Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 22:04, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты нарықтық экономика жағдайларында табыстың кәсіпорын қызмтіндегі ролі мен оны арттырудық жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс өзінің алдына келесідей сұрақтарға жауап беруді көздейді:
кәсіпорын табысының экономикалық негіздерін қарастыру;
кәсіпорын табысының талдау және жоспарлау әдістемелерін қарастыру;
кәсіпорындардағы табыстың артуын түрлі факторлардың және қаржылық тәуекелдердің әсерін анықтау.
Кіріспе
3
1. Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы
1.1. Кәсіпорын табысының экономикалық мәні 5
1.2. Табыстың кәсіпорын қызметіндегі
ролі және функциялары
7
1.3. Кәсіпорын табысының қалыптасуы
және орналастырылуы
9
2. Кәсіпорын табысын талдау және жоспарлау
2.1. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау 12
2.2. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері 15
2.3. Кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі 20
3. Кәсіпорын табыстылығын арттырудың негізгі мәселелері 23
Қорытынды
29
Қолданылған әдебиеттер тізімі 31
Қазақстан
Республикасының
Білім және Ғылым
министрлігі
Д.Серікбаев атындағы
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ТЕХНИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
«Қаржы,
есеп және салық салу» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Кәсіпорын табысын жоғарылату мүмкіндіктерін
талдау»
Тексерген:Мадиярова Э.С
Өскемен қаласы, 2011 жыл
Мазмұны
Кіріспе |
3 | |
1. | Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы | |
1.1. | Кәсіпорын табысының экономикалық мәні | 5 |
1.2. | Табыстың кәсіпорын
қызметіндегі
ролі және функциялары |
7 |
1.3. | Кәсіпорын табысының
қалыптасуы
және орналастырылуы |
9 |
2. | Кәсіпорын табысын талдау және жоспарлау | |
2.1. | Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау | 12 |
2.2. | Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері | 15 |
2.3. | Кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі | 20 |
3. | Кәсіпорын табыстылығын арттырудың негізгі мәселелері | 23 |
Қорытынды |
29 | |
Қолданылған әдебиеттер тізімі | 31 |
Кіріспе
Нарықтық қатынастар жағдайларында кәсіпорынның қоршаған ортадағы өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан кәсіпорынды басқару стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін, шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді қамтитындай болуы керек.
Бәсекелестік ортада кәсіпорынның қаржы менеджменті оның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқару қызметінің басты буыны болып табылады. Осы жағдайға байланысты қаржы менеджменті кәсіпорынның өндірістік барысы қаржы ресурстарымен қажетті көлемде қамтамасыз етілуін, тартылған қаржы ресурстарын өндіріске тиімді орналастырылуын, өндірілген өнімнің шығындарын барынша азайтуды, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен табыс алуды қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқарады.
Табыс кәсіпорын қызметіндегі атқаратын ролі үлкен, ол кәсіпорынның мүлкінің ұлғаюының, қарыз қаражаттар тартудың, жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады. Табыс таппай кәсіпорын кредиторлар мен инвесторлар тарапынан қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігіне үміт арта алмайды. Сонымен қатар, табыс кәсіпорынның ішкі қаржылық мұқтаждықтарының негізгі көзі болып қоюмен шектеліп қана қоймайды, ол қоғам өмірінде, мемлекеттік бюджет ресурстарының, бюджеттен тыс қорлардың және қайырымдылық қорларының қаражаттарының қалыптасуында да үлкен роль атқарады.
Кәсіпорынның өндіріске салынған активтерінің табыстылық деңгейі инвестициялық шешімдер қабылдау барысында, қаржылық жоспарлау жұмыстарында, жоспарлық көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру және үйлестіру, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорындар табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақыланып отырады және сәйкесінше, осы нәтижелер негізінде құрылымдық басшыларға сыйақылар беріледі, бұл өз кезегінде олардың өз қызметіне деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді. өндірістік активтерге немесе инвестициялық жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер қаржылық сипаттағы шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет. Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартудың негізі болып табылады. Бұл үшін қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық жүргізудің қолайлы жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел экономикасының өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек.
Экономикалық өсуді жеделдетудің және өндірістің тиімділігін арттырудың басты факторы - жоғары өнімді еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке экономикалық ынталандыру. Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел жүргізу нәтижесінде өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті көтеруге бағытталған ынталандыру уәждемелері де жүргізіліп келеді. Алайда, бүгінгі кезеңдегі экономикалық ынталандыру біліктілікке, еңбек сапасына, өндіріс нәтижелілігіне және макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасына тәуелді болмай отығанын атап көрсетуге тура келеді. Мұның ғылыми-техникалық прогреске ынталандырмалық дәрежесі төмен, өнімнің сапасын өсіруге әсері қанағаттандырмайды, жұмысшының интеллектуалдық және функционалдық қабілетінің толық ашылуына, оны өндірістің ішкі резервтерін пайдалануға жеткілікті түрде мүдделендірмейді.
