Кәсіпорынның айналым капиталы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 12:45, курсовая работа

Описание

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - кәсіпорын. Сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техника мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі.

Содержание

КІРІСПЕ 4
I. КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
1.1. Кәсіпорынның айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы 6
1.2. Кәсіпорынның айналым капиталын және қорларын пайдалану мөлшері және тиімділігінің көрсеткіштері 10
1.3. Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары 17
II. ААҚ «ТҰК КАЗХРОМ» ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1. ААҚ «ТҰК Казхром» құрылуы және органдары, қызметі, мақсаты, мүлігі және капиталы 19
2.2. Кәсіпорынның капиталын және мүлкін пайдалану тиімділігі, техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау 22
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28

Работа состоит из  1 файл

Курсовая.doc

— 122.50 Кб (Скачать документ)

Кәсіпорынның  айналым капиталы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4

I. КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ  КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ 

1.1. Кәсіпорынның айналым  капиталының мәні, құрамы, құрылымы 6

1.2. Кәсіпорынның айналым  капиталын және қорларын пайдалану  мөлшері және тиімділігінің көрсеткіштері 10

1.3. Кәсіпорынның айналым  капиталын пайдалану тиімділігін  жетілдіру жолдары 17

II. ААҚ «ТҰК КАЗХРОМ»  ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ 

2.1. ААҚ «ТҰК Казхром»  құрылуы және органдары, қызметі,  мақсаты, мүлігі және капиталы 19

2.2. Кәсіпорынның капиталын және мүлкін пайдалану тиімділігі, техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау 22

ҚОРЫТЫНДЫ 26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28

КІРІСПЕ

Нарықтық экономика  жағдайында экономикалық қызметтің  барлық экономикадағы негізгі буыны - кәсіпорын. Сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техника мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі.  
Кез келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті айналым капиталымен қамтамасыз етілуімен байланысты.  
Айналым капиталы кәсіпорынның өндірістік процесіне тікелей қатысып, өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтайтын маңызды элемент болып табылады. Қаржы менеджерлері үшін айналым капиталының құрамы мен құрылымы, олардың көлемі, активтерді қолданудың тиімділігі негізгі талдау және жоспарлау объектісі болып табылады. Айналым капиталын тиісінше қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз ете білу де маңызды болып табылады, түптеп келгенде айналым капиталын қаржыландыруды ұйымдастыру деңгейі олардың тиімді қолданылуының маңызды факторы болып табылады.  
Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт - қолда бар айналым капиталының болуы. Айналым капиталының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін анықтау болып табылады.  
Түрлі салаларда айналым капиталының үлес салмағы кәсіпорындардың өндіріс қорларының құрамында әр түрлі. Мысалы, ауыр өндіріс кәсіпорындарында жеңіл өндіріс кәсіпорындарына қарағанда ол төмен. Кәсіпорында айналым капиталын ұйымдастыру мыналардан тұрады: айналым капиталының қажеттілігін анықтау, олардың құрамы, құрылымын қалыптастыру көздерін табу және оларды реттеу, айналым капиталын басқару және т.б.  
Өндіріс тиімділігін арттырудың елеулі резервтері құрамына шикізат пен негізгі материалдар, отын, қосалқы материалдар, тез тозатын құралдар және басқа да еңбек заттары кіретін айналым капиталын орынды пайдалану есебінен өндіріс шығындарын одан әрі төмендетеді.  
Курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорындағы айналым капиталдарының тиімділігін арттыру, және оларды жетілдіру жолдарын анықтау. Себебі бұл қазіргі кездегі ең өзекті мәселе болып табылады. Кәсіпорынның өмірі оның негізгі және айналым капиталдары айналысынан жалғасып отырады. Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігіне олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Өйткені өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығындармен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым капиталының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеліп соғады.  
Курстық жұмыс үш тарауға бөлінген. Бірінші тарауда айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы және пайдалану тиімділігі көрсеткіштері теориялық тұрғыда қамтылған.  
Екінші тарауда теориялық тұрғыны пратика жүзінде, кәсіпорын мысалында талдау жұмыстары жүргізілді. Яғни ААҚ «ТҰК Казхромның» қызметі, мақсаты және оның айналым капиталының тиімділігін көрсететін көрсеткіштері талданады.  
Үшінші тарауда кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары көрсетіледі.

I. КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ  КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ  
1.1. Кәсіпорынның айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы.

Үздіксіз өндірістік үдерісті қамтамасыз ету үшін негізгі  өндірістік қорлармен қатар оған заттармен материалдық ресурстар  қажет. Еңбек заттары еңбек құралдарымен бірге үдерісіне қатысып, олардың  құны өндірілетін өнімнің материялдық  негізін жасап, өнімнің өзіндік құнын құрайды.  
Өндірістік айналым капиталдың заттық элементтерінің айналымдылығымен, еңбек үдерісімен және негізгі өндірістік қорлармен тығыз байланыста болады. Кәсіпорынның айналым қоры мен айналым капиталы түсінігін, оның мәнін, қызметімен құрамын қарастырайық. Бұл түсініктер барабар ұғымдар емес екенін естен шығармау керек. Айналым қоры бұл өндірістік мүндетті, ал өндірістің өзіндік құнының негізгі бөлігі. Оның негізгі өндірістік қорлардан ерекшелігі айналым қоры әрбір өндірістік толығымен тұтынылып, өзінің құнын өндірілген өнімге толығымен өткізеді.  
Айналым қоры өндірісте пайдалануға немесе белгі бір жұмыс пен қызметті орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай өңделген өнімдер, құрастырушы өнімдер, отын, ыдыс, ыдысқа арналған материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар аяқталмаған өндіріс түрінде болады. Өнім бірлігіне жұмсалған шикізат, материалдар, отын мен энергия шығыны неғырлым аз болса, өнімді өндіруге және дайындауға жұмсалатын еңбек шығыны соғырлым үнемді әрі оның өзіндік құны арзан болады. Айналым қорына қарағанда айналым капиталы экономикалық санат ретінде кең мағынаны береді. Ол айналым қоры мен айналыс қорынан тұрады. Айналыс қоры қызмет барысында сатуға шығарылғандайын өнім, тауарлар, сондай-ақ кәсіпорын кассасындағы немесе банкінің есеп айрысу шотындағы қаржылар және дебиторлық қарыздар түрінде корінеді. Айналыс қорлары құн түзуге қатыспайды, бірақ түзілген құнды жеткізуші болып табылады. Айналыс қорының негізгі қызметі - ақшалай қаражат арқылы айналымның үздіксіздігі мен бір қалыптылығын қамтамасыз ету. Сонымен, айналым капиталы деп өндірістік айналым қоры мен айналыс қорына арналған кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын айтамыз.  
Айналым капиталы дегеніміз - өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруды және олардың үздіксіз айналымдылығын қамтамасыз ететін алдын ала бөлінген ақшалай қаражаттардың жиынтығы. Өндірістік айналым қорлары - бұл еңбек заттары (шикізат, негізі материалдар мен жартылай өнделген өнімдер, қосымша материалдар, отын, ыдыстар, қосалқы бөлшектер және т.б.) мен аяқталмаған өндіріс өнімдері. Өндірістік айналым қорлары өндіріске өзінің табиғи-заттық күйінде қатынасады да, өнім дайындау үдерісінде толығымен тұтынылып, өзінің құнын жасалатын өнімнің өзіндік құнына өткізеді. Өндірістік айналым қорлары құрамындағы өндірістік қаражаттардың мөлшерімен, ең алдымен өндірісі ұйымдастырудың техниакалық денгейімен және дайындалатынө өнімнің өндірістік цикілінің ұзақтығымен сипатталады. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі үшін жеткілікті көлемдеайналым капиталының болуы қажетті алғышарт болып саналады. Демек айналым капиталы өндірістің үздіксіз жұмыс атқарауын қамтамасыз етеді. Ең бастысы, мына мәселені анықтауы қажет: кәсіпорын айналым қоры мен айналыс қорын мейлінше тиімді пайдалану үшін не істеу керек және өнімнің материал сыйымдылығын төмендетіп,айналым қаражаттарының айналымдылығын жеделдету үшін қандай шаралар қолданған жөн деген мәселеге қатты көңіл бөлу керек.  
Кәсіпорынның іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт - қолда бар айналым қаражаттарының болуы. Айналым капиталы - бұл өндірістік айналым қорларын құру, айдалану және үздіксіз өндірістік роцестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым капиталының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым капиталы өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.  
Айналым капиталы - бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.  
Айналым капиталының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын айтады. Кәсіпорындардағы айналым капиталының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды.  
Кәсіпорында айналым капиталының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы, өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.  
Айналым капиталы 2 бөлімнен тұрады:  
• өндірістік айналым қорлары;  
• айналыс қорлары;  
Кесте-1. Айналым капиталы  
Айналым қорлары Айналыс қорлары  
өндірістік запастар Аяқталмаған өнадіріс Болашақ кезең шығындары  
Қоймадағы дайын өнімдер Жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар Есептеулердегі ақша құралдары Ақша және т.б. қаражат айналымы  
Нормаланған Нормаланбаған

