Кәсіпорын қаржысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 20:07, реферат

Описание

Мұндай даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………..3-4

КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫНЫҢ МӘНІ…………………………………………..5-6

КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЫСАНДАРЫ.....................................................................................................6-9

КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ СИПАТЫ МЕН МӘНІ……………………………………………………………………………….9-12

КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРАЖАТ КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ІШКІ РЕЗЕРВТЕР...............12-15

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………......16

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................17

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпорын қаржысы.doc

— 104.50 Кб (Скачать документ)

    ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………..3-4

 

КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫНЫҢ МӘНІ…………………………………………..5-6

 

КӘСІПОРЫННЫҢ  ҚАРЖЫЛЫҚ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ  НЫСАНДАРЫ.....................................................................................................6-9

 

КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ СИПАТЫ МЕН МӘНІ……………………………………………………………………………….9-12

 

КӘСІПОРЫННЫҢ  ҚАРАЖАТ КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ІШКІ РЕЗЕРВТЕР...............12-15

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………......16

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................17

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Кәсіпорындар  қаржысы  ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы  өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың  талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға  септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Мұндай даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Кәсіпорындар  қаржысы  өзіне қоғамдық-пайдалы қызметтің  сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу, сауда (делдалдық), дайындау, геологиялық  барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылық аралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын қамтиды.

Қандай  кәсіпорын болмасын  өзінен-өзі  тіршілік ете алмайды. Сондықтан  кәсіпорын  экономикасы  негізгі  объектісіне:

  • кәсіпорынның  өндірістік құрылымы, өнеркәсіп өндірісінің  үлгісі, өндіріс кезеңін ұйымдастыру;
  • кәсіпорынның қаражат көздерін бағалау;
  • кәсіпорынның қаражат көздерінің ұтымды құрылымын қарастыру;
  • шаруашылық стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және   өнімді сатуды әзірлеу;
  • өндірісті қалыптастыру, капиталды пайдалану және кәсіпорынның табысын қаржыландыру;
  • өндірістік  техникалық  жағдайы мен  қажетті өндірістік инфрақұрылымды құру;
  • өндірістің қаржы ресурстары, шаруашылық қызметінің тиімділігі;
  • кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыруы.

Кәсіпорындардың  қаржылық жауаптылығы  бюджет, қорлар алдындағы  міндетті  орындалмағаны  үшін  заңнамада белгіленген қаржы  санкцияларының жүйесімен анықталады.

Кәсіпорынның өзін-өзі  қаржыландыру барысын  зерттеу, кәсіпорынның өндірістік дамуының өзін-өзі  қаржыландыруын қарастыру.

Кәсіпорындардың  қаржылық  жауаптылығы кәсіпкерлік тәуекелді  сақтандыру   жүйесімен  және кәсіпорындардың  қаржы ресурстарына сақтық  компаниялардан түсетін сақтық төлемдердің рөлінің артуымен күшейеді.

Кәсіпорындардың  қаржысын  ұйымдастырудың қажетті мақсаты  – басқарудың  барлық  деңгейлеріндегі  қаржы резервтерінің  болуы.

Қаржы резервтері әр түрлі  әдістермен өндірістік және әлеуметтік қорлардың  мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар  арқылы жасалуы мүмкін. Қаржы резерві  уақытша  болатын  қаржы қиыншылықтарын жоюға және  шаруашылықтардың  қызметіне  қажет  қалыпты  жағдайларды қамтамасыз  етуге, шығындарды қаржыландыруға арналды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫНЫҢ МӘНІ

 

Кәсіпорын экономиканың негізгі буыны ретінде меншік нысандары мен шаруашылық жүргізудің әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары  мен рыноктің дамуы кезінде жұмыс  істейді.

Кәсіпорындарды ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша межелеу олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына, өндірістік-шаруашылық қызметін қаржыландыруға, шаруашылық жургізудің нәтижелеріне әкеп соғады.

Меншік нысандарына  қарай шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларын қалыптастырудың ерекшеліктері болады. Мысалы, өндірістік кәсіпорындардың қаржы қорлары мына көздер есебінен құрылады: меншікті көздер (амортизациялық аударымдар, таза табыс); банк кредиттері; бағалы қағаздар шығарудан түсетін қаражаттар; мемлекеттік кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздері қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде — кооператав мүшелерінің үлестік жарналарының қаражаттары. Практикада көбінесе меншіктің аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздері бойынша оларды құрудың аралас нысандары кездеседі. Мысалы, негізгі құралдар мен айналымдағы активтердің үлкен бөлігі мемлекетке жататын мемлекеттік кооперативтерде қызметкерлердің үлестік жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік акционерлік қоғамдарда да осылай.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлкін жалға бергенде айрықшалықты төлем — жалға берілген мүлік  құнының амортизациялық аударымдарын, жалға беру мерзімінің өтуіне қарай  объектілерді жөндеу үшін жалдаушының  жалға берушіге беретін қаражаттарын, жалға алынған мүлікті қоғамдық қажетті пайдаланудан түсетін пайданың (табыстың) бір бөлігін (жалгерлік пайызды) кіріктіретін жалгерлік ақы қолданылады.

Өндірістің бастапқы қорларының қалыптасуына сәйкес шаруашылық қызметінің мынадай қаржылық нәтижелері бөлінеді және пайдаланылады: таза табыс, пайыздық табыс, дивидендтер, үлестік табыстар, бюджеттің (бюджеттік кредиттердің) және бюджеттен тыс қорлардың шығыстарын өтеу.

Үлестік жарна негізінде  жұмыс істейтін кәсіпорындардың  — шаруашылық серіктестіктерінің, кооперативтердің, бірлескен кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыру мұндай кәсіпорындар қаржысының қалыптасу және алынған табыстарды әрбір қатысушының мүліктегі үлесіне сәйкес кейінгі берудің ерекшеліктерімен анықталады. Мұндай кәсіпорындардың құрылтайшылары мен қатысушылары өздерінің жарналарын ақша қаражаттары, мүліктің әр түрлі түрлері (ғимараттың, жабдықтың және басқаларының), мүлікті құқықтар (жерді, табиғи ресурстарды, мүлікті, зияткерлік (интеллектуалдық) меншікті пайдалану құқықтары) түрінде жүзеге асырады.

 

КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ  НЫСАНДАРЫ

 

Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық серіктестіктері  туралы" заң күші бар жарлығына  сәйкес шаруашылық серіктестігі —  жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылық серіктестігінің мынадай нысандары белгіленген:

1) толық серіктестік;

2) сенім серіктестігі;

3) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

4) қосымша жауапкершілігі  бар серіктестік;

5) акционерлік қоғам.

Толық серіктестіктінің пайдасы мен залалдары қатысушылар  арасында, егер құрылтайшылардың шартында немесе қатысушылардың келісімінде  өзгеше белгіленбесе, олардың серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесінің мөлшеріне бара-бар бөлінеді; сенім серіктестігі мен жауапкершілігі шектеулі серіктестікте де осылай бөлінеді.

Шаруашылық жүргізу  құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын  қызметтің сан алуан сферасында құрылып, іс-әрекет етуі мүмкін.

Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері кәсіпорынға берілетін мүліктің жалпы құнынан аспауы және ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің 1000 мөлшерінен кем болмауы керек.

Кәсіпорын оның жарғысында көрсетілген мөлшерде резервтік капиталды қалыптастыруға міндетті және ол жарғылық капиталдың 10 пайызынан кем болмауы керек, оның қарамағында қалған пайданың кем дегенде 5 пайызы осы мақсатқа жұмсалуы тиіс. Резервтік капиталдың қаражаты тек қана залалдарды жабуға, бюджет шығындағы міндеттемелерді орындауға, мемлекеттік кредиттерді өтеуге және басқадай қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда пайыздық өтем төлеуге жұмсалады.

Кәсіпорын өндіретін тауарлардың (атқарылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары кәсіпорынның оларды өндіруге кеткен шығындарды толық өтеуге, оның қызметін шығынсыз етуге және өз кіріс есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етуге тиіс.

Мемлекеттік тапсырысты орындау есебіне кәсіпорын өндіретін  және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын уәкілді органның келісуі бойынша жоғарыда айтылған талаптарды ескере отырып белгілейді.

Кәсіпорын мемлекеттік  тапсырыстан тыс өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағасын өзі дербес белгілейді.

Кәсіпорын өз қызметінен алған меншікті табыстар есебінен ұсталады. Мемлекеттік кәсіпорынға қаражат заңнамада көзделген тәртіппен беріледі.

Кәсіпорын иесіне аударылуға тиіс пайданың үлесі жыл сайын уәкілді орган  Қаржы министрлігінің (тиісінше —  оның жергілікті органдарымен) келісімі бойынша белгіленетін пайданы бөлудің нормативінде көрсетіледі және тиісті бюджеттердің кірісіне аударылады.

Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік  мүлікке ие кәсіпорын қазыналық  болып табылады.

