Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2012 в 22:03, доклад
Электрондық ақшалар — компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.
Электронды ақшалар — пластикалық карточка нысанында болады. Олар екі түрлі болып келеді:
Дебеттік (төлем) карточка — банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.
Электрондық ақшалар — компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.
Электронды ақшалар — пластикалық карточка нысанында болады. Олар екі түрлі болып келеді:
Дебеттік (төлем) карточка — банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.
Кредиттік карточка — оның эмитеті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың локальдық және халықаралық түрлерін кеңінен қолданылуда. Халықаралық карточкаларға: «Eurocard», «Master Card», «Visa», «Maestro» және т.б. жатады.
Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да кеңінен қолданылуда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгеде ашылады.
Несиелік карточкалар бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету аясында қолданылады. Қазіргі уақытта несиелік карточкалардың мынадай түрлері қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.
2011 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша 20 банк және «Қазпочта» АҚ нақтылы түрде төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыруда. Екінші деңгейлі банктер жергілікті жүйе төлем карточкаларын: Altyn Card — «Қазақстанның Халықтық Банкі» АҚ, Smart AlemCard — «БТА Банкі» АҚ, «Сити банкі» АҚ шығаруда. Бұдан басқа, қазақстандық банктер келесідей халықаралық жүйе карточкаларын шығарумен және таратумен айналысуда: VISA International, MasterCard Worldwide, American Express International, China Union Pay және Diners Club International.
Интернеттің жылдам дамуы, көптеген интернет-дүкендер және басқа да қолданушыға қызмет көрсететін жобалардың, сервистердің пайда болуына себеп болды. Осы орайда интернетте тауарлар мен қызметтердің ақысын төлеудің бір амалын табу қажет болды. Сөйтіп электронды ақша пайда болды. Жалпы электронды ақша деген не деген сұраққа жауап берсем. Негізінен ол кәдімгі ақша, тек қана біздер оны қолмен ұстап көре алмаймыз. Ол қағаз ақшамен эквивалентті, яғни олардың құны бірдей. Электронды ақшалардың кәдімгі қағаз ақшалардан артықшылықтары:
Жалған ақша жасау мүмкінсіздігі
Қанша әмиян ашқыңыз келеді, сонша аша аласыз және оны ашу үшін ешқандай жеке бас мәліметін ұсынуға міндетті емессіз, әмиянды ашып, сосын 5 минуттан кейін жауып тастасаңыз да болады
қашан, қайда және қанша сомма төлеуін өзіңіз шешесіз
ыңғайлылығы, яғни, үйде отырып, кез-келген затқа кез-келген уақытта төлей аласыз
Электронды ақшаның артықшылығы мен кемшілігі жайында...
Е-ақшаның басты артықшылығы – уақыт үнемділігі. Интернетте төлем жасау үшін банкке барып, кезекке тұрудың қажеті жоқ, компьютердің алдында отырып-ақ, керек деген бір-екі белгіні бассаңыз болғаны. Сондықтан бұл – ғаламтордағы қазақстандықтардың бизнесінің дамуына жаңаша серпін беретін мүмкіндік. Оның тағы бір артықшылығы, мамандардың пікірінше, қазақстандықтардың өз сайтында отырып, заңды түрде нәпақа табуына мүмкіндік береді. Мұның бәрі, айналып келгенде, Қазнеттің дамуына ықпал жасайды. Әрі, бір жағынан, шетелге ақша аударымын жасауда да ол ыңғайлы. Мәселен, сізге қарыздар шетелдік WebMoney картасын сатып алып, оны кодымен сізге жөнелтсе болғаны, мәселе өздігінен шешіледі.
Электронды ақшаның тағы бір артықшылығы – микротөлемдер жасау кезінде ұсталатын комиссиялық сыйақының арзандығында. Яғни интернет-саудада ұсталып қалатын комиссиялық сыйақы карта арқылы төлем жасағаннан әлдеқайда төмен болады.
«Таяқтың екі ұшы
бар» демекші, бұл арада да
келеңсіздіктерге тап болуыңыз
әбден мүмкін. Хакерлердің әрекеті
барысында немесе құпия
«Тәртіп бойынша мұндай электронды төлем жүйесінің қожайындары ресейлік немесе батыстық құрылым болып келгендіктен, сіз барлық базынаңызды шетелдік фирмаға жеткізуге мәжбүр боласыз. Ал ондайда мәселе шешімі қиындай түсері анық», – дейді Қазақстанның интернет қауымдастығының директоры Александр Ляхов.
Ол жасырын қаржыны сыртқа шығарудың жолы емес пе?
Күні кешеге дейін валюта айырбастаудың, басқа елдерге ақша аударылымдарын жөнелту мен алудың не екенін білмейтін едік. Бүгін ештеңеге таңғалар емеспіз. Зейнеткерлердің өзі зейнетақыларын пластикалық карталармен алатын болса, жүйрік уақыт үйіңнен шықпай, электронды ақша арқылы есеп айырысуға болатындығын көрсетіп отыр. Осы ретте Мәжіліс қоржынына бір жылдан астам бұрын түскен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электронды ақша мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралды. «Қазақстанда төлемдер мен қаржылық операцияларды іске асыруда электронды ақшаны шығару мен қолданудың құқықтық негіздерін қалыптастыру мақсатында әзірленді» деген Заң жобасын мәжілісмендер бірден мақұлдай қоймады. Бірінші оқылымда қаралған кезде депутат Серік Темірболатов Үкіметке кері қайтару туралы ұсыныс айтып, дауысқа салу кезінде ол ұсыныс өтпегенмен, екінші оқылымның өзінде депутаттар жобаның кейбір нормаларымен келісе алмай, үшінші оқылымға қалдырды.