Өндірістік айналым  қорлары - өндірістік процессте бір  рет қолданылады және өзіндік  құнын толығымен өндіріетін өнімге аударады. Өндірістік айналым қорлары өнеркәсіптегі айналым қорларының ең негізгі бөлігі болып табылады. Олар барлық айналым қорларының өнеркәсіпте 70%, машина өндіру мен мелалл өңдеуде 80% аса бөлігін құрайды.  
Өндірістік айналым қорларына шикізат, негізгі және қосымша материалдар, комплекттік бұйымдар, өндірісте аяқталмаған өнім, отын, тара және басқа еңбек құралдары.  
Өндірістік айналым қорлары мынадай топтарға бөлінеді:  
• Өндірістік запастар. Оларға - шикізат, негізгі материалдардың, отынның, қосалқы бөлшектердің қалдығы, бағасы 100 тенгеден кем құнсызданғыш және тозғыш заттар, арнайы құрал-саймандар жатады.  
• Аяқталмаған өндіріс. Оның ішінде өз ішінде шығарылған жартылай дайын өнімдер.  
• Болашақ кезеңдердің шығындары - жаңа өнімдерді әзірлеуге және игеруге еткен шығындар.  
Айналыс қорлары - запастағы дайын өнімдер, әлі бағасы төленбеген, бірақ жөнелтілген тауарлар, есептеу құралдары және кассадағы ақша қорлары.  
Сонымен, айналым қорлары - бұл өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруға арналған, кәсіпорынның ақша қорлары.  
Айналым капиталының қаржыландыру көздері  
Тузілу көздеріне қарай айналым капиталы меншікті және несиелік болып екіге бөлінеді.  
Меншікті айналым капиталы - бұл үнемі кәсіпорын иелігінде болатын және өз ресурстары (пайдадан және т.б.) есебінен құралатын қаражаттар болып саналады.Қозғалыс үдерісі негізінен меншікті капитал қатарына уақытша бос тұрған еңбекақы төлеу үшін жиналған қаражаттар кіруі мүмкін. Бұл қаражаттар меншікті капиталға теңестіріледі немесе тұрақты пассивтер деп аталады.  
Несиелік айналым капиталы деп банк несиесі, несиелік қарыз (коммерциялық несие) және басқа да пассивтерді атайды.  
Кәсіпорынның меншікті айналым капиталының жалпы көлемін (норматив) жоғарғы басшылар бекітеді және ол бір жыл ішінде тек кәсіпорынның өндірістік жоспары өзгерген жағдайда ғана өзгеруі мүмкін. Өндіріс жоспарын орындауға, өнімді өткізуге, сондай-ақ төлемақыларды белгіленген мерзімінде төлеуге қажет кәсіпорынға бекітілген аз мөлшерлі меншікті айналым капиталын құру үшін норматив белгіленеді.  
Жыл сайын кәсіпорындардың және бірлестіктердің қаржы жоспарында меншікті айналым капиталының нормативінің өсімі,ең алдымен, жеке ресурстар (пайда және т.б.) есебінен құралады.  
Меншікті айналым капиталының өсімін қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорынның пайдасы болып табылады. Сонымен қатар, меншікті айналым капиталының өсімін қаржыландыруға меншікке теңестірілген тұрақты пассив деп аталатын өзге де көздерді пайлалану қажет болып табылады. Өкінішке орай, қазір БЕС-ке сәйкес тұрақты пассивтер меншікті айналым капиталына жатпайды. Өмірде бұл қаржыландыру көзін кәсіпкерлер үнемі пайдаланып отырады. Бұл, әсіресе, қаржы ресурстары жаппай тапшы болған өтпелі кезеңде кеңінен қолданыс тауып отыр.  
Тұрақты пассив деп кәсіпорын айналыста үнемі пайдалатын,бірақ оның меншігіне жатпайтын пассивтерді атайды. Олар келесілерден тұрады:  
а)жұмыскерлер мен қызметкерлер еңбекақысына берілетін ең аз мөлшердегі көлемі есебінен;  
ә)әлеуметтік сақтандыру мен салық төлемдерінен;  
б)келешекте болатын төлемақылар резервінен;  
в)ағымдағы сыйақы тағайындауға арналған материалдық ынталандырудың тұрақты айнымалы қор қалдығынан, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени іс-шаралар мен тұрғын үй құрылысына арналған қорлардан;  
г)жабдықтаушыларға құжаттары ресімделмеген тауарлар бойынша берешектен;  
ғ)заңнаға сәйкес сатып алатын тауары үшін ең аз мөлшердегі алдын ала төленген қаржы көлемінен.  
Тұрақты пассивтерді меншікті айналым капиталына теңестіру қажет, себебі олар үнемі кәсіпорын иелігінде болады және шаруашылық айналыста пайдаланылады.Олардың үлес салмағы, әсіресе еңбекақы өнімнің өзіндік құнының едәуір бөлігін құрайтын өнеркәсіп салаларында, сондай-ақ өнімнің жартылай дайындығы бойынша төлем жүргізетін салаларда жоғары болып келеді.

