Банктік несиелердің есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 09:26, реферат

Описание

Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру қазақстан Республикасы банкісі бекіткен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензиясы берілген ұлттық банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге асырылады. Несие негізінен оны өтеу қабілеті бар кәсіпорындарға беріледі.
Несие өтеу қабілеттілігі кәсіпорынның өзінің борышты міндеттемелерін толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз.

Содержание

1.Несие түрлері
2. Несиенің берілу шарттары
3.Алынған несиенің есебі бойынша жүргізген құжаттар

Работа состоит из  1 файл

Банктік несиелердің есебі.doc

— 34.50 Кб (Скачать документ)


Банк несиелердің есебі.

 

Жоспар

 

1.Несие түрлері

 

2. Несиенің берілу шарттары

 

3.Алынған несиенің есебі бойынша жүргізген құжаттар

 

1)Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру қазақстан Республикасы банкісі бекіткен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Несие беру және оның  операцияларын жүргізу лицензиясы берілген ұлттық банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге асырылады. Несие негізінен оны өтеу қабілеті бар кәсіпорындарға беріледі.  

Несие өтеу қабілеттілігі кәсіпорынның өзінің борышты міндеттемелерін толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз. Кәсіпорындарға несие, негізінен, өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға және оның ғылыми техникалық деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғары жаңа өнім түрлерін шығаруға,ынталандыруға, халыққатүрлі қызметтерді көрсетуге, халық үшін экспортқа тауар шығаруға байланысты шаралар мен мақсаттарға беріледі. Олардың ішінен жеке көңіл бөлетіндері өз міндеттемелерін дер кезінде орындайтын клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің дипозиттерімен және шоттарына сақтайтын банк акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі.

Несие мерзімділік, қайтарымдылық және төленетін жағдайында коомерциялық  және келісім шарт негізінде беріледі.

  2)Несие беру банктердің өздерінде бар несие қорларының көлемінде жүзеге асырылады. Банк қарыздары (ссудасы) бұрындары берілген ссуда бойынша қайтару мерзімі өтіп кеткен қарыздары жоқ болса ғана беріледі.Банк мекемесі табысы төмен кәсіпорындарға несие беру үлкен қауып туғызатындықтан, ондай кәсіпорындармен несие қатынастарын орнату мәселесі жан-жақты зерттеледі.

Кәсіпорын несие алу үшін несиенің сомасы және пайдалану мақсаты, өтеу мерзімі, сондай-ақ несиеленетін шараның қысқаша сипаттамасы және оның жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда жазбаша түріндебанкке өтініш беріледі. Банк жасалған өтініштің негізінде, егер кәсіпорынның қарызы жоқ болса, және бұрындары аталмыш кәсіпорын олардың берген несиесін оқтын-оқтын  пайдаланып отырған болса, онда кәсіпорынның берген өтінішінің оң шешімін табу мүмкін.

Әдетте, қарыз шоттары банктерде есеп айрысу шоты ашылған жерінде  ашылады.Бұл үшін кәсіпорын банкке төменде келтірілген өтініш міндеттемесін ұсыну керек.Несие беру келісім шарты бекітілігенге дейін қарыз алушының несиені қайтару қабылеттілігін мұқияат талдауға қарыздың өтелмеуіне әсер ететін факторларын қарыз алушының атағын, бұрын алынған ссудасын уақытында өтеуін (соның ішінде басқа банктерден де), басқа міндеттемелерге қатынасын қарыз алушының экономикалық және қаражаттық жағдайын, балансы бойынша төлем қабылеттілігін және несиені пайдалану тиімділігін және  т.б мүмкіндіген зерттеуге міндетті.

Банк қарыз алушыға несиелік қызымет көрсету үшін онымен бірге бір жылға немесе одан ұзақ мерзімге шарт жасайды және әрбюір несие берудің жағдайын әрбір клиент бойнша жеке дара анықтайды.

Қысқа мерзімді несие әдетте, 12 айдан аспайтын мерзімге несиеленетін материалдық құндылықтардың айналысмдылығына және шыққан шығынның өзін-өзі ақталыуына негізделіп беріледі. Жекелеген жағдайларда өндіріс цикылының ерекшелігіне байланысты несиелер неғұрлым ұзағрақ мерзімге де, бірақ 2 жылдан аспайтын мерзімге де берілуі мүмкін.

Несие алған жағдайда:1031,1011-есеп айрысу мен касса шоты:3310 -жабдықтаушылар мен мердігерлердің шотын несиенің есебінен төлеген кезде аталған шоттар дебеттеліп және 3010 (банк несиелері) шоты кредиттеледі. Несиені өтеген жағдайда 3010 шоты дебеттеліп және 1031шоты кредиттеледі.Алынған несие бойынша мерзімінде өтелмген қарыздарды төлеут мерзімі жеткенде 3010 (банк несиесі) шотына : (мерзімінде өтелмеген ссудаллар) немесе қайтару мерзімі үзартылған талдамалық шоттарына есептен шығарылады.

3)Несиені пайдаланған үшін банк үстеме пайызын есептейді. Есептелінген пайыздардың сомасы 7320 (пайыздар бойынша шығындар) шотының дебеті және 3380 (төленуге тиісті проценттер) шотының кредиті бойынша көрсетіледі.Проценттерді төлеу 3380 (төленуге тиісті процентер) шотының дебеті және 1031 (есеп айрысу шотындағы қолма-қол ақша ) шотының кредиті бойнша көрсетіледі.