Курстық жұмыстың мақсаты нарықтық экономика жағдайларында табыстың кәсіпорын қызмтіндегі ролі мен оны арттырудық жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс өзінің алдына келесідей сұрақтарға жауап беруді көздейді:
Зерттеу объектісі ретінде кәсіпорынның өндірістік, инвестициялық, қаржылық және басқа да қызмет түрлерінің қаржылық нәтижелері қарастырылады.
Жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда кәсіпорынның табысының жалпы ұғымына және оның кәсіпорын қызметіндегі ролі мен функцияларына, сондай-ақ табыстың қалыптасу және орналастыру тәртіптері қарастырылады.
Екінші
тарау барысында
Үшінші тарауда қазіргі таңдағы кәсіпорындардың табыстылығын арттырудың негізгі жолдары мен табыстың көлеміне әсер етуші қаржылық тәуекелдерді және олардың алдын алу шаралары қарастырылады.
Курстық
жұмыс барысында отандық және
шет елдік танымал ғалымдардың
еңбектері, оқулықтары, сондай-ақ еліміздегі
мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған
ғылыми мақалалардың мәліметтері қолданылды.
1. Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы
1.1.
Кәсіпорын табысының
экономикалық мәні
Табыстың экономикалық мәні бүгінгі экономикалық теорияның ең бір күрделі және әрқилы ұғымдарының бірі болып табылады. Экономикалық көзқарас бойынша табыс дегеніміз – бұл ақша шығыстары мен кірісерінің айырмасы болып табылады. Шаруашылық тұрғыдан қарастыратын болсақ, табыс – бұл кәсіпорынның есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының айырмасы болып табылады. Бұл жерде табыс ұғымы кәсіпорынның өзінің қаржылық-шаруашылық қызметінен алатын алуан түрлі табыстарының шығындар көлемінен басым болатын жағдайын білдіреді.
Біз білетіндей, кәсіпорын табыстары оларды алудың және қолданудың сипаттамасы мен шарттарына байланысты негізгі екі түрге бөлінеді:
Негізгі қызметтен алынған табыс өнімді өткізумен, қызметтер көрсетумен және жұмыстар орындаумен байланысты қаражат кірістерін қамтиды.
Өзге табыстарға өткізілімнен тыс операциялардан, мүлікті сатудан түскен қаражаттар, сондай-ақ, төтенше жағдайлардан алынған табыс жатады.
Бухгалтерлік есеп теорияшылары табыс ұғымымен байланысты келесідей мәселелерді атап көрсетеді.
Табыспен байланысты барлық көзқарастарды зерттеудің нәтижесінде ғалымдар мынадай қорытындыға келді: «бухгалтерлік есепте көрсетілген табыс қаржылық-шаруашылық қызметтің нақты нәтижелерін көрсетпейді. Бұл, өз кезегінде, бухгалтерлік және экономикалық табыс деген түсініктерді бөліп қарастыру керек деген тұжырымға алып келді. Біріншісі – тауарлар мен қызметтерді өткізудің нәтижесі деп қарастырылса, екіншісі – капиталдың «жұмыс істеуінің» нәтижесі деп қарастырылады.
Табыстың
осындай екі түрлі
Табыстың бухгалтерлік тұжырымдамасы тек бірінші мақсатқа қол жеткізу үшін ғана қолайлы және үшінші мақсатты қамтамасыз ету үшін мүлдем қолайсыз болып табылады.
Табыстың түрлі ғылыми тұжырымдамаларын талдай отырып, «табыс» ұғымына келесідей анықтама беруге болады. Табыс деп тауарды өткізу, қызметтер көрсету және жұмыстар атқару нәтижесінде қалыптасқан қосылған құнды айтады. Өзге мүліктерді сату, өткізілімнен тыс операциялардан түскен қаражаттар және басқа да қаражат кірістері кәсіпорынның пайдасын арттырады.
Бүкіләлемдік
банктің бухгалтерлік есеп, қаржылық
есеп беру және аудит бойынша әдістемелік
нұсқаулығында «табыс» ұғымы
келесідей түрде анықталады. «Табыс
дегеніміз – қаржының келуі немесе
активтердің құнының өсуі, не болмаса
пассивтердің азаюы түріндегі есепті
кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы
болып табылады; бұл акционерлер салымдарының
есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың
өсуіне алып келеді».1
1.2. Табыстың кәсіпорын қызметіндегі
ролі
және функциялары
Нарықтық жағдайларды табыстың ролі айтарлықтай өсті. Өзіміз білетіндей, жоспарлы-директивті экономика жағдайларында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс табу кез-келген кәсіпорынның мақсатты функциясы ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Табыс табу кез-келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымды және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаражат көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымды шығындар болса, олар банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен, сонымен қатар, капитал салымдары бнктердің ұзақ мерзімді несиелерімен жабылуы мүмкін.
Информация о работе Кәсіпорын табысын жоғарылату мүмкіндіктерін талдау