1.2. Кәсіпорынның айналым  капиталын және қорларын пайдалану мөлшері және тиімділігінің көрсеткіштері

Кәсіпорынның айналым  капиталы құрылымын білу өте маңызды, өйткені ол белгілі бір мөлшерде, сол уақыттағы немесе басқа уақыттағы  кәсіпорын жұмысының қаржылық жағдайын көрсетеді. Мысалы, дебиторлық қарыздың шектен тыс өсуі, қоймадағы дайын өнімнің, аяқталмаған өндірістің өсуі кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендеуін көрсетеді. Дебиторлық қарыз айналымнан құралдарды алып, оны өз айналымында қарыз дебиторлар қолданады. Аяқталмаған өндіріс көлемінің, қоймадағы дайын өнім көлемінің ұлғаюы айналымнан құралдардың алынғанын, сату көлемінің төмендегенін көрсетеді.  
Кәсіпорынның айналым капиалының құрылымы әр түрлі себептерге байланысты үнемі өзгеріп отырады.

Кесте-2. Кен өндіру өнекәсібінің айналым капиталының құрылымы

№ Айналым капиталының  элементтері Олардың үлестері,%  
1  
2

3

4  
5  
6  
7 Өндірістік запастар  
Аяқталмаған өндіріс және өзіндік өндірістегі жартылайфабрикаттар  
Болашақ кезеңдер шығындары.  
Айналым қорлары (п.1+п.2+п.3).  
Қоймадағы дайын өнімдер.  
Жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар.  
Есептеулердегі ақша құралдары.  
Банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі және кассалардағы ақша қорлары.  
Айналыс қорлары (п.4+п.5+п.6+п.7).  
Айналым капиталы  
57  
17

