Инвестиции

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2011 в 08:46, курсовая работа

Описание

Кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін қаржылық саясаты нысанында пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды рөл атқарды. Оны жасап, жүзеге асыру процесінде қоғам алдында түрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі. Экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі құралы болып табылады.

Содержание

Кіріспе 3
1 Қаржы саясаты және экономикалық реттеудегі рөлі 4
1.1 Қаржы саясаты, оның мазмұны, міндеттері, мақсаттары және қағидаттары 4
1.2 Қаржы саясатының мемлекеттік экономиканы реттеудегі рөлі 7
2 Қазақстан Республикасының қаржы саясаты 12
2.1 Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және қаржы механизмі 12
2.2 Қазақстан Республикасының қаржы саясатының экономикадағы рөлі 18
2.3 Қазақстан Республикасының қаржы саясатының дамуы және жетілдіру жолдары 23
Қорытынды 26
Қосымшалар

Работа состоит из  1 файл

Куросвая.doc

— 280.50 Кб (Скачать документ)

   Екінші жағдайда салықтардың төмендеуі жиынтық ұсынымды көбейтеді, өйткені халықтың табыстары мен жинақ ақшалары, ал кәсіпкерлердщ өндірісті инвестициялауы өседі. Қызметкерлердің аз табыс салығы жалақысы көбейтіп, еңбекке деген ынталандырмаларды күшейтеді, мұның өзі өндірістің үлғаюына жеткізеді, бүл ұлттық өнімнің өсуін бағалардың төмендеуін білдіреді.

   Мұнан басқа "ұсыным экономикасының" теориясы салықтардың аса төмен мөлшерлемелері салықтық түсімдердің сомаларын қысқартуға міндетті еместігін, керісінше, салық базасын кеңейту — ұлттық өндіріс пен табыстың көбеюі есебінен оның өсуіне жеткізетіндігін көрсетеді.

   Салықтардың инвестициялық қызметке ықпал етуінің теориялық дәлелдемесі ретінде американ оқымыстылары — "ұсыным экономикасының" өкілдері А. Лаффэр және басқалары әзірлеген салық салудың үдемелілігі мен бюджет кірістері арасыңдағы тәуелділік қызмет атқарады.

   Бүл теорияға сәйкес салық мөлшерлемелерінің белгілі бір шекке дейін өсуі салықтық түсімдердің кірістердің өсуіне мүмкіндік туғызады, одан кейін өсу бәсендейді, сонан соң бюджеттің кірістері кенет құлдырайды. Бұдан экономиканы, ең алдымен инвестициялық белсеңділікті ынталандырудың міңдетін салық ауыртпалығын түбегейлі жеңілдетудің жолдарынан іздестіріп, шешу керек деген жалпы түйін жасалынған. Экономиканың қозғаушы күші, бүл оқымыстылардың пікірлері бойынша бұл рыноққа бағытталған экономикалық қарекеттегі шаруашылық агенттерінің ынталылығы. Егер бұл қарекет оларға пайдалы болса, оңда ұдайы өндіріс интенсивті қарқындарда жүзеге асырылатын болады. Лаффэрдің ойы бойынша, бюджетке салық түрінде кәсіпкерлер мен халықтың табыстарының бүкіл сомасының 30%-ынан артық алуға болмайды. Егер табыстың 40-50% алынатын болса, онда бұл жинақ ақшаны, сонымен бірге экономиканың жекеше секторындағы инвестицияны да қысқартады.

   Американ ғалымдарының пікірлері бойынша, егер салықтардың мөлшерлемесі белгілі бір, айтарлықтай жоғары деңгейге жететін болса, онда өндірісті ұлғайтуға, кәсіпкерлік бастамаға арналған ынталандырмалар қысқарады, пайда азаяды және, тиісінше, бюджетке түсетін салық түсімдері төмендейді. Сөйтіп, қисық сызық салықтар мөлшерлемелерінің шамасы мен олардың есебінен мемлекеттік бюджетке қаражаттардың түсуі арасындағы өзара байланысты қамтып көрсетеді. Салықтың мөлшерлемесі артқан кезде мемлекеттің кірістері салықтар есебінен алғашқыда көбейеді. Егер салық мөлшерлемесі бір шекарадан — тары төмен адамдар табыстары жоғарырақ топқа ауысады, сөйтіп әлеуметтік теңсіздік біршама қысқарады.

   Мөлшерлемелердің шамасымен және тиісінше салықтық алымдардың шамасымен байланысты болатын салықтық реттеудің маңызды аспектісі ішкі қорланымдарды "ұстаудың" және шетелдік инвестицияларды тартудың мүмкіндігі болып табылады.

   Бұл факторға сондай-ақ салық салу деңгейі төмен немесе тіпті ол болмайтын "оффшорлық аймақтардың" бар болуы жағдай жасайды. Басқа жағынан, жоғары салық мөлшерлемелері елге шетелдік капиталдың дендеп енуіне кедергі жасайды, мұның өзі ішкі қорланымдардың жетіспеуі кезінде экономиканың дамуын тежейді.

   Сондықтан салықтық реттеу бүл факторларды ескеруі және экономикалық қарым-қатынаста байланыста болатын елдердің салықтық шарттарын теңестіруге жөрдемдесуі тиіс.   
 

      2.3 Қазақстан Респулбикасының қаржы саясатының дамуы және жетілдіру жолдары 

     Экономика дамуының қазіргі кезеңінде қаржы  механизмін жетілдірудің міндеттері өндірісті  кеңінен демократияландырумен, коммерциялық негіздерді, нарықтық реттеуді ендірумен, шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне экономикалық ынталылықты күшейтумен байланысты болып отыр. Ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды ұтымды пайдалану арқылы қаржы механизмі шаруашылық жүргізудің түпкілікті нәтижелеріне белсенді түрде әсер етеді.

     Экономиканы реттеудің басты мазмұны фискалдық  саясатты- бюджет пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық  табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай- күйі де осындай тәртіппен реттеледі.

   Фискалдық саясат мақсаты: Ел экономикасының өнімділігі мен оны әртараптандыруды арттыру, әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндеттерін шешу мақсатында салық-бюджет саясатының тетіктерін жетілдіру. Міндеттері: салық-бюджет жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету, фискалдық тәртіпті арттыру, мемлекеттік шығыстардың қалыпты қатаң саясатын жүргізу және ұлттық қордың активтерін тиімді басқаруды жүзеге асыру. Экономикаға салық жүктемесін оңтайландыруға, салықтық рәсімдерді оңайлатуға және олардың ашықтығын арттыруға бағытталған салық саясатын жүргізу жолымен шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың іскерлік белсенділігінің өсуін ынталандыру. Бюджет қаражатының мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі міндеттерін шешуге жұмсалуын қамтамасыз ету.

    Салық-бюджет жүйесінің макроэкономикалық тұрақтылығын және орнықтылығын қолдау үшін мыналар көзделеді: 
        орта мерзімді кезеңде экономика өсімінің номиналды қарқынынан аспайтын мемлекеттік бюджет шығыстары өсімінің номиналды қарқынын қамтамасыз ету; 
       бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығын бірте-бірте төмендету; 
       Ұлттық қордың активтерін басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған қаражатын қалыптастыру мен пайдалану тетігін жетілдіру; 
        мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз бен борышты, мемлекеттің кепілгерліктерін тиімді басқару, оның ішінде сыртқы қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу, бюджет тапшылығын қаржыландыру құрылымында сырттан қарыз алу үлесін азайтудың жолымен мемлекеттік борыш құрылымын оңтайландыру. 
       Салық салудың қолданыстағы жүйесін талдау мен бағалау және әлемдік тәжірибе негізінде елдегі іскерлік белсенділіктің өсуін ынталандыру мақсатында мыналар көзделеді: 
     орта мерзімді кезеңде салық ауыртпалығын заңды тұлғалардың кірістерінен жеке тұлғалардың кірістеріне халықтың әлеуметтік осал топтарына жүктеме деңгейін арттырмастан кезең-кезеңімен қайта бөлу бойынша салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау; 
       кедендік және салық әкімшілігін жүргізу; 
салық және кедендік рәсімдерді одан әрі оңайлату және олардың ашықтығын арттыру; 
     2010 жылдан бастап экономиканың шикізаттық емес секторында шағын және орта бизнестің жобалары бойынша инвестициялық салықтық преференциялар алудың хабарлау жүйесін енгізу. 
      Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын тиімді шешуге арналған бюджет шығыстарын бағдарлау үшін мыналар көзделеді: 
          стратегиялық, орта мерзімді және бюджеттік жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттерін ықпалдастыру; 
         бюджетті жоспарлау және атқару процесін бюджеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігіне, тиімсіз шығындарды қысқартуға бағдарлау; 
         бюджетті қалыптастыру мен атқару процесінің ашықтығын қамтамасыз ету; 
         бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік тәртіпті сақтау бойынша қойылатын талаптарды күшейту; 
бюджет ақшасын (қолма-қол ақшаны) басқарудың сапасын арттыру.

     Нәтижелері: салық-бюджет саясаты тетіктерінің, бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру, мемлекеттің қаржылық міндеттемелерін толық орындау. 

     Демек, ел экономикасын реттеудегі қаржы саясатының рөлі аса маңызды болып табылады. Біздің мемлекетімізде де қаржы саясатынсыз  қоғам дамуының бейнесін елестету қиын. Қаржы саясаты Қазақстан Республикасында тиімді жасалып келеді. Негізгі мақсаттарға жету мен міндеттерді шешу барысында Үкімет осы қаржы саясатына арқа сүйейді. Халықтың әл-ауқаты, мемлкеттің өсу әлеуеті тікелей қаржы саясатына тәуелді болып табылады. Міне, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына тиетін қарастырылып отырған саясаттың үлесі өте зор. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

   Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму мемлекеттің сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін. Жүргізіліп отырған қаржы саясатының басты субъектісі мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ перспективаға арналған қаржысын дамьпудың басты бағьптарының стратегиясын жасайды және алдағы кезеңге арналған міндеттерді, қаражаттарды және оған жетудің жолдарын анықтайды.

   Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іс-әрекетін ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы саясатының өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін, қоғамның материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін және басқа факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.

   Нарықтық экономика жағдайында ұзақ мерзімді ғылыми қаржы болжамдарына негізделген және қаржы реттеуіштерінің жүйесіне сүйеніп әрекет ететін тиісті қаржы саясаты материалдық-заттай, ақша ағындарының күнделікті әрі перспективалық тепе-теңдігіне жетудің, соның негізінде қоғамның үдемелі экономикалық өсуін қамтамасыз етудің негізгі өркениетті әдісі болып табылады. Ол бірінші кезектегі міндеттерді - мемлекеттік бюджеттің тапшылығы мен ішкі жөне сыртқы борыштың мөлшерін, қаржы рыногын дамыту, қолданыстағы салық жүйесін жетілдіру, инфляцияның қарқынын төмендету және т.б. шешу үшін пайдаланылады. Сонымен бірге қаржы реттеуіштерінің жүйесімен айла-шарғы жасау арқылы белгілі бір түрде мемлекет пайдаланатын қаржы айналымында жүрген нақты ресурстар тиісті қаржы саясатына жетудің негізгі құралдары бола бастайды.

      Қаржы саясаты қаржы ресурстарын шоғырландыруға және зәру міндеттерді шешуге бағытталған, тап осы мемлекетгің қоғамдық өндіріске ықпал етуіне мүмкіндік жасайды. Экономика мен қоғамның әлеуметтік дамуына қаржы саясатының ықпал жасауы қаржы саясатының ғылыми негізделген теориясы негізінде жүзеге асуын талап етеді.

     Экономика дамуының қазіргі кезеңінде қаржы  механизмін жетілдірудің міндеттері өндірісті  кеңінен демократияландырумен, коммерциялық негіздерді, нарықтық реттеуді ендірумен, шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне экономикалық ынталылықты күшейтумен байланысты болып отыр. Ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды ұтымды пайдалану арқылы қаржы механизмі шаруашылық жүргізудің түпкілікті нәтижелеріне белсенді түрде әсер етеді.

     Экономиканы реттеудің басты мазмұны фискалдық  саясатты - бюджет пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық  табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады.

Қосымшалар:

Қосымша А:

Үй  шаруашылықтарының  тұтынуға пайдаланылған  табыстары  
жан басына шаққанда, орташа бір айда, теңге  
  2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009
Қазақстан Республикасы    7 569      8 387      9 751     13 723     16 935     20 037     21 348  
Ақмола    8 114      8 582      9 879     12 713     16 482     20 426     22 270  
Ақтөбе    9 411      9 820     10 737     14 747     18 329     22 139     22 270  
Алматы    6 353      7 732      9 121     11 791     15 315     16 874     17 949  
Атырау    7 373      8 262      9 433     14 604     16 775     18 089     18 983  
Батыс Қазақстан    8 017      8 655      9 302     13 391     15 484     17 572     19 307  
Жамбыл    5 030      6 394      6 883      9 983     14 354     15 579     16 884  
Қарағанды    8 588      9 446     11 307     14 190     18 354     23 026     23 948  
Қостанай    6 971      7 566      9 003     12 914     16 698     19 862     21 317  
Қызылорда    5 678      5 925      7 073      9 027     12 117     14 287     19 201  
Маңғыстау    8 600      9 904     12 445     14 005     15 630     18 604     15 479  
Оңтүстік  Қазақстан    4 945      5 700      6 645      9 930     12 488     14 809     15 291  
Павлодар    7 903      8 847     10 888     16 456     18 493     22 251     23 047  
Солтүстік Қазақстан    7 933      8 215      9 734     12 413     15 210     19 522     23 188  
Шығыс Қазақстан    8 155      9 190     10 936     15 832     17 528     21 026     23 086  
Астана  қ.   15 661     16 523     20 117     28 376     31 573     38 824     34 884  
Алматы  қ.   11 680     12 191     13 491     18 386     23 361     26 798     30 324  

Информация о работе Инвестиции