Ақша – несие саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 20:11, реферат

Описание

Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша – несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.
Ақша – несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздыі ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.

Содержание

Кіріспе

І –Тарау. Төлем балансы және оның мәні
1.1. Төлем айналымы түсінігі
1.2. Төлем айналымы әрекет етуі бойынша қатынастарды реттеу
1.3

ІІ – Тарау. Төлем айналымы және ақша-несие саясаты
2.1. Ақша төлемі және аударымды жүзеге асыру тәсілдері
2.2. Ақша-несие саясатын жүргізудегі аспектілер
2.3. Валюталық саясат және оның төлем балансындағы маңызы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Акша-несие саясаты РЕФЕРАТ.doc

— 103.00 Кб (Скачать документ)

       Кез   келген    Ұлттық    банктің     міндеті    -   ұлттық    ақша    өлшемінің   төлем     қабілеттілігі     мен    валюталық     курсының     тұрлаулылығын     қамтамасыз    ету,     банк    жүйесінің     өтімділігі      мен     тұрақтылығын,     төлем     жүйесінің     тиімділігі    мен    сенімділігін    қамтамасыз   ету.    Осы    міндеттерді    атқару    үшін     Ұлттық    банк    негізінен    мынадай    қызметтерді    орындайды:  

  • Банкноталарды    монополиялы     түрде    эмиссиялау;
  • ақша-несиелік     қатынастарды    реттеу;
  • сыртқы    экономикалық    қатынастарды  жүргізу;
  • банктердің    банкісі    болу;
  • үкімет    банкісі    болу.

Осы    аталған    қызметтер   Ұлттық    банктің    балансында   көрініс    табады   [12].

        Ақша-несиелік     саясат    жүргізу    үшін    Ұлттық    банктің    заңды    бекітілген     құралдары    мен    операциялары    бар,    олар:   қайта    қаржыландырудың    ресми    мөлшерлемелері,    банкілерге    қойылатын    резервтік     талаптар    нормативі,     қысқа    мерзімді     ноталардың     шығарылымы,    ашық    нарық     операциясын     жүргізу,   кредиттік    және    депозиттік    операциялар,    вексельдерді    қайта   есепке   алу.  

ІІ – Тарау.  Төлем   айналымы   және   ақша-несие   саясаты

2.1. Ақша төлемі  және  аударымды  жүзеге  асыру   тәсілдері

         

 Бағалардың ұтымды жүйесін қалыптастыру қатаң ақша –несие және икемді салық саясатын көздейді. Мемлекет тапшылықсыз бюджетті қамтамассыз ету үшін және инфляцияға қарсы күрестің барлық шараларын қолдануға міндетті. Бұл шаралар мемлекеттік шығындарды қысқартудың, ақылға сиымды шеңберде бюджеттің салық базасын ұлғайтудың, ең әрі кеткенде халық шаруашылығының барлық салаларындағы тиімсіз өндірістерге жәрдемақы беруді шұғыл қысқартудың өзар байланысты қадамдары көзделінеді. Ал мұндай шаралар өнім           өндірушілердің ешқайсысын да жігерлендірмейді. Мемлекеттік               бюджеттен онда   да   ақша   басатын станоктың жұмысы   есебінен                 қаржы    алуға    және    беруге     арқа   сүйеу     әлде   қайда    жеңіл         сияқты.Ал  дербес    өзіндік    шаруашылық    қызметінің     нәтижелері      үшін    толық    жауап    беретін     бола    тұра өндірісті      дамытуға,     өз    қызметкерлерін    материалдық     жағынан      ынталандыруға    қажет   ақша   табу      айтарлықтай қиын.     Алайда   біз   алғашқы    жолмен   жүрсек     онда    «жұмыс   істемейтін» ақша тасқыны    ұлғаятыны    сөзсіз.                 

Осы жағдайда тауарлардың қажетті саны болмағанда бағаның    бақылаусыз    өсуі    орын    алады   да   еркін     баға     белгілеу    сияқты     өзін    өзі    реттеу    механизміне      қол    жеткізе    алмаймыз.    Бізде    бағаларды   үнемі    өсіріп    отыратын      мехенизм    қалыптасатын      жіне    әрекет    ететін   болады.

             Жоғарыда   көрсетілген    шараларды   бір   мезгілде    және     кешенді    жүзеге    асыру    ділгерлікті     жеңу    еркін,    нарықтық    бағалар    жүйесін     өмірге     енгізуге    мүмкіндік    береді. Әрине,    бұл    жылдам    іске    аса    қоймайтын   үрдіс   екендігі  белгілі.     Нарыққа     өтпелі    кезеңнің      өне    бойында бірқатар     өнім  түрлерінің   бағасын    әкімшәләк    жолмен реттеу әлі де сақталады.                    

