Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2012 в 10:27, реферат
Коммерциялық банктер басқа да экономика секторларындағы субьектілермен (кәсіпорындармен, корпорациялық компаниялармен) салыстырғанда ерекше экономикалық табиғаты бар қаржы институты, себебі комерциялық банктер:
өздерінің қызметтерінің негізі болып табылатын ресурстарының 80-90%-тей мөлшерін сырттан тартады. Демек, комерциялық банктер үнемі мұндай ресурстар үшін үлкен жауапкершілікте болу керек және өздерінің кредиторларының алдында өтімділік деңгейін үнемі бір қалыпта ұстау керек. Сол себептен, комерциялық банктерде өтімділік тәуекелін, сырттан қаражаттарды тарту тәуекелін, тартылған қаражаттарды сапалы әрі табысты активтер бойынша орналастыру тәуекелін басқарып отыру қажет.
комерциялық банктер тек қана негізгі игіліктердің ақшалай формасымен операция жүргізумен айналысады, ал байлықтың немесе игіліктің, капиталдың ақшалай формасы өте тез қозғалыста болады. Бұл жағдайда да банктік тәуекелдерді ғылыми негізде басқарудың маңызы зор.
комерциялық банктер арқылы үлкен ақша аударымдары өтеді және комерциялық банктерде нақты сектордың барлық субьектілерінің есеп айырысу шоты болады, ал ол шотта ақша қалдықтары орналасады. Бұл жағдайда комерциялық банктерде сыбайластықтың тез орын алуына мүмкіндік беретін қолайлы орта туады. Сондықтан үнемі банктік тәуекелдерді басқару қажет.
I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім.
2.1. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі
ІІІ.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-і
Реферат
Тақырыбы: Банктің ішкі тәуекелдері. Банктің пассивті операциялар тәуекелі.
Мазмұны
I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім.
2.1. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі
ІІІ.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Коммерциялық банктер басқа да экономика секторларындағы субьектілермен (кәсіпорындармен, корпорациялық компаниялармен) салыстырғанда ерекше экономикалық табиғаты бар қаржы институты, себебі комерциялық банктер:
Сонымен, банктік тәуекел
дегеніміз нәтижесінде я зиян
шегетін, я болмаса ойда жоқ табыс
табатын кездейсоқ
Банктік тәуекелдерінің мынадай ерекшеліктері бар:
Банктік тәуекелдер атап өткендей
комерциялық банктердің пайда табуына
да, зиян шегуіне де бірдей ықпал
етеді. Сондықтан банктік тәуекелдерді
басқарудың негізгі мақсаты - комерциялық
банктер қызметтерінің
Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі
Егер банк өзінің меншікті қаржыларын тиімді қолдана алса, онда ол олардың көмегімен банк кірісін көтеріп, салымдардың сақталуын қамтамасыз ете алады. Кіріс деңгейін арттыру үшін, банк ең алдымен өзінің меншікті қаржыларын қысқа мерзімді бағалы қағаздарға салмай, оның орнына несиелердіберумен айналысатын жағдайда, өзінің кіріс деңгейін көтере алады. Қосымша төлемділік қабілеттілігін немесе міндетті резервтердің көлемін ұлғайту қажеттілігін қанағаттындыру үшін, несиелік портфельдің немесе бағалы қағаздардың кейбір бөлігін нақты ақшаға айналымдар арқылы жетуге болады. Егер менеджер қосымша салымдарды тартумен байланысты сұранысты қанағаттандырған болса, онда ол банктің төлем қабілеттілігінің жеткілікті деңгейін сақтай отырып, тартылған салымдарды инвестициялаумен қатар, несиелерді берумен байланысты операцияларды жүзеге асыра алады. Өзінің қысқа мерзімді берешектері мен депозиттік шоттарын реттей отырып, банк өзінің төлем қабілеттілігін және кіріс көлемінің деңгейін арттыра алады.
Капиталдың көрсеткіштері арқылы мемлекеттік қадағалау органдар банктердің қызметін қадағалап, оларға баға бере алады. Әдетте меншікті капиталға жататын көсеткіштерге:
Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі ұзақ уақыт бойы ғылыми-зерттеу затына және банктер мен оны реттеуші ұйымдар арасындағы пікірталасқа айналып келеді.
Банктер өздерінің активтерін арттыру үшін капиталдың төмеңгі мөлшерде болғанын қалайды. Ал банкті бақылаушылар, банктердің банкроттықтан аулақ болуы үшін капиталдың жеткілікті мөлшерде болуын талап етеді. Банктердің банкроттығы ондағы басқарудың нашарлығынан болуы мүмкін, себебі банкті жақсы басқарса, ол төмеңгі капитал нормасында жұмыс жасай алады деген пікірлер бар.
«Капиталдың жеткіліктілігі»
термині банктің жалпы
Банктің ресурсындағы меншікті капиталдың өте төмеңгі үлесінде болуы да дұрыс емес. Себебі, ол банктің салым иелері алдындағы жауап беру мөлшеріне сәйкес келмейтіндігін сипаттайды.
