Ақша нарығы және валюталық биржалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 11:20, реферат

Описание

Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.
Үшіншіден, айырбас үрдісінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар тұтыну құны түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарама-қарсы ақша тұрады.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................5
І АҚША НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БИРЖАЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ақшаның мәні және қызметтері...............................................................7
1.2 Валюталы жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы.............18
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТА НАРЫҒЫ
2.1. ҚР-ның валюта нарығында сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру.........27
2.2 Валюталық қорлар.....................................................................................32
Қорытынды..............................................................................................33
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................35

Работа состоит из  1 файл

Ақша нарығы және валюталық биржалар.docx

— 66.43 Кб (Скачать документ)

Қазақстанда жоғарыда аталған заң қабылданға дейін  және онан кейін де вексель айналысы дамып келеді. Вексель айналысын  бірінші болып қолдаушылардың қатарында  Казкоммерцбанк тәжірибесін атап кетуге болады. Бұл банк 1996 жылы Қазақстан  Республикасы Үкіметінің астық жинау  бағдарламасына сәйкес өзінің 500,1000 және 5000 АҚШ долларындағы «астық» вексельдерін айналымға шығарып, оларды несие  құралы ретінде клиентеріне берді. Сол клиенттерінің ішінде атап айтсақ сыртқа астық сатумен айналысатын  «Астық» акционерлік компаниясы 5000 АҚШ долларындағы вексельді тендер бойынша жеңіп алып, оны өзінің жабдықтаушылары арасында төлем  құралы ретінде пайдаланды.

Сонымен қатар, осы  банк 2003 жылы домицилиант ретінде  «Қазақстан темір жолы» ҰК-ның 200,0 млн. теңгеге бағалаған вексельдерін өтеді.

Мұндағы, «домицилиант» — вексельде көрсетілген төлемді жүзеге асыратын, вексельде делдал ретінде қатысатын банк.

[өңдеу] Банкнота

Банкнота (ағылш. Bank-note - банк билеті) орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы ақша бірліктері.

Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның вексельден төмендегідей айырмашылығы бар:

  1. мерзімділігіне қарай, егер де вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса (3—6 айлық), ал, банкнота — мерзімсіз қарыздық міндеттеме;
  2. кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, ал, банкнотаны қазіргі кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.

Экономикалық әдебиттерде банкнотаны екі түрге бөледі: классикалық және жай.

Классикалық банкнота — бұл банкнотаның алғашқы пайда болған нысаны ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген Орталық банктің билеті.

Классикалық банкнотаның қағаз  ақшалардан өзіндік айырмашылығы бар:

  • жаратылысына қарай — қағаз ақшалар ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінен туындаса, ал банкнота — ақшаның төлем құралы қызметінен пайда болған;
  • эмиссиялау әдісі бойынша — қағаз ақшаларды айналысқа қазынашылық шығарса, ал банкнотаны — Орталық банк шығарады;
  • қайтарылуына қарай — классикалық банкноттар вексель мерзімінің аяқталуына байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал, қағаз ақшалар қайтарылмайды, яғни олар айналыста қала береді;
  • ауыстырылуына қарай — классикалық банкноталар банкке қайтуына байланысты алтынға немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар қашаннан ауыстырылмайтын болған.

Банкноталардың  алтынға ауыстырылуы тоқталғаннан бастап, банкнота алтынмен қамтамасыз етілуі қысқарып, оның вексельдік қамтамасыз етілуі де күрт нашарлай түсті, себебі Орталық банктің вексельдік портфелі, көбірек казыналық вексельдер мен  міндеттемелерге толықты.

Жай банкнота — бұл қазіргі кездегі айналысқа шығарылған Орталық банк билеті.

Олар металға  алмастырылмайды, тек қана Орталық  банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі айналыста  жүрген орталық банктен шығатын  жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірақ олардың белгілі  бір дәрежеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының зандылықтарына бағынады.

Қазіргі кезде Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкісінің жай банкноталардың эмиссиялануының  төмендегідей үш жолын бөліп көрсетуге  болады:

  • Шаруашылықты несиелеу жолымен;
  • Мемлекетті (үкіметті) несиелеу, яғни мемлекеттік қарыздық міндеттемелердің орнына банкноттардың шығарылуы барысында. Шынында да, еліміз тәуелсіздік алған жылдардың басында экономикадағы тұрақсыздыктың нәтижесінде 1993-1998 жылдары мұндай көріністің куәсі болдық. Айталық, 1995—1996 жылдары бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 5,5 %-на дейін жетті, ендеше сол уақыттары республикалық бюджет тапшылығының 80%-ға жуығы Ұлттық Банктің Үкіметке берген несиелері есебінен жабылғаны белгілі. Әрине, бұл жолдың теріс жақтары да болды, оның бірі елімізде гиперинфлияцияның орын алуы.
  • ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын қамтамсыз ету және еліміздің сыртқы қарыздарды өтеу үшін мемлекеттің валюталық резервтерін арттыру мақсатында айналысқа қосымша ақша эмиссиялау жолымен.

[өңдеу] Чек

Чек вексель мен  банкнотаға қарағанда коммерциялық банктердің құрылып, олардағы ағымдық  шоттарда бос ақшалай қаражаттардың  жинақталуына байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде біршама  кеш пайда болды.

Алғашқы чектер 1683 жылы Англияда пайда болды.

Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.