 Экономиканың тұрақтандырылуына,  оның нарықтық                    негіздерінің      нығайтылуына    қарай     орталықтан    белгіленетін                мұндай    бағалар шеңбері    тарыла    түспек. Болашақта       мемлекеттік     баға     реттеу     өз    мәнін    біршама     сақтайтыны        байқалады.      Экономиканың     тұрақтандырылуына,   оның  нарықтық    негіздерінің    тұрақтануына       бұлайша     баға   белгілеуді      реформаларды   белгілеудің       күрделі     қиындыққа,     үлкен     әлеуметтің       тәуекелге     толы     жол    екендігін     де    мойындаған     жөн.    Әйтсе    де     бұл    қазіргі     заманғы     ділгерсіз,     жоғары    өнімді    экономикаға      жеткізетін    бірден     бір    жол [21].

 

 

 

 

 

 

2.2. Ақша-несие   саясатын  жүргізудегі  аспектілер

     

Қазақстан Республикасының  осы заманғы әлеуметтік-экономикалық даму кезеңі  нарықтық қатынаспен сипатталады. Бұл қатынаста жаңа ақша- несие жүйесі қалыптасып, қаржы институттарының жаңа түрлері пайда болып жатыр, нарықтық экономикаға тән жүйеге сәйкес банк жүйесінің құрылымы өзгерді.

      Еліміздің  ақша- несие саясаты халықаралық несиелік саясатпен жұмыс істеу принциптеріне көшу барысында Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен әлемдік банктің технологиясын ұштастыра білудің маңызы зор.

       Несиені  өтеу қабілетін бағалау үшін  рейтинг агенттіктері елдің несие рейтингін әзірлейді, бұл орайда мына аспектілерге назар аударады:

  1. Демократиялық саяси жүйені жасаудағы прогресс: мұны демократиялық саяси институттардың тиімділігі, шешімдер қабылдау процесінің ашықтығы, экономикалық реформаларды жүргізуге саяси жолды ұстаушылық және оларды тәжірибеде жүзеге асыруға қабілеттілік деп түсінеді.
  2. Қаржылық тұрақтылыққа және экономикалық өсуге жетудегі жетістіктер. Олар өзіне мыналарды біріктіреді: фискалдық және манетарлық саясаттың тиімділігі, ұлттық валютаның тұрақтылығы мен айырбасталымдағы кезінде инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұруы.
  3. Нарықтық экономикаға көшудегі прогресс: экономикадағы және меншік сектордың рөлі (мемлекеттік секторды жекешелендірудің дәрежесі, жеке меншік компаниялардың жетістіктері, кәсіпорындардың құрылымын өзгерту, корпарациялық басқарудың тиімділігі, қоғамның салық салуға қатысындағы өзгерістер және төлем тәртібі, экономикалық ырықтандыру, баға еркіндігі, жаңа отандық және шетелдік компаниялар үшін нарықтың ашықтығы, сыртқы сауда мен инвестициялық қызметтегі ақықтық), қаржы секторының ақуалы (банк секторының дамуы және оны реттеу, қаржы делдалдылығының дамуы, қор нарығының және банктік емес қаржы мекемелерінің дамуы), нарықтық институттардың дамулығы (тиімді инфрақұрылым мен заңнаманың болуы).
  4. Сауда ағындарын қайта бағдарлау. Экспорт пен импорттың өсу серпіні мен құрылымы, халықаралық экономикалық сауда ұйымдарына қатысу, қаржыландырудың көзі ретіндегі шетелдік тура инвестициялардың рөлі, менеджменттің деңгейі технологияларды беру арқылы бағаланады [26].

Соңғы жылдары Қазақстан  Республикасы шетелдерден едәуір несиелер алды. Сондықтан валюта қаражаттарын ұтымды, үнемді жұмсаудың маңызы арта түсуде.[2]    

 

 

 

 

2.3. Валюталық  саясат  және  оның  төлем   балансындағы  маңызы

         

      Әлемде      нарық      экономикасында       несие     жүйесі     екі    дәрежеде      қызмет     атқарады,    олар    «макроэкономика»       және     «микроэкономика»       болып     бөлінеді.      Осыған      сәйкес      экономикалық    талдау      да     макроанализ       және       микроанализ       деңгейінде      жүргізіледі.     Осылай     талдау     жасаған      Дж.М.Кейнстің     1936     жылғы     «Еңбекке    тарту,    процент    пен    ақшаның     жалпы     теориясы »      деген      еңбегінде      батыс     экономистері    арасында     кең      қолдау       тапқан.

