Ақша жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 18:18, реферат

Описание

Ақшаның өмір сүрудегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылды. Тауар және ақша бір –бірінен бөлінбеді. Ақша айналысы болмаса ,онда тауар айналысыда болмайды.Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалентАқша жалпы бірдей эквивалент , ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны белгіленеді және оның делдал ретінде қатысуыменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.Жалпыға бірдей эквивалент ролі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның барлық басқа тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К.Маркс айтқандай: (Табиғат ақшаны жаратпайды, алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген).Ақша -өндіру мен бөлу процнстерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.

Содержание

Кіріспе......................2
Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық категория ретіндегі түсінігі.....3
Ақшаның жүйесі, элементтері, негізгі типтері.....4
Ақша айналымы және ақша айналысы
Ақша айналымы туралы ұғым жөне оның құрылымы.....6
Ақша жүйесі және оның экономикальқ мәні
Ақша жүйесі туралы ұғым. Биметаллизм жүйесі.....9
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Реферат1.docx

— 43.37 Кб (Скачать документ)

                                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   Реферат

          Тақырыбы: Ақша жүйесі

 

 

                                   

 

   

                                                     Жоспар

   
 
            

           Кіріспе......................2

  1. Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық категория ретіндегі түсінігі.....3
  2. Ақшаның жүйесі, элементтері, негізгі типтері.....4
  3. Ақша айналымы және ақша айналысы

Ақша айналымы туралы ұғым жөне оның құрылымы.....6

  1. Ақша жүйесі және оның экономикальқ мәні

          Ақша жүйесі туралы ұғым. Биметаллизм жүйесі.....9

Қорытынды 

 

Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық категория ретіндегі түсінігі 

Ақшаның өмір сүрудегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына  негізделеді. Кез келген тауар айналысында  ақша айырбас құралы болып табылды. Тауар және ақша бір –бірінен бөлінбеді. Ақша айналысы болмаса ,онда тауар айналысыда болмайды.Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалентАқша жалпы бірдей эквивалент , ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны белгіленеді және оның делдал ретінде қатысуыменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.Жалпыға бірдей эквивалент ролі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның барлық басқа тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К.Маркс айтқандай: (Табиғат ақшаны жаратпайды, алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген).Ақша -өндіру мен бөлу процнстерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.

-         Жалпыға тікелей айырбасталу,

-         Айырбас құнының дербес формасы,

-         Еңбектің сыртқы заттық өлшемі.

Жалпыға тікелей  айырбасталу формасында ақшаның  пайдалану кез келген материалдық  құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің  бар екендігін көрсетеді. Социолизм  жағдатында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік қоғамдық жиынтық  өнімді пайдалану және бөлу мен ғана шектелді. Кәсіпорындар ,жер,орман, жерасты  сатып алынбады. Казіргі кезде  жекешелендіру процестерінің жүрумен  байланысты , жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді.Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей қткізумен байланысты емес. Ақшанің бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қарыздық бөлшектерді өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру , Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің , олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылыкөрінеді.

Ақшаның жүйесі, элементтері, негізгі  типтері.

Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Әрбір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар. 
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы » Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен катар монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері камтылады. 
Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады: 
Ақша бірлігінің атауы. ҚР-ның ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылды. 
Ақша белгілерінің тұрлері. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде ҚР ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесі болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етіледі. 
Эмиссия тәртібі. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады. 
Ақша тұрлері. Заңды төлем кұралы болып табылатын: қағаз және несие ақшалар. 
Валюталық бағам дегеніміз – бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы. 
Әлемдік тарихта ақша жүйесінің келесі типтері болған: 
- металдық айналым, мұнда ақшалай тауар ақшаның барлық қызметін атқарады, ал несие ақшалар металға айырбасталады; 
- несие және қағаз акша айналысы, мұнда алтын айыр-бастамайтын банкнотамен айналыстан ығыстырылып шығарылды және қазынаға айналды. 
Металдық айналысқа қатысты аталып өткен екі ақша жүйесі – биметаллизм және монометаллизмге тән. 
Биметаллизм – бұл ақша жүйесінде жалпы құндык эквивалент ролін заңды түрде екі металл атқарады. Алтын және күміс монеталар кең көлемде соғылып, еркін айналысқа түсті, биметаллизмнің үш түрі болды: 
параллельді валюта жүйесі, алтын және күміс монеталар арасындағы қатынас металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы түрде бекітілді; 
қосарлы валюта жүйесі, бұл қатынасты мемлекет анықтады; 
«ақсак» валюта жүйесі, күміс монеталар алтын белгісі болып қалыптасты. 
Ақша ретінде екі металдың қолданылуы жалпыға ортақ эквивалент табағатына карама-қайшы болды. Алтын мен күміс арасындағы шекті қатынасты белгілеуде қиындықтар туды. Қосарлы ақша жүйесін мемлекетаралык реттеу нәтижесіз болды. Күмістің қүнсыздануы нәтижесінде алтын монеталар айналыстан қазынаға кете бастады. 
Монометаллизм – жалпыға эквивалент ролін бір ғана металл (не алтын, не күміс) атқаратын ақша жүйесі. Алтын монометаллизмі алғаш рет Ұлыбританияда 1816 ж., Германияда – 1871-1873 жж., Франңияда – 1876 -1878 жж., Ресей мен Жапонияда 1897 ж., АҚШ-та -1900 ж. белгіленді. Күміс монометаллизм Ресейде 1834 – 1852 жж., Үндістанда 1852 -1893 жж., Нидерландыда 1847 – 1875 жж. қолданылды.’ 
Құн белгілерін алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын монометаллизмі үш түрге бөлінді: 
Алтын монета стандарты, оған алтын монетасының айналысы, алтынның ақша қызметін атқаруы, құн белгілерінін еркін алтын монеталарға өсу құны бойынша айырбасталуы және т.б. тән. 
Алтын құйма стандарты – ¥ëыбритания мен Францияда енгізілді. Мұнда банкноталар заңмен бекітілген сомманы (Ұлыбританияда – 1700 фунт стерлинг, Францияда 215 мың франктың құны 12 кг массасындағы стандарт қүймасының бағасына сәйкес келеді) ұсынған жағдайда алтын құймаларына айырбасталды. 
Алтын девиз стандарты – Германияда, Австралияда, Данияда, Норвегияда және басқа елдерде бекітілген. Бұл банкноталардың алтынға, шетел валютасына (девизіне) айырбасталатынын білдіреді. Сөйтіп, бұл стандарт бір елдің валюталы басқа елдің валютасына тәуелділігін көрсетті. 
1 Красавина Л.Н. Денежное обращение и кредит при капитализме. Финансы и статистика, 1989. 131. 
1929 -1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың нәтижесінде алтын монометаллизмнің барлық формалары жойылды. Алтынға айырбасталмайтын несиелік ақшалардың жүйесі бекітілді. Банкнотаның алтынмен қамтамасыз етілуі және оны алтынға айырбастау капиталистік елдердің барлығында тоқтатылды. Сөйтіп, 1972 ж. шетел орталық банктері үшін АҚШ долларын алтынға айырбастау да тоқталды. Ақша эмиссиясын қамтамасыз етуінің негізі мемлекеттің бағалы қағаздары болды. 
Алтын айналысынан айырбасталмайтын несиелік ақшалар жүйесі, ақша бірлігі құндарының қалыптасу механизміне қарай айырбасталды. Несиелік ақшалардың номиналдық құны оның нақты құнынан біршама асап тұрады. Эмиссиялық жүйені реттеу ашық нарықтағы операциялар, міндетті резервтер нормасы, пайыз мөлшерлемесі, ақша-несиенің басқа да әдістері арқылы, қаржы және валюта саясатының көмегімен жүзеге асырылады. 
Айырбасталмайтын несиелік ақшаларға өту ақша жүйесінің іргетастық қағидаларының, яғни ақша айналымының объективтік қажеттілігінен артық айналысқа ақша шығаруды шектеу қағидаларының бұзылуына әкеліп соқты. 
Шаруашылық механизмінің құрамдас бөлігі ретіндегі ақша жүйесі қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктерге жауап қайырады. Кез келген сәйкессіздіктер ақша жүйесінің тұрақсыздығына, ақырында ақшаның құнсыздығына, инфляцияға әкеп тірейді.