Банк меншікті капиталын
ұлғайтуға негіз болатын
Сондықтан, кез келген саяси немесе экономикалық өмірдегі жағдайлар банктердегі ресурстардың сыртқа ағылуына себеп болуға тиіс. Бастапқыда банк капиталының активтерге қатысты қатынас 20% шамасында болса, ал қазіргі оның шамасы 12%-ды (пруденциялдық номативтердегі КII-нің мәні) құрайды.Бұл дегеніміз банк жүйесіндегі төлем қабілетінсіздік тәекелдің уақыт өте келе арта түсетіндігін көрсетеді. Себебі, банк жүйесіндегі банктердің активтерінің сапасы әлі де болса өз деңгейінде еместігін ескерсек, онда болашақта оның орнын жабатын меншікті капитал үлесі жеткіліксіздігі байқалады.
Демек, банк капиталының
жиынтық деңгейінің жеткіліктігі банк
жүйесін қолдайтын басты
Банктердегі немесе жалпы банктік жүйедегі капитал көлемін тура анықтау қиын, бырақ жоғарыда қарастырылған қызметтердің орындалуы үшін салым иелері мен бақылаушы ұйымдардың сенуі үшін капитал жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Қажетті капиталдың сомасы банктің тәуекел деңгейіне байланысты болуға тиіс. Мысалы, егер банктің берген несиелерінің тәекел дәрежесі өте жоғары болса, онда банкке көп мөлшерде қорлар құруға тура келеді. Қажетті меншікті капитал мөлшерін анықтай отырып, банк алдында мынадай міндеттер тұрады: тәекелдің артуына байланысты өз капитал мөлшерін ұлғайту қажет пе немесе тәекел деңгейі төмен болып келетін активтерге өз қаражаттарын орналастырған тиімді ме? Осындай жағдайда банк капиталы, оның активтер сапасына, басқару сапасына, қызметіндегі саясатқа және банктің басынан кешетін тәекелдерге тәелді ме, жоқ па? деген балама сауал туындайды.
Банк меншікті капиталын бағалау әдістемесі туралы сұрақ 80-ші жылдардың екінші жартысында халықаралық қаржы ұйымдарында да үлкен пікірталас туғызған болатын. Сөйтіп, 1988 жылдың Базель комитеті келісімінің шешімімімен «Халықаралық біртұтас капитал есебі және капитал стандарты туралы келісім-шарт» негізінде «Кук коэффициенті» деп аталатын капитал жеткіліктілігі нормативі іс жүзіне енгізілді. 1993 жылдан бастап күшіне енген бұл коэффициент көптеген елдердің Орталық банктерінде, біздің Қазақстан Ұлттық банкінде пруденциялдық норматив қатарында пайдаланылуда.
Кук коэффициенті банк капиталы мен оның баланстан тыс активтері арасындағы ең төмеңгі шекті қатынасын бейнелейді. Мұндағы меншікті капитал екі элементті қамтиді: негізгі және қосымша капитал. Олардың жеткіліктілігіне баға беру үшін, активтер мен баланстан тыс мендеттемелердің өлшемі таңдап алынған. Мұндай тәсіл баланстан тыс операциялардың іске қосылуын қамтамасыз етуімен қатар, төмеңгі туекелді активтерге қаражаттар жұмсауды ынталандыра түседі.
Базель келісіміне сәйкес, меншікті капиталдың жеткіліктілігін анықтайтын басты көрсеткіш ретінде, тәуекелді активтер көрсеткіші болып саналады:
мұнда: - Тәуекелді активтер коэффициенті;
- Банктің меншікті капиталы;
- Тәуекелділігі бойынша топтастырылған активтердің сомасы;
Базель келісіміне сәйкес, банктің капиталы екі деңгейде бөлінеді:
Бірінші деңейлі капиталдың құрамына келесі баптар кіреді (KI):
Минус:
Екінші деңгейлі капиталдың құрамына келесі баптар кіреді (КII):
Субординарық қарыз – бұл банктің қамтамасыз етілмеген міндеті болып тадылады және жазбаша куәландырылған келісім-шартқа сәйкес, банкті жою кезіндесоңғы кезекте қанағаттандырылатын қарыз (қалған мүлікті акционерлер арасында таратудың алдында). Екінші деңгейлі капиталдың (КII) құрамына енетін субординарлық қарыз, 5 жылдан кем емес бастапқы өтеу мерзіміне ие болуы керек. Сонымен қатар соңғы бес жылдың әрбір жылы бойынша субординарлық қарыздың бастапқы сомасының 20% көлеміндегі сома, меншікті капиталдың есебінен өтеліп отырады.
Қаржылық қадағалау
Активтерді тәуекелділігі бойынша бес топқа бөлінеді:
Информация о работе Банктің ішкі тәуекелдері. Банктің пассивті операциялар тәуекелі