Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Октября 2011 в 13:36, реферат
Ақша жүйесі — белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі. Елдегі жалпыға бірдей балама ретінде қабылданған асыл металға және ақша айналысының негізіне қарай ақша жүйесі екі түрге бөлінеді.
Ақша жүйесі
— белгілі бір елде қалыптасып,
әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын
ұйымдастыру түрі. Елдегі жалпыға
бірдей балама ретінде қабылданған
асыл металға және ақша айналысының
негізіне қарай ақша жүйесі екі түрге
бөлінеді.
Тарихы
Алтын аса құнды
болғандықтан алтын монометалдығы күміс
монометалдығы мен биметалдықты ығыстырып,
19 ғасырдың аяғында ақша жүйесінің негізіне
айналды. Монометалдық жүйеде ақша жүйесін
құрушы бір металдан істелген шақалар
ғана төлем құралы болып саналады және
айналымда жаппай қабылданады. Ақша жүйесінің
негізі — алтын, ол тауардың қай түріне
де айырбастала береді. Экономикалық дағдарыстар
кезінде ақша жүйесі құлдырауға ұшырайды.
1-дүние жүзілік соғыс кезінде банкноттарды
ақшаға еркін айырбастау тоқтатылды, алтын
ақша айналыстан шығып, банкноттар қағаз
ақшаға айналды. Ал оларды аса көп, мөлшерсіз
шығару ақшаның құнын төмендетті. 1924-1928
жылғы валюталардың ішінара тұрақтануы
дәуірінде алтын монометалдығы уақытша
қалпына келтірілді. Кейін қайтадан қағаз
ақшалар айналымы қалыптасты. Ақша жүйесі
валютаның алтын баламасы заңмен белгіленетін
ақша жүйесі (мысалы, АҚШ-та доллар таза
алтынның 0,888671 г-на теңгеріледі) және валютаның
алтын баламасы заңмен белгіленбейтін
ақша жүйесі болып бөлінеді. Соңғы жағдайда
ақшаның алтындық курсы тұрақты алтын
баламасы бар валютаға байланысты анықталады.
Халықаралық валюта қорының шешімі бойынша
фунт стерлингтің алғашқы курсы АҚШ-тың
4 доллары, 1949 ж. қағаз ақшаның ресми құны
тұрақтағаннан кейін — 2,8, ал 1967 ж. — 2,4
долл. болды. Ақша жүйесі әр елде тарихи
қалыптасқан және сол елдің заңымен бекітілген
ақша айналысын ұйымдастырудың бір түрі
болып табылады. Ақша жүйесіне валюталық
металды, ақша бірлігін, шақаларды шығару
және қағаз ақшаларды эмиссиялау тәртібі
кіреді.
Ақша бірлігі
(стерлинг, теңге, доллар, марка, франк,
т.б.) одан әрі бөлшектеніп, баға көлемінің
рөлін атқарады. Ақша массасы банктік
және қағаз ақшадан, тиын ақшадан тұрады.
Банктік билет пен қазыналық билеттің
шығару тәртіптері бірдей. Олардың айырмашылығы
банктік билеттер 25% бағалы металмен және
75% мемлекетік банктің басқа активтерімен,
ал қазыналық билет мемлекеттің барлық
мүлкімен қамтамасыз етіледі.
Ақша айналымын
ұйымдастыру ақша кеңістігі, ақша рыногы
және ақша реформасы сияқты ұғымдармен
тығыз байланысты. Ақшаның белгілі
бір аймақта өз күшін сақтауы ақша кеңістігін
құрайды. Әр мемлекеттің ақшасы сол елдің
аумағында пайдаланылады. Кейбір елдер
өзара келісім бойынша ортақ ақша кеңістігін
орнатуы мүмкін. Мысалы, Кеңестер Одағы
кезінде сом пайдаланылды, яғни, одақтас
республикалар бір ақша кеңістігінде
болды. Кейін республикалар тәуелсіздік
алғаннан кейін олар өз ұлттық ақшаларына
көшті, сөйтіп біртұтас ақша кеңістігі
жойылды. Қазіргі кезде Батыс Еуропа елдері
өздерінің ақша кеңістігін кеңейту мақсатында
ұлттық ақшадан мемлекетаралық ақшаға
көшуге бағыт алып отыр (қазіргі Еуро).
Ақша рыногына ақша қаражатымен тауарларды
сату және сатып алу рыногының бір түрі
немесе несиелік капитал рыногының бір
бөлігі жатады. Ақша рыногының агенттеріне
банкілер, брокерлік және дилерлік фирмалар,
несие ақшаларды, валюталарды, бағалы
қағаздарды сату, сатып алуға қатысушы
қаржы-несие ұйымдары енеді. Ақша рыногының
көмегімен кәсіпорындардың, фирмалар
мен компаниялардың айналым қаражаты
қамтамасыз етіледі, банкілердің қысқа
мерзімдік ресурстары қалыптастырылады,
мемлекет пен ұйымдар, жеке тұлғалар қысқа
мерзімдік несиелер алады. Халықаралық
валюта-несие қатынастарының дамуына
орай халықар. ақша рыногы қалыптасып,
шетел валюталарымен операциялар жасалады.