8  
82  
5  
7  
4

2  
18  
100

Әр түрлі саладағы кәсіпорындардың айналым капиталы құрылымы манадай жәйттерді бірдей қажет етпейді:  
• Кәсіпорын спецификасы. Өндірістік циклы ұзақ кәсіпорындарда аяқталмаған өндірістің көлемі айтарлықтай жоғары болуы мүмкін; тау-кен өнеркәсібінде болашақ кезең шығындары. Өндіріс процесі тез кәсіпорындардың қоймадаңы тауарлар запасының үлес салмағы жоғары болады;  
• Дайын өнім сапасы. Егер кәсіпорын сұранысқа ие болмайтын, сапасы төмен өнім өндірсе, онда бір мезетте қоймадағы тауар запасы көлемі ұлғаяды;  
• Мамандану деңгейі;  
• Ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету. Бұл фактор айналым құралдарының құрылымына барлық элементтері бойынша әсер етеді. Егер, кәсіпорынға отынды аз жұмсайтын қондырғы қондырса, қалдықсыз жұмыс жасайтын болса, онда айналым құралдары құрылымында өндірістік запастар көлемі күрт азаяды;  
Айналым капиталы құрылымына басқада факторлар әсер етеді. Бірақ факторлар ұзақ уақытты және қысқа уақытты болатындығын білген маржан.  
Айналым қорларының құрамы мен құрылымын 4 белгісі бойынша анықтайды:  
1. Айналым сферасы;  
2. Элементтері;  
3. Норма ауытқуы;  
4. Қаржыландыру көздері;  
Айналым сферасына байланысты айналым қорлары өндірістік айналым қорлары (өндіріс сферасы), айналыс қорлары (айналыс сферасы) болып бөлінеді. Айналым қорлары айналыс сферасында да, өндірістік сферасында да бір мезгілде, айналымның үш стадиясынан өте, қызмет етеді: жабдықтау, өндіру, өткізу.  
Кәсіпорын жұмысында айналым капиталы үш сатыдан өтеді:  
1. Ақша сатысы. Мұнда ақша өндірістік запастарға айналады. Яғни, кәсіпорын өз ақшасына шикізат немесе материалдар сатып алады. Жабдықтаушылардың счеттарын төлейді және жабады.  
2. Өндірістік сатысы. Өндірістік запастар бірінші аяқталмаған өндіріске айналады, одан кейін дайын өнімге айналады.  
3. Тауарлық сатысы. Дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады.  
Айналым қорларының бір айалымын мынадан көруге болады:  
А-ӨЗ...Ө...ДӨ-А* (1)  
Ақша құралдарына (А) кәсіпорын өнім өндіру үшін қажетті еңбек құралдарын сатып алады, олар өндірістік запастарға айналады (ӨЗ), содан кейін өндірістік (Ө) процесс басталады, осының нәтижесінде дайын өнім пайда болады (ДӨ), ол өткізіледі де, кәсіпорынға қайтадан ақша қаражаты (А*) келіп түседі. Осылай айналым құралдары бір айналым жасайды және бәрі қайталанып отырады.  
Айналым қорларының әр бөлігі әр түрлі мағынаға ие және өндірістік шаруашылық қызметінде әр түрлі қолданысқа ие, сондықтан олар мынадай элементтерге сыныпталады:  
1. Өндірістік запастар (шикізат, негізгі материалдар, сатып алынған жартылайфабрикаттар, қосымша материалдар, отын, тара, запасты бөлшектер, арзан және тез тозатын құралдар).  
2. Аяқталмаған өндіріс және жеке өндіріс жартылайфабрикаттары.  
3. Болашақ кезеңдер шығындары.  
Айналым қорлары (п.1+п.2+п.3).  
4. Қоймадағы дайын өнімдер.  
5. Жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар.  
6. Есептеулердегі ақша құралдары.  
7. Банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі және кассалардағы ақша қорлары.  
Айналыс қорлары (п.4+п.5+п.6+п.7).  
Айналым капиталы (п.1+п.2+п.3+ п.4+п.5+п.6+п.7).  
Аяқталмаған өндірістің құны оны өндіруге кететін шикізаттың (негізгі және қосымша материалдардың, отын, энергия, су) құнына, амортизация, жұмысшыларға бқлінген еңбекақы суммасына байланысты анықтайды.  
Өнеркәсіп өндірісте сатып алынған жартылайфабрикаттармен қоса өзіндік өндірістегі жартылайфабрикаттарды да қолданады, олар табиғатына қарай аяқталмаған өнімге жақын келеді.  
Кәсіпорынның айналым капиталының негізгі бөлігін - тауарлы-материалды қор құрайды:  
1. шикізат;  
2. материалдар;  
3. аяқталмаған өндіріс;  
4. дайын өнім;  
5. тауарлар.  
Тауарлы-материалды қор кәсіпорынның активтерінің негізгі бөлігі болып саналады. Өйткені олар сатудан түскен ақшаның негізгі көзі болып саналады. Оларды бағалау және есептеу кәсіпорынның қаржы-шаруашылық нәтижесіне үлкен әсерін тигізеді. Тауарлы- материалды қорды басқару үшін оларды бағалау жұмысы жүргізіледі. Ал бағалау үшін 4 үдіс пайдаланылады:  
1. Тауарлы-материалды қорды өткізудің таза құны бойынша бағалау. Осы әдіс тауарлы-материалды қордың өзіндік құны жоғалған кезде қолданыылады. Себептері:  
1. Тауарлы-материалды қор берілгендері жоғалған кезде;  
2. Олар ескірген кезде;  
3. Тауарлы-материалды қордың бағасы төмендеген кезде.  
Бұл әдіс өте аз айдаланылады.  
Т.м.қ. өткізу таза құны=болжамды шамамен  
құрылған сатубағасы;  
2. Орташа өлшемді құнды есептеу әдісі бойынша: тауарлы-материалды құн нақты мерзімде түскен заттардың орташа құнын есептеу бойынша анықталады.  
3. ФиФО әдісі. Бірінші сатып алынған бағалары өткізілген тауарлардың өзіндік құнына пайда. Басқаша айтқанда бірінші сатып алынатын бағалары бойынша анықталады.  
4. ЛиФО әдісі. Соңғы сатып алынған тауарлар бағалары өткізілген өзіндік құнында пайдаланылады.  
Норма ауытқуына байланысты айналым құралдары мөлшерленген айналым капиталы (тауарлы-материалды құндылықтар запасындағы) және мөлшерленбеген айналым капиталы (дебиторлық қарыздар, есептеулердегі құралдар, банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі және кассалардағы ақша қорлары) болып бөлінеді.  
Жоғары тиімділік пен ритмділік көбіне айналым құралдарының (аналым құралдары, айналыс құралдары) оптимальді көлеміне байланысты болады. Сондықтан айналым капиталын мөлшерлеу процесі үлкен маңызға ие.  
Айналым капиталының мөлшері, әрқашан кәсіпорынның жұмысына қажетті, олардың минимальді есепті сомасын құрайды. Шикі заттың фактілі запастары, ақша қаражаттары және т.б. мөлшерден жоғары немесе төмен немесе оған сәйкес болуы - бұл ағымдағы қаржылық қызметтің ең өзгергіш көрсеткіштерінің бірі болып табылады.  
Айналым капиталының мөлшерінің толмауы өндірістің қысқаруына, өндірістік программанның және өнімді өткізудің орындалмауына әкеп соқтырады.  
Мөлшерден көп запастар айналымнан ақша қаражаттарын бөледі, материалды-техникалық жабдықтардың жетіспеушілігін көрсетеді, Өнімді өткізу мен өндіріс процесінің ритмсіздігін көрсетеді. Бұл ресурстарды тиімсіз немесе жеткіліксіз пайдалануға әкеледі.  
Қаржыландыру көздеріне байланысты айналым капиталы жеке және заемды айналым капиталы болып бөлінеді.  
Кәсіпорын айналымында жеке және заемды айналым капиталының болуы ұйымның өндірістік процесінің ерекшелігі ретінде қарастыруға болады. Әрқашанда өндіріс қажеттіліктерін қаржыландырудың минимальді сомасы жеке айналым қорларымен қамтамасыз етіледі. Кәсіпорынның ішкі және сырқы факторладың әсерінен болатын қажеттіліктер кредиттермен жабылады.  
Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығынмен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым капиталының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеп соқтырады. Осының салдарынан өндірістің көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қаражаттарының көтеріңкі мөлшері кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын жұмсау мүмкіндігі төмендейді. Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін анықтау кәсіпорынның өндіріс жоспары және өндіріс шығынның сметасымен үйлестіру қажет.  
Әуелі кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады. Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты өндірістік қосалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға жіберіледі. Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші ақша қаражаты мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждың бұл деңгейі салынған қаражаттың көлеміне байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатын қалыптастыруда басқа да қиындық көздеріне ұшырайды- орнықты орнықты пассивтер, несиегерлік берешек, банк несиесі және басқа да несиегерлер. Өндірістік бағдарламаның өсу мүмкіндігіне байланысты айналым қаржыларына мұқтаждық артады, осыған орай, қаражатының өсуіне тиісті қаржыландыруды қажет етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі кәсіпорынның таза пайдасы болып саналады. Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады. Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі кәсіпорынның айналымында түпкілікті болып, оның іс-әрекетін қаржыландыру үшін қолданылады.  
Орнықты пассивтер:  
• Жалақы жөнінде ең аз ауыспалы берешек және әлеуметтік сақтандыруына, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударым жарнасы;  
• Ақы төлеудің мерзім ішіндегі келіп түспегендегі фактурасы жоқ жеткізушінің және акцептелген есеп айырысу құжаты бойынша жеткізушіге берешегі;  
• Аванс және өнімге ішінара ақы бойынша тапсырыс берушілерге берешегі;  
• Салықтардың бірсыпыра түрлері бойынша бюджетке берешегі.  
Айналым қаражаттарын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады. Кәсіпорынның айналым қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті сақталады. Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады:  
• Өндірістің маусымдылығы;  
• Тауар-материалдық құндылықтарды жеткізудің кепілділігі;  
• Қоймалардағы сатылмаған дайын өнімдердің қорлануы.  
Өндірістік запастардың негізгі элементтері бойынша, ақша нысанындағы, айналым құралдарының мөлшері мына формуламен есептеледі:  
Н= Р*Д (2)  
мұнда Р - материалдардың ортакүндік шығыны;  
Д - айналым құралының берілген элементі үшін орташа запас мөлшері.  
Айналым капиталының орташа запас мөлшері (Д) біртекті немесе әр түрлі материалдар үшін ағымдағы уақытты (Т), сақтандыру (С), транспорттық (М), технологиялық (Ф) запастар, және жеткізу, түсіру, қоймаға апару (П):  
Д=Т+С+М+Ф+П. (3)  
Ағымдағы запас - запастың негізгі түрі. Оның көлеміне келісімдер бойынша жөнелту, өндірісте пайдалану көлемі әсер етеді.  
Ағымдағы запастағы айналым құралдар мөлшері жабдықтаудың орташа циклының 50% көлемінде қабылданады.  
Аяқталмаған өндірісте айналым капиталы мөлшері (Н) мына формуламен анықталады:  
Н= (В/Д)*Т*К, (4)  
мұнда В - IV кварталдың шығындар сметасы бойынша жалпы өнім көлемі, руб;  
Д – кезеңдегі күндер саны (90);  
Т - өндірістік циклдың ұзақтығы, күндер;  
К - өндірістегі шығындардың өсу коэффициенті;  
Шығындардың әркелекі өсуіне байланысты коэффициент мына формуламен есептеледі:  
K=C/П (5)  
мұндағы, С - аяқталмаған өндірістегі бұйымның орташа құны;  
П - бұйымның өндірістік құны.  
Болашақ кезең шығындарының айналым құралдары мөлшері (Н) мына формуламен анықталады.  
Н=П+Р-С, (6)  
мұнда П - болжанған кезеңнін басына өтетін болашақ кезең шығынының сомасы;  
Р - келесі жылдың болашақ кезең шығыны;  
С - келесі жылда өнімнің өзіндік құнын жоюға кететін болашақ кезеңдер шығыны.  
Дайын өнімнің қалдықтарына айналым құралдары мөлшері мына формуламен есептеледі:  
Н=(B/Д)*Т (7)  
мұнда В - өндірістік өзіндік құнының келесі жылдың IV кварталына тауарлы өнім өндірісі;  
Д - кезеңдегі күн саны (90);  
Т - дайын өнімге айналым құралының мөлшері.  
Айналым каиталының айналымдылық коэффициенті және бір айналым ұзақтығы - кәсіпорынның айналым капиталдарын қолдануының маңызды көрсеткіштері болып саналады.  
Айналым каиталының айналымдылық коэффициенті (Кайн) зерттеліп жатқан кезеңде (квартал, жартыжылдық, жыл) айналым құралдары қанша рет айналыс жасағанын көрсетеді. Ол мына формуламен есептеледі  
Кайн = Vc/ Qоқ, (8)  
мұнда Vc - есептеу кезеңіндегі сатылған өнім көлемі;  
Qоқ - есептеу кезеңіндегі айналым капиталының орташа құны.  
Бір айналымның ұзақтығы (К) кәсіпорынға оның айналым капиталы сатылған өнімнен түскен түсім болып қайтарылу мезгілін көрсетеді. Оның формуласы:  
К= Т/ Кайн, немесе К= Т*Qоқ/ Vс, (9)  
мұнда V - есептеу кезеңіндегі мерзім саны;  
Т - мерзім уақыты.  
Айналым капиталын тиімді пайдаланудың маңызды көрсеткіші айналымға құралдар енгізу коэффициенті. Ол сатылған өнімнің 1 теңгеге шаққандағы табысын аванстайтын, айналым құралдарының сомасын көрсетеді. Басқаша айтқанда, ол айналымдылық қор сиымдылығын, с.с. айналым капиталының өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығынын көрсетеді. Оны мына формуладан көруге болады:  
Kе= ( Qоқ / Vс ) * 100, (10)  
мұнда Kе - енгізу коэффициенті, тиын. 100 - теңгені тиынға ауыстыру.  
Айналымға құралдар енгізу коэффициенті (Kе) - айналым капиталының айналыс коэффициентіне (Кайн) қарсы бірлік. Енгізу коэффициенті азайған сайын, кәсіпорынның айналым капиталы тиімді қолданылады және оның қаржылық жағдайы жақсарады.