Әдетте Үкіметтен түскен
заң жобаларына шұқшия бермей,
жеңіл-желпі ұсыныстар ғана
Электронды ақша Интернет жүйесінде және телекоммуникациялық жүйеде төлем жүргізу үшін қолданылады. Бүгінгі күні ол әлемнің көптеген елдерінде төлем кәртішкелері мен басқа да төлем құралдарына қосымша жаңа төлем құралы болып табылады. Әсіресе, ең көп қолданылатын саласы — интернет-сауда. Мысалы, электронды сауда жасағысы келген заңды немесе жеке тұлғалар осы операцияны орындауға лицензиясы бар банкке тиісінше ақша салады да, банк оған ақшасы көрсетілген кәртішке береді. Банк Интернет арқылы жүргізілген операция мен аударылған ақшаны Интернет арқылы қадағалайды. ТМД елдері арасында электронды ақша мәселесіне қатысты нормативтік-құқықтық актілер Беларуссияда, Украинада, Армения мен Қырғызстанда қабылданған. Ресейде тиісті заң жобасы дайындалып, қазір Мемлекеттік думаның қарауында.
Қазақстан территориясында
шетел эмитенттері (көбіне
Cебебі жобаның үкіметтік нұсқасына мәжілісмендер бірталай өзгерістер енгізу үшін өз ұсыныстарын берсе, ол ұсыныстар әзірге жобаны ұсынушы жаққа жақпай отырғанға ұқсайды. Анықтап айтқанда, жобада электронды ақша иесі жеке тұлғаның кім екені белгілі болған жағдайда бір операцияның шекті көлемі — 500 айлық есептік көрсеткіштен (750 мың теңге), электронды ақша иесі жеке тұлғаның кім екені белгісіз болған жағдайда бір операцияның шекті көлемі 100 айлық есептік көрсеткіштен (150 мың теңге) аспауы тиіс. Ал, депутат Мұрат Әбенов осы нормаларды өзгертуді ұсынады. Оның ішінде электронды ақша иесі жеке тұлғаның кім екені белгілі болған жағдайда бір операцияның шекті көлемін — 50, жеке тұлғаның кім екені белгісіз болса, 10 айлық есептік көрсеткішке дейін төмендету қажеттігі туралы ұсыныстарын жобаны дайындаған Ұлттық банкке ұсынғанмен, оны қабыл алмады. Бұл жерде Ұлттық банк әлемдік тәжірибені, сондай-ақ, электронды ақшаның жасырын иесінің 8 мың долларға дейін, ал, иесінің кім екені белгілі болған жағдайда мүлдем шектеу қойылмаған деп, Кеден одағындағы серіктесіміз Беларуссияның тәжірибесін көзір етіп, Үкіметтің осы мәселе бойынша позициясы туралы үнсіз қалып отыр.
Бір ғажабы, Ұлттық банктің Беларуссияға қатысты ақпараты жалған болып шықты. Анықтап айтқанда, елдің электронды ақша жүйесін реттейтін заңнамасын өз бетімен зерттеген депутат мүмкін шекті көлемнің 1 050 000 беларус рублі, немесе 50 мың теңге екенін, ешқандай да 8 мың доллар еместігін білген-ді. Осыған қарағанда жұмыс тобының шешімі нақтылы емес мәліметтер негізінде қабылданған. Әрі Кеден одағының тағы бір қатысушысы Ресей иесі белгісіз электронды ақшаның шекті көлемін бес есе, 15 мың рубльден (75 мың теңге) 3 мың рубльге (15 мың теңге) төмендетуді жоспарлап отырғандарын мәлімдеді.
— Осыған байланысты
біздің электронды ақша
Заң жобасы бойынша
құқықтық-ғылыми сараптама
Заң жобасы қабылдана
қалса, оны пайдаланушыларға
Электронды ақшаның
эмитенті екінші деңгейдегі
Иә, елімізде заңдарды қабылдамай жатып, өзгерістер мен толықтырулар енгізу әдетке айналғанын білеміз. Сонда дейміз, заңды жұлмалай бермей, оны әбден пісіріп, біржола толыққанды етіп қабылдасақ қайтеді? Заңдарымыздың жартыкеш болуына әлдебір мүдделердің ықпалы тиетіні де белгілі. Осы ретте депутат Рауан Шаекин:
— Заң жобасының
сараптамасына қарасақ,
Айталық, кезінде төлем
карталары пайда болды.
Ақша — мүлік. Мүліктің
иесі оны қалай жұмсаса да
өзі біледі. Құқығына нұқсан келмеуі
тиіс. Осыған байланысты Ұлттық
банктің заңның ажырамас
Біздер екінші деңгейдегі банктерге үнемі көмектесеміз, Құрылыс салушылармен проблема болып еді, мемлекет оларға ақша құйды. Қандай да бір несиелерді қайтару қажет болса, тағы да көмектесеміз. Оның бәрі салық төлеушілерден, қазба байлықтардан түскен ақша. Тағы да екінші деңгейдегі банктер. Бұл — не деген шексіз сүйіспеншілік? — деп заң жобасын нормативтік-құқықтық актілермен бірге қабылдау керектігіне назар аударды.
Қылмыстық табысты
заңдастыру және терроризмді
қаржыландыру әрекеттеріне
Заң жобасының үшінші оқылымында бірлі-жарым депутаттың пікірі ескеріліп, жетілдіріліп мақұлданады деуге сену қиын. Шынын айтқанда, жобаны ұсынушы жақтың мақсаты — жобаны жетілдіру емес, мақтап-мақтап өткізу.