Ол несие айналымы операциялары үшін қазыналық
және коммер. вексельдерді, чектерді, аккредитивтерді,
депозиттік сертификаттарды, банкі акцептерін
және басқа есептеу жолдарын пайдаланады.
Қазақстанның
ақша рыногы
Қазақстанның
ақша рыногы заңдар мен нормативті
актілерге сәйкес реттеледі. Нақтылы
экономикалық саясатты жүзеге асыру мақсатында
ақша реформасы жүргізіледі.
Ақша реформасына
мемлекет билігі мен ақша жүйесінің
толық немесе ішінара өзгеруі
және ақшаның бір жүйесінің
Ақша жүйесінің типтері
Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементері болады. Ақша жүйесінің типі — бұл ақшаның қандай нысаны болуын сипаттайды. Осыған байланысты, ақша жүйесінің төмендегідей типтерін бөліп қарайдық.
металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тікелей айналыста бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады;
несиелік және
қағаз ақшалар жүйесі, яғни алтын
айналыстан алынып тасталып, оның орнына
несиелік және қағаз ақшалар айналысқа
түседі.
Металл ақша айналысы екіге бөлінеді:
Биметализм — жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын мен күміске) негізделген ақша жүйесі.
Биметаллизмнің үш түрі болған:
қос валюталы жүйе, яғни мұнда алтын мен күмістің арасындағы шекті қатынас, металдардың нарықтық құндарына байланысты белгіленген;
қатар жүретін валюталар жүйесі, яғни мұнда бұл қатынас мемлекет тарапынан белгіленген;
ақсақ валюта жүйесі, яғни мұнда алтын және күміс монеталары заңды төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс монеталарын жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталарын жасауға ерік берілді.
Биметаллизм XVI—XVII
ғасырларда кеңінен тарап, ал Еуропа
елдерінде XIX ғасырда дами бастады.
Бірақта биметалдық ақша жүйесі капиталистік
шаруашылықтың даму қажеттілігіне
сәйкес келмеді, себебі екі металды құн
өлшемі ретінде қатар пайдалану ақшаның
бұл қызметінде қарама-қайшылық тудырды.
Нәтижесінде, жалпы құн өлшемі ретінде
қызмет ететін бір ғана металдың болуы
талап етілді. Сөйтіп, биметализм ақша
жүйесінің орнына монометализм ақша жүйесі
келді.
Монометаллизм — бұл барлығына бірдей балама және ақша айналысының негізі ретінде бір ғана металл (алтын немесе күміс) қызмет ететін ақша жүйесі.
Күміс монометаллизмі
Ресейде 1843—1852 жылдары, Индияда 1852-1893
жылдары, Голандияда 1847—1875 жылдары қызмет
етті. Алтын монометаллизмі (стандарт)
алғаш рет ақша жүйесінің үлгісі ретінде
XVII ғасырда Ұлыбританияда қалыптасып,
1816 жылы заңды түрде бекітілді. Көптеген
елдерде ол XIX ғасырдын, аяғына қарай енгізілді,
айталық: Германияда — 1871—1873 жылдары,
Швецияда, Норвегияда және Данияда — 1873
жылы, Францияда 1876— 1878 жылдары, Австрияда
- 1892 жылы, Ресейде және Жапонияда —1897
жылы, АҚШ-та — 1900 жылы. Алтынға ауыстырылатын
құн белгілерінің сипатына байланысты
алтын монометаллизмі мынадай түрлерге
бөлінеді: алтын монета стандарты, алтын
құйма стандарты және алтын девиздік (алтын
валюта) стандарты.
Алтын монета стандарты
— бұл еркін бәсекенің
алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерін бірдей атқарды;
алтын монеталарды құюға рұқсат етілді (әдетте елдің монета сарайында);
толық құнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және шектеусіз мөлшерде алтын монетаға ауыстырылды;
алтынды және шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруға және ішке алып келуге болатын болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсындағы бюджет тапшылығының өсуі, оны займдар және ақша шығару есебінен жабу эмиссиялық банктердің алтын қорларынан көп мөлшерде айналыстағы ақша массасының өсуіне әкеліп, нәтижесінде қағаз ақшаларды алтын монеталарға еркін ауыстыру қаупін туғызды. Бұл кезендерде алтын монета стандарты соғысушы елдерде өзінің қызметін тоқтатса, кейіннен көптеген елдерде де (АҚШ-тан басқа) тоқтатты. Сөйтіп, банкнотаны алтынға ауыстыру тоқтатылады, және оны сыртқа шығаруға тыйым салынады, сондай-ақ алтын монеталар қазынаға сақталуға жіберіледі.