Ақша айналымы және ақша айналысы

Ақша айналымы туралы ұғым жөне оның құрылымы 

Көптеген шетел басылымдарында ақша айналымы деген ұғым кездеспейді. 90- жылдың орта шеніне дейін ТМД елдердің басылымдарында ақша айналымы және ақша айналысы деген ұғымдарға анықтама берілген. Ақша айналымы деп- колма- кол ақша мен колма-кол емес ақшаның қозғалысын айтады. Экономиканың әр үлгісі бұл үғымдардың мәні мен кұрылымын өзгертпей кейбір ерекшеліктер енгізді: Жоспарлы-орталықтанған экономика жағдайында ақша айналымының ерекшеліктері:

- қолма-кол ақша да, қолма-қол емес ақша да кәсіпорындардьң шығаратын өнімдерін алдын-ала бөлуге қызмет атқаратын. Барлық коғамдық енім өндіріс кұралдары және тұтыну заттары (өнімдер мен кызмет көрсету) түрінде, яғни бірінші жағдайда материалды-техникалық жабдықтау жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда коғам мүшелерінің табысына (жалақы, зейнетакы және т.с.с.) сәйкес мемлекетгік сауда жүйесі аркылы бөлінеді. - мемлекет заңмен ақша айналымьн: колма-кол ақша және колма-кол емес ақшаға бөліп, ақша айнамының қай түрі кандай бөлу жүйесіне кызмет атқаратын белгіледі. Сөйтіп қолма-қол ақша козғалысы халыктың акшалай табысын бөлуді көрсетсе, ал колма-кол емес акша қозғаласы өндіріс кұрал-жабдыктарын бөлуді көрсетеді;

- ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің объектісі ретінде директивалык заңдармен реттеледі;

- ақша айналымы біртектес мемлекетгік меншік формасына кызмет көрсетеді;

- акша айналымының алғашкы және қорытынды кезендері мемлекеттік банкте шоғырланып, оған мемлекеттік банк бақылау жүргізеді;

- қолма-қол ақша және колма-қол емес ақша белгілерін тек мембанк монополды құқықпен шығарды;

- мемлекеттік жүйелер алдын ала өнімге баға белгілеумен және көрсетілген қызметтерге тарифтер бекітумен шұғылданады.

КСРО негізінде құрыған ТМД елдерінің нарықтык қатынастарға өту кезінде жүргізілген іс шараларынан кейін (бағаны босату, мүлікті беймемлекеттендіру және т.б.) акша айналымында өзғерістер болды. 

Нарықтык экономика үлгісі жағдайындағы акша айналымына тән ерекшеліктер:

-ақша айналымы негізінен шаруашылықты нарықтық қатынастарға кызмет жасайды,ол бөлу қатынастарының тек аз ғана бөлшегін қамтиды;

- қолма-кол ақша және колма-қол емес ақша айналымдарын заңмен ажырату жойылды;

- ақша айналымы мемлекеттің, коммерциялык банктердің, заңды және жеке тұлғалардың жоспарлы болжауының объектісі болып табылады; - ақша айналымы әртүрлі меншік формасы жағдайында жүреді;

- ақша айналымының алғашқы және корытынды кезеңдері орталықтанбаған, яғни олар әртүрлі коммерциялык және мемлекетгтік банктерде шоғырланған;

- қолма-қол ақша  және қолма-кол емес ақша айналымы  бір-бірімен тығыз байланыста  жүреді;