1.3. Кәсіпорынның айналым  капиталын пайдалану тиімділігін  жетілдіру жолдары 

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның төлем қабілеттілігі  өндіріске салынған активтердің  айналымдылық деңгейінен тәуелді болады. Айналымдылық көрсеткіштері қаншалықты жоғары болса, соншалықты өндіріске салынған активтер нақты ақша қаражаттарына жылдам айналады, яғни кәсіпорын өзінің қарыздық міндеттемелерін уақытылы орындай алады.  
Кәсіпорынның айналым капиталының айналымдылық деңгейі әр түрлі болады. Активтердің айналымдылық көрсеткіштері кәсіпорын мүлкінің құрылымын анықтайды және кәсіпорын активтерінің жекелеген түрлерінің (негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың, дебиторлық қарыздың) айналым жылдамдығынан тікелей тәуелді болады.  
Айналым капиталының айналым ұзақтығы көптеген сыртқы және ішкі факторларға байланысты болады. Сыртқы факторларға келесілерді жатқызуға болады:  
• Кәсіпорынның салалық ерекшеліктері (мысалы, өнеркәсіп саласының кәсіпорындарындағы ағымды активтердің айналым жылдамдығы қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарындағы активтердің айналым жылдамдығынан төмен болады);  
• Кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері (өндірістік, жабдықтаушы, білім саласындағы кәсіпорындар);  
• Кәсіпорынның өндірістік қабілеті;  
• тұтынушылар арасындағы қарым- қатынастар, кәсіпорынның өніміне деген сұраныстың болуы).  
Айналым капиталын қолданудың тиімділігіне әсер ететін ішкі факторларға келесілер жатады:  
• Шығындарды басқару жүйесі (өндіріске қажетті материалдардың тиімді мөлшерін анықтау);  
• Кәсіпорынның баға саясаты;  
• Тауарлық-материалдық құндылықтарды бағалаудың тиімді әдістерді (өндірістік, орташа салмақталған құн, ФиФО, ЛиФО) қолдануды қажет ететін есеп саясаты.  
Капиталдың айналымдылығының артуы материалдық құндылықтарды басқару жүйесінің тиімділігінің артқанын және кәсіпорынның өндірістік белсенділігінің өскенін сипаттайды. Активтердің айналымдылығының төмендеуі кәсіпорынның қолында шектен тыс материалдық құндылықтардың, дебиторлық қарыздың, ақша қаражаттарының шоғырланғанын білдіреді.  
Айналым капиталдарын қолданудың тиімділігін арттырудың жолдары жоғарыда Қазхром АҚ мәліметтерінің негізіне сүйене отырып қарастырған болатынбыз. Ағымды активтердің оңтайлы көлемін қалыптастыру негізінен алғанда активтердің кәсіпорынға қажетті мөлшерін анықтаумен байланысты болғандықтан, материалдарды оларды әдістемесімен де таныс болдық.  
Алайда, аталған кәсіпорынның қызмет ерекшеліктеріне байланысты оның ағымды активтердің құрамында материалдық құндылықтар мен дебиторлық қарыз және ақша қаражаттарынан тұрады. Өздерінің ерекшеліктеріне, айналу жылдамдығына, пайда болу заңдылықтарына, пайда болу заңдылықтарына байланысты ағымды активтердің бұл элементтерн жоспарлау, болжамдау және алдын-ала есептеп анықтау өте қиын. Бұл активтерді басқару барысында өзге де әдістерді қолданады. Кәсіпорындар бұл тектес активтердің тиімділігін қолданыстағы қаржыландыру және есеп айырысу әдістерінің көмегімен арттыра алады.  
Дебиторлық қарыз шоттарындағы қаражаттар ағымды активтердің айналымнан шығып қалған бөлігін көрсетеді. Бұл өз кезегінде кәсіпорынды қосымша қаражаттарға мұқтаж етеді және оның қаржылық жағдайының қиындауына алып келеді.  
Коммерциялық есеп айырысу принципі бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындар дебиторлық қарыздың көлемінің барынша аз болғанын қалайды. Себебі бұл олардың жалпы айналым жылдамдығын арттырады, нәтижесінде жалпы ағымды активтердің тиімділігінің өсуіне алып келеді. Мәселен, сатылған тауарлар (көрсетілген қызметтер, атқарылған жұмыстар) бойынша дебиторлық қарыздардың төмендеуі келісім-шарттар бойынша міндеттемелердің, табыстар мен рентабельділік жоспарларының орындалу көрсеткішіне оң әсерін тигізеді. Басқа да шоттардағы айналым қаражаттарының азаюы олардың тиімді қолданылып жатқандығын білдіреді, өйткені олар өндірістік процестен шығып қалмай, тауарлық нысаннан ақшалық нысанға ауысады.  
Аталған ағымды активтердің құрамдас бөліктердің қолдану тиімділігін арттыру жолдарына келесілерді жатқызуға болады:  
• Есеп айырысу және төлем дисциплинасын нығайту;  
• өзге кәсіпорындармен, қаржы мекемелерімен, салық мекемелерімен тікелей шаруашылық және қаржылық қатынастарды дамыту;  
• келісім шарттар дисциплинасын нығайту және сәйкесінше келісім шарттағы міндеттемелердің мезгілінде және толық орындалуын бақылау;  
• есеп айырысудың прогрессивті нысандарын қолдану тәжірибесін кеңейту;  
Дебиторлық қарыздардар шоғырланып, тұралап қалған қаражаттарды қысқартудың маңызды факторы – бұл ағымды активтерді толықтыруға бағытталған қаржы ресурстарын тарту болып табылады. Кәсіпорындар өздерінің ағымды активтерін тиімді қолдануға септігін тигізетін қысқа мерзімді несиелерді қажет кезінде және қажет көлемде тарта білулері керек. Қазіргі таңда Қазақстанда ағымдағы активтерді қысқа мерзімді қаржыландырудың алуан түрлі нысандары қалыптасып отыр.  
Қазақстанда шағын несиелер беретін кәсіпорындар дамуы мемлекет тарапынан қажетті шараларды талап етеді. Бүкіләлемдік банктің мәліметтері бойынша, кәсіпорындарға шағын несиелер берумен айналысатын ұйымдар екі миллионнан астам кәсіпорындарға қызмет көрсетеді, ал олардың несиелерінің жалпы сомасы екі млрд. АҚШ долларын құрайды. Ал шағын несиелерінің жалпы экономикадағы несиелердегі үлесі дамыған елдерде 20% құрайды. Біздің елімізде банктік не бюджеттік несиелерді есептемегендегі қаражат көздерінің құрылымында шағын несиелердің үлесі небәрі 8% ғана құрап отыр. Осы орайда Қазақстан Республикасының 2003 жылдың ақпан- наурыз айларында қабылданған «Несиелік серіктестіктер туралы» және «Шағын несие ұйымдары туралы» Заңдарына шағын несиелеуді жетілдіруге бағытталған бірқатар өзгерістер енгізу қажет.  
Нарықтық экономика жағдайларындағы кәсіпорындардың ағымды активтерін қысқа мерзімді қаржыландырудың негізгі мәселелерін зерттеу нәтижесінде шаруашылық субъектілері үшін қаржы ресурстарын қалыптастырудың алуан түрлеріне көңіл бөлдік. Алайда, осылардың ішіндегі ағымды активтердің қаржыландыру тұрғысынан қарастырғанда Қазақстан жағдайларында кәсіпорындар үшін ең қолайлысы шағын несиелер, вексельдік және факторингтік операциялар болып отыр.  
Жұмыста қарастырылған өзекті мәселе, кәсіпорындардың қысқа мерзімді өндірістік мұқтаждықтар үшін қаржы ресурстарын қалыптастыру - қаржыландыру көздерінің оңтайлы құрылымын қалыптастыру бойынша тиімді шешімдер қабылдауға және оларды жүзеге асыруға тікелей байланысты болып табылады.

