Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2012 в 09:46, реферат

Описание

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өізнің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуына байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, сонц анықтап алған жөн. Сонғы жылы шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әртүрлі түсіндіріледі. Профессор А. Д. Шереметов «Кәсіпорын қаржысы (актитер) жағдайы қаржыны талдау, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер яғыни пассивтер) сипатталады» деп жазған.

Содержание

1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
1.3 Қаржылық жағдайды талдаудың әдістері
1.4 Қаржылық жағдайды экспресс талдау

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау.doc

— 260.00 Кб (Скачать документ)

        кәсіпорын туралы едәуір көлемді ақпараттар алу;

        кәіспорынның меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу деңгейін анықтау;

        баланстың қандай баптарының есебінен айналым қаражаттарының көлемі өзгергендігін анықтау;

        аналитикалық көрсеткіштерді есептемегеннің өзінде кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайына баға беру.

Балансты оқуға мыналар жатады:

       зерттеу кезеңіндегі баланс валютасының өзгерісін бағалау;

       баланс валютасының өсу қарқынын өндіру көлемінің өсу қарқынымен, өнімді өткізу, жиынтық және таза табыстың өсу қарқынымен салыстыру;

       баланс бөлімдерінің, топтарының және жекелеген баптарының негізгі өзара байланысын зерттеу;

       баланстың жеке бөлімдері мен баптарының өзгеру сипатын талдау.

              Талдаудың берілген сатысында кәсіпорынның қызметі туралы алғашқы түсінік қалыптасады, кәсіпорын мүлкі мен оның қалыптасу көздерінің құрамындағы өзгерістер, көрсеткіштер арасындағы өзара байланысы, кәсіпорын қаражаттарын орналастырудың дұрыстығы, оның ағымдағы төлеу қабілеті және басқалар анықталады. Осы мақсатта баланстың актив және пассив бөлімдерінің жеке баптарының арақатынасын, олардың баланс валютасындағы үлес салмағын анықтайды, өткен кезеңмен салыстырғанда баланстың негізгі баптарының құрамындағы ауытқуы сомасын есептейді.

              Есепті оқу және талдай білу табиғи және белгілі бір дәрежеде тек мамандандырылған бухгалтерлер үшін ғана емес, сонымен қатар менеджерлер, аналитиктер, консультанттар үшін де өмірлік қажеттілік болып отыр.

              Балансты оқуды ең алдымен талдау кезеңіндегі баланс көлемінің өзгеруін анықтаудан бастайды, тұрақсыз болжамға келмейтін бағаның өзгерісіне және тағы басқаларға қарамастан, баланс валютасы кәсіпорынның қаржы жағдайының индикаторларын есептеуде негізгі қызмет атқарады. Кәсіпорын мүлкінің құнын зерттеу үшін, баланстың кезең басындағы жиыны мен кезең соңындағы жиынын салыстырады.

              Біздің мысалымызда жыл басындағы баланс валютасы – 32551 мың теңгені құрайды, ал жыл соңында – 41957 мың теңге болды, яғни 1,3 есеге өскен. Баланс валютасының өсуі әдетте кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктерінің өскендігін көрсетеді және оған оң баға беріледі, ал оның кемуі жағымсыз болып табылады.

              Баланс валютасының абсолюттік өзгерісін анықтаумен қатар, оның өсу қарқынын өнімді сату және жиынтық табыстың өсу қарқынымен салыстыру керек. Баланс валютасының өсу қарқынының сату және жиынтық табыс көлемінің өсу қарқынынан өндіру, сату және жиынтық табыс көлемінің өсу қарқынының артта қалуы кәсіпорынның қаржыны пайдалануының нашарлағандығын көрсетеді.

              Бухгалтерлік балансты оқу процесінде әрбір бапты екі аспектіде қарастыру қажет:

1)       экономикалық мазмұны, көлемі және динамикасы бойынша;

2)       баланстың қарама-қарсы жағының қандай бабымен (баптар тобы) корреспонденцияланады.

              Басқаша айтқанда, баланс активінің әрбір бабы үшін сәйкесінше оны жабатын көздер қажет және керісінше, пассивтің әрбір бабы үшін қаржылық ресурстарды пайдалану бағыттарын көре білу қажет. Айта кеткен жөн, мәніне байланысты қаржы көздерін пайдаланудың дұрыстығын анықтау шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайының басты идеясы болып табылады.