Қазыналық кәсіпорындар заңнамада  белгіленген тәртіппен:

1)  төтенше және авариялық жағдайларда кен-құтқару және өзге де арнаулы жұмыстарды орындау, өрттен, су тасқынынан және басқа сұрапыл апаттардан қорғау;

2) заңнамада қаржыландырудың арнаулы  тәртібі белгіленген мемлекеттік автомобиль жолдарының және басқа инфрақұрылым объектілерінің жүйесін ұстау мен дамыту;

3) пошта байланысы мен телекоммуникация, жалпы республикалық және халықаралық байланыс желісін пайдалану саласындағы қызмет;

4) топографиялық-геодезиялық және  картографиялық жұмыстар жүргізу;

5) денсаулық сақтау, табиғатты қорғау, білім беру, әлеуметтік қорғау, ғылым және мәдениет сферасында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін құрыла алады.

Қазіргі кезде кооперация жүйесінде  кооперативтердің ең негізгісі  — өндірістік және тұтыну кооперативтері жұмыс істейді.

"Өндірістік кооператив туралы" заңда өндірістік кооператив азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың жеке еңбегімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік салымдарын (үлестерін) біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі делінген. Өндірістік кооперативтер тауарлар, өнімдер өндіріп, жұмыс атқарады, шаруашылық жүргізуші субъектілерге және халыққа қызмет көрсетеді.

Өндірістік кооператив коммерциялық ұйым және заңды тұлға болып табылады. Ол жеке кәсіпкерлік үшін заңнамалық актілермен тиым салынбаған кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға құқығы бар.

Өндірістік кооператив мүлкін жарғы  салымдары, оның қызметінен алынған  табыстар, заңнамамен тыйым салынбаған өзге де көздер құрайды.

Өндірістік кооператив меншігіндегі мүлік кооператив жарғысына сәйкес оның мүшелерінің үлестеріне бөлінеді. Пай өндірістік кооператив мүшелерінің кооператив мүлкіндегі үлесі болып табылады.

Кооперативтің құрылтай құжаттарында несие берушілердің мүдделеріне  кепілдік беретін кооператив мүлкінің ең төменгі мөлшерін белгілейтін кооперативтің жарғылық капиталын құру көзделуі мүмкін.

Кооператив жыл сайынғы пайдасынан аударымдар жасаудың есебінен резервтік  капитал құра алады, ол кооперативтің  несие берушілер алдындағы міндеттемелерінің  орындалуын қамтамасыз етуге және көзделмеген шығыстарды өтеуге арналады.

Өндірістік кооперативтің пайдасы  жыл қорытындысы бойынша анықталады. Салықтар мен бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдер төленгеннен  кейін қалған пайда кооперативтің толық қарамағында қалады және оның мүшелерінің жалпы жиналысы мен кооперативтің құрылтай құжаттарында көрсетілген мақсаттарға бөлінеді.

 

КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ СИПАТЫ МЕН МӘНІ

 

Кәсіпорынның  өзін-өзі қаржыландыруы — нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты. Бұл қағидат өнім өндіру мен кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасын ұлғайту жөніндегі шығындардың толық өтелуіне негізделеді, ол әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын меншікті көздері есебінен жауып отыратындығын білдіреді. Қаражаттардың уақытша жетіспеушілігі кезінде оған деген қажеттілік банктің қысқа мерзімді кредиттері мен коммерциялық несие есебінен (ағымдағы шығындарға пайдаланылады) және ұзақ мерзімді кредиттер есебінен (күрделі жұмсалымға пайдаланылады) қамтамасыз етілуі мүмкін, олар кәсіпорынның қарамағында қалатын пайданың есебінен өтелінеді.

Нарықтық экономика  мен жекешелендіру процестерінің  дамуы жағдайында өзін-өзі қаржыландыру қағидатын қамтамасыз етуге акционерлік  капиталды, бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен пайыздарды, қаржы операцияларынан алынған табысты (пайданы) пайдалану арқылы қол жетеді.

Бюджеттік және салалық  қаржы көздері өзінің маңызын  жоғалтты және олар негізінен экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға, конверсияға қолданылады.

Өзін-өзі қаржыландыру кәсіпорындардың толық қаржы дербестілігімен және жауапкершілігімен тығыз байланысты. Оларға өздерінің меншікті ресурстарын өз бетінше ұйымдастырып басқаруға, тартылатын және қарыз қаражаттарын іздестіріп, айналымға салуға құқық берілген. Мемлекет кәсіпорындардың қаржы ресурстарын қайта бөле алмайды. Қаржы қатынастарын мемлекет тарапынан реттеу бюджетке салық алудың, амортизациялық қорды қалыптастырудың, валюталық түсім-ақшаны бөлудің, бағалы қағаздарды өткізудің, шығындарды өзіндік құнға жатқызудың және т.т. жүйесі мен тәртібін белгілеу арқылы жүзеге асырылады.

Информация о работе Кәсіпорын қаржысы