II. ААҚ «ТҰК КАЗХРОМ»  ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ  
2.1. ААҚ «ТҰК Казхром» құрылуы және органдары, қызметі, мақсаты, мүлігі және капиталы

ААҚ «ТҰК Казхром» 1995 жылы құрылды. ААҚ «ТҰК Казхром» құрамына: 1968 жылдың 18 қаңтарынан жұмыс жасайтын (феррохром, ферроселиция, ферросиликохром, ферроселикомарганец, ферромарганец  өнеркәсібі), «Ақсу ферробалқыту заводы», АҚ «Феррохром» (ферросилихром, жоғары, орта-төмен көміртекті феррохром өндірісі) және ААҚ «Донской ГОК» (алдыңғы екі өнеркәсіп үшін хром рудаларын игереді және өңдейді) өнеркәсіптері кіреді.  
Қазақстан Республикасының құнды қағаздар бойынша Комиссиясының шешімі бойынша, 1999 жылдың 20 шілдесінен бастап, ААҚ «ТҰК Казхром» халықтық ашық акционерлік қоғам статусына ие болды.  
Қазқстан Республикасы Үкіметінің 26.07.01 жылғы шешімі бойынша «АҚ «ТҰК Казхром» туралы сұрақтары және 27.07.01 жылы өткен «ТҰК Казхром» акционерлері қатысуымен болған жиналысы бойынша, «ТҰК Казхромды», АҚ «Феррохром» (Ақтөбе; электроферробалқытулар өндірісі), ААҚ «Донской ГОК» (Хромтау, Ақтөбе облысы; қара металл руда өндірісі) компанияларын біріктіру арқылы қайта құру туралы» шешім қабылданды. Біріктірілген акционерлік қоғамдарының мүліктері базасында ААҚ «ТҰК Казхромды» құру көзделді.  
Қоғам органдары.  
Қоғам органдарына жатады:  
1. Жоғарғы орган - Толық акционерлер жиналысы;  
2. Басқару органы - Директорлар советі;  
3. Атқарушы органы - Правление;  
4. Бақылаушы орган - Ішкі аудит службасы.  
Қоғамның қызметі және мақсаты.  
Қоғамның негізгі мақсаты - хром рудаларын, феррохромның түрлі маркаларын, лигатур, модификаторлар, халықтық тұтыныстағы тауарлар өндірісі және сатудан, және оларды Қоғам акционерлерінің мүдделеріне пайдаланудан неғұрлым жоғары пайда табу.  
Қоғамның негізгі қызметі болып саналады:  
• Танып білмеген, өндіруге дайындық үстіндегі жерлерді бақылау;  
• құрамында металл бар рудаларды өндіру, өңдеу, олардан өнім дайындау;  
• тауарларды өндіру және сату, жұмыстың орындалуы және кәсіпорындарға көрсетілген қызмет;  
• заңға байланысты сыртқы экономикалық қызметі;  
• құрылыс-монтажды және проекті жұмыстары;  
• магистральді мұнайгаз құбырларын эксплуатациялау;  
• металлургиялық, тау- шахталық құрылғыларды химиялық жөндеу;  
• көтергіш қондырғыларды жөндеу және монтаж;  
• түсті металлдар және ломды сақтау, жинау, сату;  
• тау өндірістерін эксплуатациялау;  
• медициналық қызмет;  
• өлшеу құралдарын тексеру;  
• теміржолмен жүк тасымалдау;  
• қауіпті жүктерді автотранспортпен тасымалдау;  
• құрылыс материалдарын өндіру және конструкциялау;  
• өндірістік объектілерін электромонтаждау;  
• Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқада қызмет түрлері.  
Жоғарыда көрсетілген қызметтердің барлығын Қоғам жүзеге асырады, егер олпрда осы қызметтерді орындауға арнайы лицензиялар мен рұқсаттамалар болса.  
Өндіретін өнімдерінің негізгі түрлері: жоғарыкөміртекті феррохром, ферросилиций, ферросилихром, ферросиикомарганец. Өнімдер сталь және балқымаларды қышқылдандыру, легирлеу, шойынды легирлеу, модифицирлеу, металл алған кезде селикаметрикалық әдіспен қалпына келтіру үшін қолданылады. Әр түрлі өнім өндіру, әлемдік нарықтағы сұранысқа және сталь өнімінің көлеміне байланысты болады. Соңғы жылдары ферросилиции өндірісінің көлемі төмендеп, көміртекті феррохром және ферросиликомарганецтің өндірісі көлемі өсуін байқауға болады. Мақсаты - балқымалардың ассортиментін кеңейту, әсіресе марганец, және феррохром өндірісінің қуаттылығын арттыру.  
Қазақстан Республикасы кәсіпорындары үшін ферробалқымаларының қажеттігі өте қатты маңызды емес, сондықтан бұл өндіріс өнімдерінің көлемін экспорт үшін арттыру тенденциясы орын алады. Компания өнімдерінің негізгі тұтынушылары (95%) - жақын және алыс шет ел болып табылады. Өнімдердің көп бөлігі жоғары сапалы және тозуға тұрақты сталь өндіретін, литийлі сталь өнеркәсіптеріне сатылады, ол негізгі 4 аймаққа: Еуропа, Қиыр Шығыс, США, ТМД елдерінде тұтынысқа ие. Бірақ компания өз өнімдерін шығаруды болжамдайтын бірнеше нарық бар: Австралия, Парсы шығанағы және Қиыр Шығыс елдері, Үндістан және Оңтүстік Американың кейбір қалалары.  
«Донской ГОКтан» басқа, негізгі, рудалы шиказаттармен (марганец рудасы, кварцит) қамтамасыз ететін - Қазақстанның өндіруші кәсіпорындары (Жезқазған және Қарағанды облыстары) болып табылады. Олар ұзақ мерзімді контракттар негізінде, зауыттың үзіліссіз жұмысын қамтамасыз етеді. Сабақты (стружка) Қазақстан Вторчерметі, коксты - Алтай коксо-химиялық және Төменгі Тагильдік металлургия комбинаты (Ресей) жабдықтайды.  
90-шы жылдары, әріптестік байланыстардың бұзылуы мен СССР құлдырауына байланысты кризистік жағдайлардан болған, өндірістің күрт төмендеуі кәсіпорындар үшін ауыр соққы болды. Басқарушы инвестор-фирма «Japan Chrome Corporation» келуімен жағдай жақсара бастады. Ол - өндірісті қажетті айналым капиталы мен өндірістік базаны жетілдіруге бағыталған инвистициялармен қамтамасыз етті. Басқару кезеңінде компанияның өндірістік және сауда стратегиялары өзгерді. Өзінің бәсекеқабілеттілігін сақтау және әлемдік нарықы жаулау үшін сапаны жоғарылату, өнім ассортиментін кеңейту; өндірістік процессті қайта құруға, пештерді реконструкциялау мен модернизациялауға, технологияларды жаңашылдандыруға байланысты өзіндік құнды төмендету шаралары мақсатты түрде жүзеге асырылуда. 1998 жылы «Japan Chrome Corporation» фирмасы жойылған АҚ «Қазақмарганец» мүліктік комплексін сатып алды да, аренда ретінде «Ақсу ферробалқыту зауытына» берілді. Мүліктік комплестің құрамына: нәзік рудаларды 250 мың тонна қуаттылығымен жылына 75 мың марганец концентратын өндіретін стационарлы байыту фабрикасы, қышқыл рудаларын 200 мың тонна қуаттылығымен жылына 100 мың тонна марганец рудасын өндіретін жазғы тазалау қондырғысы кіреді.