              Жалпы алғанда баланс элементтері - өзара тығыз байланысты жүйе. Бөлімдер, топтар және баптар деңгейінде логикалық және сандық қатынастар болады. Ең алдымен кәсіпорын бөлімдері арасындағы өзара байланыс өзгешелігін көрсетсек.

1.           Баланс активінің барлық бөлімдерінің жиынтық сомасы, оның пассивінің барлық бөлімдерінің жиынтық сомасына тең.

 

А(І+ІІ) = ІІ(І+ІІ+ІІІ).

Біздің баланс бойынша теңдік мынаны құрайды: жыл басында –

              18770+13781=27908+0+4643=32551=32551;

жыл соңында –

              20001-21956=32276+0+9681=41957=41957.

Бұл теңдік бухгалтерлік баланстың негізгі идеясын көрсетеді, яғни кәсіпорын қаражаттарының сол бір ғана сомасы екі аспектіде көрсетілген:

1)       құрамы мен таратылуы бойынша;

2)       қалыптасу көздері (қаржыландару) бойынша.

2. Ережеге сай активтің бірінші бөлімінің жиыны, пассивтің бірінші бөлімінің

жиынынан (төмен) аз:

А(І) < ІІ(І).

Талданып отырған кәсіпорында бұл теңсіздік келесідей түрде жазылады:

              жыл басында – 18770<27908;

          жыл соңында - 20001<32276.

              Бұл теңсіздіктің экономикалық мәні мынада, яғни меншік қаражаттарының бір бөлігі негізгі құралдарға және ұзақ мерзімді қаржы салымдарына жұмсалады. Ал қалған бөлігі – активтің екінші бөлімінде көрсетілген айналым қаражаттарын жабуға кетеді.

              3. Ағымдағы активтердің жалпы сомасы ағымдағы міндеттемелердің көлемінен асады:

А(ІІ) > П(ІІІ).

              Біздің мысалымызда бұл теңсіздік мына түрде болады:

                            жыл басында - 13781>4643;

                            жыл соңында - 21756>9681.

              Берілген теңсіздік алдыңғы теңсіздікпен байланысты. Ол қалыпты жұмыс істеу кезінде айналым қаражаттарының едәуір бөлігі кәсіпорынның, өзінің қаржы ресурстары есебінен алынуына бағытталған.

              4. Меншік қатынастарын сипаттайтын баланс баптарының топтары арасындағы байланыстың нарықтық экономика жағдайында әлде қайда терең экономикалық мәні бар, ол келесі теңсіздікте көрсетілген:

А = С + П

 

              Мұнда: А – кәсіпорынның активтері;

                               С – меншікті капитал;

                               П – қатыстырылған капитал (кәсіпорынның міндеттемесі).

              Біздің мысалымызда бұл теңдік келесідей мағынаға ие болады:

              жыл басында – 32551 =27908-4643;

              жыл соңында – 41957 = 32276+9681.

              Берілген теңдік кәсіпорынның барлық активтері (А) негізінен екі түрлі көзден тұратынын көрсетеді: меншікті капитал (С) және қатыстырлған капитал (П).

              Кейінірек қарастырылған кейбір маңызды коэффициенттер есебі осы теңдікке негізделеді. Берілген кәсіпорынға деген несие берушілердің сенімділік деңгейі келтірілген теңдіктің элементтерінің абсолюттік мәндері мен олардың арасындағы салыстырмалы қатынастарына байланысты. Осы қатынастарды бақылау және оларды басқару дұрыс және терең ойлы қаржылық саясат болып табылады.

              Баланста жекелеген баптар арасында байланыс болады. Олардың кейбіреуін атап көрсетейік.

              1. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің қалдық құны олардың бастапқы құнынан тозу сомасын алып тастағанда шығады.

              2. Тауарлардың сатып алу бағасы, егер де жеңілдік болмаса, онда сату бағасынан төмен болады, себебі сату бағасына саудалық үстеме баға қосылады.

              3. Мемлекеттік кәсіпорындағы «жарғылық капитал» бабының сомасы қалдық құнымен көрсетілген «негізгі құралдар» және «материалдық емес активтер» баптарының жалпы сомасынан көп болады.

