Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 17:41, реферат
Бағалы қағаздар нарығын олардың шығуы мен бағалы қағаздар нарығына қатысушылар арасындағы экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда ол кез келген басқа тауар нарығының анықтамасынан ерекшеленбейді. Зерттелетін нарық нысанын жеке салыстырғанда ғана айырмашылық пайда болады. Бағалы қағаздар нарығының номенклатурасы қандай да бір жеке тауар нарығына емес, тұтас тауар нарығына сәйкес келеді, әрі кез келген елдің қаржы нарығының құрамдық бөлігі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының негізін тауар нарығы, ақша және ақшалай капитал құрайды.
Тіркеушінің функциялық
- бағалы қағаз иелерінің тізімін жүргізу арқылы меншік
құқығын тіркеу және аталған тіркеуді растайтын
жазбаша немесе электрондық құжаттарды ресімдеу;
- бағалы қағаз иелерінің тізілімін енгізу және сақтау;
- тізілімнен көшірме беру жолымен бағалы қағаз
иелерінің құқығын растау;
- бағалы қағаздардың меншік құқығының өзгеру
фактісін тізілімдегі тиісті жазуды өзгерту жолымен
тіркеу;
- дауыс құқығын және бағалы қағаздар меншігі құқығы-
ның ауыртпашылық түсірген
- эмиссияланған бағалы қағаздардың мөлшерін және
оның тіркелген мөлшерге сәйкес келуін бақылау;
- құжаттамалық формада шығарылған бағалы
қағаздардың сертификаттарын сақтау, беру және өтеу;
- корпорациялық әрекеттерді тіркеуді жүзеге асыру;
- тіркеуші эмитентке оны жалпы жиналысқа дайындау,
сондай-ақ дивидендтік есеп айырысу бойынша кеңес
беру қызметін көрсетуге
Тіркеуші заңмен белгіленген жағдайларды ескермегенде тізімді немесе оның бөлігін жүргізу бойынша өз өкілеттілігін басқа тұлғаға жүктей алмайды. Оның тізімін өзі жүргізсе де эмитенттерге тиесілі бағалы қағаздардың меншік құқығын тіркеушінің сатып алуға құқығы болмайды;
3) клирингтік ұйымдар - қаржылық құралдармен мәмілелерді орындауға қатысатын тараптардың талаптары мен міндеттемелерін өзара есепке жатқызатын қаржы нарығының кәсіби қатысушылары;
4) кастодиандар - клиенттердің қаржылық құралдары мен ақшасын сақтайтын, әрі олардың есебін жүргізетін, оларды сақтау міндеттемесін өз мойындарына алумен қаржы құралдары мен ақшаға байланысты олардың құқығын растайтын қаржы нарығының кәсіби қатысушылары. ҚР-да кастодиандық қызметпен және сейфтік операциялармен айналысуға лицензиясы бар банктер ғана кастодиан бола алады;
5) бағалы қағаздар портфелін басқарушы - клиент есебінен және оның мүддесі тұрғысынан азаматтық құқықтың объектілерін басқару жөніндегі қызметті өз атынан жүзеге асыратын қаржы нарығының кәсіби қатысушылары. Олардың негізгі функциялары:
- ақшаны қаржылық құралдарға инвестициялау;
- қаржылық құралдармен орындалатын мәмілелердің
есебін жүргізу;
- өздеріне жүктелген қаржылық құралдарды пайдалану,
әрі оған иелік ету.
Бағалы қағаздар нарығыңдағы кәсіби қызметтің қандай да бір басқа түрлерімен қатар қолданылмайтын айырықша түрлеріне мыналар жатады:
- бағалы қағаз иелерінің тізімін жүргізу;
- депозиттік қызмет - тек клирингтік қызметпен ғана
қатар қолданыла алады;
- инвестициялық қордың бағалы қағаздар портфелін
басқару;
- қор биржалары;
- биржадан тыс нарықтың баға белгілеу жүйесі;
Айрықша қызмет түрлерін есепке алмағанда, кез келген басқа қызмет түрлерімен кастодиандық қызмет қатар жүргізіле береді, ал бағалы қағаздар портфелін басқару брокерлік, дилерлік және кастодиандық қызмет түрлерімен қатар қолданыла алады.
Бағалы қағаздар нарығындағы кез келген қызметтің міндетті шартына заңды тұлғалар үшін мемлекеттік лицензияны алуы жатса, жеке тұлғалар үшін - ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктің біліктілік куәлігі қажет.
2004 жылы Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті 50-ден аса компания жүзеге асырды. Олардың 38-і бұл құқыққа 1996 жылдың басында ие бодды. Кәсіби қатысушылардың құрамына екінші деңгейлі 23 акционерлік банк кіреді.
Информация о работе Бағалы қағаздар нарығының мәні, функциялары және қатысушылары