2.2. Кәсіпорынның капиталын  және мүлкін пайдалану тиімділігі, техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау

Қоғамның мүлкі  және капиталы.  
Қоғамның мүлкін негізгі және айналым қорлары, және құны өзіндік баланста көрсетілетін басқада мүліктер құрайды. Мүлік Қоғамның жеке құқығында болады.  
Қоғам мүлкінің құрылу көздері:  
• Акционерлердің жарғылық капиталға салымдары;  
• Қоғам қызметінен түскен түсім,  
• Қоғамның шаруашылық қызметі нәтижесінде өндірілген өнім;  
• Қазақстан Республикасының заңымен тиым салынбаған басқада көздер.  
Қоғамның жарғылық капиталы 7.903.485.000 теңге, 7.147.485 жай акцияларға бөлінген, бір акцияның құны 1000 теңге; және 756.000 арнайы акциялардан тұрады, бір акция құны 1000 теңге.  
Жай акция акционерге сұрақтар шешіміне дауыс бере отырып, Толық акционерлер жиналысына қатысуына құқық береді. Қоғамның таза табыс көлеміне байланысты дивиденд алу, Қоғам жұмысы тоқтатылған жағдайда қоғам мүлігінің бөлігін алуға құқы береді.  
Арнайы акция номиналды құннан 10 % ті дивиденд алуға құқық береді. Арнайы акция иелері жай акция иелеріне қарағанда, жұмыс тоқтаған жағдайда Қоғам мүлігінің көп бөлігін ала алады.  
Қоғам акцияларының құнын, санын Қоғамның Директорлар Советі, Қазақстан Республикасының «Аталған акциялар мөлшерін ұлғайту тәртібі» заңнамасына сәйкес белгілейді.  
Салық және бюджетке міндетті төлемдерді төлегеннен кейін Қоғамның таза табысын үйлестіру жөнінде шешімді Қоғамның Толық акционерлер жиналысы қабылдайды.  
Жиналыстың шешімі бойынша, таза табыс, Қоғам қажеттіліктері өтелгеннен кейін, акционерлер арасында дивиденд түрінде бөлінеді.  
Қоғамның акциялар бойынша дивидендтері ақшалай немесе құнды қағаздар түрінде беріледі.  
ААҚ «ТҰК Казхромның» негізгі және айналым капиталдарының қаншалықты тиімді екендігін анықтап білу керек. Кәсіпорынның пайдасы мен шығынын, өндірілген тауар, өткізілген тауар көлемін, жұмыс персоналын, еңбек өнімділігін, таза табысты, жалпы табысын және т.б. жағдайларын анығырақ көрсету үшін кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдаған жөн.  
Төменде көрсетілген 1-суретке назар аударсақ, өткізілген өнімнен түскен түсім 2008 жылы 34 112 605 млн. теңге болса, 2009 жылы ол 47 929 954 млн. теңгені құрады. Сонда, 13 817 349 млн. теңгеге артты (140%).  
 
1- сурет. Өткізілген өнімнен түскен түсім млн.тг

Өткізілген өнімнің  өзіндік құны кәсіпорында өндірістік ресурстардың пайдаланылуын және нәтижелерін көрсетеді. Өзіндік құн 2008 жылы 24 554 972 млн. теңгені құраса, 2009 жылы 30 487 588 млн. теңгеге жеткенін көреміз. Яғни, өткен жылға қарағанда 5 932 616 млн. теңгеге немесе 120% ке өскен.  
Жалпы табысқа келсек, ол өнімнің өзіндік құны мен өткізілген өнім табысына тәуелді. Мысалы, 2008 жылы жалпы табыс көлемі 9 557 633 млн. тг болса, 2009 жылы 17 447 366 млн. тг өсті. Сонда ауытқуы өткен жылмен салыстырғанда 7 889 733 млн. тг, 180% ке артты.  
Кезең шығындарын қарастырсақ, шығынның жоғарылап кеткенін көреміз. 2008 жылы ол 3 449 815 млн.тг болса, 2009 жылы 11 604 472 млн. тг жетті, яғни, 8 154 657 млн. теңгеге, 340% ке өскен.  
Негізгі және негізгі емес қызметтерден түскен табыстар 2008 жылы 6 107 818 және 15 045 430 млн. теңге, ал 2009 жылы 5 837 894 және 281 520 млн. теңгені құрады, яғни біріншісі -269 924 млн. теңгеге, екіншісі -14 763 910 млн. теңгеге артқанын байқаймыз.  
Кәсіпорынның таза табысының өзгерісін төменде келтірілген 2- суреттен көреміз. Яғни, 2008 жылы таза табыс 14 712 767 млн. тг құраса, 2009 жылы 3 525 569 млн. тг құраған. Сонда өткен жылға қарағанда 11 187 198 млн. теңгеге кеміген (20%).  
 