- қолма-қол ақша эмиссиясын Орталык банк жүргізіп, ал колма-кол емес акша белгілерін коммерциялық банктер шығарады.Сонымен, ақша айшишмы деп қолма-қол және қолма- қол емес түрінде үзіліссіз қозғалыста жүретін акша белгілерін айтамыз. Бүл анықтама ақша айналымының мазмұнына сай келеді, себебі айналымда тек ақша белгілері жүреді.Ал металл акша жүйесіндегі әрі тауар, әрі ақша айнапымы ретінде олардың құны айналымда жүреді. Себебі металл монетаның (алтьн немесе күміс) өз құны өзінде көрсетілген (номинал) құнына сәйкес келгендіктен ақша құнының қозғалысы тауар құнының қозғалысымен бір уакытта жүрді, Сондыктан қүн айналымы тауар айналымы мен ақша айналымын біріктірді.  Қазіргі ақша айналымын құн айналымын деп атауға болмайды. Оған себеп- қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша белгілерінің өз құны көрсетілген құньмен салыстырғанда өте төмен.Айналыста жүретін тек қолма-қол ақша, ол ақша айналымының бір бөлігі. Сонымен ақша айналысы дсп - белгілі бір мерзімде қолма-қол ақшамен өтелген барлық төлемдер соммасына тең ақша айналымының бір бөлігі. Ал акша айналымы деген қолма- қол ақша мен қолма-қол емес ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айрысуын қамтамасыз ететін ақшаның кызметі.Қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол емес ақша айналымы. Айналыста тек қолма-кол ақша жүргендіктен оны ақша айналысы деп атайды, Айналыс және төлем құралдары ретінде накты ақша белгілері (банкноталар, казыналақ билеттер және ұсақ монеталар) айналыста жүреді.Қазақстан Республикасында қолма-қол ақшаны Ұлттык банк банкнота түрінде эмиссиялайды (ҚР- ның ақша өлшемі- теңге), екінші деңгейдегі банктер оның эквивалентін қолма-қол емес формада төлеп алады.Қолма-қол ақша негізінен халықтың ақшалы табысынан және жұмсаудан түседі. Бірақ ақшаның көп бөлігін салық, жарна, сақтандыру төлемін, қарызды өтеуге, бағалы қағаздар мен лотарея сатып алуға, жалгерлік ақы және т.с.с. төлеуге жұмсалады.Қолма-қол емес ақша айналымы{ төлем айналымы)- ол банктегі шот иесінің жазбаша бүйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретінде қызметін атқаруы. Ол бүкіл ақша айналымының басым бөлігін ( 90-пайызға жуығын) құрайды. Төлем айналымы төлеушілер мен сатып алушыларының банктегі шотына немесе жазу түрінде, немесе олардың талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.

Есеп айрысу операцияларын жүргізу үшін әртүрлі шоттар қолданады. Олардың арасында кең тарағаны: есеп айрысу және т.б. шоттары. Қолма- қол ақшасыз төлем айналымы: тауарлы операциялар бойынша және каржы міндетгемелері бойынша болып екі топқа бөледі. Бірінші топқа тауарлар мен кызметтер үшін қолма- қол ақшасыз есеп айрысу, екіншіге бюджетке төленетін төлемдер және бюджеттен тыс қорлар, банктік борышты өтеу, несие үшін өсімді төлеу, сақтандыру компанияларымен есептесу жатады.Қолма-қол ақшасыз есеп айрысуды үйымдастыруға әр елдің тарихи және экономикалық дамудың ерекшеліктері әсер етеді. Мысалы: ең алғаш 1775ж. Үлыбритания чекті , векселді, кейін АҚШ чекті қолдана бастаған , ал Германия- жирошотты, ТМД-ға мүше- мемлекеттер есеп айырысу шоттарын қолданылады. Қазіргі кезде пластикалык карточкаларды колдану қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды үйымдастыруда ең бір прогрессивті құрал екенін әлемдік тәжірбие дәлелдеді. Олардың көптеген түрлерінің Ішінде, негізінен, магнитті жолағы бары кең колданылады. Өркениетті мемлекеттерде жоғары корғалу дәрежесі микропроцессорлы карточканы аиналымға енгізу үшін белсенді жұмыс жүргізілуде . Банктердің есеплесу операциялары: инкоссо, аудару жәнеаккредитив болып бөлінеді  

Инкассо- әртүрлі кұжаттарды пайдаланып, клиентердің тапсырысы бойынша және олардың шотына банктердің ақша түсіру операциясы. Инкассоға чектер , вексельдер, болғалы кағаздар және т.б. құжаттар қабылданады.Инкассалық операцияның екі түрі бар: Жай инкассо- клиенттің банк арқылы коммерциялык құжатсыз койған төлем талабы негізінде банктІң үшінші жақтан ақша талуға міндеттенғен операциясы. Кұжатты инкассо- үшінші жаққа клиентпен алған құжатты көрсету және оны тек төлемді қолма -қол алғанды немесе акцепт алғанда ғана беру нәтижесінде банктІң жүргізетін операциясы. 

Аудару операциясында клиент банкіне өз шотынан белгілі - бір сомманы көрсетілген жакқа аудару жөнінде тапсырма береді.Бүндай операцияны жүргізгені үшін банк комиссиялық акы алады.

Аккредитив (латын сөзі- "сенемін")- бір банктің екінші банкке аккредитивте көрсетілген шарттарды орындағанда белгілі бір сомманы жеке немесе заңды тұлғаға төлеу жөнінде берген жазбаша тапсырмасы.

Аккредитивтің негізгі түрлері: ақшалы және құжатты. Акшалы аккредитив- атаулы ақшалы құжат. Онда белгіленген мерзім ішінде аккредитивте көрсетілген сомманы түгел немесе бөліп-бөліп оны иемденушіге төлеу жөнінде корреспондент- банкке берген тапсырма жазылған. Құжатты аккредитив-келісім-ол бойыншаэмитент-банк клиенттерінің нұсқауымен және оның өтініші бойынша үшінші жаққа төлемді жүргізу немесе оның үкімі бойынша төлеуі және ол берген аударым вексельді акцептеуі, кұжаттарды есептеу немесе сатып алуы керек.

Электрондық төлем жүйесі-ол қағазсыз тасымалдаушы электронды сигнал жіберу аркылы ақша соммасын аудару банктік шоттардың жағдайын бақылау, несиелік және есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін колданылады. Банк клиентгеріне қызмет көрсететін электрондық төлем жүйесіне:

-         автоматтандырылған есеп айрысу палатасы;

-         банктік автоматтар;

-         сауда үйымдарындағы терминалдар;

-         үйде банктік қызмет көрсетулер жатады.

Банктік автоматтар -ол клиентке банк қызметкерлерінсіз банктік электронды есептегіш машиналарға қосылып, өз бетімен операциялар жүргізуге мүмкіндік береді.

Терминалдар- сауда орындарында, сауда үйымдарында есеп айырысатын қызметкерлер банк жүйесінде төлем операциялары туралы хабар беруге және оны сол жүйеге қосуға, сонымен катар сатып алушының телем кабілеттілігі туралы хабар кері алуға мүмкіндік беретін қүрылғы.Метал ақша айналысы.Ақша өзінің материалдық- заттық құрылымы жөнінен метал ақшалар және қазыналык билеттер болып екіге бөлінеді. Метал акшаның пайда болуына байланысты ақша белгісінің салмағын өлшеу жүйесі пайда болды.Алдымен белгілі бір массасы көрсетілген бірак формасы жоқ метал сынықтарынан орнына әртүрлі массалы метал кесектері айналымға түскен. Дегенмен, жаңа дәуірге дейінгі ХІП ғасырда кейбір елдерде массасы көрсетілген металл құймалар айналыста болды. Осыған байланысты қазіргі уакытта кептеген ақша елшемінің атауы оның салмақ атауымен бірдей, мысалы: фунт, стерлинг, ливр, марка-"жарты фунт" деген үғым. Ал фунт -қазак- орыстың бүрынғы 409,5 грамдык өлшеміне тең екен. Киев Русінде ақша өлшемі гривна күмістің фунты деген мағынаны көрсеткен, ал оның тең жартысы рубль деп аталған. Металл ақшаның алғашқы түрі - құйма металл, оның формасы да әртүрлі болған (шыбык, сым, табақша және т.б.)

Информация о работе Ақша жүйесі