          Микроэкономикада   -  жеке    буын     немесе      негізгі     экономикалық        буынның       қызмет     ету    саласы.     Микроэкономиканың          нарық     жағдайындағы        басты    сипаты       және      негізгі    мақсаты      табыс     табу   [17].

           Макроэкономикада   -    бұл    жалпы    экономикалық     процестер      саласы,       қоғамдық      фирмалардың      жиынтығы     болып     табылады.

           Қазіргі     кездегі       несие     жүйесі      соңғы     жылдары      едәуір     өзгерістерге     ұшырады.     Әлемдік     экономикадағы     құрылымдыұ     қайта     құрулар      нәтижесіндегі     өзгерістерге     байланысты      банк      жүйесінің    барлық    компоненттері      қайта     жаңғыртылуда.    ҒТР-дің     даму    әсерінен     өндірістің      шоғырлануы     капиталдың     шоғырлануы   мен    орталықтануын    талап    етті.     Сәйкесінше     банктер     өз    операцияларын     несиелік     ресурстарды       ұлғайтуға     қарай    модификациялайды,       яғни       қазіргі     кездегі     банк      жүйесінің       экономикадағы     дамуының       өзгермелі      жағдайына      бейімделуі       жүзеге     асады:     банк      жүйесінің      құрылымдық       қайта     құрылуы     айқын;      белгіленген      мамандануды      сақтай     отырып,      банктер      қызметінің     шоғырлануы      және     әмбебаптануы      орын     алады.      Ірі      әмбебап     банк      өз     клиенттері     үшін     депозиттік      шоттарды      жүргізу,     қолма     қолсыз    есеп    айырысу,      жинақтарды     қабылдау,      әр     алуан     несиелерді     беру,     құнды     қағаздарды     сатып    алу,      сенімхат     бойынша     мүліктерді     басқару       және       басқа      көптеген      банктік     және    банк     маңындағы       қызметтерді     көрсету    бойынша    операциялардың     көптеген     түрлерін      жүзеге     асырады.    Несиелік    мекемелер    қызметінің     көпжақты    сипаты    қазіргі    кездегі    қаржылық    капиталға    толық     жауап    береді  [15].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Нарыққа    өту    кезінде    Қазақстан     Республикасы    егеменді   ел    ретінде    өзінің     даму     жолында    шетелдермен     төлем    балансы    және    оның    ақша-несие    және    валюталық     саясатын,    олардың     өзара     байланысы    мен    даму   ерекшеліктерін    қалыптастыру    мен    нарық     талаптарына   түсіру    міндеттерін    жоспарға    алып,    бұл    мәселенің    кезек   күттірмей    шешілу    еліміздің    экономикасы   мен   ертеңі   үшін    ауадай    қажет   екендігін    айқындады.

          Ақша-несие  саясатын    пайдалана    отырып,    мемлекет    инфляция      мен    жұмыссыздықтың   төменгі дәрежесі     тән    экономиканы     құруға      ұмтылады. Ақша    ұсынысының    көлемін    реттей    отырып,    Ұлттық    Банк экономика дамуына  белсенді  түрде ықпал ете алады.    Макроэкономикалық    тепе   теңдіктің    кейнсиан     үлгісі    бойынша    ақша    ұсынысының     ЖҰӨ     дамуына    ықпалы    ең    ақырында    пайыздық    мөлшер    арқылы    жүзеге    асады,    оның    нақты    көлемі    ақша-несие саясатымен анықталады.Ең бірінші    кезекте    инвестициялық    шығындарға    ықпал    ете     отырып,  пайыздық     мөлшер     жиынтық     сұраныс    көлемін,  содан    кейін    ЖҰӨ-нің тепе теңдік көлемін    өзгертеді.

           Ұлттық    банк    ақша-несие    саясатының    бағыттарын    бұрын   бір    жылға    анықталып   келсе,    2002   жылдан    бастап,   алдағы    үш      жылға    анықтау   тәжірибесіне    көшті,    және   әр    жыл     өткен    сайын    өзгерістерді    ескеріп,    оған    өзгертулер    енгізіледі.    Ақша-несие     саясаты    ғана  Ұлттық   банктің  инфляцияны   төмендету    мақсатындағы    саясатына    толық    жауап    береді    және    сонымен қатар,ақша-несие саясатына деген нарықтың    қатысушыларының    үлкен    сенімін    қамтамасыз    етеді.

