Ақша түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 16:28, курсовая работа

Описание

Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Содержание

Жоспар:
І.Кіріспе
Ақша түсінігі.
1 Ақшаның және экономикалық категория ретіндегі түсінігі,
экономикалық мәні
2 Несие ақшалар
3 Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайындағы дамуы
4 Ақша айналысының заңдары
5 Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Теңге
ІІ.ҚОРЫТЫНДЫ

Работа состоит из  1 файл

Ақша түсінігі.doc

— 205.00 Кб (Скачать документ)

2-кезең. Экономиканы тұрақтандыруға қол жеткізу және банк жүйесін жедел түрде реформалау (1997-1999 жылдар)

Банк секторын шоғырландыру және сауықтыру процестері екінші деңгейдегі банктердің жалпы санының 55-ке дейін азаюына ықпал етті. Жекелеген банктер қайта ұйымдастырылды.

1998 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан рыноктық қатынастар негізінде құрылған және ұзақ мерзімді перспективаға есептелген үш деңгейлізейнетақы жүйесіне көшті.

3-кезең. Экономиканың тұрақты өсуі, қаржы секторын қарқынды дамыту және барлық қаржы секторының халықаралық стандарттарға көше бастауы (2000 жылдан бастап).

ЖІӨ-нің жиынтық өсуі соңғы 3 жылда 33%-ға жуық болды, бұл Қазақстанның экономикалық даму қарқыны жағынан әлемдік лидерлердің бірі болуына мүмкіндік жасады. 2003 жылдың 9 айында экономикалық өсу 8,6% болды.

Соңғы 3 жылда инфляцияның орташа жылдық деңгейі 13,2% -дан 5,9%-ға дейін біртіндеп төмендеді. Инфляция 2003 жылдың 10 айында (2002 жылдың желтоқсаны – 2003 жылдың қазаны аралығында) 4,2% болды.

Инфляция қарқынының баяулауы Ұлттық банкке қайта қаржыландыру ставкасын Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері ең төменгі деңгейге  - 7%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Банк секторы қаржы жүйесінің ең үлкен және тез дамитын бөлігі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанның банк секторын халықаралық ұйымдар мен рейтинг агенттіктері ТМД елдерінің ішіндегі ең реформаланған, қаржылық тұрғыдан тұрақты және тез дамып келе жатқан банк секторы деп танып отыр.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 36 банк жұмыс істейді, оның үшеуі мемлекеттік. Қазақстан Даму банкін, Әсимданкті және Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін қоспағанда, барлық банктер жеке банктер болып табылады.

Банк жүйесінің тұрақтылығы нығая түсуде. Оның валюта баламасындағы жиынтық меншікті капиталы 1,4 млрд. Астам АҚШ долларын құрайды. ТМД елдері ішінде бір банкке келетін меншік капиталының мөлшері бойынша Қазақстан жетекші орында (43 млн. АҚШ доллары).

Соңғы 3 жылда банк жүйесіндегі депозиттер 5,1 млрд. астам АҚШ долларына дейін 3 есе, ал халықтың салымдары (резидент еместерді есептегенде) – 2,1 млрд. АҚШ долларына дейін 4 есе өсті.

Банктердің ресуртық базасының қарқын алуы оларға экономиканы кредиттеу қызметін едәуір жандандыра түсуге мүмкіндік берді. Соңғы үш жылда банктердің экономикаға кредиттері 5,9 млрд. АҚШ долларына дейін 4 есе өсті (ЖІӨ-нің 22%-ы). Қазіргі кезде бенк активтерінің 57%-ға жуығы кредиттер түрінде экономиканың нақты секторына орналастырылды.   

 

2.3 Теңгенің тұрақтылығына қол жеткізу жолдары.

Ұлттық валютаның ішкі тұрақтылығы инфляция қарқынының төмен болуының сақталуымен, ал сыртқы тұрақтылық – айырбас бағамының тұрақтылығымен сипатталады. Инфляцияның төмендеуі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізеді және сол арқылы экономикалық өсуге жағдай жасайды. Айырбас бағамының тұрақтылығы инфляциялық күтулерге және ішкі қаржы рыноктарының тұрақтылығына оң ықпалын тигізеді.

Экономикда ақша ұсынысының сұраныстан едәуір артуы бағалардың өсуіне, яғни инфляцияны тездетуге әсер тигізеді. Сондықтан Ұлттық банк ақша-кредит саясатының құралдарын  пайдалана отырып , экономикаға ақшаның түсуін реттейді. Мысалы, ақша шамадан тыс көп түскен кезеңдерде Ұлттық банк портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздардың бір бөлігін сатып, ақша ұсынысын азайтады. Ақша жетіліксіз көлемде түскен кезеңдерде қайталама рынокта айналыста жүрген мемлекеттік бағалы қағаздардың бір бөлігін сатып алып, ақша ұсынысын ұлғайтады.

Ақша-кредит саясатының негізгі құралдары ашық рынок операциялары – бағалы қағаздарды сату және сатып алу болып табылады. Олар ең алдымен қысқа мерзімді ноттар шығару және өтеу арқылы жүргізіледі. Сонымен бірге, Ұлттық банк векселдері қайта есептеу арқылы банктердің ресми ставкаларын реттеуді және қайта қаржыландыруды, банктердің қысқа мерзімді өтімділігін  қолдау үшін банктерге қысқа мерзімді кредиттер (күндізгі және овернайт) беруді жүзеге асырады. Соңғы уақытта банк секторының нығаюына байланысты, екінші деңгейдегі банктерге кредиттер сирек берілетін болды. Қайта қаржыландыр ставкасы негізінен индикативтік сипатта болады және Ұлттық банктің қысқы мерзімді инфляция күтулерін көрсетеді.

Банк жүйесінің өтімділікті реттеудің қосымша құралы тікелей және кері РЕПО операцияларын жүргізу болып табылады. Болашақта бұл операциялар банк жүйесінің өтімділігіне ықпал ететін негізгі құралдар болатыны күтілуде.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға енгізілген 1 қаңтардан бастап күшіне енетін соңғы өзгерістерге сәйкес, Ұлтты банктің негізгі мақсаты бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан алдағы уақытта Ұлттық банк инфляция бойынша бағдарларды ғана белгілейтін болды. Тиісінше, Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамы бойынша бағдарларды белгілемейді және ішкі валюта рыногында теңгенің айырбас бағамының алыпсатарлық секірістерінің алдын алу қажет болғанда ғана барынша аз қатысатыны болмаса, оны қалыптастыруға қатыспайды.

 

Теңгенің айырбас бағамының өзгеру қарқыны төмен және тұрақты болуы экономикадағы жағдайдың тәуір екендігін көрсетеді. Осы орайда таяу перспективаға Г.А. Марченконың сөзіне сүйенсек: «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға енгізілген өзгерісткрге сәйкес Ұлттық банктің негізгі мақсаты – осы жылдан бастап Қазақстан Республикасында бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болды.

Ұлттық банк сыртқы рынокта қазақстандық тауарлардың баға бәсекелестігі қабілетін қолдау үшін теңгенің өзгермелі айырбас бағамының режимін сақтау ниетінде, ол ақшаға сұраныс пен ұсыныстарға байланысты бағамның өзгеруіне негіз болады. Тиісінше, Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамы бойынша бағдарларды белгілемейді және ішкі валюта рыногында теңгенің айырбас бағамының алыпсатарлық секірістерінің алдын алу қажет болғанда ғана барынша аз қатысатыны болмаса, оны қалыптастыруға араласпайды».

 

 

2.4.  2004-2006 жылдарға арналған ақша-кредит саясатының негізгі бағыттары.

Өткен 2003 жыл Қазақстанның қаржы секторы үшін мерейтой жылы болды – 15 қарашада ұлттық валютаның енгізілгеніне 10 жыл толды. 10 жыл ішінде Қазақстан қаржы секторының барлық сегменттерін  дамытуда қомақты нәтижелерге қол жеткізді. Қазіргі уақытта Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда едәуір дамыған, айқын және мемлекеттің араласуынан қорғалған болып табылады. 2003 жылы барабар ақша-кредит саясатын жүргізу қаржы рыногында  тұрақтылықты қамтамасыз етті , сонымен қатар елде жоғары экономикалық өсуді сақтауға белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді.

