Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июня 2012 в 00:09, курсовая работа
Курстық жұмыс тақырыбын таңдау сәтінде осы инвестициялық саясатқа тоқталуымның бірнеше себептері бар. Капитaлды шетке шығaру, қазіргі дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастарының маңызды бағыты. Капиталды шетке шығaру дегеніміз - капитaлдың бір бөлігін ұлттық айналымнан шығaрып тауар немесе ақшалай нысанда басқа бір елдің өндірістің пайызы мен айналымына кіргізу. Капитaлды шетке шығaрудың негізгі себебі және алғышарты елдегі капиталдың салыстырмалы молдығы шамадан тыс қорлануы капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар:
Кіріспе...................................................................................................3
І Корпоративтік инвестициялық саясаттың теориялық негіздері
1.1 Инвестицияның мәні,қажеттілігі..............................................................4
1.2 Инвестициялық саясаттың корпорация қыз-
метіндегі ролі, түрлері.....................................................................................7
1.3 ҚР корпоративтік бірлестіктердің инвести-
циялық саясатының жағдайы........................................................................11
ІІ Корпоративтік инвестициялық саясатты жасаудағы опциондық әдістердің қолданылуын талдау
2.1 Опциондық келісімдер..............................................................................14
2.2 Опциондық әдістерді пайдалануды талдау.............................................17
2.3 Опциондарға баға белгілеу теориясы......................................................20
Қорытынды.....................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер...............................
Мазмұны
Кіріспе.......................
І Корпоративтік инвестициялық саясаттың теориялық негіздері
1.1 Инвестицияның мәні,қажеттілігі..............
1.2 Инвестициялық саясаттың корпорация қыз-
метіндегі ролі, түрлері.......................
1.3 ҚР корпоративтік бірлестіктердің инвести-
циялық саясатының жағдайы.......................
ІІ Корпоративтік инвестициялық саясатты жасаудағы опциондық әдістердің қолданылуын талдау
2.1 Опциондық келісімдер....................
2.2 Опциондық әдістерді пайдалануды талдау........................
2.3 Опциондарға баға белгілеу теориясы......................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Курстық жұмыс тақырыбын таңдау сәтінде осы инвестициялық саясатқа тоқталуымның бірнеше себептері бар. Капитaлды шетке шығaру, қазіргі дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастарының маңызды бағыты. Капиталды шетке шығaру дегеніміз - капитaлдың бір бөлігін ұлттық айналымнан шығaрып тауар немесе ақшалай нысанда басқа бір елдің өндірістің пайызы мен айналымына кіргізу. Капитaлды шетке шығaрудың негізгі себебі және алғышарты елдегі капиталдың салыстырмалы молдығы шамадан тыс қорлануы капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар:
1. Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы;
2. Дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы ;
3. Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы ;
4. Саяси тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал.
Капитал экспорты, әсіресе оның тікелей инвестицияны саны ұлттық өндірісті халықаралық өндіріске айналдырып, халықаралық өнім шығаруды ынталандырады .Яғни, инвестициялар ел ішіндегі капиталдың шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Бұл мақсатарға жету барысында мынадай міндеттер шешілуі тиіс:
Инвестиция жайлы жалпы түсінік алып, оның қажеттілігін білу керек;
Корпоративтік бірлестіктердің инвестициялық саясатынының жағдайымен танысу;
Опциондық әдістердің қолданылуын қарастырып, білу;
Жалпы опцион дегеніміз не, соны анықтау қажет.
І Корпоративтік инвестициялық саясаттың теориялық негіздері
1.1 Инвестицияның мәні, қажеттілігі
Инвестициялар кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде қайта қаралатын немесе әлеуметтілік тиімділіккке қол жеткізетін қызметтің басқа түрлерінің обьектілеріне мүмліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрлері. Капиталдың ел ішіндегі шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Инвестициялар тұрақты және қаржы инвестициялар болып табылады.
Нақты инвестицияларға капиталдардың ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке, құрылысқа және т.б. жұмсалуы жатады.
Қаржы инвестициялары мемлекетке басқа да кәсіпорын инвестициялық қорларын бағалы қығаздарын акцияны сатып алуға бағытталатын, сонымен қатар тікелей және жанама болып табылады.
Қ.Р. тікелей инвестициялы мемлекет қорғау заңы бойынша тікелей инвестициялар республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты және арнайы техникалық көмекпен грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері жанама инвестиция қоржынындағы инвестициялар басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар.
Әрбір фирманың іс әрекеттің маңызды бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады. Яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операциялар. Коммерциялық тәжірибеде мұндай инвестицияның түрлері бірнеше табиғи активтерге инвестициялар, екінші ақша активтеріне инвестициялар, үшіншісі материалдық емес активтерген инвестициялар.
Табиғи активтерген өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, қызмет ету уақыты бір жылдан асатын әртүрлі машиналар мен жабдықтар және өндірістік процесстерде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.
Ақша активтеріне жеке және заңды тұлғаланған ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады. Мысалы: банктегі депозиттер, облигациялар, акциялар.
Материалдық емес активтерге фирма жұмысшыларын қайта жеке оқыту және біліктілерін жоғарылату арқылы сауда белсенділігін арттыру, потенттік лицензия алу, сертификат алу, жерді қолдануға құқық алу арқылы алынған құндылықтар жатады.
Нақты активтерге байланысты активтер келесі топтарға бөлінеді:
1. Тиімділікті арттыруға арналған инвестициялар. Олардың негізгі мақсаты: жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту, өндіріс қуатын өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы фирманың шығындарын азайтуға жағдай жасау.
2. Өндірісті кеңейтуге арналған инвестициялар. Олардың мақсаты: өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту.
3. Жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар. Бұл жаңа өнімге тауарлар шығаратын жаңа кәсіпорындар салуға негізделген.
4. Мемлекетті басқару ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған инвестициялар. Бұл инвестиция кәсіпорынның немесе мемлекеттік ұйымдардың, экономикалық стандарттар, өнімнің қауіпсіздігі және басқа да жағдайларға байланысты талаптарын орындауға мәжбүр болған жғдайларда қолданылады.
Инвестициялық жобалауды құру және іске асыру мынандай кезеңдерден тұрады:
1. инвестициялық ұғымды қалыптастыру;
2. инвестициялық мүмкіншіліктерді зерттеу;
3. жобаны техникалыө кономикалық негіздеу;
4. жер учаскесін алу немесе жалғау;
5. келісім құжаттарын дайындау;
6. экономикалық көрсеткіштердің мониторингін жасау.
Инвестициялардың негізгі мақсаттарына жататындар:
1. салымдардың қауіпсіздігі;
2. салымдардың табыстылығы;
3. салымдардың өсуі;
4. салымдардың өтімділігі.
Инвестициялық жобаларды орындап, есептеп, олардың тиімділігін жобаға кеткен шығындар мен жобаның іске қосу нәтижелерін салыстыра отырып, талдау нәтижесін анықтау негізгі мақсаттарының бірі. Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау жіне бағалауды, материалдық жіне заңды түрде тікелей жауап беретін инвестициялар жүргізеді.
1.2 Инвестициялық саясаттың корпорация қызметіндегі ролі, түрлері
Осы замандағы әлем инвестициясының ерекшеліктерінің басты көpініcі, ол қарыз, портфельдік инвестиция т.б. нысандағы капиталдар қозғалысына кедергілердің болуы және оны жоюдың қажеттілігі. Экономикадағы ұлттық мүддені қорғау үшін, өнеркәсібі дамыған мемлекеттер қажет болғанда, тікелей шетел инвестициясына тосқауылдар да қоя біледі. Айта кететін нәрсе, капиталды шетке шығару процесі, капитaлды тартy процесімен салыстырғанда кемдеу реттеледі. Капиталдар қозғалысын реттеу үшін мемлекет мынадай шаралар қолданады: Қаржылай әсер ету әдістері: жеделдетілгeн амортизация мен салық жеңілдіктeрін беру, несиелерді қамсыздандыру, қарыз беру т.с.с; қаржылай емес әсер ету әдістері: жер учаскелерін бөлу, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, техникалық көмек көрсету.
Шетелдік инвестиция дегеніміз – қабылдаушы елдердегі компаниялардың қызметін бақылап, басқару үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы .
Тікелей инвестиция деп – капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтамыз. Мұның ішіне жергілікті тұрғындардан жұмысшы күшін дайындау мен оқыту, әлеуметтік жағдайларды орнықтыруда кіреді. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік рынокта өз биліктерін жүргізеді. Тікелей инвестицияның көмегімен халықаралық корпорациялар шетелдік кәсіпорындарға толық иелік етеді.
Шетелдік инвесторлардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі қазіргі халықаралық экономикалық құрылымына айтарлықтай әсер етеді. Сонымен қатар дүниежүзілік шаруашылықтың жекелеген бөліктерінің арақатынасынкөрсетеді. Тікелей инвестиция саласында жетекші рольді өнеркәсібі дамыған елдер атқарады. Тікелей инвестициялардың 4/5 бөлігі солардың үлесінде. Сондықтан дамыған елдер бір мезгілде капиталды ірі импорттаушылар да, экспорттаушы лар да болып отыр.
Шетелдік инвестицияларды тартудың маңызды көзі – портфель инвесторлары. Олар ірі корпорациялардың, мемлекеттік және жеке меншік банктерінің облигациялық қарыздарын қаржыландырады .
Шетелдік күрделі қаржыландыруды реттейтін маңызды құжат 1994 жылы Джакарта қаласында қабылданған "Азия - Тынық мұхиты ынтымақтастығының" тікелей шетелдік төмендегі инвестициялар жөніндегі "Epікті кодекс". Бұл "Кодексте" төмендегі инвестициялық принциптeр жинақтaлған:
Капиталды шетке шығарудың іс-тәжірибесі көрсетіп отырғандай, оған инвестицияларды тартуды ынталандыру саясатынан гөpі, рынотық факторлар көбірек әсер етеді. Экономикалық epкіндік, рыноктық механизмдердің кедер-гісіз қызмет eтyі сыртқы инвестицияларды тартудың маңызды тұтқасы болып отыр. Американдық экономистер жасап шығарған экономикалық еркіндіктің он түрлі нақты көрсеткіштері бар. Бұл көрсеткіштeр мемлекеттің реттегенін қызметінің деңгейін анықтайды. Олар: