Акша жане банк

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 23:34, курсовая работа

Описание

Ақша айналысы «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңына сәйкес реттеледі. Ұлттық банкі тұтынылатын банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың дайындалуын қамтамасыз етеді, оларды сақтаудың, жоюдың тәртібін және қолма-қол ақшалай қаражаттың инкассациясын белгілейді.

Содержание

КІРІСПЕ
І. АҚША ТҮСІНІГІ, МЕТАЛ АҚШАЛАР
1.1. Ақшаның формалары мен түрлері
1.2. Метал ақшалар
ІІ. АҚШАНЫҢ РОЛІ ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА
2.1. Құн өлшемі
2.2. Айналыс құралы
ІІІ. ТӨЛЕМ, ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ҚОРЛАНУ ҚҰРАЛДАРЫ
Төлем құралы
3.2. Жинақтау және қорлану құрады
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ

Работа состоит из  1 файл

курстык-акша.doc

— 160.00 Кб (Скачать документ)

    Қазіргі кездегі коғамда несиелік, электрондық акшаның дамуы кезінде есеп айырысудың басым формасы ретінде қолма-қол есеп айырысумен салыстырғанда қолма-қолсыз есеп айырысу қолданылады, яғни төлем кұралы кызметіндегі ақша айналыс құралы қызметімен салыстырғанда артықшылығы басым болып келеді. Сонымен қатар телем құралы қызметін қолма-қол ақшалар да атқара алады. Фирмалар, кішігірім кэсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер төЛем құралы кызметіндегі колма-қол ақшаларды қолданады: еңбекакыны төлеу, сыйақы беру, жәрдемақы, зейнетақы, стипендия төлеу, облигация, лотореялық билет бойынша ү.тыстардЬі төлеу, түлынушылық қажеттіліктерге жэне ипотекаға несие беру, сонымен бірге халықтвщ коммуналдық қызметтер үшін төлемі және т.б.

    3.2. Жинақтау және қорлану құрады

    Төлем кұралы ретіндегі акша кызметінің дамуы  ақша қар-жылары резервтерін құрудың  қажетгілігін, яғни акшаның жинак  құрапы ретінде эрекет етуін туындатады. Ақшаны жинақтаудың қажеттілігі  қайтадан Т-А-Т айналымының екі құндық актіге Т-А және А-Т бөлінуімен байланысқан. (К. Маркс, Ф. Энгельс, жинақ, 23-том, 146-бет).

    Бірінші актіде тауар сатылады және ақшаға айналады, бүл жағдайда өз қажеттілгктеріңді  қанағаттандырудан жиі бас тартуға  тура келеді. Алтын адамдардың көз жауын алады. Сондықтан оны жинактау мен сақтауға ұмтылады, өйткені бұл қор кез келген тауарды сатып алуға немесе кез келген қызметті алуға, яғни кез келген уақытга өзінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ақша жинақ құралы қызметін аткарады. Жэне олар осы қызметте қоғамдық байлықтың жалпы көрінісі болып саналады. Адамдар өз байлықтарын асыл тастар, анер туындылары, жылжымалы мүлік, акциялар, облигациялар, банктегі ақша жэне т.б. түрде сақтай алады. Бірак ақша көбінесе осы қызметгі орындайды, өйткені оларға өтімділік тэн, өтімді актив төлем құралы ретінде пайдалануга болатын және тіркелген атаулы құны бар актив саналады. Ол төлем құралы ретінде пай-даланылады жэне олар құн өлшемі қызметін атқарғандықтан, олар әрекет етуші масштаб шеңберінде өзінің жеке тұрақты құнын өзгертпейді.

    Бірақ та жоғары инфляция кезінде ақша өзінің жоғары өтімділігіне қарамастан, қор жинау құралы ретінде өз құндылығын жоғалтады. Егер долларға немесе теңгеге сатып алуға болатын тауарлар саны күннен-күнге төмендей берсе, яғни ақша құнсызданса, онда адамдар өте қысқа мерзімге оларды қорланудан жэне жинаудан бас тартады. КСРО азаматтарының жинақтары соның айқын мысалы, олар Одақтас Республикалар дербестігін алган кезде толығымен жогалып кетті. Қазақстан өз азаматтарының осындай жинақтарының елеусіз ғана бөлігін өтеді. Бүл акшаның құнсыздануының клас£икалық мысалы. Айналым құралы қызметінен және төлем құралы қызметімен салыстырғанда жинақ құралы ретінде ақша белгіленген мерзімге өз құнын сақтауы тиіс жэне міндеггі түрде нақты болуы тиіс. Бұл жинақтау қызметін негізінен толыққұнды нақты ақша (алтын, күміс, платина) атқарады, бірақ ол қағаз, несиелік ақшалардың өкілдерімен алмастырылуы мүмкін, жогарыда айтылғандай, гиперинфляция немесе дағдарыс кезінде өз кызметін жоғалтады.

    Жекелеген адамдар сияқты, мемлекет алтын қоры және халықаралык резерв қоры түрінде қорландыру қорын құрады, ол оған салыстырмалы экономикалық тәуелсіздікті кепілдейді, яғни мемлекет кез келген сәтте өзінің халықаралық міндеттемелері бойынша есеп айырысады.

    2005 жылдың I қаңтарына қарай Халыкаралык резервтік қор 1 млрд доллардан асты. Мұндай резервтерге ұлттық қор да кіреді, ол 5,3 млрд долларды кұрады.

    Алтынды айналымнан шығару нәтижесінде оның жинақ және қазыналық құрал ретіндегі рөлі төмендегенімен, алтын әлі де казына қүралы ретінде қолданылады. Алтын резервтерінің көлемі байлығын көрсетеді жэне басқа елдер мен инвесторлардың осы елге деген сенімін камтамасыз етеді. Қазіргі кезде алтыннын, ең үлкен коры - АҚШ-та 260 млн тройск унциясы, (1 тройск унциясы - 31,1 г.), Германияда- 120, Францияда- 102, Ресейде -150 млн тройск унциясы бар.

    Ақшаның жинақтау және казыналык қызметінің объективті алгышарты бар жэне ол акша айналысы заңымен байланысқан. Айналыстағы ақша көлемі үнемі өзгеріп отырады, ақша айналыс аясынан жинақтау аясына жэне керісінше жылжиды. Мысалы Қазақстанда 2004 жылы мұнай бағасының жоғарылауы шарттарында экспорттык түсімдер айналысқа түсіп, айналыстағы ақша массасын көбейтті, сондыктан ҚР Ұлттық банкі жедел шараларды қолдануға мэжбүр болды, яғни бүл ақшаны сақтандыру қорына, ұлттық қорга жіберді. Осылайша, ақша айналымының тұрақтылығына қол жеткізілді, инфляция жойылды. 

    Қорытынды

    Ақша  формасының дамуындағы сапалы жаңа кезең  әлемдік акша арқылы өрнектелді.

    Ақшаның барлық касиетін өзіне жұмылдыра отырып, ақша формасының тікелей логикалық жалғасы болып табылады, ол қазыналық жэне төлем құралы қызметінің тұгастығы арқылы орнектеледі. К. Маркс былай жазған: «Қазына және жаппай төлем қүралы ретінде ақша элемдік нарықта жаппай құралы, өз түсінігі гана емес, соні.гмён бірге әрекет ету әдісі бойынша жалпьіға ортақ тауар болып есептеледі». Осыған байланысты элемдік ақшалардың табиғаты, экономикалық категория ретіндегі маңызы олардың кызметінде айкын көрініс табады, мұндағы ақшаның өзіндік ерекшелігі жаппай интернационалды тауар ретінде көрінеді. Халыкаралық төлем құралы қызметі жөнінде айтсак, онда ол кұнның ұлттык белгілері аркылы жэне ішкі ақша айналымына ұқсас калыптасатын кұнның айрыкша интернационалдық белгі-лері бойынша жүзеге асырылады.

    Егер  ел ішінде акша мемлекет тарапынан  зандастырылған үлттық ақша формасында эрекет етсе, онда оның шекарасынан  тыс жерде К. Маркстің пікірінше  «ақша өзінен үлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы формасы - бағалы металл құймалары түрінде әрекет етеді».

    Алтын монометаллизмнің әрекет етуі кезеңінде, яғни алтын монета және алтынға айырбасталатын несиелік ақшалар айна-лымда жүрген кезде, элемдік ақша нарығына ақшаның  шығуы және әлемдік акша ретінде  эрекет етуі кедергісіз жүзеге асты.

    Қазіргі таңда айналымда алтын монетаның жоқ болуына байланысты, несиелік ақшалар (банкноттар) алтынга айырбасталмайды, әлемдік ақша ретінде алтын құймалар жэне еркін айыр-басталымды валюта түрінде қолданылды. Бірақ та XX ғасырдьщ бірінші жартысынан бастап төлем құралы ретінде еркін айырбас-талатын валюта тарапынан ығыстырыла бастады, ягни шет елдік валюталарды барлық басқа мемлекеттер тарапынан қабылданады. Мұндай валюталарға американдық доллар, евро және фунт стерлинг жатады. АҚШ доллары қазіргі кезде Қазақстанның әлемдік нарығында (тауар айналымының 70 пайызға жуығы) кең қолданылатын төлем кұралы болып табылады. Барлық төлемдердің 20 пайызга жуығы евро, басқа валюталар арқылы жүзеге асырылады. Барлық мұнай, металл долларға экспортқа шыгарылады.