2003 жылы орташа жылдық инфляция 6,4% болды. Жыл бойы валюта рыногындағы жағдай теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша нығаюы үрдісімен сипатталады. Теңгенің нығаюы ішкі валюта рыногына шетел валютасының едәуір әкелінуіне ықпалын тигізді. Шетел валютасының әкелінуі әлемдік рыноктағы энергия ресурстары бағасының жоғары болуына, мемлекеттік меншікті («Қазақмыс» корпорациясы» АҚ, «Ақтөбемұнайгаз» АҚ) жекешелендіруден түскен түсімдерге, сондай-ақ корпаративтік сектор мен екінші деңгейдегі банктердің сыртқы рыноктардан қарыз алуына байланысты экспорттық валюта түсімінің едәуір көлемінің түсуі себепті еді.

Өткен жылы теңге нақты алғанда АҚШ долларына қарағанда 12,4%-ға нығайды, ал еуромен және Ресей рублімен салыстырғанда тиісінше 6,9%-ға және 5,4%-ға құнсызданды. АҚШ долларына қарағанда, теңгенің  едәуір нығаюна қарамастан, тұтастай алғанда басқа елдерге – негізгі сауда әріптестеріне қатысты Қазақстан экспортерлерінің сыртқы бәсекелестік қабілетін қамтамасыз еттін шарттар 2002 және 2001 жылдармен салыстырғанда 2003 жылы әлдеқайда қолайлы деңгейде сақталды. Ағымдағы жылдың қаңтарында АҚШ доллары мен еуроға қарағанда теңгенің нақты нығаюы тиісінше 3,2% және 0,4% болады, ал Ресей рублімен салыстырғанда теңге 0,6% құнсызданды.

2003 жылғы едәуір маңызды оқиғалардың ішінен елдің сыртқы экономикалық позициясының нығаюын атап кетуге болады. Алдын ала бағалау бойынша, төлем балансының ағымдағы шоты 0,2 млрд. доллар профицитпен қалыптасты, тауарлар экспорты 13 млрд. доллардан асты (2002 жылы 10 млрд. доллар), тікелей инвестициялардың нетто-әкелінуі 1,9млрд. долларға жуық (2002 жылы 2,15 млрд. доллар) болды. Сыртқы қаржыландырудың елеулі ағыны сондай-ақ республика бантері мен кәсіпорындарының сырттан заемдер тартуы есебіне қамтамасыз етілді.

2003 жылы Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 58%-ға 4958,9 млн. долларға дейін ұлғайды, бұл 4,8айдан астам уақыт тауарлар мен қызмет көрсету импортының орнын жабуды қамтамасыз етеді. Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда 69,3%-ға 8565,2 млн. долларға дейін өсті. 2004 жылғы қаңтарда олардың одан әрі ұлғаюы 9,4% болды. 

Қазақстанда ақша базасы – 52,2%-ға 316,9 млрд. теңгеге дейін, ақша массасы – 26,8%-ға 969,9 млрд. теңгеге дейін, қолма-қол ақша – 47,6%-ға 238,7 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде 2003 жылы экономиканы монетизациялау 17,3%-дан 22 %ға дейін өсті.      

2003 жылы қаржы секторының негізгі сегментері – банк секторында дамудың жоғары қарқыны сақталды.

2003 жылы екінші деңгейдегі банктердің жиынтық активтері 46,5%-ға 1,7 трлн. Теңгеге дейін (11,7 млрд. АҚШ долларына жуық), ал жиынтық меншік капиталы – 45,1%-ға 233,9 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. 2003 жылы халықтың (резидент еместерді есептегенде) салымдарының өсуі жалғаса түсті, олар 33,4%-ға 343,2 млрд. теңгеге дейін (2,4 млрд. АҚШ долларына жуық) өсті. 2003 жылы банктердің ресурстық базасының айтарлықтай өсуі банктердің экономиканың нақты секторына кредиттерінің 45,5%-ға 978,1 млрд. теңгеге дейін (6,8 млрд. долларға жуық) өсуіне ықпал етті.

Барлық қадағалау функцияларының 2004 жылғы 1 қаңтарда құрылған Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттікке берілуіне байланысты Ұлттық банк өз қызметін сапалы дамытудың келесі сатысына өтеді. Енді негізгі күш-жігер өз ақша-кредит саясатын және валюталық реттеуді дамытуға шоғырландырылатын болды. Таяу жылдардағы басым бағыт ретінде ақша-кредит саясатын Еуропалық одақ стандарттарына барынша жақындату айқындалды.