              Баланс сомасының өзгерісін зерттеумен қатар, оның жеке бөлімдері мен баптарының өзгеру өзгешелігін де талдау қажет. Осыған байланысты мынаған көңіл аудару керек, баланстың активінде бағалы қағаздардың қалдығы, қысқа және ұзақ мерзімді қаржылық салымдар, негізгі құралдар, күрделі қаржылар және материалдық емес активтер қалдығының өсуі, ал пассивінде бірінші бөлімінің, әсіресе бөлінбеген табыс көлемінің өсуі оң бағаланады.

              Айта кеткен жөн, нарық жағдайында есеп айырысу шотындағы қалдық қаражаттар бөлігінің өзгеруі басқаша бағаланады. Егер бұрын есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының өсуі кәсіпорынның еңбегі болып саналса, қазіргі нарық жағдайында кәсіпорындар өздерінің бос қаражаттарын әлдеқайда ұтымды пайдалануға ұмтылуы тиіс, яғни оларды басқа кәсіпорындарға салып, бағалы қағаздар, патенттер, лицензиялар және басқа да интеллектуалдық меншік алуға пайдалануы қажет. Кез келген жағдайда дебиторлық және кредиторлық борыштардың өсуі нашар бағаланады, яғни жағымсыз болып табылады.

              Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің экономикалық диагностикасының әдістерінің бірі болып табылатын талдаушының балансты оқу барысындағы маңызды әрекеттерінің бірі – бұл осы баланстың «осал» баптарын анықтау болып табылады, яғни бұл ерекше көңіл аударуды қажет ететін баптар. Бұл баптар, сондай-ақ баланс баптарының арасындағы кейбір арақатынастар, не кәсіпорын жұмысының нашарлығын, не болмаса жеке белгілі бір кемшіліктерді көрсетеді. Талдау кезінде бұл «осал» баптар өткен кезеңдегі шаруашылық субъектісінің жұмысын сипаттап қана қоймай, сонымен қатар олардың болашақтағы шаруашылық жағдайының дамуына әсер ететіндігіне де көңіл блу қажет. Талдаушының шаруашылық субъектісіндегі қалыптасқан қаржылық жағдайды жақсартудың мүмкін жолдарын жалпылама түрде белгілеп қоюы қажет.

              Жаңа бухгалтерлік баланста бұндай баптарға «Жабылмаған зиян» және «Қайтарылуы қамтамасыз етілмеген несие» баптар жатады. Табыстар мен түсімдер, шығындар мен зияндардан аз болған кезде, бірінші бап бойынша қолда бар сома жағымсыз қаржылық нәтижені белгілейді. Бұл кәсіпорын қызметіндегі өте күрделі кемшілік болып табылады.

              Талдаушының бұдан кейінгі жасайтын әрекеттері: қалыптасқан жағдайдың негізгі себептерін анықтау; есепті кезеңдегі келтірілген зиянның заңдылығын зерттеу; зиян әкелетін жұмыс себептерін болдырмайтын жолдарды анықтау.

              Екінші бап бойынша қолда бар сома кәсіпорынның төлеу қабілетсіздігін, қаржылық жұмыстағы күрделі кемшіліктерді, сондай-ақ аналитикалық есеп мәліметтері бойынша анықтауға болатын шаруашылық субъектісінің мерзімі өткен қарызы бар екендігін көрсетеді. Төлеу меззімі өтіп кеткен несие үшін банк көтеріңкі пайыз алатындықтан, бұл шаруашылық субъектісінің табыс мөлшерін азайтады.

              Аналитикалық есеп мәліметтері бойынша кәсіпорынның да «осал» көрсеткіштері анықталуы мүмкін, оларға келесілер жатады:

              а) сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің мезгілінде төленбеген есептесу құжаттары бойынша және сатып алушылардың меншігіндегі акцепті кері қайтару түрінде сақталуында тұрған тауарлар бойынша қарыз тұрғысынан дебиторлармен есеп айырысу. Оларды өтеу үшін меншікті айналым қаражаттары аударылады. Олардың айналымдылығы бәсеңдейді, сондай-ақ кәсіпорынның қаржы ресурстарын шұғыл пайдалану мүмкіндігі азаяды;

              ә) қызметкерге берілген банк несиелерімен салыстырғанда алынған қарыздар бойынша борыштардың артып кетуі тұрғысынан алғанда еңбеккерлермен есеп айырысу;

              б) белгіленген тәртіппен баланстан шығысқа шығарылмаған тауарлы-материалдық қорлардың бүлінуінен болатын жетіспеушілік пен шығыстардың, материалдық зиянның орнын толтыру бойынша қызметкерлермен есеп айырысу.