Несие әдетте, қарыз алушының есеп айрысу шотында қаражаттың бар блуына қарамастан, қолма-қосыз тәртіпке беріледі немесе есеп айрысу шотына аударылады. Банк несиелік келісім шартты жасамастан бұрын,қарыз алушының немесе қарызданушының несиені өтеу қабілеттрілігін қарызданушының репутатциясын қаржылық және эконогмикалық жағдайын баланс өтемділігін, айналым қаражаттарын пайдалану тиімділіігін басқа жағдайларын жан-жақты талдап зерттйді.

Тұрақты түрде несиелегетін қарызданушылардың банкке қойған кепіліне  бухгалтерлік баланстың мәләметтері бойынша бақылау жасалынады.Олардыңрбір итоқсан сайын запастары мен шығындарының өзгерісі, дебеторлық және кпредиторлық қарызы талданады ал керек болған жағдайда қойма мәліметтері және бухгалтерлік есептегі натуралдық көрініс зерттеледі.

Қарыз алушылар негізгі несиеден басқа несиені пайдаланғаны үшін пайыздар, айыппұл төлеуге міндетті.

Қарыз негізінен келісім-шарттың негізінде бір тарап қарыз беруші екінші бір тарапқа қарыз алушыға өзінің меншігіндегі мүлкін немесе ақшасын береді, ол кезде қарызды алушы жағы сонымен байланысты барлық міндеттемелерін орындауды өз міндетіне алады. Сондықтан берілген несиені есепке алу үшін 3020 " Банктен тыс мекемелердің несиелері " деген шотын пайдаланады. Бұл пассивті шотқа еліміздің ішіндегі және шетелдегі қарыз берушілердің банктерден басқа мәліметтердің жиынтығы.

Сонымен қатар, бухгалтерлік есептің Бас шоттар тізбегін төлемдер мен міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін, берілген және алынған кепілдемелердің қозғалысы мен қолда барын, есепке алу үшін баланстан тыс екі шотын; "Алынған міндеттемелерді қамту мен төлемдер " және "Берілген міндеттемелерді қамту мен төлемдер" деген шоттарын пайдаланады.

Міндеттемені қамтамасыз етудің кепілі ретінде үшінші тұлғаның кепілдігі, кепілге салудың шарты, сақтандыру полесі және т.б болады.Кепілдеменің және кепілдемеге салудың мәнін қарастырайқ. Кепілдеме кепілгер-кәсіпорыннан несие берушіге (несие беруші кәсіпорынға) борышкерден (несие алушы кәсіпорыннан) алынуға тиісті соманың уақытында төленуін қаматамасыз ету үшін беріледі.Кепілдемені банктер, кәсіпорындар және мекемелер бере алады. Кепілдеменің мәні: борышкер-кәсіпорын несие бойынша өзінен алынуға тиісті төлемдерді мерзімінде төлей алмаған жағжайда банкттер, кәсіпорындар немесе ұйымдар несиені төлеуді өз мойндарнына алады. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін тәсіл ретінде кепілдеме кәсіпорындардың қазіргі өндірістік және коомерциялық қызметтерінде аталған жағдай кеңінен қолданылып жүр.Кепілдік міндеттеменің қамтамасыз етуі тоқтамаса, кепілдік тоқтатылады:кепілге салынған мүлік жойылған жағдайда, кепілге салынған мүлікке меншік иесі ретінде иеленнген жағдайда, кепілге салынған мүлік мәжбүрлік жолмен сатылған жағдайда және т.б кепілдіктің түрлері болып мүлікті салу және ипотека саналады.

Кепілге салу кезінде кепілдікке кепілдікке салынған мүлік кепілге берушіден кепілге ұстаушының иелігіне өтеді. Кепілге ұстаушының келісімінен кепілге салынған зат кепілге берушіде айрықша сақталынып, мөр қойылынып сол жерде қалынуы мүмкін.

Ипотека жағдайында кепілге салынған мүліктер кепілге берушінің несие 3 тұлғаның иелігімен пайдалануында болуы мүмкін.

Жоғарыда айтылғандай несие берудің басқа да түрлері 4030 (басқа да несиелер) шотында есебі жүргізіледі 4030 -ші шотында кәсіпорынның еңбеккерлері үшін банкіден алынған несиесі, шығарылыған облигацисы, тауарлары, жұмыстпары, қызметтері және берілген векселдерді есепке алады. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) алу үшін берілетін векселдердің есебі. Сатып алушы сенімхат арқылы жабдықталушыдан жеткізілген тауармен (жұмыспен,қызметпен) есеп айрысу кезінде жай немесе аудармалы векседі пайдалануы мүмкін. Вексел ұстаушы жабдықтаушылармен, мердігерлермен және басқа да кредиторлармен есеп айрысуда берілген векселмен қамтамасыз етілген қарызын 4030 шотта есепке алады.

Пайыздық вексел бойынша 4030 шотқа (берілген вексел) деп аталатын суб шотын ашуды ұсынады.

Пайыздық вескелдің пайыссыз векселден айрмашылығы, олар өзінің номиналдық құнына пайызды қоспайды,ал пайыздықта ол қосылып келеді.

Пайыссыз векселде пайыз мөлшерлемесіт көрсетілмейді, бірақ марапаииау сомасын анықтайды. Пайыссыз берілген векселге 4030/2 " берілген векселдің сомасынан марапаттау сомасы шегерілген" және 4030/3 " берілген весел бойынша марапаттау сомасы" деген қосымша 2 суб шоттан ашылуы мүмкін.

Төменде келтірілген м"әліметтердің негізінде 4020 " банктен тыс мекемелердің несиелері" шотындағы қарыздардың берілуі мен қайтарылуы жөніндегі операциялар қарастырылған.

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Банктік несиелердің есебі