Чектің мынадай түрлері бар:

  • ақшалай чек – банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;
  • ордерлі чек – бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент бойынша басқа бір тұлғаға беруге құқық береді;
  • мәлімдеуші чек – чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;
  • есеп айырылысу чегі – заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есп айырысуларда қолданылады;
  • жол чегі – туристік сапарларға арналған төлем құралы;
  • кепілдендірілген чек – банктің чекте көрсетілген соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайтын төлем құралы.

Чектің экономикалық жаратылысы мынадай:

  • біріншіден, ол банктен нақты ақшаны алуға қызмет етеді;
  • екіншіден; ол айналыс және төлем құралы қызметін атқарады;
  • үшіншіден, ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырылысу құралы.

[өңдеу] Электрондық ақшалар

Электрондық ақшалар — компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

Электронды ақшалар  — пластикалық карточка нысанында  болады. Олар екі түрлі болып келеді:

Дебеттік (төлем) карточка — банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.

Кредиттік карточка — оның эмитеті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.

Қазақстан Республикасындағы  екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың локальдық  және халықаралық түрлерін кеңінен  қолданылуда. Халықаралық карточкаларға: «Eurocard», «Master Card», «Visa», «Maestro» және т.б. жатады.

Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар  да кеңінен қолданылуда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгеде ашылады.

Несиелік карточкалар  бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету аясында қолданылады. Қазіргі  уақытта несиелік карточкалардың мынадай  түрлері қолданылады: банктік, саудаға  арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын  төлеуге арналған. Біршама кеңінен  таралған түріне сауда карточкаларын  жатқызуға болады.

2011 жылдың 1 ақпанындағы  жағдай бойынша 20 банк және  «Қазпочта» АҚ нақтылы түрде  төлем карточкаларын шығаруды  жүзеге асыруда. Екінші деңгейлі  банктер жергілікті жүйе төлем  карточкаларын: Altyn Card — «Қазақстанның  Халықтық Банкі» АҚ, Smart AlemCard —  «БТА Банкі» АҚ, «Сити банкі»  АҚ шығаруда. Бұдан басқа, қазақстандық  банктер келесідей халықаралық  жүйе карточкаларын шығарумен  және таратумен айналысуда: VISA International, MasterCard Worldwide, American Express International, China Union Pay және Diners Club International.

Мысалға Темірбанкі АҚ-ның шығаратын және қызмет көрсететін төлем карточаларының түрлері 2- қосыша бетте берілген.[1]

[өңдеу] Пайдаланылған әдебиет

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ……………3

І бөлім. АҚШАНЫҢ  МӘНІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ

1.2 Ақшаның пайда болу  тарихы…………..5

1.2  Ақшаның түрлері…………..9

1.3 Ақшаның қызметтері  және экономикадағы рөлі мен  қазіргі жағдайдағы  дамуы……….15

ІІ бөлім. АҚША АЙНАЛЫСЫ  ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУ

2.1  Ақша айналысының сипаттамасы……….19

2.2   Ақшаның металдық тнориясы және метал ақша айналысы………22

2.3  Ақшаның номиналистік теориясы  және қағаз ақша айналысы…….23

ІІІ бөлім АҚША ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛЫПТАСУЫ

3.1   Ақша жүйесі ұғымы және оның түрлері……..26

3.2  Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы……….28

Қорытынды………33

Қолданылған әдебиеттер………35  

Қосымшалар……..36 

КІРІСПЕ

“Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері” атты осы  қурстық жұмыста ақшаның пайда  болуынан бастап, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы реформасы аралығын қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген.

Ал енді, ақша дегеніміз  не деген сұраққа келетін болсақ, ақша — ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол  тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады.

Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері  бар:

  1. ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;
  2. онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;
  3. тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.

Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды  шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар  мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл  заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат  емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас.

Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар болып  табылады. Жалпы, ақшаның қызметі  туралы толығырақ, сіздер, осы курстық  жұмыстың келесі тарауында танысасыздар. Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас  жасау да мүмкін емес. Бұл деген  сөз, қоғам дамуының негізі — мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық ақшаны «туғызды», ал сауда болса – адамдардың ең байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол кезеңге кетеді. Әрине, ақшаның құрылымы да ( түрі де) мыңдаған жылдар ішінде талай рет өзгерген.

Мен, курстық жұмыстың бірінші  бөлімінде – ақшаның түсінігі, ақша қызметінің эволюциясы,  оның түрлері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы  туралы айта кетемін.

Екінші бөлімде –  ақша айналысы  туралы,толығырық айтқанда  ақша айналысының сипаттама,ақшаның металдық  және  номиналистік  теориясы, қағаз және  метал ақша айналысына  тоқталамын.

Үшінші бөлімінде- ақша жүйесі және Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасына  тоқталамын.

Курстық жұмыстың мақсаты :

-ақшаның пайда болуы,  мәні және қызметтері маңыздылығына  теориялық аспектілер беріп, ақшаны  жан-жағынан қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеті:

-              ақша теориясының мәнін, негізгі түрлерін және  ақша  реформасының  теориялық  аспектілерін  қазіргі  экономика  тұрғысынан  ашып  қарастыру.

-              Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасының  ерекшеліктерін  толық  қарастыру.

Курстық  жұмыстың  құрылымы:

Курстық жұмыс кіріспеден,мазмұннан,үш бөлімнен,қорытындыдан, қолданылған  әдебиеттер  тізімінен тұрады.

 


Информация о работе Ақша нарығы және валюталық биржалар