Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 15:44, курсовая работа
Нарықтық экономика жағдайында өндірушілер, сатушылар және сатып алушылар бәсекелестік жағдайында өздері, яғни өз үрей және тәуекел жағдайында қызмет етеді. Сондықтан олардың қаржылық болашағы көбінесе аз болжанады. Тәуекел-менеджменті тәуекелді бағалау, бизнесте пайда болатын қаржылық қатынастар және тәуекелді басқару жүйесі болып табылады. Белгілі бір дәрежеде тәуекел жағдайы болуын болжамдауға және тәуекел дәрежесін уақытылы төмендету шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі тәсілдер қолдана отырып, тәуекелді басқаруға болады.
Кіріспе....................................................................................................................3
1.Қаржы тәуекелін басқару теориясы
1.1. Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері...........................................................5
1.2. Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері.........10
1.3. Тәуекел менеджментінің мәні мен мазмұны...............................................15
1.4. Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері...................................................19
2. «Қазақтелеком» АҚ филиалының қаржылық тәуекелін талдау
2.1.Кәсіпорын қызметін қаржылық талдау........................................................23
2.2.Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау........................31
3.Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін жетілдіру......................37
Қорытынды..........................................................................................................41
Қолданылған әдебиеттер...................................................................
«Қазақтелеком» АҚ филиалының тәуекелдерін бағалау қаржылық есептілік негізінде жүргізіледі. №6 кестеде «Қазақтелеком» АҚ филиалының 2004-2005 жылдардағы қаржы-шаруашылық қызметіне экспресс–талдау көрсетілген, оның негізінде берілген кәсіпорынның тәуекелді басқару жүйесін талдау жүргізіледі.
№6 кесте. «Қазақтелеком» АҚ филиалының 2004-2005 жылдардағы қаржы-шаруашылық қызметін экспресс-талдау
Көрсеткіш атауы | Есептеу тәсілі | Нормативті мәні | Көрсеткіш мәні | Өзгеріс | |||||
2004ж. | 2005ж. | Абсолютті | Есептіліктің базистікке % түрі | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |||
1. Мүліктік жағдайды бағалау | |||||||||
1.1.Кәсіпорында бар шаруашылық құралдар сомасы | Баланс барлығы | - | 2380232 | 2503690 | +123458 | +5,19 | |||
1.2. Негізгі құралдардың модернизация коэффициенті | есептелген амортизация/ негізгі капиталдың бастапқы құны | - | 0,474 | 0,449 | -0,025 | -5,27 | |||
2. Өтімділікті бағалау | |||||||||
2.1.Өзіндік айналым капитал көлемі | Меншік капитал+ ұзақ мерзімді міндеттемелер- ұзақ мерзімді активтер | - | -641063 | -680237 | -39174 | +6,11 | |||
2.2.абсолютті өтімділік коэффициенті | Ақшалай қаражаттар/ ағымдағы міндеттемелер | >0,2-0,7 | 0,01 | 0,002 | -0,008 | -80,00 | |||
2.3.Критикалық өтімділік коэффициенті | (ақшалай қаражаттар+қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар+дебиторлық қарыз)/ағымдағы міндеттемелер | ≈1 | 0,18 | 0,16 | -0,02 | -11,11 | |||
2.4.Ағымдағы өтімділік коэффициенті | Ағымдағы активтер/ағымдағы міндеттемелер | 1,5-2 | 0,3 | 0,25 | -0,05 | -16,67 | |||
2.5.запастарды жабудағы меншік капитал үлесі | Меншікті айналым қаражаттары/(ТМЗ+алдағы кезең шығыстары) | >0,1 | -5,51 | -8,41 | -2,9 | +52,63 | |||
3. Қаржылық тұрақтылықты бағалау | |||||||||
3.1. Тәуелсіздік (автономия) коэффициенті | Меншік капитал/шаруашылық қаражаттар барлығы | >0,5 | 0,61 | 0,64 | +0,03 | +4,92 | |||
3.2. Меншік капиталдың ептілік коэффициенті | Меншік айналым қаражаттары/меншік капитал | ~0,5 | -0,44 | -0,43 | +0,01 | -2,27 | |||
3.3.қарыз жә-не меншік ка-питал қаты-насы коэф-фициенті | Қарыз капитал/меншік капитал | ≤1 | 0,63 | 0,57 | -0,06 | -9,52 | |||
3.4.Тұрақты қаржыландыру коэффициенті | (меншік капитал+ұзақ мерзімді міндеттемелер)/ шаруашылық қаражаттар барлығы | >0,8 | 0,61 | 0,64 | +0,03 | +4,92 | |||
4. Іскерлік белсенділікті бағалау | |||||||||
4.1. Өткізуден түскен табыс |
| - | 1937586 | 2120816 | +183230 | +9,46 | |||
4.2. Салық салудан бұрын негізгі қызметтен табыс |
| - | 863314 | 917776 | +54462 | +6,31 | |||
4.3. Қорқайтармдылығы | Өткізуден түскен табыс/негізгі құралдарды орташа құны | - | 0,92 | 0,93 | +0,01 | +1,09 | |||
4.4.Дебиторлық қарыз айналымдылығы | Өткізуден түскен табыс/орташа дебиторлық қарыз | - | 12,48 | 14,63 | +2,15 | 17,23 | |||
4.5.Қаражаттарайналымы-ның ұзақты-ғы(күн) | 360 күн/ 4.4 көрсеткіші | - | 29 | 25 | -4 | -13,79 | |||
4.6.Кредиторлық қарыз айналымының ұзақтығы(күн) |
| - | 363 | 326 | -37 | -10,19 | |||
4.7. Операциялық цикл ұзақтығы |
| - | 75 | 54 | -21 | -25 | |||
5. Рентабельділікті бағалау | |||||||||
5.1.Таза табыс | - | - | 780369 | 955704 | +175335 | +22,47 | |||
5.2.Негізгі қызметтен табыс |
| - | 854117 | 909693 | +55576 | +6,51 | |||
5.3 Өнім рентабельділігі | Негізгі қызметтен табыс/ Өткізуден түскен табыс | - | 1,09 | 0,95 | -0,14 | -12,84 | |||
5.4 меншік капитал рентабельділігі | Таза табыс/меншік капитал | - | 0,53 | 0,6 | +0,07 | +13,21 | |||
5.5 Негізгі капитал рентабельділігі | Таза табыс/баланс валбтасы | - | 0,33 | 0,38 | +0,05 | +15,15 |
Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалауда шаруашылық қаражаттардың сомасының көрсеткіші кәсіпорынның балансында көрсетілетін активтердің жалпы құндылық бағалауын көрсетеді. Активтердің құны 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы 5,19%-ға өсті, ол кәсіпорынның мүліктік потенциалының өскенін көрсетеді. Модернизация коэффициентінің мәні (есептелген амортизацияның негізгі капиталдың бастапқы құнына қатынасы) 0,47-0,45 болса, оның нормативті мәні 0,3-0,5. Модернизация коэффициенті оптималды мән шегінде орналасқан. Ол кәсіпорын негізгі қорға салынған қаражаттарды интенсивті түрде босатқанын білдіреді.
Кәсіпорынның өтімділігін талдау меншікті айналым капиталы көлемінің 6,11%-ға өсімі жағымды нәтижелер бермеді, себебі оның көлемі жағымсыз болып табылады және кезең аяғына 680237 мың теңге құрады, яғни кәсіпорында ағымдағы активтерді жабу көзі болып табылатын меншік капитал бөлігі жетіспейді. Абсолютті өтімділік көрсеткіші кезең басына тек 0,01 теңге және кезең аяғына тек 0,002 теңге ағымдағы міндеттемелер ақша қаражат есебінен жедел өтелуі мүмкін екендігін көрсетеді. Критикалық өтімділік коэффициенті ағымдағы міндеттемелердің кезең басына 18% және кезең аяғына 16% шоттардағы қаражат және де есептесуден түсімдер есебінен жедел өтелу мүмкіндігін көрсетеді. Ағымдағы өтімділік көрсеткіші активтердің өтімділігінің жалпы баға беріп, 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы ағымдағы міндеттемелердің бір теңгесіне 16,67% төмен екенін көрсетеді. Запастарды өтеуде меншікті айналым капиталының үлесін есептеу динамикада 2,9 пунктіне мәннің төмендегенін көрсетеді, бұл – меншікті айналым капиталымен өтелетін запастар құнының бөлігінің төмендеуі, бұл жақсы беталыс емес, себебі кезең басында бұл үлес жағымсыз болды және 5,51 пунктіні құрады.
Кәсіпорын қаражаттарының тәуелсіздік (автономия) коэффициенті кәсіпорын иелерінің қаражаттардың жалпы сомасындағы қызметке авансталатын меншік үлесін сипаттайды. Қаржылық автономия коэффициентін есептеу қаржыландыру көздерінің жалпы сомасындағы меншікті қаражаттар үлесі 4,92% өскенін көрсетеді. Бұл кәсіпорынның сыртқы инвесторлардан тәуекелділігінің төмендеуін көрсетеді, бұл жақсы беталыс, нормативті мәнге де сәйкес келеді.
Меншік капиталдың ептілік (маневренность) коэффициенті меншік капиталдың қай бөлігі ағымдағы қызметті қаржыландыру үшін қолданылатынын, яғни қай бөлігі айналым қаражаттарына салынған, қай бөлігі капиталданғанын көрсетеді. Меншік капиталдың маневренность коэффициенті есеп беру кезеңінде 2,27% төмендеді.
Қарыздық және меншікті капитал қатынасының көрсеткіші 9,52%-ға төмендеуі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының артуын және кәсіпорынның кредиторлардан тәуелділігінің төмендеуін куәландырады.
Экспресс-талдау негізінде «Қазақтелеком» АҚ филиалының тәуекелін талдауды жалпы келесідей сипаттауға болады: қаржылық жаағдай тұрақты, бірақ өтімділік пен төлемқабілеттілікті жоғарылату бойынша іс-шаралар жүргізу қажет. Тәуекелділік облысы минималды тәуекелділік облысына сәйкес келеді.
3. Тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру
Тәуекелділік жағдайында шешімдер қабылдау кезінде қолданылатын нақты әдістер мен тәсілдер кәсіпорынның қызметі түріне, қойылған мақсаттар жету стратегиясына тәуелді болады. Сонымен бірге тәуекелді басқару теориясы мен практикасымен тәуекелді талдау барысында басшылыққа алынатын негізқалаушы принциптер орнатылған. Біріншіден, меншік капиталдың мөлшерінің мүмкіндігінше тәуекел етуге болады, екіншіден, азшылық үшін көпшілікпен тәуекелге баруға болмайды.
Тәуекелдерді талдаудан кейін осы тәуекелдерді басқару әдістерін талдау қажет. Әрине бұл процестің ажырамас бөлігі болып сақтандыру табылады. Сақтандырудан басқа тәуекелден қашу немесе оны өзіне алу, шектеу, хеджирлеу, сараптау, тәуекелдерді бөлу, қаражаттарды резервтеу, тәуекелдер бойынша мүмкін болатын қаржылық жоғалтуларды айыппұл санкциялар жүйесі есебінен өтеу, кепілдік және т.б. сияқты тәуекелдерді басқару әдістері қолданылады.
Тәуекелді төмендету – тәуекелді жағдайдың болу ықтималдылығын және мүмкін жоғалтулар көлемін азайту. Тәуекелді басқару әдісін таңдау кезінде тәуекел түрі бойынша максималды мүмкін болатын шығысты есептеу, оны тәуекелге ұшырауы мүмкін капитал көлемімен сәйкестендіріп, барлық мүмкін шығысты меншікті қаржылық ресурстар көлемімен салыстыру қажет.
Тәуекелді басқару жүйесінің қызметін тиімді жүргізу кәсіпорынды басқару жүйесінде құрылымдық бөлімше – тәуекелді басқару бөлімшесін құруды қарастырады. Бұл бөлімше міндетті түрде тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасауы керек.
Кәсіпорын деңгейінде мұндай бағдарлама жасау кәсіпорынның қызметі мен құрылымының негізгі элементі ішкі және сыртқы тәуекелдерден қорғаныштылық және жоғары тұрақтылықты кепілдендіретін тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету тиіс. Тәуекелдер кәсіпорын қызметтерінің түрлі жақтарына әсер етеді және ол жағымсыз сипаттамаға ие болады. Жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыстар тәуекелдерді басқарудан бастау қажет, яғни тәуекелмен байланысты қаржылық жоғалтуларды төмендетуге бағытталған кәсіпорын үшін экономикалық қолайлы ұсныныстар мен шаралар енгізіліп, жасалуы тиіс.
Кәсіпорынның тәуекелді басқару бөлімшесі бірнеше топтардан тұруы қажет. Бөлімшенің құрамына кіретін әр топқа ішінде білім облысы әртүрлі мамандар болу керек: ең алдымен - антитәуекелділік басқарушы, маркетинг бойынша маман, қаржы маманы, персоналды басқару бойынша, жоспарлы-экономикалық жұмыс бойынша, өндіріс бойынша маман.
Кәсіпорынның басқармасы тәуекелді басқару мәселелерін шешуде басты орын алады, өйткені ол тәуекелді төмендету бойынша шаралар бағдарламасын бекітеді, критикалық жағдайларда оларды өткізу шешімдерін қабылдайды, антитәуекелділік бағдарламамен бірге сыналатын шешімдер қабылдайды.
Тәуекелді басқару бойынша шараларды тікелей өткізу кәсіпорынның негізгі өндірісітік және басқарушылық бөлімшелерінің қызметіне қайшы келеді, олардың есеп беру көрсеткіштеріне жағымсыз әсерін тигізеді, себебі бұл шаралар жедел табыс әкелмейтін шығыстарды талап етеді.
Сондықтан тәуекелді басқару бойнша соңғы шешімдерді кәсіпорынның басқару органдарының ең жоғарғы органы қабылдағаны үлкен маңыздылықты иеленеді.
Қаржылық тәуекелмен байланысты мүмкін жоғалтуларды төмендетуде қызығушылық тудыратын кез келген кәсіпорын өзі үшін келесі мәселелерді шешу қажет:
- қаржылық тәуекелмен байланысты мүмкін жоғалтуларды бағалау;
- фирма белгілі бір тәуекелдерді өзінде қалтыра ма, яғни олар бойынша өзі жауапты бола ма, не олар бойынша жауапты басқа субъектілерге беретіндігі туралы шешім қабылдауы тиіс;
- негізгі мақсаты мүмкін жоғалтуларды төмендету болып табылатын тәуекелдерді басқару бағдарламасын жасау қажет.
Бұл міндеттерді тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасау негізінде мүмкін. Антитәуекелдік менеджерде тәуекелді басқару бойынша дұрыс шешім қабылдау үшін барлық қажетті ақпараттар болуы тиіс.
Тәуекелді басқару мақсаттары мен міндеттері.
Тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың кез келген арнайы бағдарламасын жасаудың мақсаты кәсіпорынның тәуекелділік жағдайларында сәтті қызмет етуді қамтамасыз ету болып табылады.
Қаржылық тәуекелмен байланысты қаржылық жоғалтуларды төмендету мәселесін шешу мысалға келесідей жүргізілуі мүмкін: бар тәуекелді жою, мүмкін тәуекелдің алдын алу, мүмкін болатын зиянның тікелей алдын алу, мүмкін болатын зиянның жанама алдын алу.
Мұндай бағдарламаны талдауда тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасының мазмұны мен мақсаттары анықталады.
Қаржылық тәуекелді басқару принциптері. Тәуекелді басқарудың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру менеджерге фирма тәуекелдерін басқару принциптерін нақтылауды талап етеді.
Менеджер тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасауда негізге алатын принциптер кәсіпорынның стратегиясымен анықталады. Егер кәсіпорын өзінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге негізделсе, онда бағдарлама жасаушы жұмыс негізіне алатын сәйкесінше принциптері қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін тәуекелді басқару әдісін таңдауды ұсынады. Мұндай нақты принцип мысалы компанияның барлық тәуекелдерді сыртқы ортаға шығаруға бағытталу принципі болып табылады.
Фирманың тиімді дамуы үшін тәуекелдерді басқарудың міндетті түрде келесі принципін сақтауы тиіс: фирма қызметін сыртқы орта талаптарымен сәйкестендіру, оның ішінде берілген кәсіпорын үшін сыртқы тәуекел – менджментінің талаптарына сәйкес келу.
Тәуекелді басқару функцияларының мәні пәндік сипатты иеленбейтіндіктен, ол коммерциялық кәсіпорындардың интегралдық құндылықтарын сақтауға бағытталғандықтан, бұл функцияларды орындау фирма бөлімшелерінің және тәуекелді басқару қызметкерлерінің біріккен күштерімен жүзеге асырылады. Тәуекелді басқару жүйесін орнату үшін біріншіден, мамандарды дайындау қажет, екіншіден, әрдайым біріккен тренингтер жүргізілуі тиіс.
Қорытынды
Берілген курстық жұмыста қаржылық тәуекелді басқару мәселесі қарастырылған. Курстық жұмыстың қойылған мақсаты орындалды, яғни қаржылық тәуекелді басқару бойынша жан-жақты теориялық зерттеулер жүргізіліп, «Қазақтелеком» АҚ филиалының қаржылық жағдайына талдау, тәуекелді бағалау, оларды басқару, кәсіпорында тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру бойынша шаралар ұсынылды.
Жұмыстың теориялық бөлімінде тәуекел мәні және түрлері, тәуекелді бағалау әдістері зерттелді. Сонымен қатар тәуекел менеджментінің мазмұны ашылып, қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері ұсынылған.
Жұмыстың талдау бөлімінде «Қазақтелеком» АҚ филиалының бухгалтерлік баланс негізінде қаржылық жағдайы талданып, балдау негізінде тәуекелдерді басқару жүйесіне баға берілді. Жалпы қорыта келгенде, бұл кәсіпорынның тәуекел облысы минималды тәуекел облысына сәйкес келеді.
Жұмыстың соңғы бөлімінде қаржылық тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар берілген. Мысалы ұсыныстар ішінде кәсіпорында тәуекелдерді басқару бөлімшесін құру, оның құрылымында мамандар тізімі берілген.
Информация о работе Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін жетілдіру