           Ақша-несие      саясаты    қаржы   нарығының    әрі     төлем    балансын   әске    асыруда,    олардың     тұрақтылығын    сақтауда,    сақтандыру    нарығының,    бағалы    қағаздар    нарығының    әрі     қарай    дамуына    және    банк    жүйесінің    нығая    түсуіне,    экономиканың    өсуіне    жағдай    жасауға,    сондай  жинақтаушы зейнетақы    қорларының    жетілдірілуіне     мүмкіндік    туғызады.    Қазақстандық    ақша-несие    саясатының    төлем   балансын   жүзеге   асырылуында   айқындалатын   екі    артықшылығы   бар:

  1. Бірінші    артықшылығы   -    Ұлттық    банк    ақша-несие       саясаты     стратегиясын таңдау мүмкіндігіне  ие.    Ал    ресми    долларизациялануды     немесе    валюталық    басқаруға    көшкендерде    мұндай    мүмкіндік    жоқ.
  2. Екінші    артықшылығы  -   сеньораждан   табыс    алу    мүмкіндігі.    Бұдан    туындайтын    кез   келген    төтенше    жағдайда     экономикада    Ұлттық    банк    ақша     шығарып,    мемлекеттің    бюджет    тапшылығын     жаба    алады.   Ұлттық    банк    соңғы   кредиторлық     саты   есебінде   банктің    қаржы    саласының   тұрақтылығын    ұстап    тұра   алады.       ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиеттер

 

1. С.С.Сахариев, А.С.Сахариева  «Жаңа  кезең   экономикалық   теориясы», «Дәнекер», Алматы -2004ж. [99-119 беттер].

2. Н.Н.Хамитов «Банк  ісі»  «Экономика», Алматы -2006ж. [49-55 беттер].

3. «Егемен Қазақстан» 6.ХІІ.2006. №235 [3 бет].

4.  А.А.Ильясов «Денежно-кредитная  политика» «Экономика», Алматы -2007 [3-9стр.], [55-59стр.], [91-92стр.], [102-105стр.].

5. «Экономика и право Казахстана»  2007 г. №2 [8стр.].

6. П.А.Самуэльсон «Основания  экономического анализа» «ЮНИТИ»,  Москва -2002 г. [561-562стр.].

7. ҚР Президентінің Қазақстан  халқына Жолдауы. Астана -2006 ж.

8. «Банки Казахстана» 2006 г. №3 [11-12стр.], 2006 г.

№49 [7-11 стр.], 2006 г. №6 [4 стр.],  2007 г. №2 [29-32 стр.], 2007 г. №3 [7-10 стр].

9. Финансово-экономический казахско-русский  словарь. Алматы-2007 г. Под научной  редакцией д.э.н., проф. А.А.Абишева.

10. УМК «Финансы и кредиты»  Алматы -2006 г. [58-65 стр.].

11. Д.С.Моисеев  «Денежно-кредитная  политика: теория и практика» «ЭкономистЪ», Москва -2005 г. [3стр.], [81-86стр.], [161-163стр.].

12. Б.Н.Жаналинов «Инфляция и  антиинфляционная политика в  Казахстане» «Экономика», Алматы -2007 г. [132-135стр.].

13. С.Б.Мақыш «Коммерциялық банктер  операциялары» «Экономика», Алматы -2004 ж. [74-77 беттер].

14. ІІ Халықаралық ғылыми теориялық  конференция, Ақтөбе -2005 ж.

15. «Основы экономики» 2006 г. №  2(8) [30-31стр.].

16. «ҚР валюталық реттеу және  бақылау туралы» Заңы №57-1;13.06.05.

17. С.С.Сахариев «Әлем экономикасы»  ІІ том. Алматы-2003ж. [38-47беттер], [128-131беттер].

18. Мәуленова, Бекмолдин «Экономикалық  теория»  «Экономика», Алматы -2004 ж. [50-53беттер].

19. М.К.Бункина «Монетаризм» «Экономик'С», Москва -2004 г.

20. «Аль-Пари» 2007 г. №2 [15-18стр.].

21. Т.Қ.Қожаниязов, Ж.Т.Қожаниязова «Қазіргі экономика» Тараз -2006 ж. [155-156 беттер].

22. Ғ.С.Сейітқасымов «Ақша, несие,  банктер» «Экономика», Алматы -2005 ж. [72-81 стр.].

23. «Финансы и кредиты»  2006 г.  №9 [10-11 стр.].

24. С.Б.Мақыш «Ақша айналысы және несие» «Маркет», Алматы -2004 ж.

25. В.Д.Мельников, В.Д.Ли «Қаржының  жалпы курсы» «Экономика», Алматы -2005 ж. [158-165стр.].

 

 


Информация о работе Ақша – несие саясаты