Бірінші дүниежүзілік
соғыстан соң жайлаған капитализм дағдарысы
тұсында, ешбір капиталистік мемлекет
өзінің валюталарын алтын монета
стандарты негізінде калпына
келтіре алмады. 1924—1929 жылдары ақша
реформасының жүруі барысында алтын
стандартына қайта оралып, яғни оның мынадай
екі қысқартылған нысаны жасалады: алтын
құйма стандарты және алтын девиз стандарты.
Алтын құйма стандарты
Алтын құйма
стандартының алтын монетадан айырмашылығы,
мұнда айналыста алтын монета
болмайды және алтын монетаны еркін
түрде жасауға тыйым салынады. Мұнда банкноталар,
басқа толық бағалы емес ақшалар сияқты
алтын құймасына тек олардың сомалары
көрсетілген жағдайлар да ғана айырбасталды.
Англияда 12,4 кг алтын құймасының бағасы
1700 фунт стерлинг, Францияда 12,7 кг салмақтағы
алтын құйма бағасы — 215 мың франке тең
болды.
Алтын девиз стандарты
Австрия, Германия,
Дания, Норвегия және басқа да елдерде
алтын девиз (алтын валюта) стандарты
бекітіліп, мұнда да айналыста алтын
монета және алтын монетаны еркін
түрде жасау болмайды. Мұнда банкноталарды
алтынға ауыстырылған шетел валюталарына
ауыстыру жүргізілді. Осындай жолмен алтын
девиз стандартын қолданатын елдердің
ақша бірліктерін алтынға ауыстыру арасында
жанама байланыс сақталды. Сонымен, 1929—1933
жылдары дүниежүзілік экономикалық дағдарыс
нәтижесінде алтын монета стандарты барлық
елдерде бірдей айналыстан алынып тасталынып,
(мысалға, Ұлыбританияда — 1931 ж., АКДІ-та
1933 ж., Францияда —1936 ж.) оның орнына алтынға
ауыстырылмайтын банкнот жүйесі бекітілді.
Ақша жүйесінің элементері
Қазіргі ақша жүйесі
мынадай элементерден тұрады: ақша
бірлігі, ақша түрлері және эмиссиялық
жүйе.
Ақша бірлігі
Ақша бірлігі
— барлық тауарлардың бағаларын
бейнелеуге қызмет ететін, заңды түрде
бекітілген ақша белгісі. Ақша бірлігі
ұсақ бөлшектерге бөлінеді. Кептеген елдерде
1:10:100, яғни ондық бөлу жүйесі бекітілген.
Мысалға, АҚШ-тың 1 доллары 100 центке тең,
ағылшынның 1 фунт стерлинг — 100 пенсаға,
Ресейдің 1 рублі —100 копеекке, Қазақстаннның
1 теңгесі — 100 тиынға және т.с.с.
Әлем елдерінің ақша бірліктерінің атаулары төменгі кестеде берілген.
Тмд және кейбір елдердің ақша бірліктеріЕлдің атаулары Ақша бірлігі Елдің атаулары Ақша бірлігі
Қазақстан 1 теңге = 100 тиын АҚШ 1 доллар = 100 цент
Ресей 1 рубль = 100 копеек Англия 1 фунт стерлинг = 100 пенса
Украина 1 гривня = 100 копийка Израиль 1 шекель стерлинг = 100 агора
Беларусь 1 рубль = 100 копеек Жапония 1 иен = 100 сена
Өзбекстан 1 сум = 100 тийн Сауд Арабиясы 1 риал = 100 халал
Қырғызстан 1 сом = 100 тыйн Түркия 1 лир = 100 куруш
Тәжікстан 1 сомони = 100 дирам Кувейт 1 динар =100 дирхам = 1000 филса
Әзірбайжан 1 манат = 100 гепик Қытай 1 юань = 10 цзяо = 100 финям
Армения 1 драм =100 люма Йемен 1 риал = 100 филса
Молдова 1 лей =100 бань Кипр 1 фунт =100 миллима
Біріккен Араб Әмірлігі 1 динар = 100 филса Үндістан 1 рупия 100 пайса
Ауғанстан 1 ауған = 100 пул Марокко 1 дирхам = 100 сантима
Египет 1 фунт = 100 пиастра Моңғолия 1 тугурик =100 мунгу
Австралия 1 австралия доллары = 100 цент Тайланд 1 бат = 100 сатанга
Ирландия 1 ирландия фунты = 20 шиллинг =240 пенса Бразилия 1 крузейро = 100 сентаво