2004 жылдан бастап Ұлттық банктің негізгі мақсаты ретінде бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету ақша-кредит саясатындағы мүлдем жаңа айқындама болып табылады.

Негізгі мақсатты орындау үшін Ұлттық банкке мынадай міндеттер жүктелген:

1   Мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;

2   Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

3   Валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

4   Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.

 

Инфляциялық таргеттеу принциптерін пайдаланатын көптеген елдер инфляция жөнінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу жауапкершілігін күшейту жағдайларында инфляция бойынша бағдарлар ретіндегі тұтыну бағаларының индексіне сүйенбейтін болады. Оның орнына инфляциялық үрдістердің негізгі бағыттарын көрсететін баға индекстерін қарастырады және монетарлық емес тұрғыдағы («базалық инфляция» индекстері) түрлі дәрежедегі күйзелістердің ықпалын жояды.

Ұлттық банк 2004 жылдан бастап «базалық инфляция» индексіне қарай бағдарлар белгілейтін болады.

2004 жылы ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты орташа жылдық «базалық инфляцияны» 4-6% шегінде ұстап тұру ретінде қалыптастырылған. Мұндай бағдарлар базалық инфляцияны есептеу әдістемесі бекітілгеннен кейін және ол бойынша нақты есептеу жүргізілгеннен кейін тағы да түзелетін болады.

Сыртқы рыноктарда Қазақстан тауарларның бағалық бәсекелестік қабілетін қолдау үшін ұлттық банк ақша сұранысы мен ұсынысына байланысты бағамның ауытқуына себеп болатын теңгенің өзгермелі айырбас бағамы режимін сақтауға ниеттеніп отыр. Соған сәйкес, Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамы бойынша бағдарлар белгілемейді.

Қаржы секторын дамыту тұжырымдамасына сәйкес ағымдағы жылы валюталық режимді ырықтандырудың екінші кезеңін (2004-2007 жылдар) іске асыру басталады, оның мақсаты валюталық операциялар жүргізуге шектеулерді жою және ағымдағы сияқты, күрделі операциялар бойынша да 2007 жылдан бастап Қазақстан теңгесінің толық айырбасталуына өту үшін жағдайлар жасау болып табылады.

Ұлттық банктің алтын-валюта резервтеріне 3 айдан астам уақытқа тауарлар мен қызмет көрсету импортының орнын жабуды қамтамасыз ететін деңгейде қолдау көрсетілді.

Ақша агрегаттарының жылдық өсуі экономикалық өсудің жоғары қарқындарын сақтауды қамтамасыз ететін болады.

Ақша-кредит статистикасын және бухгалтерлік есепті жетілдіру бойынша жұмыс жалғастырылады. Кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялардың шоттарын енгізе отырып, шоғырландырылған негізде қаржы қаржы секторына шолу жасау  жоспарлануда.

Төлем карточкаларына қызмет көрсету бойынша бірыңғай ұлттық желі (Төлем карточкаларының микропроцессорлық технология негізіндегі ұлттық банкаралық жүйесі) құруға ерекше көңіл бөлінетін болады.

Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету бұрынғыдай Ұлттық банктің құзырында қалады. Осы міндетті шешуде Ұлттық банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігімен тығыз үйлестіріп отырады.

Кредиттік ставкаларды төмендету мен шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеді кеңейтуге ықпал ету бұрынғыдай маңызды болып отыр. Осы міндетті шешу үшін Ұлттық банк жанама әдістерді, атап айтқанда, қайта қаржыландыру ставкасын біртіндеп төмендетуді пайдаланады.

Сонымен бірге, шағын кәсіпкерлікке берілетін  кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын төмендетуге банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың тәуекелдерін төмендету арқылы «Кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Заңның қабылдануы ықпал ететін болады.

Бағалы қағаздар рыногын дамытудың басты міндеттерінің бірі ұжымдық инвестициялау нысандары арқылы халықтың жинақ ақшасын тарту механизмдерін жетілдіру болады.

Ұлттық банк Алматы қаласын аймақтық қаржылық орталық ретінде дамыту жөніндегі жұмысқа белсенді түрде қатысуға ниеттеніп отыр, бұл болашақта Қазақстан қаржы рыногының халықаралық аренадағы тұрақтылығын арттыруға және тартымдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Информация о работе Ақша түсінігі