              Осылайша біз қол жеткізілген нәтижелерді, сондай-ақ кәсіпорынның шаруашылық қызметінің болашақтағы даму қарқыны тұрғысынан алғанда талдаушының басты назарын аударуды талап ететін баланс баптарын қарастырып өттік. Біздің талдау жүргізіп отырған кәсіпорынымызда қандай «осал» баптар бар? Біздің кәсіпорын қаржылық жылды бөлінбеген табыспен аяқтауына байланысты, «Жабылмаған зиян» бабы бойынша мәліметтер жоқ.

              Талдау жүргізіп отырған кәсіпорын өткен жылы да, есепті жылда да не ұзақ мерзімді, не қысқа мерзімді несиелер алмаған. Сондықтан да «Қайтарыл  уы қамтымасыз етілмеген несиелер» бабы бойынша да мәліметтер жоқ. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіндегі қалған басқа да «осал» көрсеткіштерін айтатын болсақ, онда оларды тек аналитикалық есеп мәліметтері бойынша ғана анықтауға болады.

              Бұдан кейін экспресс-талдаудың әдістемесі бойынша қаржылық есепті талдау жүзгізіледі. Ол үшін ең алдымен көрсеткіштерді есептеуге салыстырмалы түрде қиын емес есептеулер жүргізіледі, содан кейін олардың ішінен ең маңызды болып табылатын көрсеткіштерінің аздаған саны сұрыпталып алынады. Көрсеткіштерді сұрыптау субъективті және оны талдаушы жүзеге асырады. Бұл көрсеткіштердің жиынтығы кәсіпорынның салыстырмалы кеңістіктік-мерзімдік қызметін сипаттайды. Кәсіпорынның экономикалық потенциялы екі жақты сипатталуы мүмкін: кәсіпорынның мүліктік жағдайы және оның қаржылық жағдайы тұрғысында. Бұл екеуі өзара байланысты, ол көрсеткіштердің өзгеру қарқынын есепке ала отырып, динамикада қарастырылуы тиіс. Экспресс-талдауды жүргізу барысындағы аналитикалық көрсеткіштерді сұрыптаудың варианттарың бірі 3-кестеде көрсетілген.

3-кесте   

Экспресс-талдау үшін аналитикалық көрсеткіштер жүйесі

 

Талдау бағыты

Көрсеткіштер

1

2

1. Шаруашылық субъектісінің экономикалық потенциалын бағалау

1.1. Мүліктік жағдайды жалпы   бағалау

1) активтердің жалпы құны (жалпы капитал-валюта, баланс эжиыны);

2) өндірістік мүліктің құны;

3) негізгі құралдардың құны және олардың активтердің жалпы құнындағы үлесі;

4) негізгі құралдардың тозукоэффициенті.

1.2. Қаржылық жағдайды бағалау

1) меншікті капитал және оның жалпы капиталдағы (тәуелсіздік коэффициенті) үлесі;

2) қатыстырылған және меншікті капиталдың арақатынасының коэффициенті

3) ағымдағы өтімділік коэффициенті;

4) ағымдағы активтердегі меншікті айналым қаражаттарының үлесі;

5) қорларды жабу (өтеу) коэффициенті.

1.3. «Осал» баптарының болуы

1) жабылмаған зиян;

2) қамтамасыз етілмеген несие.

2. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелігін бағалау

2.1. Табыстылық бағалау

1) жалпы, жиынтық және таза табыс;

2) таратылмаған табыс;

3) негізгі қызметтің табыстылығы.

2.2. Өсіңкілікті бағалау

1) Өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан және жалпы (авансталған) капиталдан алынған (ақшаның) табыстың салыстырмалы өсу қарқыны;

2) жалпы, жиынтық және таза табыстың өсу қарқыны;

3) меншікті капиталдың өсу қарқыны.

2.3. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін бағалау

1) ағымдағы активтердің айналымдылығы;

2) еңбек өнімділігі;

3) қор қайтарымдылығы;

4) өнімнің материалдық сыйымдылығы;

5) меншікті капиталдың табыстылығы;

6) жалпы капиталдың табыстылығы.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау