыз) Лондон, Ұлыбритания
30 сәуір 2012 * Конференц қоңырау өткізу арқылы 2011 жыл үшін қаржылық нәтижелерінің жарияланымы Ғаламдық  конференц қоңырау және вебкаст
Мамыр 2012   Bank of America Merrill Lynch Global Transportation Conference (қатысуды бекітуді қадағалаңыз) Бостон, АҚШ
15 мамыр 2012 * Конференц қоңырау өткізу арқылы 2011 жыл үшін ақырғы қаржылық нәтижелердің және 2012 жылдың 1.тоқсаны үшін    аралық нәтижелердің жарияланымы Ғаламдық  конференц қоңырау және вебкаст
Маусым 2012   Инвесторлық роуд-шоу немесе Инвесторлық конференц қоңырау (қатысуды бекітуді қадағалаңыз) Скандинавия елдері, Ұлыбритания, АҚШ
Қыркүйек/қазан 2012   Акционерлердің  Жылдық жиналысы Лондон, Ұлыбритания
15 қыркүйек 2012 * Конференц қоңырау өткізу арқылы 2012 жылдың 1.жарты жылдығы үшін    аралық нәтижелердің жарияланымы Ғаламдық  конференц қоңырау және вебкаст
Қараша   2012   Инвесторлық роуд-шоу немесе Инвесторлық конференц қоңырау (қатысуды бекітуді қадағалаңыз) Скандинавия елдері, Ұлыбритания, АҚШ,  Азия елдері
15 қараша 2012 * Конференц қоңырау өткізу арқылы 2012 жылдың 3.тоқсаны үшін    аралық нәтижелердің жарияланымы Ғаламдық  конференц қоңырау және вебкаст

* - осы күнге дейін немесе осы күні

«Kazakhstan Kagazy» PLC Директорлар кеңесі құрамына келесі директорлар кіреді:

Томас Матеос Вернер

 
Директорлар кеңесі Төрағасы. 
2009 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Қағазы АҚ Директорлар Кеңесі Төрағасы. 1966 жылы туған. Қазіргі таңда - "Werner Capital" компаниясының басқарушы әріптесі. 1992 және 2008 жылдар арасында "Deutsche Bank", " Merrill Lynch" және " HSBC" секілді ірі компанияларда Нью-Йоркте, Цюрихте, Франкфуртте и Лондонда жоғары лауазымдарды атқарды. Колумбия Бизнес Мектебінің (АҚШ) және Лондон Бизнес Мектебінің (Ұлыбритания) МВА дипломы, Hochschule St Gallen (Швейцария) Магистрі және UIB (Испания) заңгер білімі. 
 

Таисия Когутюк

 
Бас директор.  
Компаниядағы жұмыс өтілі – 8 жыл. Санкт-Петербург кәсіподақтар Гуманитарлық Университетін бітірген, біліктілігі Заңгер, мамандығы Заңтану.

Аида Елгелдиева

 
Қаржы директоры 
Компаниядағы жұмыс өтілі – 8 жыл. Халықаралық Бизнес Академиясы (Алматы) және Business School of HEC (France) біріккен бағдарламасы EMBA дипломы.
 

Мұхтар Қонаев

 
Тәуелсіз директор. 
1979 жылы туған. Француз мұнай институтының Мұнайгаз өнеркәсібі экономикасы және басқаруы мамандығы бойынша Магистр дипломы. Мұнайгаз саласындағы халықаралық бизнес мамандығы бойынша магистр (И.М. Губкин атындағы Мұнай-газ РМУ). 2002 жылдан бері "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-да әр түрлі қызметтерді атқарды. 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да Сыртқы байланыстар Департаменті директоры қызметін атқарады.

Нұрлан Әміржанов

Тәуелсіз директор. 
Нұрлан Қазақстанның қаржы секторында 15 жылдық жұмыс тәжірибесіне ие. 1997 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «НефтеГаз-Дем» Жинақтау Зейнетақы Қоры» АҚ Басқарма Төрағасы қызметін атқарады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Информация о работе Акционерлердің құрылымы