2- сурет. Таза табыс млн.тг

Өнім рентабельділігі 52,5% дан 8,4% ке кеміді, ол таза табыстың кеміп, шығындардың артуына байланысты кеміді.  
Сату рентабельділігі 35.7% ке кеміді, бұдан біз кәсіпорын өткен жылға қарағанда едәуір шығынға ие екендігін көре аламыз.  
Негізгі құралдардың тиімділігін анықтайтын қор қайтарылымдығы 2008 жылы 2,1 теңге құраса, 2009 жылы 2 теңгені құрады.  
Қормен қарулану 2008 жылы 1127,8 млн. тг, ал 2009 жылы 1551,5 млн. тг құрады.  
Негізгі капиталдың орташа жылдық құны екі жылға шаққандағы ауытқуы 7 412 626 млн. теңгеге өсті.  
Айналым капиталының орташа жылдық құны 2008 жылы 6 201 831 млн. теңге, ал 2009 жылы 7770147,5 млн. теңгені құрады. Яғни, 1568316.5 млн. теңгеге, 120 % ке өсті.  
Кәсіпорынның қызметінің қаншалықты тиімді атқарылуы оның есепті көрсеткіштеріне ғана емес, басқа да, мысалы жұмысшылар санына тәуелді болады. Төмендегі 3- суреттен ААҚ «Казхром» жұмысшылар миграциясын көруге болады. 2008 жылы жұмыскерлер саны 14 238 адамды құраса, 2009 жылы олар 15 127 адамға жетті.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындылай келсек, айналым капиталы – бұл кәсіпорынның өндірістік циклының әрбір кезеңіндегі  ағымды операцияларына салынған қаражаттарының жиынтығы. Олар өздерінің жоғары өтімділіктерімен сипатталады. Айналым капиталының өтімділік деңгейі олардың өндірістік айналым барысында ақша қаражаттарына айналу қабілетімен анықталады.  
• Өндірістік немесе басқа коммерциялық қызметті жүзеге асырушы кәсіпорын нақты қаражаттармен, өндірістік негізгі және айналым капиталдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.  
• Айналым капиталы кәсіпорынның қызмет етуіне қажетті мүліктің негізгі құрамдас бөлігі болып саналады:  
Айналым капиталы тек өзінің өтімділігімен сипатталып қоймай, құрамы
Ø мен құрылымы тұрғысынан да сипатталады. Бұл көрсеткіштер кәсіпорынның айналым капиталын басқарумен тығыз байланысты болып келеді. Әр түрлі шаруашылықта айналым капиталының құрамы мен құрылымы алуан түрлі. Ол кәсіпорынның меншіктік, өндірістік, сатушылар мен сатып алушылардың өзара қатынасы ерекшеліктеріне, өндірістік шығындар құрылымына, қаржылық жағдайына байланысты.  
Айналым капиталдары меншікті, қарыз және
Ø қосымша тартылған қаражаттар арқылы қалыптасады. Активтердің қалыптасуы туралы мәліметті меншікті капитал немесе міндеттемелер бөлігінен көруге болады.  
Қарыз қаражаттар негізінен алғанда банктік қысқа мерзімді
Ø несиелермен өрнектеледі. Банктердің қысқа мерзімді несиелері арқылы кәсіпорынның уақытша ағымды активтерге мұқтаждығы жабылады. Айналым капиталын қалыптастыру үшін несиелер тартудың негізгі бағыттары:  
- шикізат, материалдарды және өндірістік кезеңдік процесімен байланысты шығындарды несиелеу;  
- меншікті ағымды қаражаттардың уақытша жетіспеушілігін толықтыру;  
- есеп айырысу және төлем айналымын ұйымдастыру.  
Айналым капиталының тиімділігін анықтайтын бірнеше көрсеткіштерді ескерген артық болмайды:
Ø  
- айналым капиталының айналымдылық коэффициенті; өндірістік материалдар айналымдылығы;  
- дебиторлық қарыз айналымдылығы;  
- ақша қаражаттары айналымдылығы;  
- айналым капиталын жүктеу коэффициенті;  
- айналым капиталының айналыс ұзақтығы.  
Айналым капиталының айналым ұзақтығы сыртқы және ішкі факторларға байланысты болады.
Ø  
• Сыртқы факторларға: кәсіпорынның салалық ерекшеліктері, қызметінің ерекшелігі, өндірістік қабілеті, шаруашылық ету шарттары.  
• Ал ішкі факторларына: шығындарды басқару жүйесі, кәсіпорынның баға саясаты, тауарлық-материалдық құндылықтарды бағалаудың тиімді әдістерін қолдануды қажет ететін есеп саясаты.  
ААҚ «Казхром» экономикалық тиімділігін айналым капиталын және баланстық міндеттемелерін жоғары деңгейде пайдалана отырып арттыруға болады. Және әр бір серіктес кәсіпорын қажетті деңгнейде бас «ана» компанияның жағдайын жақсарту, жаңарту үшін үлесін қосқаны жөн.  
Кәсіпорынның серіктестерінің басты міндеттері - нақты қаржыландыру көздерімен қамтамасыз етілмеген ағымды қаржылық мұқтаждықты қысқарту үшін айналым капиталының айналым жылдамдығын қолайлы деңгейде ұстап отыру болып табылады.айналым капиталын қаржыландырудың жоғарыда айтылған әдістерін қолдану ААҚ «Казхромның» қызмет ерекшелігіне, оның мамандарының біліктілігіне, жабдықтаушылар мен тұтынушылармен қарым- қатынасына және басқа да факторларға байланысты болады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ  
1. Сергеев. Экономика педпиятия.:Учеб – М, 2003 ж.;  
2. Кәсіпорын экономикасы. Под. ред. В.М. Семенова, - М., 1998 ж.;  
3. Құрылыс экономикасы. Под. ред. И.С. Степанова, - М., 1998 ж.;  
4. Экономика предприятия. В.Я.Горфинкеля, В.А.Швандара. Москва, 2000 ж.;  
5. Экономика учебная. А.П.Казанов. Москва 1999 г.;  
6. Экономика предприятия С.Т. Купешова;  
7. Ашимбаев Т. Қазақстанның нарық жолындағы экономикасы, Қазақстан, 1994 ж.;  
8. Шмолен Г. Кәсіпорын экономикасының негіздері және проблемалары – М., 1996 ж.;  
9. Окаев О., Дюкова Е.М. Нарық жағдайындағы өнеркәсіптік кәсіпорын экономикасы. Алматы, 1994 ж.;  
10. Экономика предприятия В.Я.Хрипач, Г.З.Сума. Экономпресс 1999 г.;  
11. Экономика предприятия. Н.В.Минеева.;  
12. Нарықтық экономика негіздері. Б.Жүнісов, У.Байжомартов, Ү.Мамбетов, А-ты 1999 ж.;  
13. www.temakosan.net Қазақстандық рефераттар порталы  
14. Жалпы экономикалық теория. Ө.Қ.Шеденов, Б.А.Жүнісов.  
15. Булатова А.С., Экономика.- Экономист, 2004 ж.;  
16. Бергольц С.Б. Экономический анализ хозяйственной деятельности на современном этапе развития. - М.: Финансы и статистика, 1999 ж.;  
17. Горфинкель В.Я., Купряков Е.М. Экономика предприятия: Учебное для вузов.-М: ЮНИТИ, 1999 ж.;  
18. Гиляровский Экономический анализ: Учебник - М: Проспект,2004 г.;  
19. Горфинкель В.Я., Экономика фирмы- М: ЮНИТИ, 2004 г.;  
20. Пельиха А.С. Экономика предприятия и отрасли промышленности, - М.:Феникс, 2003 г.;  
21. Прыкина Л.Н. Экономический анализ педприятия: Учебник – М.: ЮНИТИ, 2001 г.;  
22. Р.Қ.Ниязбекова, Б.А.Рахметов, П.Т.Байнеева Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы, Алматы: Экономика, 2008 ж.

Информация о работе Кәсіпорынның айналым капиталы