Банктер қызметіндегі несие түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2012 в 11:26, курсовая работа

Описание

Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйіт – құрылым. Өзге экномикалық категориялар сияқты несиеде бір – бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатанастың барлық субъектілері, сондай – ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................... 3

І. Несиенің мәні және несие қатынастарының пайда болуы.................. 6

1.1 Несие теориясы және оның дамуы...................................................... 6

1.2 Несие түрлері......................................................................................... 9

ІІ. Несие қызметінің түсінігі.......................................................................20

2.1 Несиенің қызметі, шын мәніндегі ақшаларды айналымның несиелік құралдарымен ауыстыру..................................................................................21

2.2 Несие мен ақшаның өзара әрекеті........................................................23

2.3 Несиенің экономикалық рөлі және оны қолданудың шектері..........25

Қорытынды...............................................................................................28

Пайдаланған әдебиеттер..........................................................................29

Работа состоит из  1 файл

курсовой банк .doc

— 187.00 Кб (Скачать документ)

     Несиенің ұдайы өндіріс процесінде  алатын орны жайлы біркелкі  ғалымдардың пікірлері жоқ. Кейбір  ғалымдар оны айналым белгісіне  жатқызса, басқалары бөлу белгісіне  жатқызады. В.М. Тарасов несиені  ұлттық табысты қайта бөлу  процесіне қатысатындықтан бөлу категориясына жатқызады. Және де соған қарамастан, несиенің айырбас қатынастарына тән ерекшеліктері мен мүмкіндіктері бар.

     Айырбас фазасына бөлу (өндіріс  нәтижелерін бөлу) қатынастарының  сәтін айрықшалап көрсету мүмкін  болғандықтан, несиелік қатынастарды да дәл осыған жатқызуға болады. Сондықтан несие бөлу категориясы бола отырып, айырбас белгісіне де жатады, немесе екі жақтылық ерекшелікке де ие. Мұның өзі несиенің қызметіне тән екендігін көрсетеді.

     Несие туралы теорияда, оның атқаратын  қызметінің саны мен мазмұны жайлы  орныққан  біркелкі  көзқарас  жоқ.   Біреулер  екі  ( қайта   бөлумен айналымның несиелік құралдарын жасау), басқалар үш түрлі (осы аталған екеуінен бөтен бақылауды қосады), үшіншілер - төрт (және капиталды шоғырландыру мен орталықтандыру бөліп көрсетеді) көзқарастарды атайды. Ал, жекелеген авторлар несиенің қызметін: айналымдағы шығындарды үнемдеп, экономиканы ретке келтіру, уақытша бос қаражаттардың жинастыру т.б. деп түсіндіреді.

     Несиенің бақылау қызметі: дегенде  ол – ақша, қаржы сияқты басқа да категорияларға тән екендігін айтқан дұрыс. Ал, шынында бақылауды несие емес, банк жүзеге асырады.

     Өндірістік қорлар айналымның  жанама түрлері бойынша несиенің  қызметі ақшаларға да, қаржыларға  да тән – бұл  біріншіден, екіншіден қорлар айналымдардың құндылық категорияларының мазмұнына да енеді. 
 
 
 
 

- 20 -

2.1. Несиенің  қызметі. Шын мәніндегі ақшаларды  айналымның несиелік құралдарымен  ауыстыру. 

     Қазіргі кездегі нарық шаруашылығында  шын мәніндегі ақшалар(алтын)  ел ішінде айналысқа түспейді, олдардың несие негізінде шығарылған ақша белгілері айналымда болады. Нарық ақшалардың шығарылуы, немесе қолма – қол есептегі ақша қорларын ұлғайту сол мезетте экономиканы несиелеудің ресурсы болып табылады.

     Несиенің мұндай қызметінің дамуы банк жүйесінің пайда болуымен байланысты екендігін ескерген жөн. Ақшаларды банкінің есеп шотында сақтау ақшалай міндеттемелер бойынша тауарлар мен қызмет үшін қолма – қол ақшасыз есептерді жүзеге асыруға, өзара қарыздарды есепке жатқызып жойып отыруға мүмкіндік береді. Мұның өзі ақшаны қолмен санап алыс беріс жасау айналымын және айналым шығындары мен өнімсіз шығындарды едәуір азайтты. Шаруашылық жүргізу субъектілерінің және халықтың есепшоттардағы қаржылық банкілердің несиелік ресурсы болып саналып, есепшоттардағы көрсетілген ақша айналымы банкінің ақша қаржыларының иелерімен несиелік байланыстары болып қалады.

     Несиелеу процесі кезінде ақша  массасының  құрылымына, төлем айналысына  және ақша айналымының жылдамдығына  әсер ететін сол ақша айналымы үшін түрліше төлем қаржылары құрылады. Яғни нағыз ақшаларды несиелік ақшалармен және несиелік операциялар ауыстыру жүзеге асырылады. Айналымда ең қарапайым қарыздық міндеттемелер- вексельдерден бастап қазіргі электрондық ақшаларға дейінгі несие ақшаларының түрліше формалары пайда болады.

     Экономиканың дамуының алғашқы сатысында бұл айналымнан алтынды ығыстырып шығарумен байланысты болды. Қазіргі кезде нағыз ақшаларды алмастыратын несие қызметі ақша тасқындарының қозғалысын тездететін қолма қол ақшасыз есептер, несие карточкаларын, вексельдерді, чектерді, депозиттік сертификаттарды қолдану арқылы көрініс танытады.

     Осы кездегі шаруашылықта қолдағы  аұшаны несие операцияларымен  ауыстырудың қажетті шарттары  жасалған. Ақшаларды бір есепшоттан  екіншілеріне қолма-қол ақшасыз есеп жасау үшін аудару, өзара талаптарды қанағаттандыруға байланысты, ақша айналымының құрылымын жақсартуға мүмкіндіктер туады.

     Бұл жерде айрықша ескеретін  жәйт – неисе осы қызметінің  барысында ақшаларды жалпылама  ауыстырудың емес, оларды экономикалық айналымда уақытша ауыстыру қызметін, яғни несие ақшаның ролін атқарады. ТМҚ – ны алу, қызметтерді төлеу, еңбекақыларды, зейнетақыларды төлеу үшін пайдалануды және т.б.

     Демек, нағыз ақшаларды несиелік  ақшалармен және несиелік операциялармен алмастыру, негізінен, екі түрлі жолмен жүзеге асырылады:

  

- 21 -

-  алтының  орнына айналымға экономиканы  несиелеу жолындағы несиелік  ақшалар шығарылады, олар тауарлармен  және қызметтермен қамтамасыз  етіліп, міндетті түрде банкідегі  эмитетке қайта келіп түсулері қажет;

   -   несиелеу барысында төлем  қаржылары жасалады, яғни, қолма  – қол  ақшасыз есеп айрысуды  ұйымдастыруға байланысты айналымға  ақшасыз қолма – қол есептер  жасалынатын ақшалар келіп түседі. 
 

     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

- 22 -

         2.2.   Несие мен ақшаның өзара әрекеті. 

     Адамдар көп жағдайда несиені  ақша сияқты қабылдайды. Бір қарағанда,  несие - әсіресе, ақша түрінде ұсынылатынбанк және несие – түрлі ұғымдар ғана емес әртүрлі қармы – қатынастар да болып табылады.

     Несие мен ақша – түрлі экономикалық категориялар. Ақшаға қарағанда несие тарлау болып келеді. Себебі, несие қарым – қатынастың субъектілері барлық заңды, заңды емес және тұлғалар болып табылады.

     Осыған байланысты несие және  ақша қарым-қатынасының ең бірінші ерекшелігі – қатысушылар құрамының әр түрлі екенін атап өткен жөн. Ақша қарым қатынасына сатып алушы мен сатушы қатысады, ал ақша жалпы балама сияқы ақшаны алушы мен сатушы субъектілері арасындағы қарым қатынас нәтижесінде осындай қалыпқа енеді. Бұл жағдайда тауар мен ақшаның ыңғайластық қозғалысы жүреді.

     Несие қарым – қатынасының   қатысушылары несие беруші мен  қарыз алушы болып табылады, ал  несие құнның қайтарылу қозғалысының  себебі бойынша ерекше қарым  – қатынасты көрсетеді. Бұл  жағдайда құн ыңғайластық қозғалысқа түспейді, өйткені ол несие берушіден қарыз алушыға өтеді және белгіленген мерзім өткеннен кейін өз иесіне қайтады. Несиеге ақшалай қарым – қатынаста жол берілмейтін мерзімі ұзартылған төлем тән. Соған қарамастан ақша мен несие бір – бірімен қатар болып, өзата әрекетке түседі. Сонымен, тауарларды несиеге сату процесінде төлем құралы ретінде несие мен ақша қатысады.

     Несие мен ақша әр түрлі  тұтыну құнына ие. Несие пайыз  келтіретіндігімен ақшадан ерекшеленеді.

     Несие ақша түрінде де, тауар түрінде де ұсынылуы мүмкін.

     Бұл ерекшеліктерге қарамастан  тауар ақша қатынасының талаптарында  ақша мен несие тығыз байланыста  дамып , ұдайы өндірістің барлық  қорына Қызмет көрсету арқылы  өзара бір бірін толықтырады.

     Банк берген несие клиенттерге банктің депозит есепшоттарына жаңа ақша салуға мүмкіндік береді. Клиенттер оларды төлем құралы ретінде жеткізушілердің шоттарын және басқа да төлемдерді өтеу үшін пайдаланады.

      Банк клиенттері, яғни банк еспшотының  иелері бір уақытта ақша және несие қарым-қатынасының субъектілері де болып табылады. Нарық экономикасының жағдайында несие мен ақшаның өзара әрекет етуінің алдағы уақытта күшейе беру тенденциялары көрініс табады. Оған мына себептер бар:

    -  қолма – қол ақшасыз есеп айрысудын кеңеюі, Интернет арқылы есеп айрысудың электрондық жаңа жүйелерінің, төлем карталарының, дебет карталарының пайда болуы, бір жағынан, банк шоттарына ақшаны тартып, оларды несие ресурстарына айналдыру себеп болса, екінші жағынан ақша  
 
 

- 23 -

айналымын тездетеді, сондықтан ақшаның бір бөлігі есеп айрысу үшін керексіз болып қалады және депозит есепшоттарына банктің несие ресурстарын көбейтіп, тұрақталып қалады;

    -  орталық банктер несиені экономиканы ақша – несие жағынан реттеуінің негізгі құралы ретінде пайдаланады. Оның шегі тарылу немесе кеңеюі арқылы айналымдағы ақша жиынтығына банктің эмиссиялық қызметіне, әсер етеді.

     Болашақта несие мен ақшаның  өзара әрекеті жалғасып, күшейе  береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

- 24 -

     2.3.  Несиенің экономикадағы ролі және оны қолданудың шектері 

     Несиенің ролін несиелік қатынастардың  жұмыс істеуіне әкеліп соқтыратын  нәтижесімен анықтауға болады. Несие  өзінің қызметі арқылы ұдайы  өндіріс процесіне әсер етеді. Жоғарыда аталып өткендей, несиенің өз қызмет саласы бар, ол қозғалыстың барлық құндылықтарымен емес, шаруашылық айналымда пайдаланылмай тұрған, қайта айналып құйылудың бастапқы кезінде қайта бөлінуі мүмкін бөлігімен ғана байланысты. Несиенің көмегімен шешілетін міндеттер қоғамдық дамудың әр түрлі кезеңдеріне өзгеріп отыруы мүмкін.

     Экономика дамуының сатысына  қарамастан, несиенің арқасында  қарыз беру капиталы құрылып,  оның өнім өндіруге пайдалануы  қамтамасыз етіледі. Несие ұдайы  өндіріс процесінің үздіксіздігі мен тездетілуіне қызмет етеді. Уақытша бос материалдық және ақшалай қаржыларды қайтарымдық және төлемдік негізде қайта бөлуді қамтамасыз етуші несие кез – келген экономикалық субъект бойынша ағымдағы өндірістік шығындар мен табыстардың арасында, өндірістің маусымдық сипаты мен экономика саласында тауарларды сатып реттеуді арасында, капиталдың жұмсауға қажетті көлемі мен қолда  бар жиынтықтардың арасында болатын қарама –қайшылықтарды шешіп отырады. Ұдайы өндіріс процесін несие арқылы түзету ең алдымен қоғамдық өндірістің үздіксіздігін қуаттап отырудың арқасында қамтамасыз етіледі. Жоғарыда көрсеткеніміздей, қорлар айналысының біркелкілік танытпайтындығына байланысты бір полюсте бос тұрған қаржылар пайда болады, екіншісінде оларға деген тапшылық орын алады. Уақытша қаржылық қиыншылықтарға ұшыраған кәсіпорындарға берілетін несие оларға ұдайы өндіріс процесін жалғастыруға ТМҚ үшін ақы төлеудің қамтамасыз етуге, еңбекақы төлеуге және т.б. мүмкіндіктер тудырады.

     Жаңа өндіріс ашу мен оларды  кеңейту ісінде де несиенің атқаратын ролі зор. Несиенің көмегімен айтарлықтай қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орталықтандыру жаңа өндірістердің ірі жобаларын іске асыруға, жаңа техниканы өндіруге, жоғары қосымша құны бар өнімдерді өндіруді қайта жарақтауға байланысты салынатын мол салымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

     Қазақстанда экономиканың шикізаттық  бағытынан арылып, жоғары дамыған  өңдеу секторын құру мақсатын  көздейтін ҚР – ның 2003 –  2015 жылдарға арналған индустриалық  – инновациялық  даму стратегиясы жүзеге асуда. Бұл ретте өзінің несиелік қаржыларын осы Бағдарламаны жүзеге асыруға бағыттайтын несие жүйесіне үлкен үміттер артылуда. Несиені капиталдық салымдар есебінен пайдаланудың бюджеттік қайта айналмалы қаржыландырумен  айтарлықтай маңызды артықшылықтар бар. Ол капиталдық шығынның тиімділігін осы шаралардың пайда есебінен қарызды  
 

- 25 -

өтеудің мүмкіндіктерін анықтаумен әрі неесие шараларының өтелу мерзімі шегінде  қарызды өтеудің мерзімін белгілеумен  жүйелі бақылауға мүмкіндік береді.

     Несиенің ақша айналымы саласында да алатын орын айрықша. Ол ақша айналымының үнемделуінен көрінеді. Неисе өзінің қызметі – айналысының құралын құруға байланысты:

     -  біріншіден, аұша белгілерін  дайындау, шығару, есеп жүргізу мен  сақтау шығындарын қысқартады;

      -  екіншіден, несие бос ақша  қаржыларын сан рет пайдалана  отырып, қолма қол ақшасыз есептеулерді  қысқартып, айналым шығындарын  азайтады;

      -   үшіншіден, айналымның шығындары  маусымдық қажеттіліктерді қосымша  қаржылар есебінен көбейткенде қорлардың кемуіне байланысты қысқарады.

     Кәсіпорындар мен халықтың қаржыларын  банкілердің есепшотында сақтау  ақша есептерін банкінің есебінде  жазу арқылы, яғни қолдағы бар  ақшан ың қатысуынсыз жасауға  мүмкіндік береді. Қолма – қол  ақшасыз есеп экономикадағы есептеулерді тездетіп, айналымның шығындарын азайтады, мемлекеттік қарыз беру қорын арттырады.

     Қолдағы ақшалардың айналымға  түсуі және оларды айналымнан  шығару несиелік негізде жүргізіледі,  мұның өзі айналыстағы ақша  көлемін реттеп және оларды басқаруға, дәлірек айтқанда валюта мен инфляцияның тұрақтылығын ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Информация о работе Банктер қызметіндегі несие түрлері