    Әлемдік акша қызметін валюталық-қаржылық институттардың арнайы есептік бірліктері, атап айтқаңда Халықаралық вадюталық қор (ХВҚ) тарапынан айналысқа ақша шыгару, қарыз берудің арнайы құқықгары (СДР), Ортақ нар елдерінің есептік бірлігі (ЭКЮ), ол XX ғасырдың соңында евроға ауысты, Варшава Келісімі елдері арасында ауыстырылған рубль колданылды, олар социализмнің күйреуі нәтижесінде жоғалды.

    Жаппай  сатып алушылық кұралы ретінде толыккұнды әлемдік ақшалар (алтын) елдер арасында өзара қарым-қатынаднде және есеп айырысулардын қалыпты режимі бұзылған кезде немесе жоқ болған жағдайда әрекет етеді (астықтың шыкпауы, берекесіздік апаттар жэне т.б). Мысалы, XX ғасырдың 60-жылдарында Қазақстанда астық өнімдері шықпай қалған кезде КСРО астықты алтынға сатып алды.

    Ақшаны  қоғамдық байлықтың абстрактылық заттанған формасында пайдалану мына жағдайда жүзеге асады: елдің алтын және валюталық қорын толтыру кезінде, алтын немесе еркін айырбасталымды валюта түрінде басқа елдерге несие ұсыну.

    Егер  елдің төлем балансы активті болса, яғни экспорт импорттан үлкен болса, онда еркін айырбасталымды валюта валюталық резервтерді толтыруга багытталады, егер төлем баланры теріс болса, онда керісінше, резервтердегі айырма жабылады.

    Біз карастырган ақша қызметтері бір-бірімен өзара байланысқан, бір-бірін толықтьірады жэне жаппай балама ретінде ақшаның біртүл~ас мәнісі айқындалады. Олар тығыз байланыста және бірлікте болады. Логикалық және тарихи тұрғыда әрбір келесі қызмет алдыңғылардың танымал дамуын аддын ала көрсетеді. Ақша қызметтерінің өзара байланысының негізі болып кұн өлшемі ретіндегі ақша қызметі есептеледі. Бұл өте орынды, өйткені акшаның бұл қызметі анықтауыш болып саналады. Ақшаларда бұл қызмет болмаған жағдайда барлық басқа қызметтер өз рөлін іс жүзінде толық қунды атқара алмайды.

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

        ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері»,   
  2. /Алматы – 2001./
  3. Жүнісов. Б.А., Мәмбетов. Ұ.Е., Байжомартов. Ү.С. Нарықтық экономиканың негіздері / оқу құралы/ Алматы. Республикалық баспа кабинеті, 1994 жыл, 193 бет.
  4. Мәуленова С. С.,Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ.  Экономикалық теория: оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2004 – 194 бет.
  5. Әкімбеков С., Баймұхаметова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. – Астана: 2002. – 464 бет.
  6. Ақша, несие, банктер: Оқулық / жалпы редакциясын басқарған Ғ. С. Сейітқасымов. – Алматы: Экономика, 2001. – 466 бет.
  7. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие: оқу құралы / жалпы редакциясын басқарған Ғ. С. Сейітқасымов. – Алматы, 2004 жыл – 246 бет.
  8. “Егемен Қазақстан” Республикалық газеті" ААҚ, № 251 (24504) 14 қазан, сенбі, 2006 жыл.
  9. В.Л. Назарова «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі  бухгалтерлік есеп» 205 бет 
  10. 11.С.Б. Баймұханова «Бухгалтерлік есеп» Қ.Н. Кеулімжаев                                                                                                                                                                                        
  11. Н.А. Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп принциптері»
  12. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, 1995ж.
  13. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлімі). Алматы.
  14. 1995ж. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан -2030»;  1-3
  15. тараулар. Алматы. 1997ж.
  16. Президенттін Қазакстан халкьша жолдауы «2004 жылға ішкі жәие сыртқы
  17. саясаттын негізгі бағыттары» 2003ж. 4 сәуір.
  18. Қазакстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы  мен қолдау туралы
  19. мемлекеттін 1994-1996 жылға Бағдарламасы, 10 шілде 1994 ж. №1727
  20. 6. Жеке кәсіпкерлікті     колдау     мен     қорғау»     туралы     Қазақстан Респуоликасының Заңы. №12. 4 шілде 1992ж.
  21. Әубәкіров Я., Қабдиев А.. Доскалиева В. және т.б. Экономика. Оқулық,
  22. Алматы. 1994ж.
  23. Әубәкіров  Я..  Ескалиев К.  Экономикадык теория  негіздері.  Алматы,
  24. 1994ж.

Информация о работе Акша жане банк