Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 09:49, курсовая работа
Өз нарықтық қызметте қате жіберуден қорықпау өте маңызды, өйткені олардан ешкім сақтандырылмаған, ең маңыздысы - қателіктерді қайталамау. Менеджер міндеті нарықта тік бұрылыстарды жұмсарту үшін қосымша мүмкіндіктерді алдын ала ескеруге бағытталады. Менеджменттің басты мақсаты, әсіресе Қазақстанның бүгінгі жағдайында, ең қиын жағдайларда табыстың тек аз ғана төмендеуі болуы мүмкін, бірақ банкрот туралы сөз болмауы тиіс. Сондықтан әрқашан тәуекелді басқаруды әрқашан жетілдіруге ерекше назар аударылады, яғни тәуекел-менеджментін жетілдіру. Нарықтық экономика жағдайында өндірушілер, сатушылар және сатып алушылар бәсекелестік жағдайында өздері, яғни өз үрей және тәуекел жағдайында қызмет етеді. Сондықтан олардың қаржылық болашағы көбінесе аз болжанады. Тәуекел-менеджменті тәуекелді бағалау, бизнесте пайда болатын қаржылық қатынастар және тәуекелді басқару жүйесі болып табылады. Белгілі бір дәрежеде тәуекел жағдайы болуын болжамдауға және тәуекел дәрежесін уақытылы төмендету шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі тәсілдер қолдана отырып, тәуекелді басқаруға болады.
КІРІСПЕ.........................................................................................................................3
I. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛ
СИПАТТАМАСЫ............................................................................................6
1.1 Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері..............................................................6
1.2 Кәсіпорынның қаржылық тәуекелі..................................................................9
1.3 Кәсіпорынның коммерциялық тәуекелі.........................................................17
2.КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ...................18
2.1 Кәсіпорындағы тәуекелді басқару стратегиясы............................................18
2.2 Кәсіпорындағы қаржылық және коммерциялық тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру.......................................................................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................................29
- негізгі мақсаты мүмкін жоғалтуларды төмендету болып табылатын тәуекелдерді басқару бағдарламасын жасау қажет.
Бұл міндеттерді тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасау негізінде мүмкін. Антитәуекелдік менеджерде тәуекелді басқару бойынша дұрыс шешім қабылдау үшін барлық қажетті ақпараттар болуы тиіс.
Тәуекелді басқару мақсаттары мен міндеттері.
Тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың кез келген арнайы бағдарламасын жасаудың мақсаты кәсіпорынның тәуекелділік жағдайларында сәтті қызмет етуді қамтамасыз ету болып табылады.
Қаржылық тәуекелмен байланысты қаржылық жоғалтуларды төмендету мәселесін шешу мысалға келесідей жүргізілуі мүмкін: бар тәуекелді жою, мүмкін тәуекелдің алдын алу, мүмкін болатын зиянның тікелей алдын алу, мүмкін болатын зиянның жанама алдын алу.
Мұндай бағдарламаны талдауда тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасының мазмұны мен мақсаттары анықталады.
Қаржылық тәуекелді басқару принциптері. Тәуекелді басқарудың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру менеджерге фирма тәуекелдерін басқару принциптерін нақтылауды талап етеді.
Менеджер тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасауда негізге алатын принциптер кәсіпорынның стратегиясымен анықталады. Егер кәсіпорын өзінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге негізделсе, онда бағдарлама жасаушы жұмыс негізіне алатын сәйкесінше принциптері қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін тәуекелді басқару әдісін таңдауды ұсынады. Мұндай нақты принцип мысалы компанияның барлық тәуекелдерді сыртқы ортаға шығаруға бағытталу принципі болып табылады.
Фирманың тиімді дамуы үшін тәуекелдерді басқарудың міндетті түрде келесі принципін сақтауы тиіс: фирма қызметін сыртқы орта талаптарымен сәйкестендіру, оның ішінде берілген кәсіпорын үшін сыртқы тәуекел – менджментінің талаптарына сәйкес келу.
Тәуекелді басқару функцияларының мәні пәндік сипатты иеленбейтіндіктен, ол коммерциялық кәсіпорындардың интегралдық құндылықтарын сақтауға бағытталғандықтан, бұл функцияларды орындау фирма бөлімшелерінің және тәуекелді басқару қызметкерлерінің біріккен күштерімен жүзеге асырылады. Тәуекелді басқару жүйесін орнату үшін біріншіден, мамандарды дайындау қажет, екіншіден, әрдайым біріккен тренингтер жүргізілуі тиіс.
ҚОРЫТЫНДЫ
Курстық жұмыста қаржылық тәуекелді басқару мәселесі қарастырылған. Курстық жұмыстың қойылған мақсаты орындалды, яғни қаржылық тәуекелді басқару бойынша жан-жақты теориялық зерттеулер жүргізіліп, тәуекелді бағалау, оларды басқару, кәсіпорында тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру бойынша шаралар ұсынылды.
Жұмыстың теориялық бөлімінде тәуекел мәні және түрлері, тәуекелді бағалау әдістері зерттелді. Сонымен қатар тәуекел менеджментінің мазмұны ашылып, қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері ұсынылған.
Жұмыстың соңғы бөлімінде
Сонымен, тәуекелдерді басқару ролінің маңыздылығын нығайту және оны маманды қызмет сферасына шығару бүгінгі таңда қазақстандық экономиканың тұрақты дамуына жетудің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Тәуекел мөлшеріне және дәрежесіне стратегия және қаржылық менеджмент әдістерімен жүзеге асырылатын қаржылық механизм арқылы нақты әсер етуге болады. Бұл тәуекелді басқарудың өзіндік механизмі тәуекел-менеджменті болып табылады. Тәуекел-менеджментінің негізі тәуекелді анықтау және төмендету бойынша ұйымдастырушылық жұмыстар болып табылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Информация о работе Кәсіпорындағы қаржылық және коммерциялық тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру